- •Дәрiс тезистерi
- •Тақырып № 2 Кәсіпкерлік және оның түрлері. Ауылшаруашылық кәсіпорындардың сипаттамасы
- •Сыртқы кәсiпкерлiк орта
- •Iшкi кәсiпкерлiк орта
- •Жеке iстi құру сатылары
- •Жаңа кәсіпорынды ұйымдастыру
- •Шет елдегі кәсіпорындардың түрлері
- •Тақырып № 3 Табиғи ресурстар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер:
- •Жер ресурсының ерекшеліктерi
- •Жер ресурстарының ерекшелiктерi
- •Жердiң алмастырылмайтындығы
- •Территориялық шектеулiгi
- •Топырақ құнарлығының түрлерi
- •Табиғи Жасанды Экономикалық
- •Ауылшаруашылық алқаптарды пайдалану коэффициентi
- •Егiстiк жерлердi пайдалану коэффициентi
- •Жер алқаптарын пайдаланудың экономикалық тиiмдлiгiн арттыру факторлары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып № 4 Еңбек ресурстарды басқару
- •Жалдамалы жұмысшы мен қожайынның еңбегi арасындағы негізгі айырмашылықтар
- •Еңбек ресурстарының ерекшелігі
- •Аграрлы өндірісте еңбек мерзімділігiнiң факторлары
- •Натуралды көрсеткіштер:
- •Құндық көрсеткіштер:
- •I. Өсімдік шаруашылығында
- •II. Мал шаруашылығында
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып № 5 Материалды ресурстарды басқару
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып № 6 Өндiрiстiк шығындарды басқару және олардың сипаттамасы
- •Шығындардың сипаттамасы
- •Әдебиеттер: 3, 208 -233 бет, 7, 154 - 177 бет. Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып № 7 Өндiрiс салаларын мамандандыру және сәйкестендiру
- •Әдебиеттер: 3, 161- 172 бет, 7, 203 - 244 бет. Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып № 8 Капиталды салымдарды басқару
- •Әдебиеттер: 3, 126 – 145; 7, 137 -145 Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып № 9 Аграрлы маркетинг және аграрлы менеджмент
- •Бәсеке түрлері
- •Олигополия
- •Таза бәсеке
- •Монополияның екі негізгі түрін көрсетуге болады:
- •Монополиялық бірлестіктердің негізгі нысандары:
- •Басқару процесiне мынандай ерекшелiктер тән:
- •Кәсіпорындағы менеджмент
- •Ауыл шаруашылық кәсіпорын басқарудың үлгі құрылымы
- •Б асқарудың цехтық құрылымының үлгісі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер: 3, 256 – 316; 4, 25 – 57, 7, 285 - 3397, 292 -310 Тақырып № 10 Ауылшаруашылық өнiм өндiрiсiнiң пайдалылығы және экономикалық тиiмдiлiгi
- •Рентабельділік деңгейі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Көрнекі материалдар Аграрлы өндірістің ерекшеліктері
- •Нарықтық механизмнің элементтері
- •Негізгі нарықтың сипаттамасы
- •Өндiрiс факторларының жалпы сипаттамасы
Әдебиеттер: 3, 126 – 145; 7, 137 -145 Бақылау сұрақтары:
Капиталды салымның анықтамасы.
Аграрлы өндірісте капиталды салымдарды пайдаланудың негізгі бағыттары.
Жиынтық капиталды салымдар.
Капитал салымдардың құрылымы.
Қаржыландыру көздері.
Тақырып № 9 Аграрлы маркетинг және аграрлы менеджмент
Дәрiс мақсаты: Маркетингтiң негiзгi түсiнiктерiмен танысу және маркетинг стратегирясының мәнiн түсiну. Менеджменттiң мәнiн, қызметтерiн, принциптерiн, заңдылықтарын және оның аграрлы өндiрiсiтгегi ролiн оқу.
Нарықтың талдауы. Нарықты сегменттеу. Маркетинг стратегиясы
Бәсекенің мәні, түрлері және бәсекенiң аграрлы нарықтағы рөлi.
Менеджменттiң түсiнiгi, мәнi, әiстемелiк негiздерi.
Менеджменттiң теориясы мен практикасының дамуы.
1 Экономика саласында өндiрiс пен тұтыныс салаларын бiрiктiретiн орта – ол нарық. Нарық - тауар айырбас қатынастарының жиынтығы. Мұнда негiзгi қатысушылар ретiнде өнiмнiң сатушысы (тауар өндiрушi) және өнiм сатып алушысы (тұтынушы) болады. Шаруашылық етудiң нарықты механизмнiң жағдайында нарықтардың келесi түрлерiн айыруға болады (мамандандырылған нарықтар - субрыноктар):
өндiрiс факторларының нарығы (жер, капитал, еңбек нарықтары);
қаржы нарығы (құнды қағаздар, капитал нарықтары);
қызметтер нарығы (жұмыстар нарығы);
рухани игiлiктер нарығы;
инновация нарығы.
Маркетинг – адамның қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған iс -әрекет; нарықты құру және сақтау, тұтынушыларды тарту және олардың ортасын қалыптастыру процесi.
Нарықты сегменттеу – маркетингтiң тиiмдi құралдарының бiрi. Нарықты сегменттеу процесi кәсiпорын ресурстарын тиiмдi және ұтымды пайдалануға негiзделген, сонымен қатар нарықты сегменттеу – нарықты жеке топтарға бөлу әдiсi.
Н
арықты
сегменттеуге негiзделген маркетинг
процесi
Маркетингтiк зерттеулер келесi көрсеткiштерге негiзделедi: нарықты талдау, нарықты сегменттеу, сұраныс және ұсыныс, бәсеке, баға, өнiмнiң сипаты, тұтынушылар, жарнама.
Нарықты сегменттеу:
белгiлi бiр тауарда тұтынушылардың қажеттiлiктерiн қанағаттандырады;
нарыққа кәсiпорын тауарын шығаруға және өткiзуге көмектеседi;
маркетингтiң тиiмдi стратегиялық бағдарламасын құрайды;
нарықтың бос орындарын анықтауға көмектеседi;
және т.б.
Нарық
А) Клиенттерi:
фирма клиенттерi кiм ? (жасы, материалды жағдайы, әлеуметтiк деңгейi және т.б.);
сiз ұсынатын тауарды/ қызметтi қандай себепке байланысты клиент сатып алу керек ?
ол жие сатып алынатын тауар ма ?
олар қанша қаржы жұмсайды ?
олар тауарда қандай жаңа енгiзулердi көргiлерi келедi ?
қандай бағамен олар сатып алғылары келедi ?
В) Тауар / қызметтер:
өндiрiлетiн тауарларды / қызметтердi анықтаңыз;
қандай тауарды / қызметтердi сiз нарықта ұсынасыз ?
қандай қажеттiлiктi ол қанағаттандырады ?
қалай ол сатылады (сiздiң дүкенiңiзде, бөлшектi немесе көтермелi нарықта);
тауар туралы ақпаратты сатып алушы қалай алады (жарнама, өткiзу);
тауардың / қызметтiң экономикалық параметрлерi;
шығындар қандай болады ?
қандай бағамен ол сатылады ?
қаншалыққа ол пайдалы және бәсекелестiк қаблеттiлiгi қандай ?
С) Нарық сегменттерi:
сiздiң нарығыңыз қандай жерде орналасқан ?
көлемi қандай ?
ол дамушы нарық па ? Оның өсу қарқыны ?
нарықтық тенденциялары ?
Өнiм тұтынушылары
Көтермелi сатып алушылар;
Бөлшектi сатып алушылар;
Соңғы сатып алушылар,
Кәсiпорыдар;
Халық.
Нарықтың талдауы келесi маңызды бөлiмдерге негiзделедi: нарық мүмкiндiктерi мен сұранысты анықтау, өнiм тұтынушыларын сипаттау.
Өндiрiлетiн өнiмге қойылатын талаптар
Тұтынушы |
Қойылатын талаптар |
Мүмкiндiктерi |
“Соңғы тұтынушы” - халық |
Салыстырмалы төмен баға |
Арзан шикiзат арқылы орындалу мүмкiн |
|
Өнiмнiң жоғары сапасы |
Өнiм барлық стандарттарға сәйкес келедi |
Делдал |
Ұзақ сақтау мерзiмi |
Тиiстi “тара” қолданылады |
Нарықты механизмнiң элементтерi
1) мемлекет ;
баға;
сұраныс;
ұсыныс;
бәсеке.
2 Бәсеке латын concurrere сөзінен аударғанда – түйістіру деген мағынаны білдіреді. Ол экономикада нарықтық қатынас субъектілері арасындағы тауарлар мен қызметтер өндіру, сату мен сатып алудың ең тиімді жағдайлары мен нәтижелері үшін бақталастығы, күресі. Бәсекелестік күрестің екі нысанын көрсетуге болады:
Баға бәсекесі – сатушылар өз тауарын бәсекелесіне қарағанда төмен бағамен ұсынуға тырысады. Олар тауарға әртүрлі жеңілдіктер, сыйақылар белгілеу арқылы сатып алушыларды тартады.
Бағадан тыс бәсеке - өнімнің жоғары сапалылығын, сенімділігін және техникалық мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, тауарды сату кезіндегі қызмет көрсету (несиеге сату, үйге жеткізу, қосымша кепілдіктер беру), жарнама және тауарды безендіру арқылы жүзеге асады т.б.
Бәсекенің экономикадағы ролі:
өндірісті кеңейтеді
прогрессивті жаңалықтарды енгізеді
ресурс шығындарын азайтады
экономиканың жалпы тиімділігі өседі
сұранысты оптималды қанағаттандырады
бағаны теңестіреді және төмендетеді
