- •2 Дәріс. «Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» пәні, мазмұны, мақсаты және шарттары. Түсініктер, анықтамалар, терминдер. Қауіптіліктер топтамасы. Төтенше жағдайлар туралы түсінік. Тж бағалау.
- •3 Дәріс. Адам және мекен ету ортасы. Табиғи қауіптер. Катастрофалар. Табиғи зіл-зала. Табиғи апаттар мен зіл-зала кезіндегі адамдардың әрекеттері.
- •4 Дәріс. Әлеуметтік қауіптер. Діни секталар. Сектанттардан өзін қалай сақтау қажет. Террористтік актілер. Адамдардың террористтермен қарым-қатынасы.
- •5 Дәріс. Медико-биологиялық қауіптіліктер. Салауатты өмір салты. XXI ғасырдың қауіпті аурулары: нашақорлық, темекі тарту, маскүнемдік, жжбжа, вич/спид, туберкулез және т.Б. Қауіпсіздік шаралары.
- •7 Дәріс. Радияциялық қауіп. Иондық сәулерлерден қорғану. Электромагниттік сәуле, түрі, бастауы. Қорғаныс амалдары.
- •8 Дәріс. Өндірістік шудан, дірілден қорғау. Ағзаға әсер ету.
- •9 Дәріс. Химиялық қауіп. Зиянды заттар. Зиянды заттардың жіктелуі, агрегатты жағдайы, адам ағзасына түсу жолдары. Қауіпсіздік шаралары.
- •3 Сурет
- •4 Сурет
- •10 Дәріс. Өрт және жарылыстар. Өндіріс пен тұрмыстық жағдайдағы өрт пен жаралыстардың алдын алу шаралары. Өрт пен жаралыс кезіндегі адамдардың іс-әрекеті.
4 Сурет
Мутагендік заттар ағазаға әсерін тигізіп, ұрпақтан ұрпаққа берілетін гендік өзгерістер мен ақпараттарды сақтайды. Тигізіп, ұрпақтан ұрпаққа берілетін гендік өзгерістер мен ақпараттарды сақтайды. Бұлар радиобелсенді заттар, оларға марганец, мырыш, қорғасын және т.б кіреді.
Адамның репродуктивті қызмет етуі үшін бірінші кезекте улы заттарды атап кеткен жөн, демек бірінші орныды сынап алады, одан кейін мырыш, стирол, радиобелсенді заттар.
токсинді қосылыстардың сипаты.
Улы химиялық қосылыстар шекті концентрациялы болады, демек улану дозасы анықталады.
Шекті мөлшерлемесі – бұл улану заттарының аз мөлшері, яғни адам ағзасына келіп түскенде физиологиялық әсер береді. осындай жағдайларда уланғандар бірінші білгелірені сезінеді. Дегенмен жұмыс қаблетін сақтап қалады.
Шыдамдылық шектері – бұл максималды мөлшер, яғни адам белгілі бір уақытқа дейін шыдамдылық танытады. Тәжірбиелерді төзімділік шектері ретінде шекті концентациялардың мөлшері белгіленген (ПДК). Бұл белгілі бір уақыт аралығында адамның ағзасын улап, психикалық өзгерістер мен патаологилық ауруларды тудыратын улы зат концентарциясы. Адамның ағзасы түрлі аурулармен зақымданады.
Улану мөлшері улы заттардың сандық бағасы болып табылады. Өлімге апаратын және шекті уландыратын зат деп екіге бөлінеді.
Өлімге апаратын улы мөлшермеле (LD) – бұл ағазаға түскенде өлімге апаратын нақты улану. Улы заттармен уланып өлетіндер саны 100%, сондықтан улу заттармен улану уланғандардың 50% жалмайды. Осы улы зататрмен уланған адамдарды орташа өлімге әкелген улы мөлшерлеме деп атаймыз (LD50).
Шекті улы заттардың мөлшерлемесі-бұл ағзаға түскенде белгілі бір аурулардың бастапқы белгілерін береді. тәжірбиеде кеңінен қолданылып орташа шекті өлім адамдардың 50% жалмаған болатын.
Адам ағзасына келіп түсу жолдары.
Улы заттар адам ағзасына келесі мүшелері арқылы түседі
- тыныс алу жолдары (ингаляциялық енулер),
- асқазан ішек жолдары
- тері.
Улану деңгейлері заттың агрегатты жағдайына байланысты (газтәріздес, бу тәріздес, сұйық және қатты аэрозольдар), демек технологиялық үрдістер сипаты орын алады (затты қыздыру, шайқау).
Уланудың көптеген түрлері ағаза келіп түскен химиялық заттардың қауіпті болуымен тығыз байланыста, сондықтан ең алдымен өкепеге сіңіп альвеол арқылы таралады. Күшейе келіп қанмен шайылып адамның денесіндені маңызды мүшелерге тарайды.
Зиянды заттардың әсер етуі және организмге енудің жолдары.Зиянды заттар адам органтзміне тыныс алу жолдары, тері және ас қорыту жолдары арқылы енеді. Көп жағдайда(80-90 пайыз)кәсіпке байланысты ауруларжәне уланулар организмге улы газдардың, булардың, тұмандардың енуіне байланысты болады. Бұл жолмен ауруға шалдығу өте ауыр болуы мүмкін, себебі улы зат бірден қанмен араласып бүкіл денеге тарап кетеді.
Улы заттар ішкен тағаммен, сумен, темекімен, қолдың кірімен асқорту жолдары арқылы организмге енеді. Улы заттар ауыз қуысында – ақ сіңіп, қанға өтіп кетуі мүмкін. Ондай заттарға фенол, циянит сияқты улар жатады. Асқазанның қышқылды ортасы улы қосындымен бірігіп, заттың улылығын одан ары арттырып түсуі мүмкін.
Улы заттар адам организіміне тері арқылы енеді. Улы булар, сұйық заттар теріге еніп, сол арқылы қанға кетеді. Бұндай заттарға суда, майда жеңіл еритін көмірсутегі, ароматты аминдер, бензол, анелиндер және т.б. жатады. Егер теріде жара немесе сызат болса, организмге енуі жеңілдейді.
Улы заттардың жиналуы
Бірінші кезеңде улы заттардың бөлінуі қан айналымының қарқындылығына байлынысты болады. Улы заттардың жиналатын үш басты орны бар: клетканың сыртындағы сұйық, клетканың ішіндегі сұйық және майлы (ткань). Улы заттың тарауы үш негізгі физикалық – химиялық қасиетке байланысты болады: суда ерігіштігі, майда ерігіштігі, реакцияға енгіштігі. Кейбір металдар (күміс, мырыш, хром, ванвдий, кадмий және басқалары) қаннан тез шығады, бірақ бауыр мен өкпеде жиналып қалады. Барий, бериллия, қорғасын қосындылары кальцимен, фосформен бірігіп өте мықты қосынды жасай алады және сүйекте жиналады.
Улы заттардың әсерінің салдары. Улы, зиянды заттармен жақындасқанда адам организмі тіннің жергілікті зақымдануына және жалпы улануға әкеледі. Жалпы уланудың қанға енуінің нәтижесінде дами бастайды.Удың жергілікті әсері онымен жақындасқан жерінде зақымдану болуы мүмкін: терінің қызарып, қабынуы, күюі.
Улану екі түрде жүреді: өткір және созылмалы.
Аккумулирлену.
Адамның ағзалары химиялық элементтерді әр түрлі концентрлейді, яғни микро-және макроэлементтер мүшелер мен ұлпаларда әркелкі таралады. Микроэлементтердің көпшілігі бауырда, сүйек және бұлшық ет ұлпаларында жиналады. Бұл ұлпалар көптеген микроэлементтердің негізгі қоры. Элементтер кейбір мүшелерге тән болып табылады және онда концентрациясы жоғары болады. Мысалы, мырыш – қарын асты безінде, йод – қалқанша безінде, фтор – тіс кіреукесінде, алюминий, мышьяк, ванадий – шашта, кадмий, сынап, молибден – бүйректе, қалайы – ішек ұлпаларында, стронций – қуық безінде, сүйек ұлпасында, барий – көздің пигментті қабатында, бром, марганец, хром – гипофизде және тағы басқаларда жиналады.
Ағзада микроэлементтер байланысқан және бос ионды түрінде де кездеседі. Кремний, алюминий, мыс және титан бас миы ұлпаларында нәруыздармен комплекс түрінде, ал марганец ион түрінде кездеседі. Сутек және оттек – макроэлементтері су молекуласын түзетіні белгілі, ал, ересек адам ағзасының шамамен 65%-ы су болып келеді. Су-маңызды еріткіш және ол адамның мүшелерінде, ұлпаларында және биологиялық сұйықтықтарда әркелкі таралған, асқазан сұйығының, сілекейдің, қан плазмасының, лимфаның 99,5% — дан 90% — ға дейінгі аралығын құрайды. Ендеше су ресурстарының құрамын зерттеу, үнемі бақылау және мемлекет тарапынан қорғау іс-шараларын жүргізудің тіршілік үшін маңызы бар деуге болады.
