Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
рубежка каз.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
300.03 Кб
Скачать

І. Тест сұрақтары

  1. Жедел аппендициттегі патологиялық процестердің дамуы келесі қабатынан басталады:

А. құрт тәрізді өсіндінің сірі қабатынан

Б. -//-//- кілегей қабатынан

В. -//-//- бұлшық ет қабатынан

Г. соқыр ішектің күмбезінен

Д. аш ішектің төменгі бөлімінен

  1. Меккель дивертикуласы жиі пайда болады:

А. ашы ішекте

Б. мықын ішекте

В. тоқ ішектің өрлеу бөлімінде

Г. аппендэктомиядан кейін

Д. ұрықтың ішек бітпеуінен кейін

  1. Құрт тәрізді өсіндінің кіші жамбас қуысында орналасқан жағдайдағы жедел аппендицитттің клиникалық көрінісінің ерекшелігі

А. Шерьер үшбұрышында ауырғандықтың болмауы

Б. Нәжісте қанның болуы

В. Ректальды зерттеу кезіндегі тік ішектің алдыңғы қабырғасының айқын ауырсынуы

Г. дене қызуының болмауы

Д. Пастернацкий белгісінің оң болуы

  1. Жедел аппендицитт пен жедел гинекологиялық ауруларды ажырату диагностикасында қандай зерттеудің маңызы басым:

  1. Ровзинг белгісін анықтау

  2. Қанның клиникалық анализі

  3. Қынапты зерттеу

  4. Қынаптың артқы күмбезін тесу

  5. Гинекологиялық анамнез

Дұрысы: а) 1,2,3; б) 2,3,4; в) 3,4,5; г) 1,3,5; д) 2,4,5

  1. Жедел аппендициттегі аппендэктомияға қарсы көрсетпелер:

А. миокард инфарктісі

Б. жүктіліктің 36-40 аптасы

В. новокаинге аллергия

Г. аппендикулярлы инфильтрат

Д. Қан ұюының төмендеуі

  1. Деструктивті аппендицитте аппендэктомиядан 6 күн өткеннен кейін науқастың дене қызуы көтеріліп, қалтырау мен ентігу пайда болды. Төмендегі көрсетілген асқынулардың қайсысында осы жағдай болмайды:

А. оң жақтық пневмония

Б. өкпе іріңдігі

В. көк ет астылық іріңдік

Г. ішек аралық іріңдік

Д. Іш перде ішіне қан кету

  1. Жедел аппендицит диагностикасында төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы қажет емес

А. құрсақ қабырғасын пальпациялау

Б. қанның клиникалық анализі

В. тік ішекті саусақпен қарау

Г. ирригоскопия

Д. қынапты зерттеу

8.Жедел аппендициттің жамбас қуысында орналасуындағы диагноз қоюға мүмкіндік беретін негізгі әдіс:

А. Щеткин –Блюмберг белгісі

Б. Ровзинг белгісі

В. тік ішекті саусақпен қарау

Г. оң жақ мықын аймағындағы бұлшық еттердің керілуі

Д. Кохер-Волкович белгісі

9.Крон ауруын анықтауға мүмкіндік беретін белгілер:

  1. оң жақ мықын аймағындағы ауырғандық

  2. іштің өтуі

  3. қызба

  4. дизурия

  5. ЭТЖ-ң жоғарылауы

Дұрысы а) 2,3,4; б) 3,4,5; в) 1,2,3; г) 1,3,4; д) 1,4,5

10.Жедел аппендициттегі диагностикалық бағдарламаға кіретіндер:

  1. ұқыпты анамнез жинау

  2. іш бүлігі ауруларын құрсақта ауырғандық туғызатын соматикалық аурулардан ажырату

  3. тік ішекті және қынапты зерттеу

  4. лабораториялық зерттеулер

  5. жедел хромоцистоскопия

дұрысы: а) 1,2,3,5; б) 1,3,4,5; в) 2,3,4; г) 3,4,5; д) бәрі дұрыс

11.Аппендэктомиядан кейінгі Дугласов кеңістігінің іріңдігі келесі белгілермен сипатталады:

  1. гектикалық дене қызуы

  2. жамбастың төменгі бөлігіндегі ауырсыну және тенезма

  3. көк ет қозғалысының шектелуі

  4. қынаптың немесе тік ішектің алдыңғы қабырғасының ауырсынуы және босансып тұруы

  5. іштің алдыңғы ет қабырғасының керілуі

дұрысы: а) 1,2,3,4; б) 2,3,4,5; в) 1,2,4; г) 2,4,5; д) бәрі дұрыс

12.Жедел аппендэктомияны мына жағдайда жасауға болмайды:

а. жедел катаральды аппендицит

б. жүктіліктің екінші жартысындағы жедел аппендицит

в. жедел аппендициттің бірінші ұстамасы

г. қарт науқастағы толық анықталмаған жедел аппендицитт кезінде

д. балалардағы жедел аппендицит

13.Жедел аппендицитке ең тән белгі:

а. Мак-Бурней нүктесіндегі ауырсыну

б. Тақтай тәрізді құрсақ

в. Оң жақ мықын аймағындағы жергілікті ауырсыну және бұлшық еттердің керілуі

г. Ланц нүктесіндегі ауырсыну

д. Кюммель нүктесіндегі ауырсыну

14.Жедел аппендицит кезіндегі оперативті емге көрсеткіштер:

а. 35-36 аптадағы жүктілік

б. егде жаста болу

в. аппендикулярлы инфильтрат

г. декомпенсацияланған жүрек ақауы

д. Жуық арада болған миокард инфарктісі

15. Меккель дивертикуласына не тән емес:

а. мықын ішегінің мезентериальды бөлігінде дивертикуланың орналасуы

б. 2-3 % адамдарда болуы

в. илио-цекальды бұрыштан 60-70 см жоғары мықын ішекте орналасуы

г. ішек қабырғасының барлық қабаттарының болуы

д. Дивертикула құрамында ұйқы безінің, қарынның гиперотопты немесе тоқ ішектің өрлеу бөлігінің кілегей қабатының болуы

16.Жедел аппендицитке күдік туған кезде нені қолдануға болмайды.

А. мұзы бар қалта

Б. антибиотик

В. асқазанды жуу

Г. клизма

Д. Жедел лапаротомия

17. «Іш бүлігі» ауруларының кездесінің сиреу реттілігіне қарай құрсақты іш ауруы.

А. жедел аппендицит-ішектің жедел бітеліп қалуы,-қуысты мүшенің тесілуі

Б. жедел аппендицит – гастроинстестинальды қан кету –ішектің жедел бітеліп қалуы

В. қуысты мүшенің тесілуі-жедел аппендицит-ішектің жедел бітеліп қалуы

Г. гастроинстестинальды қан кету- жедел аппендицит –ішектің жедел бітеліп қалуы

18.Жедел аппендициттің ажырату диагностикасында мынадан басқаның бәрі ескертіледі.

А. несеп жолының инфекциясы

Б. оң жақтық төменгі бөлік пневмониясы

В. Меккель дивертикуланың аурулары

Г. аталық жыныс безінің аурулары

Д. өт өзегінің кистасы

19. Меккель дивертикулы бар науқаста осындай асқынулар кездесуі мүмкін.

А. инвагинация

Б. ішектің жоғарғы деңгейінің түйілуі

В. тұз қышқылын бөлу нәтижесінде тесілу тудырушы

Г. қан кету

Д. Жоғарыдағы аталғанның бәрі дұрыс

20. Жедел катаральды аппендицитке жасалған аппендэктомиядан кейін науқасқа қосымша аурулары болмаса төменгі нұсқаулар беріледі.

А. антибиотиктер

Б. анальгетиктер

В. сульфаниламидтер

Г. морфин, омнопон, промедол

Д. Іш жүргізетін дәрілер

21.Балалардағы жедел аппендицит ересек адамдағылардан мынадай клиникалық белгілері арқылы ажыратады.

  1. оң жақ мықын аймағындағы жергілікті ауырсыну

  2. жайылған перитониттің тез дамуы

  3. жоғарғы лейкоцитоз 21,3

  4. айқын улану

  5. оң жақ мықын аймағындағы бұлшық еттерінің ерекше керілуі

Дұрысы: а) 1,3,4; б) 1,2,3; в) 2,3,4,5; г) 1,3,5; д) барлығы да дұрыс.

22. Жедел аппендициттің ең негізгі белгісі.

А. Щеткин-Блюмберг белгісі

Б. Ровзинг белгісі

В. Оң жақ мықын аймағындағы жергілікті ауырсыну және бұлшық еттерінің керілуі

Г. Ситковский белгісі

Д. Образцов белгісі

23. Жедел аппендицитке тән ең мәнді ауырсыну белгісі.

А. нәжісті жыланкөз

Б. операция барысында жараның инфекциялануы,

В. актиномикоз,

Г. соқыр ішектің қатерлі ісігі,

Д. Щеткин-Блюмберг ауырсыну синдромы

24. Аппендэктомиядан кейінгі жараның іріңдеу себебі.

А. нәжісті жыланкөз

Б. операция барысында жараның инфекциялануы,

В. Ровзинг синдромы кезіндегі ауырсыну,

Г. Дуглас кеңістігіндегі ауырсыну

Д. Щеткин-Блюмберг ауырсыну синдромы

25. Жедел аппендициттің оперативті емделуіне қарсы көрсетпе.

А. жайылма перитонит,

Б. 37-38 аптадағы жүктілік

В. жедел миокард инфарктісі

Г. аппендикулярлы инфильтрат,

Д. аппендикулярлы инфильтраттың іріңдеуі

26. 24 жастағы науқас әйел жүрек айнуына, құсыққа, ұзақтығы 4 сағат созылатын кіндік маңындағы ауырғандыққа шағымданады. Соңғы жарты сағат ішінде ауырғандық іштің төменгі бөлігінде ығысты, дене қызуы 37,8 лейкоцит 13х10/9. Қандай диагноз қоясыз?

А. жедел пиелит

Б. жедел оң жақтың аднексит

В. овариальды кистаның жарылуы

Г. жатырдан тыс жүктіліктің бұзылуы

Д. жедел аппендицит

27. 66 жастағы науқас дене қызуының көтерілуіне, сол жақ мықын аймағындағы ауырғандыққа, ішек дискомфортының белгілеріне шығады. Пальпация кезінде сол жақ мықын аймағындағы бұлшық еттерінің керілуі оң. Сіздің болжама диагнозыңыз?

А. сигма тәрізді ішектің бұратылуы

Б. дивертикулит

В. жедел аппендицит

Г. Гиршпрунг ауруы,

Д. өсіндінің атипиялық орналасуы және жаралы колит

28. Меккель дивертикулы кезінде не болуы мүмкін.

  1. ішектен қан кету

  2. іштің ортаңғы бөлігінде тұрақты ауырғандықтың болуы,

  3. странгуляциялық ішек бітелуі

  4. ішекте жыланкөз

  5. малигнизация

Дұрысы: а) 1,2,3,4; б) 2,3,4,5; в) 2,3,5; г) бәрі дұрыс; д) бәрі теріс

29. Ересектердегі құрт тәрізді өсіндінің түбірін /культя/ өңдеудің ең қолайлы әдісін таңдаңыз.

А. түбірді жібек жіппен байлау, ішіне енгізу

Б. байланбаған түбірді ішіне енгізу

В. түбірді ішіне енгізбей жібек жіппен байлау

Г. түбірді кетгутты жіппен байлау, ішіне енгізу,

Д. түбірді ішіне енгізбей кетгут жіппен байлау

30.Меккель дивертикуласы қандай мүшенің анатомиялық элементі

а. мықын ішектің,

б. 12 елі ішектің

в. өт жолының,

г. жиі аппендэктомиядан кейін,

д. өрлеу ішектің

31.Жедел аппендицит пен оң жақтық бүйрек ұстамасының ажырату диагностикасында қандай шаралар қолданасыз?

  1. спазмолитикті енгізу

  2. наркотиктер енгізу

  3. несепті жедел тексеру

  4. хромоцистоскопия

  5. бүйрек артериясының антографиясы

Дұрысы: а) 1,2,3; б) 2,3,4; в) 3,4,5; г) 1,3,4; д) 1,2,5

32.Кіші мектеп жасындағы балаларға жасалған аппендэктомиядан кейінгі құрт тәрізді өсіндінің культясын өңдеудің дұрыс тәсілі.

А. культяны кисетті және «зет» тәрізді тігіске енгізу

Б. культяны «зет» тәрізді тігіске енгізу

В. лигатурамен байлау әдісі

Г. өсінді культясын бос іш қуысынан марлялық тампон арқылы шектеу

Д. барлық жауаптар дұрыс емес.

33.Жедел аппендицитті аналық жыныс безінің апоплексиясынан ажырату үшін келесі белгілерді білу қажет.

  1. Кохер-Волкович белгісі

  2. Промптов белгісі,

  3. Бас айналу,

  4. Бартомье-Михельсон белгісі,

  5. Ауырғандықтың сегізкөзге және аралыққа таралуы

Дұрысы: а) 1,2,3; б) 2,3,4; в) 3,4,5; г) 1,2,3,5; д) 2,3,5

34. 28 жастағы, жүктіліктің 32-аптасындағы хирургиялық бөлімінде 18 сағат жатқан науқаста динамикалық бақылау барысында жедел аппендицитті толығымен ескермеу мүмкін емес. Сіздің емдік тактикаңыз?

А. науқасқа операция жасау керек,

Б. науқасты бақылауды жалғастыру

В. ультрасонография жасау,

Г. жүктілікті жасанды түрде үзіп, аппендэктомия,

Д. жүктілікті үзіп, лапароскопия жасау

35. Жедел флегмонозды аппендицитке тән белгілері бар науқасқа операция жасау қажет. Бұл жағдайда аппендэктомия жасау үшін қандай оперативтік /ену/ жолын қолданасыз.

А. төменгі-ортаңғы лапаротомия,

Б. Волкович-Дьяконов тілігі,