№ 1 тақырып: «Жарықтар»
1 Тест сұрақтары.
Іш жарығының пайда болуына әсер ететін себептер, мынадан басқа.
А/ іш қабырғасында әлсіз жерінің болуы.
Б/ егде жас.
В/ суға жүзу спортымен айналысу.
Г/ ауыр жұмыс
Д/ іш қысымының көтерілуін тудыратын аурулар.
Шап өзегінің қабырғалары:
А/ іштің сыртқы қиғаш бұлшық етінің апоневрозы,
Б/ іштің тік бұлшық етінің апоневрозы,
В/ пупарт жалғамасы,
Г/ көлденең фасция,
Д/ іштің көлденең және ішкі қиғаш бұлшық еттерінің қыры.
Қиғаш шап жарығында шап өзегінің қай қабырғасы әлсіз:
А/ алдыңғы,
Б/ артқы,
В/ алдыңғы және артқы,
Г/ жоғарғы,
Д/ төменгі.
Қиғаш шап жарығына не тән емес:
А/ жарықтың оваль тәрізді томпаюы,
Б/ жарықтың құрамы ұмаға түседі,
В/ туа пайда болған жарық болуы мүмкін
Г/ екі жақты жарық болуы мүмкін
Д/ шәует буынан медиальды орналасуы
Аталық без шеменінен шап-ұма жарығын ажыратуда қолданылатын диагностикалық әдістер, мынадан басқа.
А/ пальпация
Б/ перкуссия
В/ аускультация
Г/ трансиллюминация
Д/ пункция.
Тіке шап жарығына не тән.
1/ егде жастағы ер адамдарда жиі кездеседі
2/ жарық құрамының ұмаға түсуі
3/ жарықтың латеральды шап аймағы арқылы шығуы
4/ дөңгелек формалы болуы
5/ көбінесе екі жақты болуы
Дұрысы: а/ 1,2,3, б/ 2,3,4, в/ 4,5, г/1,4,5, д/ бәрі дұрыс.
Шап аймағындағы жылжымалы жарықтың құралуына қай мүше жиі қатысады:
А/ соқыр ішек
Б/ аш ішек
В/ қуық
Г/ көлденең тоқ ішек
Д/ тоқ ішектің бауырлық бұрышы.
Туа пайда болған шап жарығына не тән емес
А/ балалық шақта жиі кездесуі
Б/ жарық томпаюының медиальды шап ойығынан шығуы
В/ жарық томпаюының шәует бауынан летальды орналасуы
Г/ жарық қапшығының құрамының ұмаға түсуі
Д/ жарық қапшығында аталық жыныс безінің болуы
Шап каналының алдыңғы қабырғасының пластикалық әдістері: /бір дұрыс емесін анықтаңыз/
А/ Мартынов әдісі
Б/ Бассини әдісі
В/ Бобров әдісі
Г/ Жирар-Спасокукоцкий әдісі
Д/ Ру- Оппел әдісі
Шап каналының артқы қабырғасының пластикалық әдістері:
Жирар-Кимбаровский әдісі
Кукуджанов әдісі
Руджи-Парлавеччио әдісі
Бассини әдісі
Лексер әдісі.
Дұрысы: а/ 1,2,3, б/ 2,4, в/ 4,5, г/ 2,3, д/ бәрі дұрыс
Сан каналы шектелген:
А/ пупарт жалғамасы
Б/ Жимбернатов жалғамасы
В/ шап сүйегінің сүйек тысы
Г/ сан венасы
Д/ сан артериясы
Сан жарығына не тән емес:
А/ ер адамдарда жиі кездеседі
Б/ жарықтық томпаю шап байламасынан жоғары
В/ жарықтық томпаю шап байламасынан төмен
Г/ томпаю бұлшық етті лакуна арқылы өтеді
Д/ томпаю тамырлы лакуна арқылы өтеді.
Асқынбаған сан жарығының клиникалық көрінісі
А/ томпаюдың шап байламасынан төмен болуы
Б/ томпаю жұмсақ – эластикалық консистенциялы
В/ пальпацияда томпаю аймағында ауырғандық сезімнің болмауы
Г/ науқастың горизонтальды орналасуында томпаюдың жоғалуы
Д/ томпаю үстінде терінің қызаруы
Сан жарығын мына аурулардан ажырату қажет.
шаптың тік жатығынан
суық іріңді туберкулез натечнигі
крипторхизмнен
шап лимфаденитінен
семиномадан
Дұрысы: а/ 1,2,3, б/ 2,3,4, в/ 1,2,4, г/ 3,4,5, д/ барлығы дұрыс.
Сан каналының пластикалық әдістері:
Бассини бойынша
Руджи бойынша
Бобров /Бернард/ бойынша
Кукуджанов бойынша
Парлавеччио бойынша
Дұрысы: а/ 1,2,3, б/ 2,3,5, в/ 1,2,5, г/ 4,5, д/барлығы дұрыс.
Кіндік жарығы жиі кездеседі:
А/ балаларда
Б/ ересек адамдарда
В/ егде тартқан адамдарда
Г/ әйелдерде
Д/ ер адамдарда
Мыналардың негізінде кіндік жарығына диагноз қойылады:
А/ қарау
Б/ пальпация
В/ УЗИ кіндік сақинасы аймағын
Г/ қарынның рентгеноскопиясы
Д/ лапароскопия
Кіндік жарығындағы операция әдістері; мынадан басқа.
А/ Лексер
Б/ Сапежко
В/ Аллопластикалық әдіс
Г/ Спасокукоцкий
Д/ Мейо
Іштің ақ сызығы жарығымен түскен науқасқа зерттеу әдісі жүргізілуі қажет.
А/ қарын рентгеноскопиясы
Б/ ирригоскопия
В/ лапароскопия
Г/ хромоцистоскопия
Д/ пиелография
Іштің қабырғасының операциядан кейінгі жарығының дамуына себепші жағдай.
А/ кең лапаротомия
Б/ жараның іріңдеуі
В/ ішектің салдануы
Г/ қарт адамдарда
Д/ жыныстық ерекшелік
Іш жарығының даму себептері:
ауыр физикалық жұмыс
іш қуысы қысымының көтерілуі
ортостатизм
сезімдік
іш қабырғасында «әлсіз жерлердің» болуы
дұрысы: а/ 1,2,3, б/ 2,3,4, в/ 3,4,5, г/ 1,2,5 д/ бәрі дұрыс
Сыртқы қабынбаған жарықтың клиникалық белгілері:
А/ іш қабырғасының томпаюы
Б/ жарық қақпасының болуы
В/ «жарықтану» симптомының анық білінуі
Г/ «жөтел соққысы» симптомы
Д/ жарық құрамының қалпына келуі
Жарықты оперативті емдеуге негізгі көрсетпелер:
ауырудың үдей түсуі
тромбоэмболиялық асқынуға қауіп
жұмысқа қабілеттің төмендеуі
консервативті емнің көмегінің болмауы
жарық асқынуына қауіп
Дұрысы: а/ 1,2,3, б/2,3,4, в/ 3,4,5, г/ 1,3,5 д/ барлығы дұрыс
Жарық рецидивінің себептері, мынадан басқа.
А/ операциялық жараның іріңдеуі
Б/ іш қуысы қысымын жоғарылататын созылмалы аурулар
В/ операция техникасындағы ақаулық
Г/ қуықтың керілуіне байланысты кіші дәреттің жүрмеуі
Д/ ерте операциядан кейінгі кезеңде ауыр физикалық жұмыс және спортпен айналысу.
Жарықтың асқынулары , мынадан басқа.
А/ копростаз
Б/ қысылу
В/ крипторхизм
Г/ қалпына келмеуі
Д/ жарық қапшығы құрамының қабынуы
Қарт адамдардағы шап жарығы операциясынан кейінгі болатын ерте асқынулар:
А/ өкпенің қабынуы
Б/ несептің тоқтауы
В/ өкпе артериясы бұтақтарының тромбоэмболиясы
Г/ шап жарығының рецидиві
Д/ динамикалық ішек түйілуі
Жарықтың жедел асқынуы:
нәжістің тұрып қалуы
жарық қапшығының қабынуы
жарықтың терісінің жыртылуы
жарықтың қыстырылуы
жарық қапшығының перфорациясы
Дұрысы: а/ 1,2,4,5, б/ 2,3,4,5, в/ 1,3,5, г/ бәрі дұрыс д/ бәрі дұрыс емес.
Сыртқы құрсақ жарығының қыстырылуының ерте белгілері:
А/ жедел басталуы
Б/ тосыннан жарықтың қалпына келмеуі
В/ жарық томпаюының ауырғандағы және қатаюы
Г/ іш өту
Д/ дене қызуының көтерілуі
Көбінесе қыстырылатын жарық:
А/ қиғаш шап жарығы
Б/ тік шап жарығы
В/ сан жарығы
Г/ операциядан кейінгі жарық
Д/ кіндік жарығы.
Шап аймағы жарықтарының қыстырылуында болатын белгілер:
А/ құсу
Б/ ішек түйілуі белгілері
В/ перитонит белгілері
Г/ мелена
Д/ жарық тұсындағы өткір ауырғандық
Іш жарығының қысылу белгісі:
А/ жарық томпаюының түзету симтомының болмауы
Б/ іштің тітіркендіру симтомы оң
В/ «жөтел соққысы» жақсы анықталынады
Г/ пальпация кезінде жарық томпаюының жедел түрде ауырсынуы
Д/ метеоризм
Жарықтың қысылу түрлері:
А/ элластикалық
Б/ нәжістік
В/ «Т» – тәрізді
Г/ қабырғалық
Д/ «W» – тәрізді.
Қабырғалық қысылу түрі жиі болады,кеш анықталып, жиі перитонит дамиды
А/ кіндік сақинасында
Б/ іштің ақ сызығы деффектісінде
В/ шап каналының ішкі тесігінде
Г/ шап каналының сыртқы тесігінде
Д/ сан каналында
Қысылған жарықты қолмен түзету кезіндегі асқынулары:
А/ ішек жарылуы
Б/ шажырқай қан тамырының жарылуы /қан кету/
В/ орхоэпидидимит
Г/ жалған түзету
Д/ ішектің өмірге қабілетсіз, іріңді өзгерісі бар тұзақтарын қалпына келтіру. /перитонит/
Қыстырылған сан жарығына күдікті науқаста жедел шаптың лимфадениті болуы мүмкін. Сіздің тактикаңыз қандай
А/ ауқасты бақылауға аламыз, күтеміз
Б/ жедел операция
В/ антибиотикотерапия курсын өткізу
Г/ физиотерапиялық ем тағайындау
Д/ жергілікті антибиотикотерапия жасау.
Қысылған жарық өздігінен қалпына келгендегі тактиканы анықтау
А/ жедел операция жасау
Б/ лапароскопия жасау арқылы қалпына келген ішек сегментін тексеру
В/ науқас жағдайын динамикалық тексеру
Г/ лапароскопия көмегімен іш қуысын дренаждау
Жарыққа операция жасауға болмайтын көрсетпе
А/ жедел инфекциялық аурулар
Б/ ІІ-жартысындағы жүктілік
В/ балалық жас
Г/ көп жылдар бандажбен жүру
Д/ егде жас
Жарық профилактикасы:
А/ физкультурамен айналысу
Б/ «жарық ауруына» бейім адамдарды, ауруын ескертіп, сәйкес жұмысқа орналастыру.
В/ санатория-курорттық емдеу
Г/ іш қысымын көтеретін ауруларды емдеу
Д/ іш қуысына жасалған операциядан кейін еңбекке жарамсыздық уақытын сақтау
Сан жарығының жарық қақпасы болатындар:
А/ Богдалек ұшбұрышы
Б/ медиальды шап ойығы
В/ ішперденің қынаптық өсіндісі
Г/ латеральды шап ойығы
Д/ сан венасынан медиальды орналасқан тамырлық лакунасы
Қыстырылған жарыққа жасалатын операция көрсетпелері:
А/ операцияға абсолютті көрсетпелер
Б/ салыстырмалы көрсетпелер
В/ косметикалық көрсетпелер
Г/ социальды көрсетпелер
Д/ операция жасауға болмайды.
Рихтер қыстырылуы дегеніміз не
А/ дуоденальды аш-ішек тарамысы аймағындағы ішектің қыстырылуы
Б/ бұралған сигма ішектің қыстырылуы
В/ асқазанның диафрагма жарығында қыстырылуы
Г/ ішектің қабырғалық қыстырылуы
Д/ Меккель дивертикуласының қыстырылуы
Шап жарығын қандай аурулардан ажыратасыз
