- •2 Дәріс. «Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» пәні, мазмұны, мақсаты және шарттары. Түсініктер, анықтамалар, терминдер. Қауіптіліктер топтамасы. Төтенше жағдайлар туралы түсінік. Тж бағалау.
- •3 Дәріс. Адам және мекен ету ортасы. Табиғи қауіптер. Катастрофалар. Табиғи зіл-зала. Табиғи апаттар мен зіл-зала кезіндегі адамдардың әрекеттері.
- •4 Дәріс. Әлеуметтік қауіптер. Діни секталар. Сектанттардан өзін қалай сақтау қажет. Террористтік актілер. Адамдардың террористтермен қарым-қатынасы.
- •5 Дәріс. Медико-биологиялық қауіптіліктер. Салауатты өмір салты. XXI ғасырдың қауіпті аурулары: нашақорлық, темекі тарту, маскүнемдік, жжбжа, вич/спид, туберкулез және т.Б. Қауіпсіздік шаралары.
- •7 Дәріс. Радияциялық қауіп. Иондық сәулерлерден қорғану. Электромагниттік сәуле, түрі, бастауы. Қорғаныс амалдары.
- •8 Дәріс. Өндірістік шудан, дірілден қорғау. Ағзаға әсер ету.
- •9 Дәріс. Химиялық қауіп. Зиянды заттар. Зиянды заттардың жіктелуі, агрегатты жағдайы, адам ағзасына түсу жолдары. Қауіпсіздік шаралары.
- •3 Сурет
- •4 Сурет
- •10 Дәріс. Өрт және жарылыстар. Өндіріс пен тұрмыстық жағдайдағы өрт пен жаралыстардың алдын алу шаралары. Өрт пен жаралыс кезіндегі адамдардың іс-әрекеті.
8 Дәріс. Өндірістік шудан, дірілден қорғау. Ағзаға әсер ету.
Дыбыс қаттылығының шегі мен дыбыс тербелісінің жиілігін асыратын шу мен діріл кәсіби зияндылық болып табылады. Шу – адамның ағзасына түршіктіретін және зиянды әсерін тигізетін қарқындылығы мен жиілігі әр түрлі дыбыстардың жиынтығы. Шудың әсерімен адамның қан қысымы, ішек-қарын жолының жұмысы өзгеруі мүмкін, ал кейбір жағдайларда оның ұзақ әрекеті есту қабілетін ішінара немесе толық жоғалтуға әкеледі. Шу жұмысшылардың еңбек өнімділігіне әсер етеді, назарды бәсеңдетеді, құлақ мүкістігі мен кереңдікті тудырады, жүйке жүйесін тітіркендіреді, соның нәтижесінде қауіпсіздік сигналдарына деген зеректік төмендейді, бұл жазатайым оқиғаға алып келуі.
Шудың соқпалы (қақтау, тойтару, қалыптау және т.б.), механикалық (тораптар мен көлік бөлшектерінің үйкелуі мен дүрсілі), газ және гидродинамикалық (ауаның, газ бен сұйықтықтың үлкен жылдамдықта қозғалуы кезінде аппараттар мен құбырлардағы шу) түрлерін ажыратады.
Шулар спектр сипаты (ені бір октавадан астам толассыз спектрлі кең жолақтышулар; спектрінде айқын байқалатын дискретті үндер бар үнді шулар), уақыт сипаттамалары бойынша (дыбыс деңгейі МЕМСТ 17187-71 бойынша шу өлшегіштің "баяу" уақыт сипаттамасында өлшеу кезінде 8 сағаттық жұмыс күні ішінде 5 дБА-дан көп өзгермейтін тұрақты шулар) жіктеледі.
Бұдан басқа тұрақсыз шулар: дыбыс деңгейі уақыт бойынша үздіксіз өзгеріп отыратын уақыт аралығындағы құбылмалы шуларға; дыбыс деңгейі фондық шуға жылдам түсетін үзік шуларға; әрқайсысының ұзақтығы 1 секундтан аз бір немесе бірнеше дыбыс белгісінен тұратын, бұл ретте МЕМСТ 17187-81 бойынша шу өлшегіштің тиісінше "импульс" және "баяу" сипаттамаларын қосқан кезде дБА-дағы дыбыс деңгейлері кемінде 10 дБ-ға өзгешеленетін импульстік шуларға бөлінеді.
Жұмыс орындарындағы тұрақты шулардың сипаттамалары: L=201 g P1P6 формуласы бойынша анықталмайтын 63,125, 250, 500, 1000, 2000, 4000, 8000 орташа геометриялық жиіліктермен октавалық жолақтардағы (дБ-да) дыбыс қысымының деңгейлері, мұнда P – дыбыс қысымының орташа квадраттық шамасы, Па; Р0-2-10-15- орташа квадраттық қысымының шектік шамасы, Па.
А шәкілі бойынша шуды өлшеу кезінде шу өлшегіштер А шу өлшегіштің (Па-да) түзетілуін есепке ала отырып, дыбыс қысымының орташа квадраттық шамасы бойынша анықталатын РА ретінде қабылданады.
Жұмыс орындарындағы тұрақты шудың сипаттамасы болып шудың эквиваленттік (энергия бойынша) деңгейі (дБА-да) табылады.
Адамның құлағы қабылдайтын дыбыстың минималды күші есту шегі деп аталады. Ауырту сезімін тудыртатын дыбыстың ең үлкен күші ауырту шегі деп аталады. Дыбыстардың диапазонын адамның құлағы қабылдайды және ол 0…130 Дб шәкілімен өлшенеді. Шәкілдің төменгі көрсеткіші есту шегіне, ал жоғарғы көрсеткіші ауырту шегіне сәйкес келеді. 130… 150 Дб деңгейдегі шу есту органдарының механикалық зақымдалуына әкелуі мүмкін. Адам үшін шудың ең үлкен дауыс қаттылығының зиянсыз (эталондық) деңгейі 70 Дб-ні (ауытқу жиілігі 1000 Гц болған кезде) құрайды.
Физикалық табиғаты бойынша шу сияқты діріл адам тербелетін бетпен байланыста болған кезде ол қабылдайтын материалдық денелердің 12…8000 Гц шегіндегі жиіліктермен тербелу қозғалыстары болып табылады.
Діріл – өндірістік жабдықтарды қанағаттанарлық бекітпеген, машиналар мен қондырғылардың қозғалатын және айналатын бөліктерін нашар теңгерген, соқпалы мезанимдердің жұмысы кезінде және т.с.с. олардың тербелуі. Діріл тербелу (Гц-да) жиілігімен (Т – 1), амплитудамен (мм мен М-да), үдеумен (м/с-да) сипатталады. 25 Гц-тан асатын тербелу жиілігі кезінде діріл жүйке жүйесіне жағымсыз ісер тигізеді, бұл ауыр жүйке ауруы – діріл ауруының дамуына әкелуі мүмкін.
Шумен ұқсастығы бойынша дірілдің қарқындылығын салыстырмалы шамалар – децибелдармен өлшеуге және
Lo= 20 lg/ v0
формуласы бойынша тербелу жылдамдығының деңгейімен сипаттауға,
мұнда v – тербелу жылдамдығы, см/с, v0 – салыстыру бірлігіне қабылданған және дыбыс қысымы Р=2-10~5 Па және ығысу амплитудасы 8-10 см болған кезде 5.Ю`- см/с-ге тең тербелу жылдамдығының шектік мәні;
Ly=20 lg/a0
формуласы бойынша тербелмелі үдеу деңгейімен сипаттауға болады,
мұнда а – тербелмелі үдеу, см/с2; а0 – салыстыру бірлігіне қабылданған және дыбыс қысымы Р=2-10-5 Па және ығысу амплитудасы 8-10-10 см болған кезде 3-10-2 см/с2-ге тең тербелмелі үдеудің шектік мәні. Шу мен дірілді (сілкіну) тудыратын құрылыстағы зиянды жұмыстардың қатарына пневматикалық қол машиналарын, дірілдеткіштерді, паркеттік-сүргілегіш және тегістегіш машиналарды қолдануға қатысты жұмыстар, қадаларды орнату, қатып қалған жерді жұмсарту бойынша жұмыстар және т.б. жатады. Діріл жалпы және жергілікті болып ажыратылады. Жалпы түріне адам жұмыс істейтін конструкцияның немесе агрегаттың дірілі жатады.
Жергілікті діріл жұмысшының қолындағы қол машинасынан немесе машина элементінен туындайды.
Жалпы дірілдің шекті ұйғарынды деңгейлері жиіліктердің орташа геометрикалық мәні 2; 4; 8; 16; 31,5 және 63 Гц, үйлесімді тербелу кезінде ығысу амплитудасы 3, 11 …0,005 мм және тербелу жылдамдығының орташа квадраттық мәні 11,2 …2 мм/с алты октавалық жиілікті жолақты қамтитын жиіліктер спектрі бойынша абсолюттік және салыстырмалы шамадағы жылдамдық үшін белгіленеді. Айналу жиілігі 1200 – 6000 мин болған кезде жергілікті дірілдердің шекті ұйғарынды мәндері тербелу амплитудасы 1,5 – 0,005 мм болатын 20 – 100 Гц-ға тең. Дыбыс қысымының деңгейі Ш-63 (ИРПА), Ш-ЗМ, ИШВ типті шу өлшегіштерімен (өлшеу аралығы 40…10000) өлшенеді. Ең көп таралған Ш-ЗМ типті шу өлшегіш. Аспап дыбыс қысымының деңгейі мен шу деңгейін өлшеуге арналған. Жергілікті дірілді НВА-1,ВИП-2 типті төменгі жиілікті (өлшеу аралығы 70…130) дірілграф арқылы анықтайды. Жалпы дірілді, тербелу амплитудасы мен жиілігін (адам жұмыс істейтін конструкциялардың тербелісі) Н-700, Н-004 типті осциллографтармен бірге ВЭП-4, ВИ6-5 МА, К001 типті электронды аспаптармен және т.б. өлшейді. Аспаптағы негізгі тіркеуші механизм болып ВД-4 сейсмикалық типті діріл датчигі табылады. Өлшеу кезінде датчикті дірілдейтін бетке орнатады.
Шумен және дірілмен жүргізілетін күрес көптеген мамандардың, құрылысшылардың, конструкторлардың, дәрігерлердің және акустиктердің қызығушылығын тудыратын кешенді проблема болып табылатынын атап өткен жөн. Шу мен дірілдің әсерінен қорғану үшін жалпы жеке құралдар қолданылады.
Жалпы қорғану құралдарына ең алдымен құрылыс машиналары мен технологиялық процесті жетілдіру (мысалы, тойтаруды электрмен дәнекерлеуге ауыстыру), өндірістік жайларды жоспарлау мен шулы өндірістік процестерді оқшаулау, машиналарда, қабырғаларда, қоршаулар мен бөгеттерде дыбыс оқшаулағыш және дыбыс тұтқыш материалдарды қолдану жатады. Шудың таралуынан тиімді қорғану құралы болып машинаны дыбыс тұтқыш материалдардан тігілген қаптамамен (шу басқыштар сияқты) жабу және дірілпневмопроцестерді қашықтықтан басқаруға ауысу табылады. Дыбыс деңгейі 85 Дба-дан жоғары аймақтар қауіпсіздік белгілерімен таңбалануы, ал жұмысшылар жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуі керек. Дыбыс қысымының октавалық деңгейі 135 дБ-дан жоғары аймақтарда адамдарға жұмыс істеуге тыйым салынады.
Дірілден қорғану құралдарына әр түрлі қоршайтын құрылғыларды, автоматты түрде бақыланатын, дабылқаққыш және қашықтықтан басқарылатын діріл оқшаулағыш, діріл басқыш және діріл тұтқыш құрылғыларды жатқызуға болады.
Шудың зиянды әсерінен жеке қорғану құралдарына шудан қорғағыштар, шлемдер, құлаққаптар, тығындар, ал дірілдің әсерінен жеке қорғану құралдарына діріл басқыш аяқ киімді, арнайы қолғаптарды (қол дірілдеткішін қолдану кезінде) пайдалану жатады.
Адам ағзасына ультра дыбыстың әсер етуі (материалдарды механикалық өңдеу, дәнекерлеу, қалайылау және т.с.с. кезінде) ауа арқылы және адам заттармен тікелей байланыста болған кезде орын алады. Ультра дыбыстың физиологиялық әсері жылу әсерін (температураның көтерілуі) және қысымның құбылуын, сондай-ақ тез шаршағыштықты, құлақтың ауруын, тепе-теңдікті тудырады және невроз бен гипотонияны дамытады.
Адам ағзасына ультра дыбыстың жоғары деңгейлерінің зиянды әсері көздегі дыбыс энергиясының зиянды сәулеленуін азайту, ультра дыбыстың әсерін конструктивті және жоспарлау шешімдерімен, ұйымдық-профилактикалық іс-шаралармен, жеке қорғану құралдарын қолданумен оқшаулау есебінен төмендетіледі. Бұдан басқа көздегі дыбыс энергиясының зиянды сәулеленуін азайтуға ультра дыбыс көздерінің бастапқы жұмыс жиіліктерін арттыру және дыбыс энергиясының зиянды сәулеленуін болдырмау арқылы қол жеткізуге болады.
Ультра дыбыстың зиянды әсерін жою және азайту құралдарына оны оқшаулауға бағытталған конструктивті және жоспарлау шешімдері жатады. Бұл дыбыс оқшаулағыш қаптамаларды, жартылай қаптамаларды, қалқаларды қолдану, жабдықтарды жеке жайларда және кабинеттерде орналастыру, дыбыс оқшаулау бұзылған кезде ультра дыбыс көзінің генераторын ажырататын бұғаттау жүйесін орнату, қашықтықтан басқаруды қолдану, жеке жайлар мен кабиналарды дыбыс тұтқыш материалдармен қаптау.
Жоғары деңгейлердің зиянды әсерінен қорғау бойынша ұйымдық-профилактикалық іс-шаралар жұмысшылармен ультра дыбыс әсерінің сипаты туралы нұсқаулық жүргізу мен еңбек пен тынығудың тиімді режімдерін қамтиды.
Негізгі әдебиеттер: 8[53-102]
Қосымша әдебиеттер: 7[110-167]
Шуларды жіктеу?
Тұрақсыз шудың сипаттамасы?
Діріл?
Дірілден қорғану құралдары?
