- •Патологиялық физиология пәні, мақсаты, талаптары; медициналық жоғарғы оқу жүйесінде оның орны; патофизиология қазіргі клиникалық медицинаның теориялық негізі ретінде.
- •Тәжірибелік терапия емнің жаңа әдістерінің өңделуінің және сырқат зерттеуіндегі қажет әдіс ретінде.
- •Клиникалық патофизиология туралы түсінік, оның талаптары мен перспективалары.
- •Адамға зерттеу мүмкіншілігі мен шектеулері, олардың диентологиялық аспектілері.
- •Патофизиология тарихынан қысқаша мағлұматтар, оның дамуының негізгі кезеңдері.
- •Көрмелік материалдар
- •Бақылау сұрақтары:
Тәжірибелік терапия емнің жаңа әдістерінің өңделуінің және сырқат зерттеуіндегі қажет әдіс ретінде.
Қазіргі уақытта адамның көптеген сырқаттарының моделін жасау әрекеті жалғасуда: инфенкциялық аурулар, атеросклероз, гипертониялық аурулар, миокардтың инфарктісі және т.б. Осыған байланысты адам ағзасы жүйе ретінде ең жоғары жүйеленген жануарлардан да-адам тәрізді маймылдардан да жоғары және күрделі екенін ескеру қажет. Сондықтан адамның дертін толық көлемде жануарларға жасау арқылы модельдеу мүмкін емес. Дегенмен, дерттің патогенезінің жеке синдромдарының ең қажетті түйіннің тәжірибелі модельдеуі толық орынды болып көрінеді. Мысалы, гипертониялық ауруды модельдей отырып, оның маңызды симптомын-тұрақты қан қысымының жоғарлауын (гипертензия) алуға болады, бірақ оның барлық көлемдегі адамның гипертониялық ауруын емес.
Адам ауруының қатарын (психикалық ауруларын, алмасу ауруларын, аллергиялық ауруларын және т.б.), оның күрделі ерекшеліктерін ескере отырып, тәжірибеде өндіру әзірше қолдан келмей жатыр.
Жануарларға патологиялық процесстерді модельдеу кезінде жедел (вивисекция) және созылмалы (мүшелерді трансплантациялау, ұлпаларға электродтарды енгізу, фистула қою және т.б.) тәжірибелер түрлері қолданылады. Қажет болса, жеке мүшелер қызметін зерттеу, ағзадан тыс жеке клеткаларды және ұлпаларды культивирлеу әдістері қолданылады. Тәжірибеде патологиялық процессті өндіру үшін түрлі әдістер қолданады: биофизикалық, биохимиялық, морфологиялық, иммунологиялық. И.И.Мечников өңдеген патологияны зерттеу әдістері эволюциялы және салыстырмалы болып табылады. Қабынудың мысалында ол эволюцияда қалыптасқан адамда және жоғары ағзаларда физиологиялық және патологиялық процесстер мен реакциялардың биологиялық мағынасы мен құрылымын түсіну үшін салыстырмалы патологияның қандай мән беретінін көрсетеді.
Соңғы он жылдықта жануарларға жасалынатын тәжірибелер тікелей науқас адаммен, оған зиянсыз әдістер көмегімен бақылану толықтандырылды, осыған байланысты қазіргі патофизиология клиникалық патофизиология көріністерін қамтуда.
Клиникалық патофизиология туралы түсінік, оның талаптары мен перспективалары.
Клиникалық патофизиология салыстырмалы патологияның ең шыңы болып табылады, немесе адам патологиясы. Клиникалық патофизиология біздің күндері адам дертінің патогенезі мен этиологиясының жалпы сұрақтарының зерттеуіне негізгі міндетіне ие бола отырып, патофизиологияның ең актуальді бөлімі болып табылады.
Патологиялық ықпал клиникалық медицинаның түрлі мәселелеріншешуде практикалық медицинаның түрлі облыстарына енеді. Бүгін, мысалы, квалификациялы кардиология бөлімінің жұмысын науқастың жүрек қызметінің механо-фоно-векторкардиографияның фазалы анализсіз елестету қиын. Емдеу кезінде арнайы дәрілер береді, ритмдік жүргізу және кардиостимуляция, дефибрилляция туғызады. Аталғандардың ешқайсысы қан айналым патологиясынбілмесе және есепке алмаса жүзеге аспайды.
Патофизиологиялық критерийлер қазіргі анықтамалармен қанайналым мен тынысалу жеткіліксіздігінің жіктелуі негізінде жатыр.
Науқастың төсектегі ауруды зерттеу негізінде онкологиялық, аллергиялық, гемотологиялық және көптеген басқа адам ауруларының фундаментальді даму механизмі туралы жаңа мәліметтер алынды.
