Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Последний вариант Книги Анатомия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.18 Mб
Скачать

Қанның плазмасы мен алғашқы зәр құрамының салыстырмалыкестесі

Заттардың аты

Құрамындағы заттың мөлшері, %

Қан плазмасы

Алғашқы зәр

Су

90-91

95-96

Мочевина

0,03

2,0

ЗәрҚЫШқЫЛЫ

0,002-0,004

0,05

Калий

0,02

0,15

Натрий

0.32

0,35

Глюкоза

0,1-0,15

-

Ақуыз

7,8-8,0

-

Фосфаты

0,009

0,27-0,15

Сульфаты

0,002

0,18

Соңғы зәрдің пайда болуы.Зәр дәнешелерден бүйрек түтікшелеріне өтеді(бастапқы-ирек Генли-шеткі –жинаушы түтікшелер).Түтікшелерде алғашқы зәрдің құрамындағы амин қышқылдары, глюкоза, витаминдер, тұздар, су қайтадан қанға сорылады.Бұл құбылыс реабсорбция деп аталалы. Сонымен Тәулігіне 1,5-2,5 л соңғы зәр пайда болады,оның құрамы 95% cv, 5%қатты затгардан тұрады.

Қатты заттардыц құрамында негізінен зәрқышқылынан, мочевина мен креатинин бар. Сонғы зәрде натрий, калий тұздары өте аз мөлшерде болады.

Зәр, оның құрамы мен мөлшері: тәулігіне 1,5-2,0 л соңғы зәр пайда болады. Бірақзәрдің мөлшері адамның қабылдаған сұйыктығының мөлшеріне байланысты. Сұйықты көп қабылдағанда 2,5 л дейін зәр бөлінеді.

Зәрдің бөлінуі тәулігіне бір қалыпты болмайды. Мысалы, түнде зәр аз бөлінеді. Зәрдің бөлінуіне адам қызметінің әсері бар.

Ауыр жұмыс бұлшық еттерде қан айналуын кушейтеді, тер көп

бөлінеді, сондықтан бүйректенөтетін қанның мөлшері азайып, ондағы зәрдің сүзіліп пайда болуы төмендейді, сөйтіп диурездің мөлшері азаяды.

Зор түсі ақшыл-сары, мөлдір сұйықсалыстырмалытығыздығы 1,015-1,020, және қабылданған сұйықтың мөлшеріне байланысты өзгереді.

Зәрдің құрамында судан баска ақуыз ыдырауынан пайда болған ең соңғы өнімдер мочевина, зәр қышқылы, креатинин, индикан сияқты заттар болады.

Дені сау адамның зәрінде ақуыз болмайды. Ол тек алысқа жүгірген спортшының зәрінде өте аз мөлшерде (0,03) болуы мүмкін.

Дені сау адамның соңғы зәрінде оның пигменттері уробилин, урохром болады. Олар зәрге түс береді. Зәрде натрий, калий, фосфор, сульфаттар болады.

Зәрдің бөлінуі. Бүйректе пайда болтан зәр, бүйрек астауынан несеп ағар түтігі арқылы куыққа ағады. Несеп ағар түтігінің қуыққа құятын бөлігі оған қисайыпорналасқан және қуықка құяр жерінде зәрді қайта ағудан сақтайтын қақпақша бар.

Hecеп ағар (мочеточник, uretеr) —ұзындығы 30-35 см., ені 3-9 мм., бүйректің түбегі мен қуықтың арасын жалғайтын түтік. Несеп ағар бүйректің түбегінен басталып, қақпасы арқылы өтіп, іш қуысынын артқы қабырғасымен төменге бағытталып, кіші астауға шығады. Кіші астауда қуықтың төменгі жағына өтіп, қиғаштана, қуықтың түбіне жақын жерден қуыққа ашылады. Несеп ағардың іш және астау бөлігі бар. Оң жақтағы несеп ағардың іш бөлігінін медиаль бүйірінде төменгі қуыс вена, сыртқы жағында өрлеме тоқ ішек пен соқыр ішек орналасқан. Сол жақтағы несеп ағар түтігі ішкі бүйірінде іш қолқасымен, сыртқы жағында тоқ ішектің төменге бағытталған бөлігімен жанасады.

Несеп ағардың жамбас астау бөлігі кіші жамбас астауының қабырғасымен төменге бағытталады. Еркекте несеп ағар қуыққа құяр алдында шәует шығарушы өзекпен, әйелде жатар мойны, қынабымен және жатыр артериясымен қиылысып, қуыққа бағытталады. Қуыққақиғаш жанасып, одан қабырғасына өтеді. Қуыққа екі тесік ашылады.

Несеп ағрдың қабырғасы үш қабаттан тұрады: I) ішкісі шырышты, 2) ортадағысы бұлшық ет, 3) сыртқысы дәнекер ұлпалы қабат. Ішкі шырышты қабаты ұзына бойы қатпарлардан тұрады. Несеп ағардың бұлшық ет қабатында біріңғайсалалы бұлшық ет үш бағытта орналасқан. Олардың жиырылып босаңсуынан зәрқуыққа үздіксіз ағып тұрады. Сыртқы дәнекер ұлпалы қабаты несеп ағар түтігін сыртынан қаптап, оны қоршаған мушелерге байланыстырып бекітіп тұрады.

Несеп қуығы (мочевой пузырь, vesica urinaria) - зәрді уакытшажинап тұратын мүше. Ол жамбас қуысында, тік ішектің алдыңғы жағында, шат байламының артында орналасқан. Шат байламы мен оныңарасында тек май ұлпалары бар. Еркекте қуық артында несеп ағарға, тік ішекке және шәует көпіршіктеріне жанасады, әйелде қынап пен жатыр жатады. Қуықтың пішіні оның созылуына, толуына, тік ішек пен жатырдың көлеміне қарай өзгеріп отырады. Ол зәрге толған кезде оның пішіні алмұртқаұқсайды. Қуықтың төменгі жағы түбі, жоғарысы ұшы, орта бөлігі денесі деп аталады. Қуықтың түбінен несеп шығару түтігі басталады.

Қуықтың қабырғасыөте созылғыш келеді. Оның бос уақытыңда қабырғасының қалындығы 1,5 см дейін жетеді, ал зәрге толған кезде 2-3 мм дейін жұқарады.Қуықтың қабырғасы үш кабаттан тұрады. Ішкі,'шырышты қабаты көшпелі кілегеймен қапталған. Ол қуық толғанда жазылып, босағаңда жиырылып, көшіп тұрады. Қуыққа несеп ағар түтігінің ашылар тұсындакілегей қабықша қатпарланып, қиғаштанып, кақпаша несеп ағар тесігін жауып, зәрдің кейін кетуіне кедергі болады.

Қуықтың қабырғасыныңортадағы қабаты үш бағытта орналасқан бірыңғай салалы бұлшық ет талшықтарынан тұрады. Олар ұзына бойына және көлденең күйінде орналаскан.Несеп шығару түтігінің қуыктан басталар жерінде бұлшық ет талшықтары сақинаша орналасыпқысқыш (сфинктер) пайда болады. Қуық зәрге толғанда бұлшық ет босаңсып, зәр несеп шығару түтігіне ағады. Бос қуық жиырылып тұрады.Зәрдің толуымен ол созылып кеңейеді. Оның сиымдылығы — 250-500 мл. Қуықтың бұлшық етінен екі жерде қысқыш пайда болады. Қуықтың ішкі еріксіз қысқышы және сыртқы адам еркіне байланысты қысқышы (сфинктер). Қуық зәрге толғанда рецеторлар арқылы тітіркеніс жұлынға барады. Жұлыннан парасимпатик жүйке талшығы арқылы қуықтыңбұлшық еті жиырылып, қысқыштарының бұлшық еттері босаңсып, зәр несеп шығаратын түтікке агады.

Несеп-зәр шығару түтігі (мочеиспускательный канал, urethra). Еркекте ұзындығы 18 см жуыққуықтан басталып ерлердің сыртқы жыныс мүшесінің басына ашылытын түтік (мужской мочеиспускательный канал, urethra masculina). Одан зәр мен бірге шәует сұйықтары шығады.

Еркекте несеп шығару түтігі: басқы немесе простата, ортаңғы немесе жарғақты, соңғы немесе кеуекті батып, үш бөлімнен тұрады:

  1. Басталар бөлігінің ұзындығы 3-4 см., қуық алды безін қоршап тұрады. Осы бөлімнің екі жағынан шәует шашқыш ағысы мен қуық алды безінін өзегі ашылады.

  2. Ортаңғы бөлігінің ұзындығы 1-2 см., ені тар, қысқа бөлігі. Несеп шығару түтігініңбұл бөлігі бұлшық ет және шаңдырлар арқылы шат сүйегінебекіген. Бұл жерде түтіктің сыртқы қысқышы орналаскан, оның екі жағында бульбоуретал бездері бар.

  1. Соңғы, кеуекті бөлігінің ұзындығы 15-16 см, жыныс мүшелерінің астыңғы кеуекті денесі болып саналады. Оның басталар жерінде Купер бездерінің түтіктері ашылып, оның сұйығы несеп шығару түтігіне ағады.

Кеуекті бөлік екі жерде кеңейген:

  1. кеуекті дененің буылтығында;

  2. ер адамнын сыртқы жыныс мүшесінің басындағы ладья тәрізді шұңқырда.

Несеп шығару түтігіпің кеуекті бөлігіне бульбоуретал бездерінің өзегі ашылады.

Ер адамныңнесеп шығару түтігінде алдыңғы және артқы екі иірім бар.Алдыңғыиірім ер адамның сьіртқы жыныс мүшесі көтерілгенде тіктеледі, ал артқысы қозғалмайды. Несеп шығару түтігінің кеңейген, тарылған жерлерін оның иірімдерін білу катетер салғанда керек болады.

Несеп шығару түтігін каптаған кілегейәр түрліболып келеді. Басталар бөлігінде көшпелі, ортаңғы бөлігінде көп қатарлы, соңғы бөлігінде бір қабатты кілегей кездеседі. Несеп шығару түтігіне Литтер бездерініңөзегі ашылады. Сыртқы қабаты бұлшық етгі, көлденең және ұзынынан жатады.

Әйел адамның несеп шығару түтігінін (женский мочеиспускательный канал, urethra feminina) ұзындығы 3,0-3,5 см. Қуықтан басталып, төменге қарай бағытталып, жамбас қуысының түбінен өтіп клитор мен қынап кіреберісінің арасына ашылады.

Несеп шығару түтігінің қабырғасы шырыш, шырыш асты және бұлшық ет қабатынан тұрады.Бұлшық ет қабаты ұзынынан және көлденеңінен жатады. Несеп шығару тутігінін жамбас түбінен өтер жерінде бұлшық еттің қысқышы (сфинктер) пайда болады.

ӘЙЕЛ АДАМНЫҢ ЖЫНЫС МҮШЕЛЕРІ

(женские половые органы, organa genitalia femina)

Әйел жыныс мушелері сыртқы және ішкі_ мүшелерге бөлінеді. Ішкі жыныс мүшелеріне. жатыр, аналық жыныс безі, жатыр тутігі, жатыр қынабы, ал сыртқы-мүшелерінеүлкен және кіші жыныстық еріндер, клитор, қынап кіреберісі жатады.

Әйел адамның ішкі жыныс мүшелері

(женские внутренние половые органы, organa genitalia teminina intеrna)

Аналық жыныс безі (яичник, ovarium) - жұп без, жамбастың кіші астауында жатырдың екі буйірінде (50-сурет). Екі буйірі қысыңқы, сопақша, салмағы 5-7 г., оның екі беті, жоғары тутік, төменгі жатыр ұшы, артқы еркін,алдыңғы шарбы шеті бар.