Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-10, 14, 15 ОБЖ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
384.68 Кб
Скачать

4 Дәріс. Әлеуметтік қауіптер. Діни секталар. Сектанттардан өзін қалай сақтау қажет. Террористтік актілер. Адамдардың террористтермен қарым-қатынасы.

Әлеуметтік қауіптер – бұл өзгені жоюға бағытталған, жеке буын, қалың топтар, класстардың әрекеті болып табылады (әдейі және ойланбастан). Сондай-ақ, оларды өміріндегі маңызды объектілерден айыру, зардап шектіру, оны физикалық және рухани дағдарысты төндіру, тұлғалылықтың жойылуы. Этностың, қоғамның, мемлекеттің жойылуы.

Әлеуметтік қауіпті үш топқа бөліп қарастыруға болады:

  1. Қоғамдық өмірдің өзге салаларынан шыққан – саясаткерлер, экономистер, әскери-қорғаныс істері және т.б.

  2. Әлеуметтік ортадан белгілі бір сала үшін бөлінетіндер;

  3. Өзіндік әлеуметтік ортада жетілгендер.

Әлеуметтік қауіптерді келесідей белгілері бойынша бөледі:

- бағыты бойынша әлеуметтік қызығушылықтарға қарама-қарсы, азаматтардың тобы, барлық қоғамның және қабаты.

- объектілері бойынша, институттары бойынша, әлеуметтік саласы бойынша (азық-түлік жабдықтау және қоректенуі, денсаулық сақтау, коммуналдық қызметі және т.б.);

- ауқымы бойынша (кеңістіктегі-уақыттық сипаттамалары, қауіптіліктің бүлінген әлеуеті – жалпы, аймақтық, жергілікті, қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және т.б.);

- көрсетілу формалары бойынша (ұйымдық, зіл-залалық және т.б.);

- пайда болу көздері мен себептері бойынша;

-құралдары бойынша (күштеу, ерікті, әскери және т.б.);

Әлеуметтік қауіптердің көздері болып табылады:

- меншіктің, табыстың, өмірлік игіліктерлің, биіктің дұрыс бөлінбеуі;

- антогонистік әлеуметтік топтардың құрылымдарының қайта қалпына келтірілуі, ол топтардан, қабаттарда және саяси күштерден тұрады, олардың өзіндік ортақ мақсаты мен қызығушылығы болады;

- мемлекеттің әлеуметтік мүмкіндіктерінің тез төмендеуі. Ол өндірістің құлдырауынан орын алады, сонымен қатар, ірі есептер мен бастапқы анти әлеуметтік саяси «радикалды реформалар» саясатына қатысты болады.

Әлеуметтік қауіптердің мақсаты болып табылатындар:

- берік азаматтық әлемнің қамтамасыз етілуі, ол шындыққа, еркіндікке, теңідікке және адамдардың салиқалы жүріс-тұрысымен түсіндіріледі: мақсатқа бағытталған және субъектілердің әлеуметтік қауіпсіз мемлекетті, қоғамның, тұлғаның құрылымдалуы;

- социумның дамуы және сақталуы: сенімді өмірлік күзет, адамдардың тұрмысы мен денсаулығының жақсаруы және қалпына келтіруі, жоғары тиімділіктегі шығармашылық еңбекке арналған ынтаның және жағдайдың болуы, мүмкіндіктері мен талантының жетілдірілуі, жоғары рухани және мәдени құндылықтарының бекітілуі;

- әлеуметтік бейімделген саясаттың жүзеге асырылуы және құрылымдалуы, қоғамның жаңашылдануы, келешектегі әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету, халықтың игілігі үшін және әрбір тұлға бойынша;

Мемлекеттің ғаламдық әлеуметтік жағдайдың жақсаруы әрекетін теңдестіру, әлемдік саясат пен халықаралық құрылымарға қатысуы, әділетсіздіктің алдын алу, жағдайдың нашарлауы, ашаршылық, жаппай індеттің таралуы, әлеуметтік аурулар және т.б.

Барлық қауіпсіздіктер (әскери, саяси экологиялық және т.б.) шешуші сатыда өндірісті сауықтыру және құтқарудан тұрады, ол халықтың өмірлік деңгейін көтеру, оның денсаулығын нығайту, мәдениеттің дамуы, оның әлеуметтік белсенділігінің көтерілуі, әсіресе, экономика мен саясат саласында жүріп отырады.

Діни секталар. Сектанттардан қалай өзіңді қорғауға болады.

Діндік маркетинг: Өзінің білімін тарату және ерекше әдістермен жаңа адамдар құрамын жинау (көлемді ақпараттар құралдарында жарнама жасау, көшедегі жарнамалар, пошталық жарнама, аталуы белгісіз семинарлар мен жарнамалар). Мысалға, Библияны оқу (Муна, иеговалықтар сектасы), ағылшын тілін үйрену (мормондар), психологиялық тренинг, қарым-қатынас мәселесіне рұқсат беру (сайентология сектасы), балалар тәрбиесі, қайырымдылық концерттер («Жанұя» сектасы), педагогика және медицина сұрақтары бойынша семинарлар (Акбашева сектасы) және т.б.

Психологиялық қысым: жаңадан келгендер үнемі ерекше ілтипатта болады – «махаббатпен бомбалау» (келген адамда секта құрамына дәл сол адамд жетіспегендей сезім орнайды).

Сананы бағдарламалау: сектаның мүшесіне ең алдымен психикасы тұрақсыз, ашық адамгершілік белгілері, рухани, мәдени білімі жоқ адамдар кіреді. Өмірлері бұлыңғыр көрінеді және ол жабайы ойлау қабілетіне душар болады. Нәтижесінде адам сектанттардың біліміне, жиналыстарға қатысуға, көшбасшылары мен ұстаздарының көрсеткен нұсқауларына толықтай тәуелді болып қалады.

Рухани элитизм: секта мүшелерінің түсінігі бойынша жалғыз олар ғана құтқарылған адамдар, айналадағы «екінші сорттағы» барлық адамдар қаза тапқанға душарланған, себебі сектаның іліміне ермейтіндер болып келеді.

Тіршілік әрекетіне бақылау жасау. Секта мүшелері қалыпты өмір сүруден қалып,үйреншікті қоғамдық қарым-қатынастан айырылады. Көптеген шіркеулерге көшіру қолданылады, көбіне адамдардың тығыз орналасуы болады. Жақтаушылар күннің интенсивті тәртібінде, яғни, шектелген тағам мен ұйқыда, қарбаластық әрекеттерде өмір сүреді. Оның себебі, секталық білімге және көшбасшылылардың жеке бас өміріне сыни көзқарастар қалыптастырмау. Секталарда сектанттарды арнайы үйлерге, пәтерлерге, жабдықталған шіркеулерге көшіру қолданылады. Кей жағдайларда жақтаушыларға бақылау жасау үшін, психотропты заттар мен гипноздың көмегіне жүгінеді. Қорыта айтқанда, сектанттар сектаға өзінің уақытын, денсаулығын, мүлкін (пәтерлер, көбіне секта кеңсесі немесе «ашрамдар» жасауға сатылады, не беріледі), кейде өз өмірін құрбан етеді. Секта жақтаушыларға ғана өз әсерін тигізумен тоқталмай, олардың отбасына мүшелеріне, жақын адамдарына, таныстарына да таратуға тырысады.

Барлық қауіпті секталар қайта өңдеу үрдісі кезінде шығыс психотехниктердің мыңжылдық әдістерін қолданады.

  1. Дәрі-дәрмекті – әртүрлі психотропты және наркотикалық заттардың көмегімен.

  2. Жеңіл гипноздық әдістер – мысалға, бір ортадағы улкен топ адамдарының, бір затқа сендіру арқылы адамға күш түсіру.

Лаңкестік актілер. Үлкен лаңкестік әрекеттер көптеген шет мемлекеттерде орын алды: АҚШ-да 2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасы (Бүкіләлемдік сауда орталығына және Пентагонға шабуыл, 2749 және сәйкесінше 184 адамның өмірін қиды), Испаниядағы – 2004 жылғы наурызда (Мадрид электричкада, жарылыстары, нәтижесінде, 191 қайтыс болды және 1900 адам жарақат алды), Ұлыбританиядағы - 2005 жылғы шілдеде (Лондондағы жарылыс, 56 адамның өмірін қиды және 80-ден астамы жараланды) және т.б. Кестеде терроризмнен зарлап шеккен елдердің тізімі көрсетілген 1994 жылдан 2004 жылдары аралығында.

2- кесте. Лаңкестіктен зардап шеккен елдер (1994-2004 ж.ж.)

Мемлекеттер

Ел аумағындағы лаңкестіктен зарлап шеккен адамдар саны

Мемлекеттің 1 млн. тұрынға шаққандағы қайтыс болған адам саны

АҚШ

3238

11,05

Ресей

2111

14,54

Үндістан

1928

1,81

Израиль

1274

219,3

Колумбия

1135

26,82

Ирак

1122

44,22

Алжир

869

27,05

Пәкістан

783

4,92

Қазір бүкіл әлем сапалы лаңкестіктің өзгерісін басынан кешірді. Жеке лаңкестіктен жаппайылықа ауысуы: лаңкестердің басты объектісі тек билік элитасы ғана емес, барлық қоғамда жүріп отырады.

Заманауи лаңкестердің басты тапсырмасы – ауқымды соққылардың жүзеге асырылуымен түсіндіріледі, БАҚ үнемі бақталастық тудырып, үнлеу арқылы жарияланып отырды.

Лаңкестік ұлттық шеңберден әлдеқашан шығып үлгерді және халықаралық құбылыс болды. Сарапшылардың бағалауы бойынша, әлемде 100-ден аса ірі террористік ұйымдар бар деп топшыланады, олардың көпшілігі бір-бірімен етене тығыз байланысты жұмыс жасайды.

Лаңкестік – оның жеке және ұйымдардың қатынасындағы қолданылуы қаупі немесе күштеуі, сонымен қатар, жойылуы (кесел келтіру) немесе мүліктік және өзге де материалдық объектілерді жою.

Идеологиялық негіздері бойынша және көрінісі аясы бойынша:

Саяси терроризм – билік үшін талас, саяси қарсыластырын биліктен ығыстыру кезінде көрінеді;

Мемлекеттік лаңкестік – тұрғындардың тұтынуының нашарлауынан орын алады.

Діни лаңкестік – террористтердің сенімгерлігіне байланысты оларды соған күштеуге негізделеді.

Ұлттық лаңкестік – мақсатын өзге ұлтты жою арқылы жетуге ұмтылатын түрі.

Экономикалық лаңкестік – материалдық құндылықтарға талас кезіндегі, тиімсіз экономикалық шарттарды қабылдамаған елдерде орын алып жатады.

Қылмыстық лаңкестік – қарсыластарын өзге қылмыскерлерді жою, көбінесе, олар бірлескен топтар арасында көрініс табады.

Егер сіз жарылыстың астында қалып кетсеңіз

Өз-өзіңізді қолыңызға алып, үмітіңізді үзбей,сабырлық сақтаңыз, терең және дұрыс демалуға тырысыңыз. Дауыспен және бірдеңелерді соғу арқылы, адамдарға естіртуге тырысыңыз. Егер сіз жер бетінен тереңде болсаңыз, металл анықтағышпен тауып алулары үшін, кез-келген металлдан жасалған заттарды оңға-солға орналасырыңыз (шығыршық, кілттер, т.б.).

Егер сіздің айналаңыз бос кеңістік болса, оттегін сақтап тұру үшін, сіріңке, шам жақпаңыз. Қозғалғанда тағыда топырақтың құлап кетпеуі үшін, ақырын қимылдңыз, сырттан түсіп тұрған ауаның қозғалысына бағдарланыңыз.

Егер мүмкіндік болса, қолға ұсталатын заттармен (тақтайлар, кірпіштер және т.б.) салбырап тұрған бөренелерді, жарылыстан кейінгі төбені ұстатып қойып, көмекті тосыңыз.

Қатты шөл қинаған болса кездеменің кішкентай бөлшегін алып (тегіс тас), мұрын арқылы демала отырып сорыңыз.

Жақын маңнан адамдардың дауысы, соққылары естілген болса, өзіңіздің бар екеніңіз туралы белгі беріңіз.

Қылмыскерлер басып алу кезіндегі әрекет

Кез-келген объект қылмыскерлердің басып алу орны бола алады. Туристерді тонап және кепілгер ретінде ұстаған оқиғалардың болғаны белгілі (автобустерде, ұшақтарда және туристикалық маршруттарда). Қылмыскерлер өздерінің саяси мақсаттарына жету немесе ақша өндіріп алулары мүмкін.

Барлық жағдайларда адам өмірі сауда құралына айналып, үнемі қауіп-қатерде болады.

Басып алу ылғи күтпеген жерден болады. Дегенмен, террорлық әрекеттерді ескерту және объектің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, қажетті шараларды іске асыру, сіздің объектіңізді басып алу мүмкіндігін біршама азайтады.

Кепілдік ретінде адамдарды ұстағанда маңызды:

Объектіде болып жатқан оқиға жайында, көп ұзартпай құқық қорғау органдарын хабардар ету;

Террористермен өз бетінше келісімге бармау;

Егер адамың өміріне қауіп төндірмейтін болса, қажет болған жағдайда лаңкестердің талаптарын орындау. Қылмыскерлерге қарсы келмеу, айналадағы адамдардың және өзіңнің өміріңе қауіп төндіретін әрекеттер істемеу;

Қылмыскерлерді қару қолдануға және адамды құрбан етуге алып баратын әрекеттер жасамау;

Объектіге ТЖК, құқық қорғау органдар қызметкерлерінің, жедел-жәрдем машиналарының кедергісіз кіруіне жағдайлар жасау;

ҰҚК, ІІБ арнайы бөлімшелерінің қызметкерлері келгенде, оларға оперативті әректтеріне араласпай, қажетті ақпаратты алуларына көмектесу.

Егер сізді кепілдікке ұстап алса

Ұстап алған уақыттан бастап, өз әректіңді бақылау және босанып шығуға мүмкін болар деген барлық заттарды назарға алу. Құтылуға деген ықтималдылықты жоғарылата отырып, өз эмоцияларыңды қолға алу және өзіңді орынды ұстау аса маңызды.

Орын ауыстыру кезіндегі барлық заттарды еске сақтауға тырысыңыз: уақыт және жүру жылдамдығы, көтерілу және түсу, үлкен бұрылыстар, бағдаршамда тоқтағандары, темір жол өткелдері, ерекше дыбытар.

Қамауда отырған жердің терезесін, есігін, баспалдақ, қабырға жапсырмаларының түсін, ерекше иістерді; дауыстарды, қылмыскерлердің сырт келбеті мен сөйлеу манерасын есте сақтап алыңыз.

Ең ұсақ байқалмайтын ақпараттың өзі сіздің босап шығуыңызға жәрдемдесуі және қылмыскерді ұстап, әшкерелеуге көмектесуі мүмкін.

Қылмыскерлердің ішінен таныс жүз көрген болсаңыз, байқамағандай, оларды танымайтындай болыңыз, ол өте қауіпті.

Терроршыларға артық сұрақ қоймаңыз және олардың көзіне тік қарамауға тырысыңыз.

Өзіңізге көңіл аудартпауға тырысыңыз, көзге түсетін,әшекей бұйымдарды шешіп тастаңыз.

Әйедерге зорлық көрсетуден сақтану үшін, аяғы мен кеудесін жасыруға тырысу керек және өз түр келбетін нашарға өзгерту маңызды, мысалға, әдейілеп былғанып қалу.

Қымтағышты тастап кетпеңіз,орныңыздан тұрмаңыз және қарулы адамдардың рұқсатынсыз жүрмеңіз.

Қызметкерлермен келісімге келіп жатқан адамға барлық жиналған ақпараттарды ыммен немесе жазбамен жеткізуге тырысыңыз. Абай болыңыз: сіздің әрекеттеріңізді қылмыскерлердің әшкерелеуінен, оның ақыры қатаң жазаға алып келеді. Қылмыскерелермен сөйлесу кезінде басты ереже оларға емес өзіңізге көмектесу болу керек.

Сізді ұрлағандағы қажет еткен затты білуді ақырындап, ойластырылған түрде сұраққа кіргізуге тырысу: талап етілетін ақшаның көлемі, басқада талаптардың орындалуы.

Қылмыскерлер жиі наркотикалық заттардың немесе алкогольді заттардың күшінде болатындарын есте тұтқаныңыз абзал.

Өзіңізге деген бұзақылардың көзқарасын жұмсартуға тырысыңыз, олардың ішінен біреуімен деке контактіге баруға тырысыңыз.

Тұтқынды психологиялық тұрғыда сындыру үшін, қылмыскерлер әрекетін шекаралайды, ақпарат алуын шектейді, аштықпен және сусыз қинайды, ұрып соғады, темекісінен айырады, сағатын тартып алады, және т.б.

Ұзақ уақыт тұтқында болғанда, психологиялық тұрақтылықты ұстап тұру, құтылуға деген үлкен мүмкіндік болып табылады.

Жағымсыз сезінулерге және уайымдауларға көңіл аудармау үшін, психиканы бақылауда ұстап тұру үшін, ойлаудың тұнықтығын сақтау және жағдайды адекватты бағалау үшін қолданған кез-келген әдіс пайдалы болып табылады:

Мүмкіндігіңізше жеке бас гигиенасын сақтануға тырысыңыз;

Шама келгенше физикалық жаттығулар жасау;

Аутотренинг және медитацияларды тәжірибеден өткізіп көріңіз

Ішіңізден оқыған кітаптарыңызды еске түсіріңіз, математикалық есептер шешіңіз, басқа тілдегі сөздерді есіңізге түсіріңіз;

Уақытты ескеруге тырысыңыз, күн мен түнді белгілеңіз (қылмыскерлердің белсенділігіне, дауыстарға, тамақтану уақытына қарай және т.б.)

Сізге қажеттілік тудыратын заттарды тастамаңыз (дәрі-дәрмек, қарындаш, көзілдірік және т.б.), ауыз судың аз мөлшерінде болса да артық алып қалу және егер сізді ұзаққа жалғыз қалдырса немесе тамақтандырмай қойған жағдайларға артық тамақ алып қалу.

Еш уақытта аман-есен шығуыңызға деген сеніміңізден үмітіңізді үзбеңіз.

Сіздің басты үш жауыңыз – қорқыныш, апатия, депрессия.

Дабылға дейінгі және кейінгі әрекет

Қылмыскерлер өлтіруге баруға дайын болған уақытта, қарудың көмегімен шарасыз дабыл болады.

Егер полиция немесе арнайы қызметтер сізді босатудың амалын жасап жатқаны белгілі болса, қылмыскерлерді берілуге көндіруге тырысыңыз, сонда олар жеңілдеу жазаға есептейді. Олардың өмірі сіздің өміріңізбен тығыз байланыста екенін түсіндіріп көріңіз.

Дабыл басталғанда немесе басталайын деп жатқанда өзіңіздің денеңізді оқтан қорғауға тырысыңыз. Ең дұрысы, терезе мен есіктен алыстау жерге екі бетіңізбен жату, есік пен терезенің сызығына қарама-қарсы емес.

Түтіндеу немесе газды шабуыл кезінде киімнің кез-келген бөлшегінің (сулап алыңыз)дымқыл жерімен дем алу.

Өрт болған жағдайда, өртенуден қашу үшін синтетикалық киімнен құтылыңыз.

Дабыл уақытында қозғалмаңыз.

Бұзақылардың қаруын қолыңызға алмаңыз, шабуыл кезінде қылмыскер деп түсініп сізге оқ жаудыруы мүмкін.

Қылмыскерлер дабыл кезінде тұтқындардың арасына тығылуы мүмкін.дабылдан кейін оны хабарлаңыз.

Қылмыскерлер мен тұтқындар ғимараттан шыққан кезде барлығына қолдарын бастарына қоюлары бұйырылады. Оған ашуланып, кенет қозғалыстар немесе өтініштер жасаудың қажеті жоқ.Тану үрдісі аяқталмайынша, сақтық шараларын сақтау қажетті.

Ары қарай құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, медициналық қызметкерлердің және психологиялық көмек көрсету мамандарының айтуы бойынша әрекет ету керек.

Химиялық және биологиялық лаңкестіктен қорғану шаралары

лаңкестік шабуылдардың жүзеге асуы кезінде, химиялық және биологиялық заттардың кең таралған түрлері болып табылады:

Химиялық заттар:

Токсикалық гербицидтер мен инсектицидтер,

Авариялық химиялық қауіпті заттар,

Улаушы заттар,

Психогенді және наркотикалық заттар;

Биологиялық агенттер:

Сібір ойығы, күлшешек, туляремия және т.б. сияқты қауіпті инфекциялық қоздырғыштар,

Өсімдік және жануар тектестердің табиғи улары және токсиндері.

Химиялық және биологиялық агенттерді қылмыстық қолдану жүзеге асады:

Тұрмыстық заттарды қолданумен (сөмкелер,дорбалар, түйішектер, жәшіктер, ойыншықтар, т.б.),адамдардың көп жиналған орындарында.

Су қоймаларымен (улау) жұқтыру,сумен қамтамасыздандыру жүйелерін химиялық қауіпті улармен ластау (улаушы заттар, цианидтер және т.б.)

Тағам өнімдер партиясын химиялық заттармен ластау (биологиялық агенттермен)

Инфекциялық аурулардың тасымалдаушыларын қолданумен (жәндіктер, кеміргіштер және жануарлар).

Химиялық заттардың қолданылуы деректерін орнатлған немесе анықталған кезде келесідей әрекетке көшу қажет: дүрбелеңге салынбау, қауіпті аймақтан кетіп қалу қажет;

Көшеде болғанда, қол заттарын, тыныс лау ағзаларын қорғау, зақымдану аумағынан тез шығу немес химиялық заттардың пайда болуынан шығу, ал мүмкіндігінше – баспаналарға қарай қашу;

Үйде болғанда, матамен жақсылап тықсырып жабу, дәкемен немесе жамылғымен, рау, жуынды содалық шайндамен немсе сумен шаю, есік пен терезелерді жуу, жылтатын құрылғыларды өшіру және кондифионерлерді өшіру, ТЖМ сөйлеген сөздерін тыңдау және олардың нұсқамасы бойынша әрекет ету.

Қоғамдық орында болған кезе (жұмыста, театрда, дүкенде, стандионда және т.б.) әкімшіліктің қатысты өзін ұстау тәртібін тыңда отырып қна әрекеттесу;

Эпидемиялық қауіп немсе биологиялық агенттің пайда болуы кезінде:

Қарым-қатынастарды барлық адамдармен максималды түрде қысқарту;

Қоғамдық орындарға қатынауды доғару;

Мүмкіндігінше үйден шықпауға тырысу;

Көшеге шығу, ашық алаңқйларда тек жек қорғаныс кезінде ғана жұмыс жасау;

Аурудың алғашқы белгілерінде дәрігерге қаралу;

Тағам мен суды тек Мемсанэпидқадағалау қызметі тексергеннен кейін пайдалану;

Барлық эпидемиологияға қарсы әс-шараларды қаатң түрде орындау.

Негізгі әдебиет:

Қосымша әдебиет:

Бақылау сұрақтары:

  1. Дін экстремизм?

  2. Тұнжырау (зомбтау)?

  3. Терроризмге тән сипаттар?

  4. Егер сізді кепілге алған жағдайда не істеу қажет?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]