- •Жасуша, оның құрылысы
- •(Клетка, cellula)
- •III. Нейрон аралық аксон - жүйкедегі қозуды бір жүйке жасушасынан екінші жүйке жасушасына өткізеді.
- •- Тікелей бірігу - синартроз;
- •Медиан шеті.
- •Латераль шеті.
- •Жоғарғы бұрышы.
- •Акромион.
- •Буын ойығы.
- •Қабырғалық беті.
- •Қ ол басының сүйектері (кости кисти, ossa manus) үш бөлімнен тұрады. Олар: екі қатар орналасқан білезіктіңұсақ сүйектері, бесқысқа түтікше алақан сүйектері және саусақ сүйектері (8-сурет).
- •Жамбас сүйектері.
- •Тізе тобығы.
- •Шыбығы.
- •Аяқ басы сүйектері.
- •Маңдай кабыршығы.
- •Сампй сызығы.
- •Торша ұялары.
- •Торша табақшалар.
- •Перпендикуляр табақша.
- •Көз табақшасы.
- •Әтеш айдаршығы
- •Сурет. Ауыз қуысы.
- •Жоғарғы тістер.
- •Қатты таңдай.
- •Жұмсақ тандай.
- •Тіл жотасы.
- •Таңдай жұтқыншақ доғасы.
- •7. Бауырдың құйрықты бөлігі. 8. Квадрат бөлігі. 9. Өт қуығы.
- •10. Дөңгелек жалғама. 11. Төменгі қуыс вена.
- •Асқазанның пилорик жолы.
- •Бездің денесі.
- •Бездің негізгі өзегі.
- •Қосымша өзегі.
- •12 Елі ішек катпарлары.
- •Жіңішке ішектің мықын бөлігі.
- •Құрт тәрізді өсіндінің ашылған тесігі.
- •1.Мұрын қуысы.
- •2. Көмекей.
- •3. Кеңірдек.
- •4. Бронхтар.
- •Көмекей үсті шеміршегі.
- •Сақинаша шеміршек.
- •4 3. Қалқанша шеміршек.
- •Ожау шеміршек.
- •Қиғаш ожау бұлшық еті.
- •Артқы сақинаша ожау бұлшық еті.
- •Көмекейге кіреберіс.
- •Таңдай бездері.
- •Қалқанша шеміршегі.
- •Сақинаша шеміршек.
- •Кеңірдек сақиналары.
- •Бас бронхтар (оң және сол).
- •Кеңірдектің тармақталуы.
- •Қалқанша шеміршегі.
- •Кеңірдек.
- •Өкпенің жүрек ойығы.
- •Бөлік аралық сай.
- •Сол өкпенің жоғарғы бөлігі.
- •Төменгі бөлігі.
- •Оң өкпенің ортадағы бөлігі.
- •10.Төменгі бөлігі.
- •Қабырғалық беті.
- •Ерекше жағдайдағы тыныс алу
- •VI. Қан құрамы қасиеті
- •Қанның құрамы: екі бөліктен тұрады (1-кесте).
- •Эритроциттегі агглютиноген мен плазмадағы агглютинингебайланысты қан топтары
- •1. Оң жәнесол қолға; 2. Оң қол, сол аяққа; 3. Сол қол, оң аяққа.
- •Ішкі сөл бездері
- •Пирамида бөлігі.
- •Бөлікшелср.
- •Кеңірдек.
- •Тіл асты сүйегі.
- •Тіл асты-қалқанша байламы.
- •Қанның плазмасы мен алғашқы зәр құрамының салыстырмалыкестесі
- •1. Жатыр. 2. Жатыр қуысы. 3. Жатыр тутігінің жатыр бөлігі.
- •4 Эндометрий. 5. Миометрий. 6. Аналықжыныс безі.
- •7. Периметрий. 8. Жатыр қынабы. 9. Жатырдың жалпақ байламы.
- •10. Жатыр артериясы. 11. Жатыр түтігінің тесігі. 12. Жатыр тутігі.
- •13. Жатыр түтігінің ампуласы. 14. Жатыр түтігінің іш куьісына ашылатын тесігі. 15. Жатыр түтігінің шашағы. 16. Жатыр мойны.
- •17. Жатыр тесігі.
- •Шәует иіығарушы өзек.
- •Кеңейгсн ампуласы.
- •Шәует көпіршіктері.
- •Шәует шашушы өзек.
- •Простат безі.
- •Несеп-зәр шығарушы түтік.
- •2.Ми діңгегі; 3. Мишықтан тұрады:
- •I. Маңдай бөлігі. II. Төбебөлігі. III. Шүйде бөлігі. IV. Самай бөлігі.
- •XII. Денедег зат алмасуы
- •Мамандығыәртүрлі адамдардың бір тәулікке қажет энергия мөлшері
- •Витаминдер
К I P I С П E
Адам анатомиясы мен физиологиясы медицина ілімінің негізі болып саналады. Анатомия гректің “anatemno” “кесу, бөлшектеу” дегенмағынадағы сөзінен шыққан.Адам анатомиясы дененің пішінін, мүшелердің құрылысын, өсуін және оның сыртқы ортамен ара қатынасын зерттейді.
Анатомия пәнінің алғашқы даму кезеңінде адамның мүшелерін сипаттаумен ғана шектелген. Қазіргі кезде адам денесінің әрбір мүшесінің құрылысын, даму сатысын жүйелі анатомия зерттейді.
Хирургиялық ем үшін мүшенің денедегіорнын дәл анықтаудың маңызы зор. Белгілі бір мүшенің денедегіорнын дәл анықтайтын анатомия ілімінің саласы топографиялық анатомия. Топографиялық анатомияның дамуы нәтижесіндекүрделі хирургиялық емдеу мүмкіндіктеріне жол ашылды.
Анатомия ілімінің тағы бір саласы жас ерекшеліктеріне байланысты дене пішінінің құрылысын және сыртқы ортаның оған тигізетін әсерін зерттейді.
Функциональдық анатомия дене мүшелерінің атқаратын қызметін жинақтап зерттейтін анатомияның бір саласы.
Анатомия мен физиологияпәндері бір-бірімен өте тығыз байланысты.Физиологиямүшелердің, жүйелердің, тұтас дененің тіршілік әрекетін зерттейтін ілім. Физиологиянегізінде тіріні өліден саналық жағынан айыратын маңызды тіршілік әрекеттердің заңдылықтарын зерттейді.
Физиологияжалпы және салыстырмалы болып бөлінеді. Жалпы физиология тірі денеге сыртқы орта әсерінің жалпы заңдылықтарын зерттейді. Оның бір саласы жасуша физиологиясын зерттейтін ілім - цитология. Салыстырмалы физиологиятүрлердің және дененің дамуын салыстырып зерттейді. Жас ерекшелектері физиологиясы дененің бүкіл қызметінің қалыптасуы мен дамузаңдылықтарын, ал физиологияның бір саласы жеке мүшелердің, жүйенің қызметін анықтайды. Мысалы: ас қорытужүйесі, қан айналу, несеп-зәр шығару жүйесінің физиологиясы.
Анатомия мен физиология гистологиямен тығыз байланысты. Гистология (histos,ткань,ұлпа) - ұлпалардың құрылысын, тіршілік әрекетін, тірі денедегі зат алмасуын зерттейді. Жалпы гистология цитология және гистология болып бөлінеді.
Цитология жасуша туралы ілім. Жеке гистология немесе микроскопиялық анатомия мүшелерді 5-50 мкм қалыңдыққа дейін кесіп, бояп, қатырып, олардағы жасуша мен ұлпа құрылысын зерттейді. Қазіргі заманғы гистология өте күрделі зерттеу құралдарымен (люминисцентік, электрондык, микроскоп) өте нәзік гистологиялық әдістерді қолданады.
Анатомия, физиология медицина және биологиялық ілімнің негізі. Мүшелердің қалыпты жағдайдағы денедегіорнын білу нәтижесінде ауруды анықтап, адам денсаулығы үшін күресу мүмкін болады.
Адам денесінің құрылысын зерттеген деректер біздің эрамызға дейінгі 2550 жылдардағы ежелгі Египетте Эверестің “Құпия дәрігер кітабында» сақталған. Бұл кітапта адам жүрегі мен қан тамырларының құрылысы туралы мәліметтер бар. Біздің эрамызға дейінгі ХІ-ХІІ ғасырлардағы қытайдың “Ней-Чин” кітабында адам анатомиясы туралы мәліметтер сақталған.
Ғылымның көптеген саласының дамуына ежелгі Грецияда қолайлы мүмкіндіктер болды. География, экономика және басқа ғылым салаларымен қатар медицина ерекше даму сатысына көтеріледі.
Ежелгі Грецияда дәрігер, әрі ғалым Гиппократтың абыройы өте күшті болады. Ол біздің эрамызға дейінгі 460-370 жылдарда ежелгі Грецияда өмір сүрген. Анатомияны бүкіл медицинаның негізі деп бағалады. Гиппократ адам денесіндеті бұлшық еттердің, жүрек қабырғасының кұрылысын, ми сауытының кақпақ сүйектерін, олардың арасындағы жіктерді суреттеді. Сонымен бірге ішкі мүшелердің орналасуы мен қаңқаның құрылысын анықтады. Гиппократ адам денесінің негізі түрлісұйықтықтардан: өттен, қаннан, шырыш және қара өттен пайда болған деп ойлады. Осы сұйықтарға сәйкес адамдардың мінезін төрттүргебөлді: флегматик, холерик, сангвиник, меланхолик. Гиппократ артерия қан тамырында ауа бар, адамның миы шырыштан тұрады, ал оның сұйықтығы жұлын арқылы жыныс мүшелеріне барады деп болжам жасады.
Анатомияның дамуына Платон (б.э.д. 427-347 жж.) мен Аристотельдің (б.э.д 384-324 жж.) қосқан үлестерізор. Платон хайуанаттарды зерттеу нәтижесіндебас ми жұлынның алдыңғы бөлігінен дамиды деген тұжырымға келеді. Аристотель қанның, май ұлпасының сүйектің, сіңірдің құрылысын анықтады. Аристотельді эмбриология ілімінің негізін қалаушы деп атайды, себебі ол бірінші рет ұрықтың дамуы туралы болжам жасаған. Аристотель қанды қозғаушы орталық мүше деп есептеді.
Гиппократтан кейінгі медицина дамуына үлкен үлес қосқан Рим философы, биолог-анатомы Гален (130-200 жж.). Гален бұлшық еттер мен сүйектердің құрылысын, бас мидың 12 жұп жүйкесінің жетеуін дұрыс сипаттаған. Гален бас мидың, бауырдың, бүйректің, жүйкелердің құрылысы туралы мәліметтер жазған.
Медицинаның дамуында Аль-Фараби Абунаср Мухаммед бин Тархан (870-950) және Абу Али ибн Сина (980-1037) үлкен үлес қосқан. Тәжік философы, дәрігері Абу-Али-ибн-Синаның “Дәрігерлік ғылымның заңы” кітабын XVI ғасырға дейін Батыс және Шығыетың дәрігерлері қолданып келді.
Анатомияның дамуы “Қайта өрлеу” жылдарында өмір сүрген А.Везалий, В.Гарвей, Леонардо да Винчи есімдерімен тығыз байланысты.
Леонардо да Винчи (1452-1519 жж.) пластикалық анатомияның негізін қалады.
Андрей Везалий (1514-1564 жж.) “Адам денесі құрылысының жеті кітабы” дегенқолжазба қалдырды. А.Везалийден кейін Фаллопий (1523-1562 жж.), Евсгахий (1574 жылы өлген), Фабриций (1537-1619 жж.) анатомия мен физиология ілімінің дамуына үлкен үлес қосты. Олардың ашқан мүшелері осы уақытқа дейін өздерінің атымен аталады. Мысалы: жұтқыншақ пен дабыл қуысының арасындағы жіңішке есіту түтігі Еветахий түтігі деп аталады.
Вильям Гарвей (1578-1657 жж.) “Хайуанаттар жүрегі мен қанының қозғалысын анатомиялық зерттеу” дегенкітабында қан айналымында, артерия мен вена қан тамырларының арасын өте ұсақ кан тамырлар қосып тұрады деп жорамалдады.Осы болжамның дұрыстығын 1661 жылы Мальпиги дәлелдеді. Мальпиги өзі ойлап тапқан микроскоппен қыл тамырлардың құрылысын зерттеді.
XIX ғасырда анатомия мен физиология ілімнің дамуына жасуша, тұқым қуалаушылық және түрлер дамуының эволюциясы туралы ашылған жаңалықтардың үлкен әсері болды. 1839 жылы Т.Шванн (1810-1882 жж.) “Өсімдіктер мен хайуанаттардың дене құрылысы мен өсуіндегі микроскопиялық сәйкеетік туралы” дегенкітабында барлық тірі денелердің негізі жасуша екенін дәлелдеді.
1859 жылы ағылшын ғалымы Ч.Дарвин (1809-1892 жж.) “Түрлердің шығуы” дегенкітабында сыртқы ортаның әсерінен жан-жануарлар денесінің құрылысында эволюциялық өзгерістер, дамулар болатынын дәлелдеп, адам - эволюциялық даму салдарында адам тәрізді маймылдан пайда болған деген тұжырымға келді.
Чех ғылымы Грегор Мендель тұқым қуалаушылық туралы ілім генетиканың негізін қалады. Ол “Өсімдік гибридтеріне тәжірибе” дегенкітабында адам және барлық тірі денедегі белгілер, сол түрге ғана тән ерекшеліктері ұрпақтан ұрпаққа тұқым қуалай берілуінің заңдылықтарын ашты.
XVII-XIX ғасырларда анатомияның дамуына орыс ғалымдары М.В.Ломоносов (1711-1765 жж.), П.А.Загорский (1764-1846 жж.), Лесгафг (1857-1909 жж.) үлкен үлес қосты. Н.И.Пиротов 1810-1881 жж.) адам денесінің, топографиялық анатомиясы және қан тамырларының орналасуы туралы құнды еңбектер жазды. Көптеген жаңалықтарды ашып, топографиялық, анатомияның дамуына, қалыптасуына негіз салды.
Анатомия ілімінің дамуында Кеңес үкіметі дәуіріндегі орыс ғалымдары В.Н. Тонкос (1870-1952 жж.), ДА.Жданов (1908-1971 жж.) зор үлес қосты.
Физиология ілімі анатомиядан XIX ғасырдан бастап
бөлініп, өз алдына ілімнің бір саласы түрінде дами бастады. Физиологияның дамуына жасуша, тұқым қуалаушылық, түрлердің эволюциялық дамуы туралы жаңалықтардың ашылуы күшті әсерін тигізді.Орыс ғалымдары И.М.Сеченов, И.П.Павлов, С.Н.Боткин,
В.М. Бехтерев медицинадағы жаңа бағыт жүйке жүйесінде көптеген жаңалықтар ашты. И.М. Сеченов 1862 жылы “Бас ми рефлекстері” дегенеңбегін жариялады.
И.П.Павлов жоғарғы дәрежелі жүйке жүйесініңқызметі, ми қыртысы, екінші сигнал жүйесі туралы жаңалықтар ашты. “Негізгі ас қорытубездерінің қызметі туралы дәрістері” дегенкітабы мен ми физиологиясы ілімінің дамуына қосқан үлестері үшін И.П.Павловқа 1904 жылы Нобель сыйлығы берілді.
Физиология ілімінің дамуы электроника мен радиотехникалық ілімдердің дамуымен тығыз байланысты. Қазіргі кезде медицинаның анатомия, физиология, гистологиясаласында электрофизиологиялық зерттеулер үлкен орын алады. Жүректің қызметін электрокардиографияда, мидың қызметін электроэнцефалография арқылы зерттейді.
Қазіргі күнде физиологиядағы күрделі мәселелерді шешу, оның биохимия, биофизика, математика т.б. ғылым салаларымен тығыз байланыста болуын талап етеді.
Ерте заманнан кең далада мал бағумен айналысқан қазақ халқының арасында ауруға шалдыққан адамды дәрілік шөптермен емдеу кеңінен таралған. Ертеде өмір сүрген Шығыс ғалымдары Насыр әл-Фараби, Абу Әли ибн-Сина, Бируни, әл-Джуржанидың қазақ халық медицинасының дамуына ықпалы зор болды. Бұған қоса қазақтың халық медицинасы көршілес Ресей, Иран, Қытай, Моңғол, Тибет, Ауғаныстан сияқты халықтардың медицинасындағы деректермен байытылып одан әрі дамыды. Дегенмен, адам денесінің құрылысын зерттеген мәліметтер сақталмаған.
Қазақстанда Кеңес үкіметі дәуірінде ғылым мен мәдениет жаппай өркендеді, сонымен бірге бұл дәуір медицинаның бір саласы болған анатомия ілімінің даму кезеңі болды. Аса көрнекті дәрігер ғалым, профессор, Ресей ғылым академиясы өлке тану бюросының корреспондент-мүшесі Халел Досмұхамедұлы (1883-1939) бірінші рет қазақтілінде медицина техникумына арналған анатомия оқулығын жазды. Оқулық “Адамның тән тірлігі" дегенатпен 1922, 1927 жылдары Қызылорда, Мәскеу қалаларында баспадан шықты. Бұл кітапта анатомияға “адамның денесінің қалай түзілгенін тексеріп, анықтайтын” немесе “тән жүйесін тану” ілімі деп анықтама берілген. Денедегі мүшелердің жұмысын тексеретін немесе тән тірлігін танытатын ілім физиология делінген. Кітапта “Сүйек жүйесі”, “Сүйектердің байланысуы”, “Ет жүйесі”, “Қимыл заңдылықтары”, “Қан жүйесі”, “Лимфа жүйесі”, “Тыныс, ас қорытужүйесі”, “Шағылыс-тұқым жүйелері”, “Жүйке жүйесі” және “Сезім жүйелері” дегентараулары бар. Кітапта анатомиялық аталымдардың 466-сының қазақ тіліндегі баламасы берілген.
Қазақстанда анатомия ілімінің дамуына үлкен үлес қосқан ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық, ғылым Академиясының мүше- кореспонденті Қазақ Мемлекеттік медицина университетінің анатомия кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Алшынбай Рақышұлы Рақышев. Оның “Анатомия терминдерінің қазақша-орысша-латынша сөздігі” (1963, 1964, 1966), "Адам анатомиясы” атты оқулығы қазақ тілінің лексикалық бай мүмкіндіктерін жоғары көтерумен қатар мемлекеттік тілдің медицина саласында тезірек қолданылуына әсерін тигізді.
1990 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасы “Тіл туралы заңының” күшіне енуіне байланысты орта буынды медицина мамандарын дайындайтын оқу орындарының оқушыларына арналған қазақ тіліндегі оқулықтар жазу міндеті қойылды. Осыған байланысты 1992 жылы қазақ тілінде М.М.Дайырбекованың “Адам анатомиясының практикумы”, Р.С.Смағұлов, Б.Нәрібаев, ЕКерімбековтың ‘Тәнтану” (1994) және Е.Керімбековтың “Адам анатомиясы” (1992) сияқты еңбектер жарық көрді.
Осы уақытқа дейін 1927 жылы Қызылорда қаласында шыққан Халел Досмұхамедұлының “Адам тән тірлігі” кітабынан басқа қазақ, тіліндегі мемлекеттік стандарт оқу бағдарламасына сай орта буынды медицина мамандарын дайындайтын оқу орындарына арналған адам дене құрылысы туралы оқулық жоқ. Оның өзі пайдаланылмай, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында сақтаулы.
Ал ұсынылып отырған “Адам анатомиясы” оқулығы мазмұны жағынан осы пәннің қазіргі оқу бағдарламасына сәйкес колледж оқушыларына арналып жазылды. Оқулықтағы медицина сөздерінің латынша-орысша-қазақша баламалары А.Рақышевтің “Латынша- орысша-қазақша анатомия терминдерінің сөздігі” (1963, 1%9, 1992), “Орысша-қазақша сөздікке” (1978, 1992) сәйкес алынды.
Оқулықты жазуда өзіндік қиындықтар болмай қалған жоқ, сондықтан да оқырман қауымның ой-пікірін ризашылықпен қабылдаймыз.
Осы оқу құрамының дүниеге келуіне атсалысқаны және құнды кеңестері үшін медицина ғылымының кандидаты, Республикалық медицина Колледжі директорының орынбасары Е.Г.Жахметовке шын көңілден алғысымызды айтамыз.
Жасуша, оның құрылысы
(Клетка, cellula)
Жасуша (клетка, cellula) - дененің ең кішкене құрылыс бірлігі. Жасушаны зерттейтін ілім - гистология. Жасушалар барлық жануарлар мен өсімдіктер құрылысының дамуы және тіршілік әрекетінің негізі. Жасуша туралы ілімнің негізін қалаушы неміс ғалымы Т.Шванн (1810-1882 ж.ж.). Т.Шванн 1839 жылы барлық жан-жануарлардың дене құрылысының негізі, олардың құрылыс бірлігі жасуша екенін дәлелдеді.
Жасушалардың түрі мен пішіні әр түрлі. Ол сопақ, домалақ және т.б. түрде болуы мүмкін. Оның үлкендігі 3-7 млмикроннан 200 мкметрге дейін жетеді. Денедегі ең үлкен жасуша жыныс жасушалары.
Жасуша (клетка) цитоплазма мен ядродан тұрады.
Ядро (nucleus) — жасушаның негізгі бөлігі. Ол көбіне жасушаның орталығында орналасады. Ядро бір немесе бірнешеу болуы мүмкін. Көбіне жасуша бір ядролы болады. Ядроның пішіні әр түрлі: домалақ, сопақ, таяқша, т.б. болуы мүмкін. Ядроның пішіні оның тіршілік әрекетіне байланысты өзгереді. Ядрода дезоксирибонуклеин қышқылы бар. Дезоксирибонуклеин қышқылында нәсілден-нәсілге өтетін хабаршы (информация) “ген” сақталады.
Ядроның құрамында оның сұйықтығы - кариоплазма, ядро қабығы және ядрошық болады. Қариоплазма судан, жай ақуыздан, дезоксирибонуклеин қышқылынан (ДНК), калий, кальций, магний иондарынан тұрады.
Ядрошық, (ядрышко) — жасушаның ең қатты бөлігі. Оның құрамында рибонуклеин қышқылы (РНК), дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНК) және ақуыздар болады.
Ядро қабығы ядроны цитоплазмадан бөліп тұрады.
Цитоплазма - жасушаның негізгі бөлігі. Оныңқұрамында гиалоплазма және органеллалар мен кіріспелер болады. Гиалоплазма (hyalo) гректің “шыны” дегенсөзінен шыққан, цитоплазманың негізгі бөлігі. Оның құрылысында тұрақты органеллалар болады. Органеллалар ядро мен цитоплазманың байланысын қамтамысыз етеді, жасушаның қалыпты қызметіне жағдай туғызады.Жасушаның органеллаларына митохондриялар, эндоплазмалық, тор, Гольджи аппараты, жасуша орталығы, лизосомдар жатады.Олар жасушада әр түрлі қызмет атқарады. Эндоплазмалық тор ақуыздың синтезделуіне қатынасады, ал митохондриялар протеиндер мен ферменттерге бай. Олар негізінен жасушаның энергия көзі болып саналады. Жасуша орталығы - домалақ дене. Оның ішіндееңқаттыдене - центрололар болады.
Лизосомдар жасушада фагоцитоз қызметін атқарады. Лизосомдар фотоцитозға қатынасатын лимфоциттерде, моноциттерде, бауыр және жіңішке ішектің жасушаларында көп болады. Гольджи аппаратын 1898 жылы жүйке жасушаларынан Гольджи тапқан. Олбарлық жасушада кездеседі. Оның жасушадағы қызметі толық анықтамалған.
Жасушаның цитоплазмасында органеллалармен бірге ақуыз, май, көмірсу, нуклеин қышқылы, ферментер, бейорганикалық заттар, су, липидтер болады. Цитоплазмада 5%-тен 8%-ге жуық ақуыз, 1-5% көмірсу, 5-9% май болады. Су жасушаның 75-85% салмағын алады. бейорганикалық заттар — калий, магний, тұздары, нуклеин қышқылдары. Акуыз жасушадағы су мен тұздар, сонымен бірге оның осмотик қысымын, электрлік зарядын қамтамасыз өтеді. Нуклеин қышқылы ақуыздың биосинтезіне қатынасады. Биосинтездің негізінде дененің дамуы, өсу механизмі, нәсілден-нәсілге өтетін белгілер қалыпты жағдайда сақталады.
Жасушаның негізгі қызметі. Тірі жасуша күрделі - динамикалық өзгерістер өтіп тұратын жүйе. Онда зат алмасуы, жаңару, өсу, көбею сияқты өзгерістер болып тұрады. Жасушаның өмір сүру қабілетіне оның тітіркенгіштігі, қозғыштығы, өсуі, көбеюі кіреді. Жасушадағы зат алмасуы немесе қалыпты жағдайдағы тіршілігі үшін сыртқы ортадан өзіне керекті заттарды қабылдайды, сіңіреді, оларды қорытады, ал керексіз заттарды сыртқы ортаға шығарады. Қысқаша айтқанда, жасушада ассимиляция және диссимиляция процесі үздіксіз жүріп тұрады. Жасушадағы зат алмасуы бір-бірімен тығыз байланысты, оған белгілі бір ретпен өтетін көптеген химиялық реакция жатады. Бұл реакциялардың жеделдетушілері (катализаторлары) фермент болып саналады. Жасушаларда өтетін ферменттік реакциялардың жиынтығын “метоболизм”, ал оның өнімдерін “метоболиттер” деп атайды. Жасушадағы барлық биохимиялық реакция орталық жүйке жүйесініңбақылауында болады.
Жасушалардың тітіркенгіштігі мен қозғыштығы. Жасуша ішкі жәнесыртқыортаның өзгерістеріне тітіркенумен жауап береді. Тітіркену, қозу нәтижесіндежасушаларда, бүкіл денеде қимыл әрекеті пайда болады.
Жасушаның көбеюі. Жасушаның көбеюі үш түрде өтеді: 1.митоз (қариокинез); 2.мейоз (жыныс жасушаларының пайда болуы); 3. Амитоз (тіке бөліну). Митоз — өсімдік пен жан-жануарлар денесіне тән көбею. Жасушаның мейоздық көбеюі 4 сатыдан тұрады: профаза, метофаза, анофаза, телофаза. Профазада жасушаның ядросында домалақ немесе таяқша дене пайда болады, жасуша орталығы үлкейеді, ядроға жақындайды.
Профаза хромасоманың пайда болуы, ядрошықтың жоқ болуымен аяқталады. Метофазада хромасома бөлінеді, ядроның қабығы ериді, нәтижесіндехромасома цитоплазмада еркін жатады. Жасуша орталығы ұршықшаланып өзгереді. Ал хромасомадан ұршықтың ортасындаорталық сызық пайда болады, кейін осы жерден жасуша бөлінеді. Метофаза әрбір хромасомада ұзынша саңылау пайда болуымен аяқталады. Анофазада хромасоманың аналық бөлінуінен “қыздық” хромасомалар пайда болады. Олар ұршық полюсіне жақындайды, нәтижесіндеекі бірдей комплекс пайда болады. Телофазада жасушаның денесі жұқарып, “қыздық” ядро пайда болады, жасуша эквотраль немесе орталық пластинкадан бөліне бастайды. Жасуша митоз жолымен көбейгенде оның цитоплазмасы ғана емес, органелларында да өзгеріс пайда болады. Әр түрліжасушалардың мейоздық көбеюі 30 минуттан 3 сағатқа дейін созылады. Жасушаның мейозды көбеюінің түрлер белгілері сақталуында үлкен маңызы бар. Себебі, бөлінуден пайда болған “қыздық” жасушалар аналық жасушаның хромасомаларын өзгеріссіз қалдырады, хромасома түрлердің қасиетін сақтайды. Жыныс жасушалары жетілгенде, мейоздық көбейгенде, хромасомалардың саны екі есе кемиді. Жыныс жасушалары ұрықтанғанда хромасомалардың саны толығады. Хромасомалардың санының азаюы “гаплоид”, толығуы “диплоид” деп аталады. Адамдағы хромасомның толық саны 46.
Жасушаның тікелей бөлінуі — амитоз. Жасушаның амитоздық бөлінуі ядрошықтанбасталады. Ядро арқандалып екі бөлікке бөлінеді, кейін цитоплазма бөліне бастайды.
Жасуша өлуінің үш түрі белгілі. Олар:
Пикноз - жасушаның ядросының тығыздалуы мен көлемінің кішіреюі, оның денешелерінің жоғалуы.
Қариорексис - ядро мен оның денешелерінің ыдырауы.
Қариолизис - ядро мен ядрошықтың еріп кетуі. Денедегі әр түрліжасушалардың өмір сүру мерзімі белгілі. Мысалы, дененің эпидермис қабатының жасушалары 3-7 күн, эритроциттер 120 күн өмір сүреді, ал адамның бұлшық еті мен жүйке жүйесініңжасушаларының өмір сүру мерзімі адам өмірінің ұзақтығымен бірдей.
Ұлпа
(ткани)
Кілегей ұлпасы (эпителиальная ткань, textus epithelialis) денені сыртынан жауып, ішкі қуыс мүшелердің шырышты қабатын қаптап тұрады. Кілегей ұлпасы бездердің құрамына кіреді. Ол жасуша меи аралық заттардан тұрады. Басқа ұлпалардан ерекшелігі — оның аралық заты өте аз, жасушаның пішіні әр түрлі. Атқаратын қызметі: денені механикалық, химиялық, және т.б. сыртқы ортаның әсерінен қорғайды, денедегі зат алмасуына, сорылу, сөл бөліп шығару қызметіне қатынасады. Денеде кілегей ұлпасының негізінен үш түрі кездеседі: 1.бір қабатты; 2. көп қабатты; 3. безді кілегей.
Бір қабаттының өзі кілегей ұлпасы жасушаларының пішініне байланысты бір қатарлы, көп қатарлы болып бөлінеді. Бір қабатты кілегей ұлпасының цитоплазмасында ерекше қосымшалар болады. Олар: түтікше, жіпше, кірпікше, тонофибрил. Түтікшелер - кілегей жасушаның цитоплазмасының өсінділері. Олар ішекте, бүйректің түтікшелерінде болады жәнебұл мүшелердің шырышты қабатының сіңіру, сору көлемін кеңейтеді. Жіпшелер - қозғалғыш, еркектердің жыныс жасушаларында кездеседі. Кірпікшелер — жіңішке қозғалғыш өсінді. Кірпікшелері бар кілегей ұлпаларын “жыбырлағыш кілегей” деп атайды. Олар тыныс жолдарында, әйелдің жыныс мүшелерінде кездеседі. Тонофибрильдер кілегей ұлпасына беріктік береді.
Бір қабатты кілегей ұлпасы призма, цилиндр, кубшалау және жазық болып кездеседі. Бір қабатты призма, цилиндр кілегей ұлпасы асқазанның, ішектің, жатырдың және бүйректің түтікшелерінде кездеседі. Ішектің кілегей ұлпасында микротүтікше болады. Олардың ішінде безді жасуша да болады. Безді кілегей жасушалары сөл бөліп шығарады. Бір қабатты кубшалау кілегей ұлпасы майда бронхтарда, бездің өзегінде және бүйрек түтікшесінде болады. Бір қабатты жазық кілегей (мезателий) шарбының, плевраның, перикардтың бетін қаптайды. Сондықтан бұл мүшелер қимылдағанда өте тез жылжу қасиетіне ие болады. Бір қабатты көп қатарлы кірпікшелі кілегей жасушаның ұзындығы әр түрлі, сол үшін олар көп қатарлы болып орналасқан, ал бос ұшында кірпікшелер болады. Олар тыныс жолының мұрын қуысын, көмекей, кеңірдек, бронхтың және жыныс мүшесінің шырышты қабатын қаптайды.
Көп қабатты кілегей ұлпасы ауыз қуысын, өңешті, көздің қасаң қабығын, несеп-зор шығару мүшелерінің шырышты қабатын қаптайды. Ол негізінен қорғаныс қызметін атқарады. Көп қабатты кілегей ұлпасының үш түрі бар:1._ түлейтін; 2. түлемейтін; 3. көшпелі. Көп қабатты түлейтін кілегей - терінің эпидермис қабаты. Морфологиялық белгісіне байланысты көп қабатты кілегейдің жасушалары бес қатарға бөлінеді. Олар: 1. базаль немесе негізгі; 2. тікенекті; 3. денешелі; 4. жалтырық;5. мүйізді. Көп қабатты кілегейдің бірінші екі қабатын “өсу қабаты" деп атайды, себебі бұл қатардағы эпителиоцит өсу қабілетіне ие. Денешелі қабаттағы жасуша бүрісіп, цитоплазмасында ерекше ақуыз “кератинді” сақтайды. Көп қабатты кілегейдің жалтырақ қабатының жасушалары жазық мүйізденіп, қабыршықтанып өлуге даярланып тұрады. Мүйізді қабат – ең беткейдегі қабат. Терінің кілегей жасушалары базаль қабатында өсіп, беткейдеті қабаттарда өліп, түлеп, орнын жаңа жасуша басып отырады. Көп қабатты түлемейтін кілегей көздің қасаң қабатында, ауыз қуысының, кілегей қабатында кездеседі. Оның үш қабаты бар: негізгі, тікенекті және эпителиоцит бар жазық қабат. Түлемейтін кілегей ұлпасының негізгі қабатындағы цилиндрше жасуша өсу қасиетіне ие. Соның үшін бұл қабатты “өсу қабаты” деп атайды.
Көпшелі кілегей несеп-зор шығару мүшелерін - несеп ағар, қуықтың шырышты қабатын қаптап тұрады. Көшпелі кілегей екі қабаттан тұрады: негізгі және беткейдегі. Негізгі қабатында көптеген көп қырлы жасуша бар. Беткейдеті қабатта көптеген сығылып, қысылған жасуша болады. Мүше кеңейгенде олар жұқарады, ал мүше тарылғанда кілегей жиырылып қалыңдайды. Безді кілегей жасушасының пішіні әр түрліболады, бірақ барлығына тән қасиетсөл бөліп шығарады. Безді кілегей жасушаларында Гольджи аппараты, митохондрия көп Гольджи аппараты сөлдің бөлінуіне қатынасады. Бездің сөлін бөліп шығаруына байланысты оларды эндогенді және экзогенді без деп екі топқа бөледі. Эндогенді бездің өзегі болмайды, олар сөлін қан мен лимфа тамырларына шығарады. Экзогенді бездердің өзегі дененің қуыстарына ашылып, сөлін сол қуыстарға шығарады. Мысалы: тер безі терінің бетіне, ал сілекей безі сілекейді ауыз қуысына шығарады. Бездің сөлінің құрамы әр түрлі. Оның құрамында ақуыз, шырыш, минеральді тұздар, май болуы мүмкін.
Дәнекер ұлпаға (соединительная ткань, textus connectivus) жасуша мен жасуша аралық зат кіреді. Жасуша аралық зат талшықтан және негізгі заттан құралған. Дәнекер ұлпаның түрлері: борпылдақдәнекер ұлпа, тығыз дәнекер ұлпа, дәнекер ұлпаның ерекше түрі. Тығыз дәнекер ұлпа реттелген және реттелмеген болып екі топқа бөлінеді. Тіреуіш трофикалық ұлпаның ерекше түріне ретикуляр ұлпасы, май, шырышты және пигменті ұлпа кіреді. Тіреуіш ұлпа шеміршек және сүйек ұлпасы болып бөлінеді. Дәнекер ұлпаның атқаратын қызметі: 1. трофикалық зат алмасуына; 2. қорғаныс, фагоцитоз қасиеті бар иммунитетке_ 3. механикалық (тіреуіш. байлам, сіңір, шеміршек, сүйек, тамырмен бірге мүшенің негізін қалайды); 4. пластикалық - жасуша ретенерациясына қатынасады.
Дәнекер ұлпаның аралық затының құрылысы өте күрделі. Оның құрамында көмірсу, полисахаридтер, ақуыз болады. Дәнекер ұлпаның негізгі аморф заты сұйық, қою болуы мүмкін. Олар негізінен қан тамырын қоршап тұрады. Аралық заттағы желім беруші талшықтың түрі таспаға ұқсайды. Аралық заттың серпімді талшық, көлденең жолақты протофибрильден, цемент беруші заттан құралған. Пигмент жасушалары цитоплазмасында жасушаға түрберетін меланин затын сақтайды. Бұл жасуша тік ішектің, емшек ұшының айналасында, еркектің енінде, көздің тамырлы қабатында өте көп болады. Дәнекер ұлпаның эндотелий қабаты қан мен лимфа тамырының ішкі қабырғасын қаптап тұратын, пішіні мен үлкендігі әр түрліжасуша – эндотелиоцит.
Дәнекер ұлпаның ерекше түрлері - ретикуляр ұлпасы. Олар ретикуляр жасуша мен оның талшығынан тұрады.Ретикуляр жасуша бір-бірімен өсінді арқылы торшаланып қосылады, олардың талшығы әр түрлібағытта орналасқан. Ретикуляр ұлпа жіліксүйегініңбасында, лимфа түйіндерінде, көк бауырда, ішектің, бүйректің шырышты қабатында көп кездеседі.
”Ретикулэндотелиал жүйе” деп денеге түскен бөгде бөлшекті қармап алып, жасушаның цитоплазмасына өткізетін жасуша жиынтығын айтады. Бұл жасуша денеге түскен бөгде затты қармап алып, оларды жояды, иммунитет пайда болады. Ретикулоэндотелиал жасушаға қан жасап шығарушы мүшедегі макрофаг, бауыр капиллярындағы жасуша кіреді.
Дәнекер ұлпаның денеде көп таралған жасушаларының бірі — фибробласт. Пішіні ұршыққа ұқсаған не жазық болып келетін олар тез қимылдағыш, жараның бітуіне, тыртықтың пайда болуына, денеге түскен бөгде денелерді қармап алуға қатынасады.
Макрофаг гиетеоцитден немесе “адасушы” деп аталатын жасушадантұрады. Гиетеоцит қан тамырының айналасында, майдыңжиналған жерінде болады. Олар дененің қабынған аймағына барып, ондағы микробты қармап алады да, улы заттарын залалсыздандырады, денеде иммунитет пайда болады.
Лаброцит — цитоплазмасында денеше өсіндісі бар, пішіні әр түрліжасуша. Бұл жасушада қанның ұюына қатынасатын гепарин пайда болады. Лаброциттің мөлшері кейбір ауруда өте көбейеді.
Дәнекер ұлпаның плазматикалық жасушасы - плазмоцит, ішектің шырышты қабатындағы, шарбыдағы, бездегі, сүйектің майындағы дәнекер ұлпада кездеседі. Олар ақуыз алмасуына, антидененің пайда болуына қатынасады. Дәнекер ұлпаның май жасушасы - липоцит. Олардан денеде пайда болған май көбіне қан тамырларының айналасында болады. Май жасушасы домалақ пішінді, оның ортасынданейтраль май талшығы бар. Адам денесіндегі май ұлпасы — терінің астында, шарбыда, шажырқайда, бүйректің айналасында. Май ұлпасы — дененің қоректік қоры. Ол адамның тамақтануына байланысты өзгеріп, зат алмасуына қатынасады, жылуды реттейді, денені жарақаттан сақтайды.
Желімше ұлпа ана құрсағындағы ұрықтың кіндігінде ғана кездеседі.
Пигмент ұлпасының құрамында - пигмент жасушасы көп. Олар денеге түс береді.
Шеміршек ұлпасышеміршек жасушасы хондриоциттен және жасуша аралық заттан тұрады. Шеміршек ұлпасының аралық затында коллаген, элластик, ретикулин талшығы бар. Аралық затындағы талшықтың түріне байланысты шеміршектер коллагенді, серпімді (элластик) және ретикулінді шеміршек болып бөлінеді. Перихондриоцит шеміршектің сыртындағы дәнекер ұлпалы қабықта болады. Бұл қабық екі қабат, екі қабаттың арасындағы зат шеміршекті қоректендіріп тұрады. Қабықтың ішкі қабатында хондриобластан жасуша орналасқан. Хондриобласттан шеміршек ұлпасы хондриоцит дамиды, жетіледі, өседі.
Гиалин шеміршегі — қабырғаның төс сүйегінежабысқан алдыңғы ұшында, үлкен бронхта, мұрын аралығында, сүйектің буын бетінде, көмекейде ұшырайды.
Құлақ қалқанының, сыртқы есіту түтігінің, көмекей үсті шеміршегі серпімді немесе элластик шеміршектерге жатады.
Коллаген шеміршегі омыртқа аралағындағы дискіде, көкірек, бұғана, самай, төменгі жақ буынында, сіңірдің сүйекке жабысқан жерінде кездеседі.
Сүйекұлпасы- сүйек жасушасы мен құрамында бейорганикалық тұзы бар аралық заттан тұрады.Бейорганикалық зат құрамына күрделі қосылысты кальций тұзы кіреді, олар сүйекке беріктік қасиет береді. Сүйектің серпімділік қасиеті оның негізгі ұлпасы — остеонға байланысты. Сүйектің аралық затында сопақша қуыс бар, ол сүйектің тесігімен жалғасады. Сүйек ұлпасының үш түрі бар: остеобласт, остеоцит, остеокласт. Остеобластан остеоцит пайда болады. Сүйек ұлпасы тұрпайы талшықты және жазық болып екіге бөлінеді. Тұрпайы талшықты сүйек ұлпасы ананың құрсағындағы ұрықтың сүйегінде, ересек адамның ми сауытының жігінде, сіңірдің сүйекке жабысқан жерінде кездеседі. Олардың жасуша арасында остеоциті бар коллаген талшығы пайда болады. Жазық сүйек ұлпасы адамның барлық қаңқа сүйегінде болады. Ол тығыз және борпылдақсүйек ұлпасыболыпекі топқа бөлінеді. Тығыз сүйек ұлпасының құрылыс бірлігі — “гаверс” жүйесі немесе “остеон”. “Остеон” 5-20 талшықтан тұрады, ал оның ортасындағы өзек “остеон өзегі” немесе “гаверс өзегі" дем аталады. Өзекше, олардағы қан тамыры бір-бірімен және сүйек майының, сүйек қабының қан тамырымен қосылады. Сүйектің қабығынан сүйекке өтетін қан тамыры қоректендіру қызметінатқарады. Сүйектің сыртындағы қабығы “периост" деп аталады, ол дәнекер ұлпалы екі қабықтан тұрады. Сүйек жарақаттанғанда ішкі қабаттан өседі, ал сыртқы қабығы - қан тамыры мсн жүйкеге бай тығыз дәнекер ұлпа. Сүйектің түтігінің ішін қаптап тұрған қабығы “эндоост" деп аталады.
Бұлшық ет ұлпасы (мышечная ткань, textus muscularis) — дененің қимыл аппаратының белсенді бөлігі. Бұлшық ет ұлпасының үш түрі бар: көлденең жолақты, бірыңғай салалы және ерекше бұлшық ет ұлпасы.
Көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы негізінен қаңқа бұлшық еттерінде, ауыз, тіл, көмекей, жұтқыншақ, көкет (диафрагма), ымдау бұлшық еттерінде, өңештің жоғарғы бөлігінде кездеседі. Көлденең жолақты бұлшық еттер ұлпасы адам еркіне бағынышты жиырылып, босаңсиды, оның қызметіне көп энергия жұмсалады.
Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы ішкі мүше қабырғасында кездеседі. Олардың жиырылып, босаңсуына энергия жұмсалмайды, олардың қызметі адам еркіне бағынышты емес.
Бұлшық еттің ерекше түріне жүректің көлденең жолақты бұлшық еті мен миоэпителиалды бұлшық еті енеді. Жүректің көлденең жолақты бұлшық еті құрылысы жағынан қаңқаның бұлшық етіне ұқсас, бірақ адам еркіне бағынышсыз жиырылып, босаңсиды, оның қызметіне энергия жұмсалмайды. Жүректің көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасының жасушасы - қардиомиоцит.
Бұлшық еттің ерекше түрінің бірі — миоэпителалды бұлшық ет ұлпасы. Сүт пен тері безі өзегінің бұлшық етінде болады. Олардың жиырылуы нәтижесіндеаталған бездердің сөлі сыртқа шығады. Көздің қарашығы мен цилиндр денесінің бұлшық еті көздің қарашығын тарылтып, кеңейтеді. Бұлшық еттің ерекше түрінің қызметі адам еркіне бағынышты емес.
Жүйке ұлпасы (нервная ткань, textus nетvosus) жүйке жасушасынан пайда болады. Жүйке жасушасының екі түрі бар: нейрон мен нейроглия. Нейрон тітіркенеді, қозады, тітіркеністі өткізеді, ол нейроглия жүйке ұлпасында тіреуіш пен қоректендіру қызметін атқарады. Жүйке жүйесінде әр түрліпішінде кездесетін олардың басқа жасушадан айырмашылығы өсінді болады. Жүйке жасушаның өсіндісі - аксон және дендрит болып бөлінеді. Бірнеше, қысқа дендрит арқылы тітіркеніс (импульс) жүйке жасушасының денесіне қарай бағытталады. Жүйке жасушасында аксон өсіндісі біреу ғана. Ұзындығы бірнеше миллиметрден 1,5 метрге дейін жетеді. Аксон өсіндісі арқылы тітіркеніс жүйке жасушасының денесінен басқа жасушаға немесе басқа мүшеге беріледі.
Өсіндінің санына байланысты жүйке жасуша үш топқа бөлінеді: бір өсінділі — униполяр, екі өсінділі — биполяр, үш және көп өсінділі — мультиполяр. Адамда көбіне мультиполяр жүйке жасушасы кездеседі. Жүйке жасушасы атқаратын қызметіне байланысты сезімтал немесе афферент, қимылдық эфферент және аралық немесе ассоциативтік болып бөлінеді. Жүйке жасушасы көбіне бір ядролы, ал ядросында 2-3 ядрошық болады. Жүйке жасушасының цитоплазмасында басқа жасушадан ерекше базофильді зат пен нейрофибрил болады. Базофилді зат жүйке жасушасының денесінде және дендритінде дене түрінде кездеседі. Олар жүйке жасушасында әр түрліболып өзгеріп тұрады. Мысалы, қанның құрамындағы оттегі азайып, көмір қышқыл газының мөлшері көбейгенде жүйке жасушаларындағы денешенің жоғалып кететіндігі байқалады.
Нейрофибрил - жүйке жасушасының денесінде, барлық өсіндісінде жіпше түрінде кездеседі, тітіркеністі өткізеді.
Нейроглия — пішіні, көлемі, атқаратын қызметі әр түрліжүйке жасушасы, олар макроглия, микроглия болып бөлінеді. Нейроглиялар мидың нейронының арасында, ми қарыншасының ішінде, жұлынның өзегінде. Микроглия амеба тәрізді қимылдайды, фагоцитоздық қасиеті бар.
Жүйке жасушасының қабықпен қапталған өсіндісі “талшықтары” деп аталады. Қабықтың түзілісіне байланысты жүйке талшығы миелинді және миелин қабықсыз болып екі топқа бөлінеді. Миелин қабықты жүйке талшығы соматик жүйке жүйесінде кездеседі. Миелин қабықты жүйке талшығының қабығы шванн жасушасынан (нейроглиядан) пайда болған. Оның екі қабаты бар, ішкі қабаты май сияқты заты бар миелиннен түзілген, ал сыртқы қабаты шванн жасушасынан пайда болған. Сыртқы қабаты “шванн қабаты” деп аталады. Жүйке талшығының ұзына бойына тарылған жері “ранвье айқастары” деп аталады. Бұл айқас шванн жасушасының көрші жасушаға өткен жеріне сәйкес келеді. Миелин қабықсыз жүйке талшығының қабығы тек нейроглиядан (шванн жасушасынан) тұрады, олар цитоплазмаға тығыз жабысып, сопақ ядролы өрім пайда болады.
Жүйке талшығы атқаратын қызметіне байланысты сезімтал немесе афферентті, орталыққа тепкіш, қимылдық, эфференттік немесе орталықтан тепкіш және аралық немесе ассоциативтік талшық болып үш топқа бөлінеді. Жүйкенің қозуы жүйке талшығы арқылы рецептордан орталыққа, ал эффектор арқылы бас ми мен жұлыннан жұмысшы мүшеге беріледі. Жүйке - нейрон талшығының бумасы мен әрбір талшықты және барлық буманы бүтін қаптаған дәнекер ұлпалы қабықтың жиынтығы. “Жүйке ұшы" деп жүйке талшығының мүшедегі, ұлпадағы немесе басқа жүйке жасушасындағы ұшы айтылады. Жүйке ұшы үш топқа бөлінеді: I. Рецептор - сыртқы және ішкі ортаның тітіркенімін қабылдайтын афферент нейрон дендритінің ұштары. Рецептор қай ортадан тітіркеністі қабылдауына байланысты экстрроцептор,интрорецептор болып бөлінеді.Экстрорецептор тітіркеністі сыртқы ортадан,ал интрорецептор дененің ішкі ортасынан қабылдайды.Интрорецептордың өзі екі топқа бөлінеді: проприорецептор –тітіркеністі бұлшық еттен, буыннан, сіңірден қабылдайды; висцерорецептор— тітіркеністі ішкі мүшеден қабылдайды. Висцерорецептор түрлітітіркеністі қабылдауына байланысты бірнешетопқа бөлінеді. Мысалы: терморецептор - ыстықты, суықты, ол хемиорецептор — ішкі ортаның күрделі өзгерісін қабылдайды. II. Эффектор - эфференті нейрон мен аксонның бұлшық еттегі, бездегі ұшы. Олар арқылы тітіркеніс орталық жүйке жүйесінен “жұмысшы” мүшеге беріледі.
