- •Жасуша, оның құрылысы
- •(Клетка, cellula)
- •III. Нейрон аралық аксон - жүйкедегі қозуды бір жүйке жасушасынан екінші жүйке жасушасына өткізеді.
- •- Тікелей бірігу - синартроз;
- •Медиан шеті.
- •Латераль шеті.
- •Жоғарғы бұрышы.
- •Акромион.
- •Буын ойығы.
- •Қабырғалық беті.
- •Қ ол басының сүйектері (кости кисти, ossa manus) үш бөлімнен тұрады. Олар: екі қатар орналасқан білезіктіңұсақ сүйектері, бесқысқа түтікше алақан сүйектері және саусақ сүйектері (8-сурет).
- •Жамбас сүйектері.
- •Тізе тобығы.
- •Шыбығы.
- •Аяқ басы сүйектері.
- •Маңдай кабыршығы.
- •Сампй сызығы.
- •Торша ұялары.
- •Торша табақшалар.
- •Перпендикуляр табақша.
- •Көз табақшасы.
- •Әтеш айдаршығы
- •Сурет. Ауыз қуысы.
- •Жоғарғы тістер.
- •Қатты таңдай.
- •Жұмсақ тандай.
- •Тіл жотасы.
- •Таңдай жұтқыншақ доғасы.
- •7. Бауырдың құйрықты бөлігі. 8. Квадрат бөлігі. 9. Өт қуығы.
- •10. Дөңгелек жалғама. 11. Төменгі қуыс вена.
- •Асқазанның пилорик жолы.
- •Бездің денесі.
- •Бездің негізгі өзегі.
- •Қосымша өзегі.
- •12 Елі ішек катпарлары.
- •Жіңішке ішектің мықын бөлігі.
- •Құрт тәрізді өсіндінің ашылған тесігі.
- •1.Мұрын қуысы.
- •2. Көмекей.
- •3. Кеңірдек.
- •4. Бронхтар.
- •Көмекей үсті шеміршегі.
- •Сақинаша шеміршек.
- •4 3. Қалқанша шеміршек.
- •Ожау шеміршек.
- •Қиғаш ожау бұлшық еті.
- •Артқы сақинаша ожау бұлшық еті.
- •Көмекейге кіреберіс.
- •Таңдай бездері.
- •Қалқанша шеміршегі.
- •Сақинаша шеміршек.
- •Кеңірдек сақиналары.
- •Бас бронхтар (оң және сол).
- •Кеңірдектің тармақталуы.
- •Қалқанша шеміршегі.
- •Кеңірдек.
- •Өкпенің жүрек ойығы.
- •Бөлік аралық сай.
- •Сол өкпенің жоғарғы бөлігі.
- •Төменгі бөлігі.
- •Оң өкпенің ортадағы бөлігі.
- •10.Төменгі бөлігі.
- •Қабырғалық беті.
- •Ерекше жағдайдағы тыныс алу
- •VI. Қан құрамы қасиеті
- •Қанның құрамы: екі бөліктен тұрады (1-кесте).
- •Эритроциттегі агглютиноген мен плазмадағы агглютинингебайланысты қан топтары
- •1. Оң жәнесол қолға; 2. Оң қол, сол аяққа; 3. Сол қол, оң аяққа.
- •Ішкі сөл бездері
- •Пирамида бөлігі.
- •Бөлікшелср.
- •Кеңірдек.
- •Тіл асты сүйегі.
- •Тіл асты-қалқанша байламы.
- •Қанның плазмасы мен алғашқы зәр құрамының салыстырмалыкестесі
- •1. Жатыр. 2. Жатыр қуысы. 3. Жатыр тутігінің жатыр бөлігі.
- •4 Эндометрий. 5. Миометрий. 6. Аналықжыныс безі.
- •7. Периметрий. 8. Жатыр қынабы. 9. Жатырдың жалпақ байламы.
- •10. Жатыр артериясы. 11. Жатыр түтігінің тесігі. 12. Жатыр тутігі.
- •13. Жатыр түтігінің ампуласы. 14. Жатыр түтігінің іш куьісына ашылатын тесігі. 15. Жатыр түтігінің шашағы. 16. Жатыр мойны.
- •17. Жатыр тесігі.
- •Шәует иіығарушы өзек.
- •Кеңейгсн ампуласы.
- •Шәует көпіршіктері.
- •Шәует шашушы өзек.
- •Простат безі.
- •Несеп-зәр шығарушы түтік.
- •2.Ми діңгегі; 3. Мишықтан тұрады:
- •I. Маңдай бөлігі. II. Төбебөлігі. III. Шүйде бөлігі. IV. Самай бөлігі.
- •XII. Денедег зат алмасуы
- •Мамандығыәртүрлі адамдардың бір тәулікке қажет энергия мөлшері
- •Витаминдер
46-сурет.
Қалқанша без. І.Оң бөлігі.
Сол
бөлігі.
Пирамида бөлігі.
Бөлікшелср.
Кеңірдек.
Тіл асты сүйегі.
Тіл асты-қалқанша байламы.
с
Қалқанша маңы бездері (паращитовидные железы, glandulae parathyroideae) екі немесе үш жұпболып қалқанша безініңартқы бетінде орналасқан.Оныңжалпы салмағы 0,1-0,15 г. Қалқаншабезінің гормоны - параттормен - денедегі қальций және фосфортұздарының алмасуын реттейді,олардың қандағы, сүйек ұлпасындағы тұрақты мөлшерін сақтайды. Олардың артық мөлшерінің денеден шығуын қамтамасыз етеді. Қалқанша маңы безінің гипофункциясында кальций сүйектен шығады, оның зәрдегі мелшері артады, сондықтан бүйректе, қан тамырларда және басқа мүшелерде тастың жиналуына себепші болады.Бұл жағдайда сүйек сынғыш келеді, жүйке-бұлшық еттердін, қозғыштығы кемиді, қандағы кальцийдің мөлшері азаяды, тырысу (тетания) пайда болады.
Айырша без (вилочковая железа, thymus). Көкірек қуысының жоғары бөлігінде, төс сабының артында. Бездің салмағы мен көлемі жаска байланысты өзгереді. 25 жасқа келгенде бездің ұлпасының көлемі кішірейіп, Оныңорнын майұлпасыбасады. Айырша безі дәнекер ұлпалы қабықпен капталған, одан бездің ішіне тармақтар тарап, безді бөліктерге бөледі. Әрбір бөліктің милы және қыртысты қабаты бар. Ал, әрбір бөлік Т-лимфоциттер мен тор іспетті өсінділері бар безді кілегей ұлпасынан тұрады. Бездің қыртысты қабатында лимфобласттар болады.Олардың бөлінуінен жетілмеген-лимфоциттер пайда болады. л -лимфоциттер безден қанға өтеді, одан көкбауырға барып, жетіліп қайтадан безге келеді. Айырша без иммунитеттің орталығы және қан жасап шығарушы мүше. Айырша безге сүйек майынан лимфобласттар келеді, безде олар актив Т-лимфоциттерге айналады.
Айырша бездің гормоны тимозин қан жасап шығаруға, көмірсу алмасуына, кальций, фосфортұздарының алмасуына, дененің есуіне әсерін тигізеді.
Ұйқы безінің ішкі секреция бөлігі (эндокринная часть поджелудочной железы, pars endocrinal dlandulae pancreas).Ұйқыбезі — іш қуысында. Ұйқы безінің ішкі секрециялық бөлігі бездің паренхимасында, көбі ұшындағы Лангерганс аралшықтарындағы а және b жасушаларында opналасқан.
а жасушалары глюкагонды, ал b жасушалары инсулинді синтездейді. Екі жасуша көмірсу алмасуына әсер етеді. Етер b жасушалар инсулинді жетерлі мөлшерде бөлмесе, онда гликоген глюкозаға айналып, қандағы глюкозаның мөлшері көбейеді. Дені сау адамның қанында глюкозаның мөлшері 4,44 ммоль/л — 6,60 ммоль/л, немесе 80-120г%. Егер инсулин көп бөлінетін болса, онда қандағы глюкоза бауырда, бұлшық еттерде гликоген қоры болып жиналады. Глкжозаның кандағы мөлшері 4,44 ммоль/лтөменболса гипогликемия, ал 6,66 ммоль/л жоғары болса “гипергликемия” деп аталады. Инсулин қажетті мөлшерде бөлінбегенде, қандағы глюкозаның мөлшері кебейіп, қантты диабет ауруы пайда болады.
Бүйрек үсті бездері (надпочечники, gl.suprarenalis) жұп мүше. Олар бүйрек үстіндегі май ұлпасының арасында. (47-сурет). Әр бездің салмағы 10 грамдай болады.
Бүйрек
үсті артериясы.
Несеп
ағар.
Бүйрек
венасы.
Төменгі
қуыс вена.
Іш
қалқасы.
47-сурет.
Бүйрек үсті безі.
Бүйрек
үсті безі.
Бүйрек.
Бүйрек үсті безі екі қабаттан тұрады. Сыртқы қабаты сары түстес - қыртысты, ішкі бозғылт қабаты — милы қабат. Бездің сыртқы қабаты мезодермадан дамыған, кілегейлі жасушалардан тұрады. Олардың арасында борпылдақдәнекер ұлпалы жүйкелер мен қан тамырына бай қабықбар. Кілегей жасушуларының бездің құрылысына, орналасуына байланысты бездің қыртысты қабаты үшке бөлінеді:
сыртқы, шатысты;
ортадағы, шумақты;
ішкі, торлы.
Шатысты бөлігінде үлкендігі әртүрлі кілегей жасушалары шатасып жатады.Бұл бөлімнің жасушалары минералокортикоидтар немесе альдостерон горменын шығарады.Бұл гормон денедегі минерал тұздар мен су алмасуына әсерін тигізеді.
Минералокортикоидтар Na+ және К+ тұздарының алмасуына әсер етеді. Лльдостеронның әсерімен бүйректің түтікшелерінде Na+ тұздарының қанға сорылуы күшейеді, ал К+ тұздарының қайта сорылуы кемиді. Егер альдостерон көп болса онда денеде Na+ тұздарының мөлшері артып, қанның осматик қысымы көтеріледі. Ішкі ортаның осматик қысымы көтерілуінен денеге су жиналады, артерия қан тамырының қысымы көтеріледі. Егер минералокоргиоидтар аз мөлшерде бөлінсе, онда Na+ тұзы көп мөлшерде зәрмен шығады, К+ тұзынынқандағы мөлшері азаядьі; денеге К+ тұзы жиналады. Na+ тұзынын мөлшерінің азаюынан дене сусызданады, ішкі ортаның осматик қысымы төмендейді, қан тамырларының серпімділік күші әлсіреп, гипотония пайда болады. Минералокортикоидтардың бөлінуіне денедегі Na+ , К+ тұздары және ұлпадағы, қанның плазмасындағы суйықтық құрамы әсер етеді. Бүйрек үсті безінің ортадағы қабатының шумақты гормоны - Глюокоргикоидтар ақуыз, көмірсу, майлар алмасуына әсер етеді. Кортикоидтар – кортикостерн,кортизол, гидрокортизол, кортизон гормондарын бөледі. Глюокортикоидтарынын әсерінен ақуыздардан глюкоза пайда болуы күшейеді, гликоген бұлшық еттерде жинақталады, нәтижеде адамның жұмыс қабілеті артады. Глюкокортикоидтардың әсерінен майлар, май корларынан шығып, энергия алмасуын күшейтеді. Сонымен бірге қанның мөлшері артады. Глюкокортикоидтар ұлпаның кайта жаңару, өсу процесіне кедергі келтіреді, оларды қабылдаған адамда жара тез жазылмайды. Глюкокортикоидтар қан тамырларының өткізгіштігін кемітеді, гиалуронидаза ферментін әлсіретіп, кабынған мүшенің тез жазылуына кері әсерін тигізеді. Сонымен бірге олар антигенмен антидене арасындағы байланысты тежейді. Глюкокортикоидтардың бөлінуін гипофиз және гипоталамус ядролары реттейді.
Буйрек үсті безінің қыртыс қабатынын жыныс гормондары еркекте- андрогендер, әйелде - эстрогендер, прогестерондар. Жыныс гормондары жыныстық белгілердің дамуына, жетілуіне, сонымен бірге олар ақуыз синтезіне әсер етеді.
Егер бүйрек үсті безінің қыртыс қабатыны4 жыныс гормондары жетіспейтін болса, онда “Аддисон" ауруы пайда болады.Бұл ауруды4 белгілері: адам тез шаршайды, тәбеті бұзылады, жүрек айнып, лоқсиды, құсады. Сыртқы ортаныңәсеріне өте сезімтал болады. Аддисон ауруында адамның денесінің терісі аппақ болып өзгереді, түрліжұқпалы аурулармен тез ауырады.
Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының гормондары көп бөлінгенде ауруда “екінші жыныстық” белгілер пайда болады. Мысалы, әйелде мұрт, сақал пайда болып, дауысы өзгереді, “етек кірі” тоқтайды.
Бүйрек үсті безінің милы қабатынын гормондары адреналин, норадреналин. Адреналин мен норадреналинді хромаффин жасушасы бөледі. Хромаффин жасушасы қолқада, жалпы артериясының тармақталған жерінде, кіші астаудағы симпатик түйінде және басқа симпатик жүйке жүйесінің түйндерінде болады.Бұлардың барлығынан адреналинге жақын биологиялық заттар бөлінеді.
Бүйрек үсті безі адреналинді уздіксіз қанға бөліп тұрады. Адреналин симпатик жүйке жүйесініңқызметін күшейтіп, көмірсу алмасуына әсер етеді. Адремалиннің әсерінен бауырда, бұлшық етте глюкогенолиз күшейеді, гликогеннен глюкоза пайда болып,оның қандағы мөлшері артады, гипергликемия, глюкозурия (зәрде глюкозаның пайда болуы) дамиды.
Адреналин бронхтардың бірыңғай салалы бұлшық еттеріне әсер етіп, оларды кеңейтеді, жүректің соғуы жылдамдайды, артерия қысымы көтеріледі.
Адреналин журек қан тамырлары мен бас мидың қан тамырларын кеңейтеді.
Норадреналин медиатр қызметін атқарады.Ол жүйке жасушаларыңдағы қозуды эффектор немесе жұмысшы мүшеге жеткізеді.
Жыныс бездері (половые железы) аралас бездер адам кәмлетке жеткенде гормондар (12-16 жаста) бөле бастайды. Гормондардың бөлінуінен адамның бірінші және екінші жыныстық белгілері жетіледі.
Бірінші жыныстық белгілерге адамның жыныстық жасушалары мен ұрық дамушы жыныс бездері, жыныс мүшелері кіреді.
Екінші жыныстық белгілерге еркекте түктер (сакал, мұрт т.б.), дауыстық ерекшеліктері, дене құрылысы, сүт безі міңез бен көңіл күй, мінезі, даусы және т.б. кіреді. Егер әйелде еркекке тән сыртқы қасиет пайда болса оны “маскулинизация” деп атайды. Мысалы, дауысы дөрекіленіп, мінезі өзгереді.
Егер еркекте әйелге тән қасиет пайда болатын болса, оны “феминизация” деп атайды.
Ерлердің жыныс гормондары андрогендерге теетостерон мен андостерон кіреді. Олардыңәсерінен ерлердің жыныс белгілері, жыныстық рефлекетері пайда болады. Жыныс ерекшеліктеріне байланысты адамның мінезі қалыптасады. Андрогендердің әсерінен еркектің жыныс жасушасы - спермотозоид - дамиды, жетіледі.Сонымен бірге олар денедегі зат алмасуына күшті әсер етеді, бұлшық еттерде ақуыз пайда болады, майдың мөлшері кеміп, негізгі зат алмасуы күшейеді.Андрог ендерорталықжүйке жүйесінің қызметіне де әсерін тигізеді.
Әйелдіңжыныс гормондары: эстрогендер. Олар аналық жыныс бездерініңфолликулаларында пайда болады. Фолликулалар үш қабатпен қапталған көпіршіктер. Эстрогендер осы қабықтарда синтезделеді. Аналық жыныс безі жарылып, оның орнына “сары дене” қалады. Осы “сары дене” прогестерон гормонын қанға шығарады.
Эстрогендер жатырдың, оның түтігі мен қынабының жетілуін қамтамасыз етеді. Эстрогендердін әсерімен жатырдың эндометрий қабаты жетіледі. Оның әсерінен жатырдың бұлшық ет қабаты жиырылады. Гипофиздің окситоцин гормонының әсерін күшейтеді, сүт безі жетіліп, сүт пайда болады.
Прогестерон ұрықтың дамуына, эндометрий қабатының өсуіне әсер етеді. Ол ұрықтанған аналық жасушаның, дамуына қолайлы жағдай жасайды. Екі қабат кезде жатырдың бұлшық етін жиырылудан сақтайды.
Жыныс бездерінің қызметі гипофиздің алдыңғы бөлігіне тікелей байланысты болады. Қатты қайғырғанда, қорыққанда жыныс безінің қызметі өзгереді, тіпті әйелде (аменореяға) етек кір тоқтап калуы мүмкін.
НЕСЕП-ЗӘР ШЫҒАРУ, ЖЫНЫС ЖҮЙЕСІ
(мочеполовая система, organum urogenitale)
Несеп-зәр шығару жүйесіне бүйрек, несеп ағар, қуық және несеп түтігі кіреді. Бүйректе пайда болған зәр несеп ағар түтігі арқылы куысқа құйылып, оның бұлшық еттері жиырылғанда зәр несеп түтігі арқылы сыртқы ортаға шығады. Несеп-зәр шығару мүшелері жыныс жүйесімен тығыз байланыста болады. Эмбрионда зәр шығару мен жыныс мушелері бірге дамиды. Еркекте несеп жолы мен жыныс жолы несеп жолына бірігеді, ал әйелде несеп түтігі қынап кіреберісіне ашылады.
Бүйрек (почка, ren,nefras) – жұпмүше. Іш қуысыныңартқықабырғасында, бел аймағында, ХІІ-ші кеуде, І-ІІ-ші бел омыртқаларының аралығында, омыртқа жотасының екі жағында, іш перденің сыртында. Екі бүйректің жоғарғы ұштары төменгілеріне қарағанда бір-біріне жақын тұрады. Қалыпты жағдайда оң жақтағы бүйрек сол жақтағыдан төменірек болады.
Бүйректің атқаратын қызметі
зәрпайда болады,сыртқашығарады;
қан қысымының тұрақтылығын сақтайтын фермент ренинді бөледі.
Бүйректің пішіні бұршаққа ұқсайды (48-сурет). Ол қызыл
48-сурет
1.Оң бүйрек
2.Сол бүйрек
3.Несеп ағар
4.Бүйрек қақпасы
5.Қан тамырлар
6.Іш қолқасы
7.Төменгі қуыс вена
күрең түсті, жоғарғы және төменгі полюсы, медиаль, латераль шеті, алдыңғы және артқы беті бар. Латераль шеті дөңес, медиаль шеті ойық болып келеді. Медиаль шетінде бүйректің қақпасы орналасқан. Ол арқылы бүйректің артерия, вена қан, лимфа тамырлары және несеп ағар өтеді.
Бүйректің артқы беті көкетке, іштің шаршы, көлденең бұлшық еттеріне қараған. Осы жерде бүйрек үшін шұңқыр (почечные ложа) пайда болады. Бүйректің жоғарысында бүйрек үсті бездері орналасқан.
Оң бүйректің алдыңғы беті он екі елі ішектің төменге қараған бөлігімен, жуан ішектің оң жақтағы иірімімен, ал жоғарысында бауырдың төменгі бетімен жанасады.
Сол бүйректің алдыңғы беті асқазанның жоғарғы шетімен, асқазан асты безінің ұшымен, ал төменінде жінішке ішекпен шектеседі. Бүйректің латераль шетіне көкбауыр мен жуан ішектің сол жақтағы иірімі жанасады. Бүйректің тек алдыңғы беті іш пердемен жабылған, сондықтан бүйрек экстроперитонеал жағдайда орналасқан болып саналады.Бүйректі бір орындақан тамырлары мен бүйрек шандыры, іш қуысының қысымы ұстап тұрады. Бүйректің сырты фиброзды қапшыкпен капталған, қалыпты жағдайда тығыз және тетіс, жылтырақ. Оның сыртында майлы қапшық бар.
Егер бүйректі ұзынынан кесетін болсақ, медиаль шетіндегі бүйрек қуысың үлкен, кіші тостағаншаларын және бүйрек түбірінің бір бөлігін көреміз. Қуыстың жан-жағын бүйректің заты қоршап тұрады. Бүйрек заты сыртқы — қырғысты, ішкі-милы қабаттан тұрады. Милы қабатында бүйрек пирамидаларының орта есеппен 80% орналасқан. Пирамиданың негізі бүйректің дөңес шетіне, ал ұшы қуысқа бағытталған. Екі-үш пирамиданың ұшы бірігіп бүйрек бүртігі (почечные сосочки) пайда болады. Әрбір бүйректегі олардың сапы 10-12. Әрбір бүртікте көптеген ұсақ тесіктер бар, олар арқылы зор кіші тостағаншаларға құйылады. Ал бүйректің қыртыс қабаты пирамидалардың арасына өтіп, бүйрек бағаналары пайда болады. Пирамиданыңнегізінде бүйректің милы заттары қыртыс заттардың ішіне кіріп «милы» сәулелер пайда болады.
Бүйректің құрылыс бірлігі - нефрондар. Әрбір бүйректе 1 млн шамасында нефрондар болады. Олар Шумлянский-Боумень денешелерінен, бастапқы, ирек Генли, шеткі және жинаушы түтікшелерден тұрады (49-сурет).
Нефрон Шумлянский-Боумень денешелеріненбасталады. Денеціенің екі қабат қабырғасы бар, бір қабатты куб тәріздес кілегей мен қапталған. Бүйрек артериясының өте жіңішке тармақтары денешенің ішіне өтіп, капилляр шумағын құрайды.
49-сурет. І-Бүйректіңқыртыс қабаты.
І
І-Милы
қабаты.
1 - Шумлянский-Боумень денешесі.
Нефрон түтікшелері.
Жинаушы түтікше.
Пирамиданыңұшындағы бүртік, тесіктері.
Кейін артерия қантамыры болып денешеден шығып, нефронның түтікшелерін торлап, вена жүйесіне қосылады.
Шумлянский-Боумень денешесіне кірген артерия қан тамырларынан шыққан артерия қан тамыры жіңішке болғандықтан денешенің ішіндегі капилляр шумағындағы қысым, денешенің қуысынан әлде қайда жоғары болады.
Шумлянский-Боумен денешесінін қабат аралықбостығы бастапқы түтікшемен жалғасады. Ол ирек генли түтікшелерімен, шеткі түтікшелерімен, кейін жинаушы түтікшелермен жалғасады. Әрбір нефронның түтікшелерінің ұзындығы 20-50 mл., ал екі бүйрек түтіктерінің ұзындығы 100 км жуық болар еді.Нефронныңжинаушы түтікшелері пирамиданың ұшындағы тесік арқылы зәрді кішкене тостағаншаларға құяды. Кішкене тостағаналардын саны 10-12, олардың2-3-еуі бірігіп үлкен тостағаншаларға айналады. Ал үлкен тостағаншалардың бірігуінен бүйректің, түбегі пайда болады. Бүйрек түбегі, оның қақпасының тұсында тарылып несеп ағар түтігіне өтеді.
Бүйректегі қан айналымының ерекшелігі бар. Бүйрек қанды бүйрек артериясынан алады. Бүйрек қақпасынан кіргенен кейін артерия қан тамыры майда артерияларға тармақталады. Артериялар Шумлянский-Боумень денешесіне “кіруші артериола" түріпде кіріп, капиллярлар торына айналады. Капилляр торынан денешеден “шығушы артериола” басталып, түтікшелерге бағытталып, түтікшелерде екінші артерия торына айналады. Сонымен бүйректе екі рет артериолалардың торы пайда болады:
1.Шумлянский-Боумень денешесіндегі капиллярлар шумағында.
2.Нефронның түтікшелерінің капилляр шумағы.
Кейін артерия калиллярлары веналарға бірігіп, бүйрек венасы төменгі қуыс венаға құяды. Нефронның денешесіндегі капилляр шумағындағықанның қысымы дененің басқа капиллярындағыдан жоғары болады. Денешенің капилляр шумағындағы қанның кысымы 70-90 мм сынап бағанасына тең, ал түтіктердің капиллярларында қысым 20-40 мм сынап бағанасына тең болады. Денедегі барлық қан бүйректен 5 минуг ішінде өтеді. Тәулігіне бүйректен 150-180 л қан ағып өтеді.
Нсфронның Шумлянский-Боумен денешесінің айналасында “кіруші артерияны” қоршаған жәнеирек түтікшелердің айналасында ерекіне миоэпителиал жасушалар болады. Олар фермент ренинді жасап шығарады.
Ренин туз, су алмасуына қатынасады. Қан қысымының тұрақтылығын сақтайды. Ренин қанның плазмасындағы ақуыз гипертензиногенге әсер етіп, одан пайда болған гипертензии қан тамырын тарылтып, бүйректегі және жалпы кан айналуын реттейді. Сонымен бірге бүйрек үсті безінің қыртысты қабатынын гормоны альдостерон әсер етеді. Альдостерон денедегі су және минералды тұздар алмасуын реттейді.
Зәрдің пайда болуы. Зәрбүйректің нефрондары арқылы өткен қанның плазмасынан пайда болады.
Бүйректе зәрдің пайда болуы екі сатыдан тұрады.
1. Капилляр шумақтарындағы сүзілу (фильтрация).
2. Түтіктердегі қайта сорылу (реабсорбция).
Капилляр шумақтарындағы сүзілу (фильтрация). Қан капилляр шумақтарынан өткенде,оныңплазмасы ерітінділерімен бірге сүзіліп денешенің қабырғасына өтеді.
Қанның плазмасынын капилляр шумағынан сузіліп денешенің қуысына өтуінен бірінші зәр пайда болады.
Бірінші зәрдіңпайда болуына капилляр шумақтары мен бүйрек денешелерінің ішіндегіқысымның айырмашылығы әсер етеді. Денешеге кіруші артериядан шығушы артерия әлдекайда тар. Сондықтан капилляр шумағындағы кан қысымы 60-70-мм сынап бағанасына тең. Ал дененің баска капиллярларында қанның қысымы не бәрі 25-30 мм сынап бағанасына, Шумлянский- Боумен денешесіндегі қысым 10-15 мм сынап бағанасына тең.Сондықтан қанның плазмасы сүзіліп, Шумляпский-Боумен денешесінің бостығына өтеді.
Бір тәулікте 150-180 л алғашкы зәр пайда болады. Алғашқы зәрдің құрамында зәрқышқылдарынан басқа тіршілік үшін қажетті амин қышқылдары, глюкоза, витаминдер, минералді тұздар болады. Қысқаша айтқанда алғашкы зәрдің қанплазмасынан өзгешелігі оның құрамында тек альбумин, глобулин сияқты ірі дисперсиялы ақуыздар болмайды (3-кесте).
Алғашқы зәрдің қан плазмасынан өзгешелігі.
3-кесте
