- •Жасуша, оның құрылысы
- •(Клетка, cellula)
- •III. Нейрон аралық аксон - жүйкедегі қозуды бір жүйке жасушасынан екінші жүйке жасушасына өткізеді.
- •- Тікелей бірігу - синартроз;
- •Медиан шеті.
- •Латераль шеті.
- •Жоғарғы бұрышы.
- •Акромион.
- •Буын ойығы.
- •Қабырғалық беті.
- •Қ ол басының сүйектері (кости кисти, ossa manus) үш бөлімнен тұрады. Олар: екі қатар орналасқан білезіктіңұсақ сүйектері, бесқысқа түтікше алақан сүйектері және саусақ сүйектері (8-сурет).
- •Жамбас сүйектері.
- •Тізе тобығы.
- •Шыбығы.
- •Аяқ басы сүйектері.
- •Маңдай кабыршығы.
- •Сампй сызығы.
- •Торша ұялары.
- •Торша табақшалар.
- •Перпендикуляр табақша.
- •Көз табақшасы.
- •Әтеш айдаршығы
- •Сурет. Ауыз қуысы.
- •Жоғарғы тістер.
- •Қатты таңдай.
- •Жұмсақ тандай.
- •Тіл жотасы.
- •Таңдай жұтқыншақ доғасы.
- •7. Бауырдың құйрықты бөлігі. 8. Квадрат бөлігі. 9. Өт қуығы.
- •10. Дөңгелек жалғама. 11. Төменгі қуыс вена.
- •Асқазанның пилорик жолы.
- •Бездің денесі.
- •Бездің негізгі өзегі.
- •Қосымша өзегі.
- •12 Елі ішек катпарлары.
- •Жіңішке ішектің мықын бөлігі.
- •Құрт тәрізді өсіндінің ашылған тесігі.
- •1.Мұрын қуысы.
- •2. Көмекей.
- •3. Кеңірдек.
- •4. Бронхтар.
- •Көмекей үсті шеміршегі.
- •Сақинаша шеміршек.
- •4 3. Қалқанша шеміршек.
- •Ожау шеміршек.
- •Қиғаш ожау бұлшық еті.
- •Артқы сақинаша ожау бұлшық еті.
- •Көмекейге кіреберіс.
- •Таңдай бездері.
- •Қалқанша шеміршегі.
- •Сақинаша шеміршек.
- •Кеңірдек сақиналары.
- •Бас бронхтар (оң және сол).
- •Кеңірдектің тармақталуы.
- •Қалқанша шеміршегі.
- •Кеңірдек.
- •Өкпенің жүрек ойығы.
- •Бөлік аралық сай.
- •Сол өкпенің жоғарғы бөлігі.
- •Төменгі бөлігі.
- •Оң өкпенің ортадағы бөлігі.
- •10.Төменгі бөлігі.
- •Қабырғалық беті.
- •Ерекше жағдайдағы тыныс алу
- •VI. Қан құрамы қасиеті
- •Қанның құрамы: екі бөліктен тұрады (1-кесте).
- •Эритроциттегі агглютиноген мен плазмадағы агглютинингебайланысты қан топтары
- •1. Оң жәнесол қолға; 2. Оң қол, сол аяққа; 3. Сол қол, оң аяққа.
- •Ішкі сөл бездері
- •Пирамида бөлігі.
- •Бөлікшелср.
- •Кеңірдек.
- •Тіл асты сүйегі.
- •Тіл асты-қалқанша байламы.
- •Қанның плазмасы мен алғашқы зәр құрамының салыстырмалыкестесі
- •1. Жатыр. 2. Жатыр қуысы. 3. Жатыр тутігінің жатыр бөлігі.
- •4 Эндометрий. 5. Миометрий. 6. Аналықжыныс безі.
- •7. Периметрий. 8. Жатыр қынабы. 9. Жатырдың жалпақ байламы.
- •10. Жатыр артериясы. 11. Жатыр түтігінің тесігі. 12. Жатыр тутігі.
- •13. Жатыр түтігінің ампуласы. 14. Жатыр түтігінің іш куьісына ашылатын тесігі. 15. Жатыр түтігінің шашағы. 16. Жатыр мойны.
- •17. Жатыр тесігі.
- •Шәует иіығарушы өзек.
- •Кеңейгсн ампуласы.
- •Шәует көпіршіктері.
- •Шәует шашушы өзек.
- •Простат безі.
- •Несеп-зәр шығарушы түтік.
- •2.Ми діңгегі; 3. Мишықтан тұрады:
- •I. Маңдай бөлігі. II. Төбебөлігі. III. Шүйде бөлігі. IV. Самай бөлігі.
- •XII. Денедег зат алмасуы
- •Мамандығыәртүрлі адамдардың бір тәулікке қажет энергия мөлшері
- •Витаминдер
Ішкі сөл бездері
(железы внутренней секреции, glandulae endocrinae)
Адам денесіндегі бездер екі үлкен топқа – сыртқы және ішкі сөл бездеріне бөлінеді. Сыртқы сөл немесе экзокриндік бездер сөлін дененің қуыс мүшелеріне, сыртқы ортаға шығарады.Бұл бездерге сілекей, асқазан, ішек, тер жәнет.б. бездер жатады.
Эндокриндік немесе ішкі сөл бездері деп сөлін жасуша арқылы қан мен лимфа тамырларына шығаратын бездерді айтады. Эндокриндік бездерге гипофиз, эпифиз, гипоталамус ядролары, қалқанша, қалқанша маңы, айырша, ұйқы, бүйрек үсті, жыныс бездері кіреді. Ішкі сөл бездерінің денедегіорналасуы: мида - гипофиз, эпифиз, гипоталамус ядролары; мойында және кеуде қуысында - қалқанша, қалқанша маңы және айырша бездер; іш қуысында – ұйқыжәне буйрек үсті бездері; жамбас қуысында — жыныс бездері орналасқан. Сонымен бірге қазіргі замандағы зерттеулер бойынша ас қорытужолының бойындағы және тыныс мүшелеріндегі бездер ішкі секреция бездерінің құрамына кіреді.
Ішкі секреция бездерінің сөлін “гормон" дейді. Гормон гректің һоrmао - қоздыру дегенсөзінен алынған. Гормондар биологиялық белсенді заттар. Олар өте аз мөлшерде пайда болады. Гормондардыңбиологиялық әсері:
денені сыртқы және ішкі ортаның өзгерістеріне икемдейді;
дененің қызметін реттейді;
ішкі ортаның тепе-теңдігін сақтайды, мысалы, қандағы глюкозаның мөлшері азайғанда бүйрек үсті безі адреналин гормонын көптеп шығарып, бауырдағы гликогенді глюкозаға айналдырады, оның қандағы мөлшері қалыптасады;
эндокриндік бездер жүйке жүйесімен қатар зорығу (стресс) жағдайында икемделу реакцияларын қамтамасыз етеді;
қорғаныс денелерін жинақтауда маңызы зор, атап айтқанда дененің түрлібөгде заттардың әсеріне төзімділігін арттырады. Гормондар дененің өсуіне, психиканың дамүына, зат алмасуына, жыныстық жетілуіне, жүректің қызметіне тікелей әсер етеді. Гормондар денедегі зат алмасуы нәтижесіндекүрделі өзгеріске ұшырайды,олардыңбір бөлігі несеп-зәр шығару жүйесі арқылы сыртқы ортаға шығады.
Эндокриндік бездер гормондарын қалыпты жағдайда аз немесе көпшығаруы мүмкін.Бұл жагдайда денсаулықтың ауытқушылығы, ауру пайда болады. Егер эндокриндік без гормонды көп бөлетін болса,онда ол бездің “гиперфункциясы", аз бөліп шығаратын болса “гипофупция" деп аталады.
Эндокриндік бездер қызметі мен орналасуына байланысты орталықтағы және шеткерідегі болып бөлінеді. Орталықтағыларға: гипофиз, эпифиз, гипоталамус ядролары кіреді. Шеткерідегілері гипофизге тікелей бағынатын қалқанша, бүйрек үсті және жыныс бездері кіреді.
Эндокриндік бездерінің анатомиялыққұрылысы бір-біріне ұқсас. Олардыңқұрылысындағы безді кілегейдің маңызы зор. Безді кілегейдің өзегі болмайды. Бездер қантамырларына өте бай, әрбір безде қан тамырларыныңторы болады. Оларды “синүстар" деп атайды.
Эндокриндік бездер даму сатысында ұрықтың әртүрлі жапырақтарынан пайда болады. Гипофиз, эпифиз, бүйрек үсті безінің ми қабаты ұрықтың эндодерма жапырағынан, қалқанша, қалқанша маңы бездері, айырша безі, ұйқыбезінің эндокриндік бөлігі эктодермадан, ал бүйрек үсті безінің қыртысты қабаты, жыныс бездері мезодермадан дамыған.
Эндокриндік бездерде көптетен жүйке ұштары бар, негізінен вететативтік жүйке талшықтары көп болады. Ішкі секреция бездерініңқимыл әрекеті аса қүрделі жүйке - гуморальдық жолымен реттеледі. Бездерінің гормондары дестанты тітіркендіргіш болып табылады. Бастағы гипоталамус ядролары мен эпифиздің гормондары орталық жүйке жүйесіндегі қозуды гипофизге өткізеді. Ал гипофиз қажетті гормонды бөліп, импульсты басқа ішкі секреция бездеріне тарқатады. Олар әртүрліқашықтыктағы рецепторларға әсер етеді, сөйтіп дененің нейроэндокриндік қызметін, өзара байланыс жүйесін реттейтін бір тұтас жүйе пайда болады.
Эпифиз (шишковидное тело, corpus pineale) - салмағы 0,2-0,4 г. Ми сауытында, орталық мида, екі жоғарғы төмпешіктердің үстінде орналасқан. Эпифиз сыртынан дәнекер ұлпалы қабықпен қапталған. Дәнекер ұлпалы қабық бездің ішіне кіріп оны бөліктерге бөледі. Бөліктің жасушалары пинеалациттер. Оның құрамында көптеген нейроглиялар болады. Бездің жасушасы гонадотропин гормонға қарсы гормон жасап шығарады.Бұл гормон гипофиздің жыныс гормонын бала жыныстық кәмілетке жеткенге дейін тоқтатып тұрады. Сонымен бірге эпифиздің гормоны зат алмасуының барлық түріне әсер етеді.
Эпифиздің гормоны дене мүшелерінің қызметінің тәуліктік ырғағын (биоритмді) реттейді.
Гипофиз (hypophysis) ми қосалқысы ішкі секреция бездерініңішіндегі еңмаңыздысы. Оның салмағы 0,5-0,6 г., ені 10-17 мм., ұзындығы 5-10 мм., ми сауытының сына сүйегіндегі “түрік ер- тоқымы" деп аталатьш имегінің ойығында орналасқан. Сыртынан қапшықпен қапталған, ми сауытының бостағынан мидың қатты қабығы бөліп тұрады. Гипофиз үш: алдыңғы, артқы және орталық бөліктен тұрады.
Гипофиздің алдыңғы бөлігі(аденогипофиз) бездің 70-80% бөлігін алады. Аденогипофиз басқа эндокринді бездерге әсерін тигізетін бірнеше гормондар бөліп шығарады: адренокортикотроп, тиреотроп, гонадотроп, соматотроп. Адренокортикотроп гормоны арқылы гипофиз бүйрек үсті безінің қызметіне, ал тиреотроп гормоны арқылы қалқанша безініңгонадотроп гормоны арқылы жыныс безінің қызметіне әсер етеді. Соматотроп немесе өсу гормоны дененің өсуіне, ақуыз синтезіне, май мен көмірсу алмасуына әсер етеді. Егер жасөспірімде соматотроп гормоны көп бөлінетін болса, онда гипофизарлық гигантизм ауруы пайда болады. Гипофизарлық гигантизмде баланың бойы 240-250 см дейін өсіп кетеді. Ал сомататроп гормоны жетіспегенде гипофизарлық нанизм ауруы пайда болады.Бұл ауруда баланың бойы өспейді, бірақ акыл-есі дұрыс болады. Егер соматотроп гормоны ересек адамда жетіспесе, онда зат алмасуы бұзылып адам не семіріп кетеді, не өте азады. Ересек адамның гипофизі қанға соматотроп гормонын көп шығарса, онда акрометалия деп аталатын ауру пайда болады, адамның еркін мүшелері (қолы немесе аяғы,төменгі жағы т.б.) ерекше өсіп кетеді. Гипофиздің адренокортикотроп гормоны (АКТГ) бүйрек үсті безінің қыртысты қабатына әсер етеді. Тиреотроп гормоны қалқанша безінің қызметін реттейді. Гонадотроп гормоны жыныс бездеріне әсер етіп, жьшыстық жетілуін, аналық безіндегі фоликулалардын, жұмыртқа жасушаның жетілуіне, сүт безінде сүттің пайда болуына, еркектерде сперматогенездің жетілуіне әсер етеді.
Гипофиздің артқы бөлігі (нейрогипофиз) нейроглия мен жүйке талшықтарынан тұрады. Олар гипоталамус ядроларынан нейрошпофизге таралған жүйке талшыктары. Нейрогипофиз екі түрлігормон бөледі: 1) вазопрессин; 2) окситоцин. Вазопрессиннің екі түрліәсері бар: 1) қан тамырларын тарылтады; 2) бүйректің түтікшелерінде судың денеге қайта сорылуын реттейді. Вазопрессин гормоны көп болса зәрдің тәуліктік мөлшері кемиді, сондықтан оны “диурезге қарсы гормон” деп атайды. Гормонның көбеюінен артерия қан тамырларының қабырғасындағы біріңғайсалалы бұлшық еттер жиырылады, оның нәтижесіндеқаннын қысымы көтеріледі. Окситоцин гормоны жатырдың бұлшық етінің жиырылуына, сүт безіндегі сүттің пайда болуына әсер етеді. Нейрогипофиздің гипофункциясында қантсыз диабет пайда болады.
Гипофиздің аралық бөлігі меланотрошін гормонын бөліп шығарады.Бұл гормон денедегі пигмент алмасуын реттейді. Әйелдіңекіқабат кезінде меланотроп гормонының қандағы мөлшері көбейгенде, оның бетінің терісінде дақтар пайда болады.
Қалқанша без (щитовидная железа, glandula thyroidea) ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең ірісі (46-сурет). Оның
