- •Дәрiс тезистерi
- •Тақырып № 2 Кәсіпкерлік және оның түрлері. Ауылшаруашылық кәсіпорындардың сипаттамасы
- •Сыртқы кәсiпкерлiк орта
- •Iшкi кәсiпкерлiк орта
- •Жеке iстi құру сатылары
- •Жаңа кәсіпорынды ұйымдастыру
- •Шет елдегі кәсіпорындардың түрлері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып № 3 Табиғи ресурстар
- •Жер ресурсының ерекшеліктерi
- •Жер ресурстарының ерекшелiктерi
- •Жердiң алмастырылмайтындығы
- •Территориялық шектеулiгi
- •Топырақ құнарлығының түрлерi
- •Табиғи Жасанды Экономикалық
- •Ауылшаруашылық алқаптарды пайдалану коэффициентi
- •Егiстiк жерлердi пайдалану коэффициентi
- •Жер алқаптарын пайдаланудың экономикалық тиiмдлiгiн арттыру факторлары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып № 4 Еңбек ресурстарды басқару
- •Жалдамалы жұмысшы мен қожайынның еңбегi арасындағы негізгі айырмашылықтар
- •Еңбек ресурстарының ерекшелігі
- •Аграрлы өндірісте еңбек мерзімділігiнiң факторлары
- •Натуралды көрсеткіштер:
- •Құндық көрсеткіштер:
- •I. Өсімдік шаруашылығында
- •II. Мал шаруашылығында
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып № 5 Материалды ресурстарды басқару
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып № 6 Өндiрiстiк шығындарды басқару және олардың сипаттамасы
- •Шығындардың сипаттамасы
- •Әдебиеттер: 3, 208 -233 бет, 7, 154 - 177 бет. Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып № 7 Өндiрiс салаларын мамандандыру және сәйкестендiру
- •Әдебиеттер: 3, 161- 172 бет, 7, 203 - 244 бет. Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып № 8 Капиталды салымдарды басқару
- •Әдебиеттер: 3, 126 – 145; 7, 137 -145 Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып № 9 Аграрлы маркетинг және аграрлы менеджмент
- •Бәсеке түрлері
- •Олигополия
- •Таза бәсеке
- •Монополияның екі негізгі түрін көрсетуге болады:
- •Монополиялық бірлестіктердің негізгі нысандары:
- •Басқару процесiне мынандай ерекшелiктер тән:
- •Кәсіпорындағы менеджмент
- •Ауыл шаруашылық кәсіпорын басқарудың үлгі құрылымы
- •Б асқарудың цехтық құрылымының үлгісі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер: 3, 256 – 316; 4, 25 – 57, 7, 285 - 3397, 292 -310 Тақырып № 10 Ауылшаруашылық өнiм өндiрiсiнiң пайдалылығы және экономикалық тиiмдiлiгi
- •Рентабельділік деңгейі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Көрнекі материалдар Аграрлы өндірістің ерекшеліктері
- •Нарықтық механизмнің элементтері
- •Негізгі нарықтың сипаттамасы
- •Өндiрiс факторларының жалпы сипаттамасы
Дәрiс тезистерi
Тақырып № 1 “Азық - түлік өнімдердің өндірісін басқару және экономика” пәнi, мақсаттары мен есептерi
Дәріс мақсаты: Азық - түлік өнімдердің өндірісін басқару және экономика курсының мәнін, негіздерін, мақсаттары мен есептерін оқу.
Дәріс жоспары:
1 Азық - түлік өнімдердің өндірісін басқару және экономика пәнi, мақсаттары мен есептерi.
2 Агроөнеркәсiптiк кешен: құрылымы және түсiнiктемесi.
3 Аграрлы өндiрiстiң түсiнiгi, ерекшелiктерi және оның экономикадағы ролi.
1 Нарық жағдайында Ауылшаруашылығының экономикасы елдің экономикалық бағытындағы дамуына зор ықпал етеді. Аграрлы өндіріс - бұл аграрлы экономикалық ғылымдар жүйесінің зерттелу объектісі болып табылады. Сол ғылымдардың құрамында Ауылшаруашылығының экономикасы ғылымы маңызды роль атқарады.
Экономиканы әр түрлі деңгейде қарастыруға болады. Экономика мемлекет пен адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін қажетті игіліктер өндірiсiнiң, бөлінісінің және тұтынуының есептерін шешетін және қамтамасыз ететін жүйе.
Экономика (білім жүйесі ретiнде) - ол экономикалық мәселелерді шешу кезінде мемлекетке, фирмаға немесе адамға тиімді жолды таңдап алуға көмектесетін және ережелерді оқуға арналған білім саласы.
Ауылшаруашылығының экономикасы - аграрлы өндірісте объективті экономикалық заңдадың көріну түрлері мен сипаты туралы ғылым және қызмет етуіне әсер ететін факторлары мен шарттарын зерттейтін сала. Ауылшаруашылығының экономикасы - бұл халық шаруашылықтың қызмет ету механизмін, ауыл шаруашылық облысында мемлекеттің экономикалық саясатын және экономикалық дамудың заңдарын оқитын курс.
Ауылшаруашылығының экономикасы курсы - тауар өндірушiлердiң деңгейінде аграрлы өндірістің қызмет етуінің экономикалық аспектілерін оқиды, сол сияқты мемлекеттің территориясы бойынша аграрлы өндірісті орналастыру, өндіріс факторларының көлемі, аграрлы өнімнің жалпы өндірісі халықты азық түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ету мәселелерiн зерттейдi.
Аграрлы өндіріс жетілген бәсеке түрімен дамитын сала. Бұл пәннің негізін қалаушы сұрағы ол ауыл шаруашылық өнімді өндіру үшін ресурстар тапшылығын (шектеулігін) жою.
Ауылшаруашылығының экономикасы - нарық сұранысына сәйкес аграрлы өнім өндірудің көлемін өсіру үшін қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану мәселелерін зерттейді. Бұл пәннің негізгі мақсаты - болашақ мамандарға аграрлы өндіріс және Ауылшаруашылығының экономикасы туралы толық ақпарат ұсыну және білім беру.
Ауылшаруашылығының экономикасы курсы әр түрлі экономикалық пәндермен тығыз байланыста болады:
Ауыл шаруашылық статистика;
Бухгалтерлік есеп және аудит;
Кәсіпорын экономикасы;
Агробизнесті ұйымдастыру;
Маркетинг негіздері;
Ауыл шаруашылық кәсіпорын өндірісін ұйымдастыру;
Менеджмент;
Салық салу;
Баға саясаты;
Ауыл шаруашылық кәсіпорындарда өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау, т.б.
Бұл пәнді зерттеу кезінде ең маңызды ролді аграрлы өндіріс, аграрлы факторлар, өндірістік потенциал (ресурстар), аграрлы нарық, ауыл шаруашылық өндірісінiң салалары, аграрлы өнім, маркетинг және баға саясаты атқарады.
2. Экономиканың жалпылама аясы - агроөнеркәсiптiк кешен болып табылады.
Агроөнеркәсiптiк кешен – халық шаруашылық салаларының жиынтығы. Ол ауылшаруашылық өнiмдерiн өндiрумен, оларды сақтаумен, өңдеп және тұтынушыларға жеткiзумен айналысады. АӨК - не кiретiн салалардың негiзгi қызметi елдi азық түлiкпен және ауылшаруашылығын шикiзатпен қамтамасыз ету болып табылады.
Агроөнеркәсiптiк кешенi 3 салаға бөлiнедi:
ауылшаруашылығына өндiрiс құралдарын беретiн өнеркәсiп салалары және олармен тiкелей байланысты өндiрiстiк салалары, сол сияқты ауылшаруашылығына өндiрiстiк – технологиялық қызмет көрсететiн салалар жатады;
Ауылшаруашылығының барлық салалары;
ауылшаруашылық өнiмдерiн өңдейтiн және оларды тұтынушыларға жеткiзумен (өңдеу, дайындау, сақтау, көлiкпен тасымалдау) айналысатын салалар.
Өнеркәсiптiң бiрқатар салалары ауылшаруашылығына толық қызмет көрсетедi (а/ш машинларын, мал шаруашылығы үшiн жабдықтар жасап шығарады және т.б.), сонымен қатар өнеркәсiптiң басқа салалары да өнеркәсiп кешенiнiң қажетiн өтеп отырады.
3. Аграрлы өндіріс мемлекет экономиканың жалпылама немесе маңызды саласы болып табылады. Халықты ешқандай затпен алмастырмайтын, азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететiн негізгі көзі болып табылады.
Аграрлы өндірістiң маңыздылығы:
Халықты азық-түлік өнiмдерiмен қамтамасыз етуi, өйткені оларсыз адамдардың рухани өмірлерімен материалдық өндірісi мүмкін емес.
Аграрлы өндіріс жеңіл және азық - түлік өнеркәсіптерiне шикізат береді. Аграрлы өндірістің даму деңгейін өнеркәсіп салаларында өндіріс көлемі анықтайды. Мысалы: текстильді өнеркәсіпте ауыл шаруашылық шикізатының құны барлық шығындарының - 40% құрайды, қант өнеркәсібінде - 70% тең, ал сүт, май дайындау өнеркәсіптерінде - 80%. Қазіргі уақытта халық тұтыну қорының бөлігі аграрлық өндірістен және өнеркәсіптен тұрады.
Ауыр өнеркәсібiнiң даму деңгейіне, аграрлы өндіріс зор ықпал етеді. Аграрлы өндіріс көп мөлшерде еңбек затын және еңбек құралдарын пайдалана отырып, ауыл шаруашылық мелиоративтiк машиналар құру, химиялық өнеркәсiбiне әсiресе минералды тыңайтқыштар дайындауға т.б. ықпал етеді. Аграрлы өнім өндіруге кететін материалдық шығындардың негізгі бөлігі өнеркәсіппен жеткізіліп тұратын өндіріс факторларының бөлігінде болады (жаңар жағар май шығындары, қосалқы бөлшектер, мине,ралды тынайтқыштар, негiзгi құралдардың амортизациясы және т.б.).
Аграрлы өндіріс жұмыс күшінің ұдайы өндiрiсiне және де экономиканың басқа салаларына жыл сайын жұмысшыларды орналасумен көмектеседі.
Мемлекет экономикасындағы аграрлы өндірістiң маңызы - ол әлеуметтік мәселелердi шешуде қор құрудың маңызды көзі болады. Сөйтіп, халықтың материалды жағдайы аграрлы өндірістің тиімділігiмен және өсу қарқынымен анықталады.
Аграрлы өндірістің ерекшеліктері
1. Аграрлы өндірістiң ерекшелiгi – оның биологиялық факторларын қолдануда (тiрi организмдердi - өсiмiдiктер мен жануарларды).
И.В. Мичуриннің айтуынша: «Біз табиғаттан мейірімділік күте ала алмаймыз, оларды табиғаттан алу - біздің есебіміз». Егіншілікте ол керісінше рөл атқарады. Аграрлы өндіріске көбісі өнеркәсіптен келдi - өндірістің үлкен мөлшерi, меншікті қоғамдастырудың жоғары деңгейі, еңбек ақының тарификациясы, басқару түрлері т.б.
2. Аграрлы өндірістің бұл ерекшелiгi: негiзгi табиғи факторы ретiнде жер ресурсы болып есептеледi. Егер өнеркәсіпте (пайдалы қазбаларды қоспағанда) жер кеңестіктiк операционды негіз болып, кәсіпорынның орналасуының аймағы ретінде қызмет етсе, онда аграрлы өндірісте ол негізгі алмастырылмайтын табиғи факторы болып табылады. Экономиканың осы саласында өнімді өсіру және еңбек процесі жермен, оның сапасымен, оны пайдалануымен тікелей байланысты болады.
3. Аграрлы өндірістiң топырақтық - климаттық жағдайларынан тәуелділiгi. Ауылшаруашылық дақылдардың өнімдiлiгi құрылған метеорологиялық жағдайларға байланысты. Сонымен қатар мал шаруашылығының дамуына және жалпы аграрлы өндірістiң тиімділiгiне әсер етедi.
4. Аграрлы өндірістегi экономикалық процестің нақты өндіріс процесiмен тығыздылығы:
- өнімнің өндірісі табиғаттың ұдайы өндірісімен, өсiмдiктер мен жануарлардың биологиялық циклдарының дамуы мен өсуіне байланысты.
Сөйтіп, өсімдіктер мен жануарларды өсіру, жемістерді жинау және сүт алуды аграрлы ортаға жатқызады, ал астықты үгу, май өндірудi өнеркәсіптiк ортаға жатқызады.
5. Аграрлы өндірістің маңзыды ерекшелiгiнiң бiрi - су ресурсы. Су - өндірістік процесінің алмастырылмайтын қажетті элементі, яғни ол өнім өсіру және оның құнын құру процесіне қатысады.
6. Жұмыс кезеңі деп - өнім еңбек әрекетіне түсетін уақытты айтады, ал өндіріс уақыты - өнім өндірісте болған уақыт. Аграрлы өндірісте өндіріс уақыты жұмыс кезеңінен ұзақ болады.
7. Аграрлы өндіріс өзiнің даму кезеңiнде әдетте арнайы дамып, өнiм алуға бейімделеді. Ал өнеркәсіпте кәсiпорын қандай да бір өнімнiң белгiлi бір бөліктерiн шығарумен айналысады.
8. Дайын өнім өндірістiң кезекті цикліне өндіріс факторы ретінде кіреді (тұқым, азық, төл). Аграрлы өндірісте өнімнің тауарлық деңгейі өнеркәсіптік деңгейінен төмен болады.
Аталған аграрлық өндіріс ерекшеліктері өндірістің және еңбектің ұйымдастыру түрлерiне, мөлшерлерiне технологияларына, жұмыс күшiнің құрамына, негiзгi және материалды айналымды құралдарының құрамы мен құрылымына және т.б. әсер етеді.
Әдебиеттер:
3, 3-10 бет., 7, 5 – 17 бет., 12, 3 – 12.
Бақылау сұрақтары:
1. Агроөнеркәсiптiк кешен дегеніміз не ?
2. Пәннің, мәнi, мақсаттары мен есептерi.
3. Аграрлы өндiрiстiң маңыздылығы.
4. Халық шаруашылық салаларының сипаттамасы.
5. Аграрлық өндірістің ерекшеліктері.
