- •Ауру дамуының негізгі кезеңдері (периодтары) және аурудың ақыры
- •Терминалдық жағдайлар. Өлу-кезеңді үрдіс.
- •Реанимацияның патофизиологиялық аспектілері.
- •Реанимацияның қоғамдық-деонтологиялық аспектілері
- •Қанайналым, тынысалу және метаболиттік бұзылыстарды қалпына келтіру ұстанымдары
- •Постреанимациондық бұзылыстар (кезењі)
- •Реанимациядан кейінгі қайтымсыз үрдістер
- •Дәрігерге дейінгі реанимация шаралары.
- •Организмнің өлім этаптары
- •Адам ауруы
- •Ағзаның жүйелік құрылымы
- •Функционалдық элемент
Реанимацияның патофизиологиялық аспектілері.
Ағзаны тірілту туралы ілім-реаниматология деп аталады. Негізгі міндеті болып: өлім механизмдерін, өмірден өлімге өту терминальдік жағдай өтпелі кезең жағдайының мәнін анықтап, зерттеу өмірлік функцияларды қалпына келтіру (тірілту), өлімнің алдын алу және реанимациядан кейінгі кезеңді зерттеу болып табылады.
Бірақ та реаниматологияның қазіргі түсінігі, ХІХ ғ-дың аяғында пайда болған, сол уақытта И.Р. Петров, В.А. Неговский, Н.П. Гурвич, П.Сафаров, А. Лабори, В. Ковенховен және басқалар арқылы өлім үрдістері зерттеле басталды, сонымен қатар тірілтудің элементарлық эфективді әдістері ұсынылды.
Реанимацияның қоғамдық-деонтологиялық аспектілері
Өлейін деп жатқан адамды өлтірмеу үшін не істеу керек? Егер дәрігер өз міндетіне шындап қараса, онда жауап белгілі: ол тез, жылдам реанимациялық шараларды жүргізе бастау керек, әрине, ақылға сияр шектерде: мүшелердің қайтымсыз зақымдалуы жоқ болғанда және миды толық тірілту мүмкіншіліктері бар кезде. Өкінішке орай, жиі дәрігердің бірінші серпілісі-науқас үмітсіз, реанимация мақсатсыз. Бірақ бұл ой реаниматологтың ар-ожданына қарсы тұруы керек, себебі реаниматолог квалификациясы жоғарылаған сайын, соғұрлым үмітсіздік шекарасы алыстай береді. Егер дәрігер реанимациялық шараларды жүргізбесе, сотқа тартылатын да өлім түрлері бар. Оған жататындар, жекелегенде, қансыраудан өлуі, жалпы, дені сау организмнің. Осындай өлімдер әрқашанда негізделген бола ма екен, мысалы, бірқатар акушерлік жағдайларда? Шарасыздықтың бұл жерде болуы мүмкін емес. Сонымен қатар қансыраудан өлу-өлім түрінің ең жақсы зерттелген түрі.
Реанимотологияның басты мақсаты клиникалық өлімді емдеу болып табылатындығы, деонтологиялық категорияны қамтиды. Шын мәнінде реанимацияның басты мақсаты клиникалық өлімнің алдын алу, ол клиникалық өлім болған жағдайда, әрине, оны емдеу болып табылады. Клиникалық өлімінң басында-ақ көптеген терминальді науқастар жиі реанимация оң нәтиже бере алмайтын жағдайда жатады (жекелегенде, ұзақ гипотензия немес ұзақ зорығудан алу). Дегенмен, мұндай науқастар реанимация бөлімінің науқастарының 0,5%-ін құрайды.
ИВЛ аппаратынсыз өлейін деп жатқан науқасты тірілте алмайтынымыз белгілі. Сонымен қатар стерелизациядан өтпеген немесе нашар стерелизацияланағн аппарат пневмонияны тудырып, тіріліп келе жатқан науқастардың өлім санын арттырады.
Жүрек тоқтауы, тыныстың тоқтауы, сонымен бірге естің жоқ болуы, яғни клиникалық өлімнің кезі, реанимация шараларын жүргізбеуге немесе реанимация шараларын тоқтатуға негіз емес. Бірақ қазіргі зерттеу құралдарымен мидың өлгендігін анықтағаннан кейін, дәрігерлер консолиумында реанимация шараларын жүргізудің әрә қарай мағынасы жоқтығын шешеді. Осы ой көптеген елдердің медициналық орталарын басқарады. Басқаша айтқанда өмір үшін, ми өлгенше күресу керек. Бұл жерде анықтап айту керек, миды тірілту ақталмайды. Мидың өлуінде, жүрек және тыныс алу жүйесін қалпына келтіруге болады, бірақ нәтижесінде мидың жоғарғы орталықтарын қайтымсыз зақымдалуы адамды вегетативтік өмір сүруге әкеледі. Өмір бақиға жанұяға травма, әсіресе, анасына (егер оның баласы болса), одан басқа мемлекет өмір мәнінен айырылған “сыртқы” бақытсыз адамдар үшін көптеп ақша жұмсайды. Реанимациялық шараларды тоқтату, ми өлімі болған жағдайда-дәрігерлер компетенциясы. Оны басқа мемлекеттер сияқты туысқандардың иығына жүктеуге болмайды. Барлық дерттік жағдайлар сияқты аурудың өзінің емдеуге көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері болады. Бұл реанимацияға да тән. Былайынша жекелегенде, реанимацияға қарсы көрсеткіш болып, дұрысырақ, реанимацияға тоқтауға мидың өлуі себеп болады.
Реанимациялық қызмет орасанзор материалдық қаражатты талап етеді. Медицинаның барлық облысында дәрігер жиі мынандай жағдайлармен соқтығысады: ауыр науқастың толық дәрменсізідігі, оны күтуде тек физикалық қиындықтар туғызып қоймай, психикалық қатардағы қиындықтар туғызады. Дәрігердің адамгершілігі және парызы мұндай жағдайларды жеңуге көмектеседі, себебі бұл жерде доминантты фактор болып-кез-келген жағдайда дәрігерлік көмек көрсету қажеттілігі болып табылады. Реанимация бөлімінде емдеуші дәрігер жиі ауыр халдегі науқастармен соқтығысады. Бұл жерде дефекация бұзылысы, диурез бұзылысы, жарақаттың іріңді үрдістермен асқынуы, науқастың өзінің тамақ қабылдауға, кез-келген қимылдарды орындауға, төсекте өзіне ыңғайлы жағайда жатуға дәрмені болмауы мүмкін. Бұл жерде немқұрайлылықты, формализмді, жауыздықты жіберуге болмайды. Егер дәрігер құтқару үшін күресті, өлейін деп жатқан науқас төсегінің қасында пайда болатын теріс эмоциялар кешенін жеңе алмаса, онда оған реанимация бөлімінде жұмыс істеуге қажеті жоқ.
Қазіргі ресми мемлекеттерде “эутоназия”-термині енгізілген, бұл дегеніміз дәрігердің, науқастың ауыр халін, күйзелісін жеңілдету мақсатында, науқасты өлтіру құқы, дәрменсіз науқастың келісімі бойынша.
Мұндай түсініктің отандық дәрігерлер психологиясында қолдау таппайтынына үміттенемін. Біз дәрігерлерді, үмітсіз, өлейін деп жатқан науқастарды, олардың “өлемін” деген сөзіне қарамастан, оларды емдеуге, тастамауға тәрбиелеп жатырмыз, тәрбиелейміз де.
Мынандай жағдайлар да болады, науқас жағдайы үмітсіз емес болғанда да, ол қарама-қарсы көзқарасты ұстанып, оның өлімін дәрігердердің жылдамдатуын сұрап, талап етеді. Бірақ үрдіс өткірлігі өткеннен кейін, дәрігерлер оны ауыр халден шығарғаннан кейін, науқас өзінің алдыңғы өлемін деген ойынан дәрігерлер алдында ұйалу сезімін сезінеді, әсіресе барлық қорқыныш артта қалғанда.
Бұдан басқа да, әрине бұл өте сирек кездеседі, жағдайлар болады. Дәрігердің науқастың үмітсіздігі жайлы қатаң шешімінде, организмнің қорғаныс күштері басым болып, жеңеді де, ауру тірі қалады.
Науқастың күмәнсіз үмітсіз жағдайында да, науқас өлімге келісімін беріп тұрғанда да дәрігердің өлімді жылдамдатуға хақі жоқ. Егер мұндай болатын болса, бұл эутоназия болар еді. Эутоназия-фашизм қалқанын қолдау алады, бірақ ешқандай цивилизациялық қоғамда оған ақтау жоқ.
Өлейін деп жатқан науқасқа ең белсенді терапия, науқасқа жан тыныштығын қамтамасыз етіп, оның сауығуға үмітін өшірмеу-біздің медицинаның ақталған ұстанымы болып табылады.
