- •2 Дәріс. «Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» пәні, мазмұны, мақсаты және шарттары. Түсініктер, анықтамалар, терминдер. Қауіптіліктер топтамасы. Төтенше жағдайлар туралы түсінік. Тж бағалау.
- •3 Дәріс. Адам және мекен ету ортасы. Табиғи қауіптер. Катастрофалар. Табиғи зіл-зала. Табиғи апаттар мен зіл-зала кезіндегі адамдардың әрекеттері.
- •4 Дәріс. Әлеуметтік қауіптер. Діни секталар. Сектанттардан өзін қалай сақтау қажет. Террористтік актілер. Адамдардың террористтермен қарым-қатынасы.
- •5 Дәріс. Медико-биологиялық қауіптіліктер. Салауатты өмір салты. XXI ғасырдың қауіпті аурулары: нашақорлық, темекі тарту, маскүнемдік, жжбжа, вич/спид, туберкулез және т.Б. Қауіпсіздік шаралары.
- •7 Дәріс. Радияциялық қауіп. Иондық сәулерлерден қорғану. Электромагниттік сәуле, түрі, бастауы. Қорғаныс амалдары.
- •8 Дәріс. Өндірістік шудан, дірілден қорғау. Ағзаға әсер ету.
- •9 Дәріс. Химиялық қауіп. Зиянды заттар. Зиянды заттардың жіктелуі, агрегатты жағдайы, адам ағзасына түсу жолдары. Қауіпсіздік шаралары.
- •3 Сурет
- •4 Сурет
- •10 Дәріс. Өрт және жарылыстар. Өндіріс пен тұрмыстық жағдайдағы өрт пен жаралыстардың алдын алу шаралары. Өрт пен жаралыс кезіндегі адамдардың іс-әрекеті.
1-дәрістің тақырыбы. Тіршілік қауіпсіздігінің теориялық негіздері. Негізгі түсініктер мен анықтамалар. «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәні, мазмұны, мақсаты және шарттары. Түсініктер, анықтамалар, терминдер.
Жер бетіндегі адамдардың саны 6 млрд еді, соңғы 40 жылда 2-есеге артып кетті. Дүниежүзілік шаруашылық іс-әрекеттерді қарқынды сипаттайтын энергия тұтыну жыл сайын 2 %-ға өсіп жатыр және ол 10-1112 ватт –қа жетті, ол дегеніміз табиғи құбылыстардың күштілігімен бірдей дегенді білдіреді. Қоршаған орта ластанып, қирауда. Жердің 9 млн. км.2 бөлігі жарамсыз болып қалған. XVII ғасырдың басында 6 млн. км.2 –ден көп орман жоғалған болатын. Топырақтың, гидросфераның және атмосфераның жағдайы мен ауа-райы да өзгеруде. Елдер мен құрлықтарда табиғи және техногенді катастрофаларына ұшырауда. Осы өзгерістердің масштабы өте ауқымды, олардың күштілігіне табиғат та адамзатта қарсы тұра алмайды.
XXI ғасырдың басты мәселесі антропогенді экологиялық апаттардан адамзатты қорғау мүмкін емес екендігі айқын болып тұр. Дамудың дәстүрлі типтері келешекте әртүрлі қауіптіліктерді арттырады, ал олардан қорғану тиімділігі төмендей бастады. Өркениеттің дамуында кейбір жақтары өзінің тиімсіз екендігін көрсете бастады; адамзат мәдениетінің тірі қалуына байланысты шешім қабылдайтын әртүрлі қауіптіліктерді арттыра бастады.
«Тіршілік қауіпсіздігінің» күнделікті қажеттілігіне материалдық әлем мен адамзаттың жағымсыз әсерлерден қорғану жағдайын жатқызуға болады. Осы түсініктерден тіршілік қауіпсіздігінің объектілеріне табиғат пен ұйымды жатқызуға болады.
Егер біз шындығында біздің әлемімізді максималды қауіпсіз етіп, тұрақтылығын арттырғымыз келсе, онда өзіміздің сана сезімімізді түбегейлі өзгертуіміз керек. Көптеген апаттар мен катастрофалар, ірі апаттарды қосқанда көбінесе «әлсіз звено» көздері тек техника мен апаттар ғана емес, адамдар себебші болады.
Қазіргі таңда өз болашағыңды екі –үш ұрпаққа емес, ұзақ мерзімге жобалау керек. Осы болашақты жасаудың маңызды бөлігі, өміріне төнген қауіп қатердің мүмкіндігін спектрін анықтау болып табылады.
«Қауіп» түсінігі «қауіпсіздік» категориясымен тығыз байланысты, нақты тарихи сипатта болады. Осы тұрғыдағы бізге белгілі тәжірибелер, ол бұрынғы жинақталғандары. Ол келесідей көрінуі мүмкін, мысалы мектеп партасынан белгілі физика заңдарында қалыптасқан механика, электрлік, молекулярлы және заттардың ядролық құрылымы облыстарында, басқа физика мен басқа да ғылым салаларынан байқалады. Өмірде әртүрлі заңдарды біле отырып, өзіне төнетін қауіптердің алдын –ала алады. Адам осы алған білімдерімен қауіптілікті басқарады, қауіптіліктен қашады.
Даму кезеңдерінде оазисті-аймақтарда 200- 300 жыл бұрынғы төнген қауіппен салыстырғанда артып кеткен, ал демографиялық жарылыс XIX-XX ғасырларда адамдар көптеген қауіп- қатерлерді тани бастады және оны басқаруды үйрене бастады.
Адамзаттың даму үрдісінде табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға жаңаша түрде және жаңа технологиялармен жауап беруге және алдын-алуға болады: жер сілкінісі кезінде адамдарды көшіру мен құрылыстағы инженерлік шешімдерді алуға болады; су басу кезінде –өзен арналарын тосқауылдармен реттеу, су басу жағдайында мониторниг жасау; эпидемияда-вакцинация, санитарлық ережелері - жер және жануарлар мәдениетін жасау және т.б. Бірақ қазіргі таңда, жаңа катастрофалар мәселелері туындай бастады, төнетін қауіп- қатер адам өзіне қолайлы ыңғайлы етіп жасаған технологиялардан туындап отыр. Осы жаңа қолдан жасалған апат қауіптері соншалықты артып кетті, сондықтан одан төнген қауіпті бір мемлекет өздігінен шеше алмай отыр.
ТЖ мен әлеуметтік дамудың арасындағы себеп-салдарды бекіту үшін, ТЖ, қауіпсіздік арасындағы өзара байланысты қарастырамыз.
Адамзаттың, ортаның, адамзатты қоршаған табиғи ортаның мүмкін ТЖ жағдайындағы қауіпсіздігі – жеке адамдардың, ұйымдардың, қоршаған табиғи ортаның табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ қауіпінен өте маңызды жақтарының қорғалғандығы.
Қауіптілік- белгілі бір жағдайларда (кездейсоқ немесе әдейілеп жасалынған сипатта) жағымсыз жайттардың (әскери, техникалық, табиғи, экономикалық немесе әлеуметтік қақтығыстар- апаттар, төтенше жағдайлар, эпизоотиялар, эпифитотиялар, эпидемиялар және т.б.) адамды қоршаған ортада жүзеге асыру мүмкіндігі. Қоршаған ортада сол қауіптердің туындауы жеке адамдарға, ұйымдарға, табиғатқа зиян келтіреді. Қауіптілік тек ТЖ потенциалды пайда болу мүмкіндігі кезінде сипатталады.
ТЖ сандық бағалау кезіне қауіптілікті жүзеге асыру мүмкіндігі ғана ескерілмейді, сонымен бірге қарастырылып отырған қауіптілік жүзеге асқан кезіндегі төнген қауіп-қатерге ұйымның әлсіздік дәрежесі де ескеріледі. Демек, төтенше жағдай әлсіздікке қауіптілікті көбейтіп, жүзеге асыру нәтижесінде туындайды.
Әлсіздік үш кезеңдік даму түрінде ұсынылуы мүмкін:
1. негізгі себептер; әлеуметтік-экономикалық тереңдетілген факторлары, олар жиналып, әлсіздікті сақтайды.
2. өсу қиындығы: әртүрлі қолайсыз жағдайлар жоғары қауіптілікпен байланысты жағымсыз факторларды тасмалдайтын үрдіс. Осы үрдістер дамудың жағымсыздығымен байланысты, мысалы ТЖ жоюға қажетті күштер мен құралдардың жоқтығы (халықтың өсуі, урбанизация, қоршаған ортаның жағдайының нашарлауы).
3. жоғары қауіп жағдайы: халық жоғары қауіп жағдайында өмір сүретін әлеуметтік және табиғи ортаның әлсіздігі.
Қауіп қатер деңгейі келесі компоненттермен анықталады:
- қауіптілікті жүзеге асыру мүмкіндігі мен жиілігімен немесе белгілігі бір уақыт аралағында оны жүзеге асыру жиілігімен;
- жеке адамзатқа, ұйымдарға, мемлекетке, экономикаға және табиғатқа келген қауіптілікті жүзеге асыру кезінде туындаған жағымсыз факторлардың мүмкін әсерлерімен негізделетін шығын көлемімен.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету концепциясы мен методологиясы экономикалық, әлеуметтік, технологиялық және басқа факторларды ескеру керек. Қауіптіліктерді анықтау кезінде кішігірім белгісіздіктер туындаса сандық бағалауда осы қауіптіліктерден келетін мүмкін шығындар артып кетуі мүмкін. Соңғы уақыттарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету облыстарында шешімдер қабылдауда ғылыми концепциялар мен методологияларға емес, тәжірибе жүзіндегі қолданылып жүрген қарапайым білімдерге сүйеніп шешімдер қабылданады.
Әсіресе қауіпсіздік теориясы дамудың белгілі бір мақсатына жету үшін бағытталған әртүрлі іс-әрекеттермен материалдық қорларды тиімді таратуда сандық негіздеу үшін аспабы болуы қажет. Қауіпсіздік теориясының объектісі ретінде, ғылыми пән ретінде, адам мен оны қоршаған ортаның арасындағы өзара жүйелі байланысты алуға болады-қауіптіліктен адамның туындаған қауіптен қорғану жағдайы.
Методология ретінде философиялық, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және басқа аспектілерді ескеруге мүмкіндік беретін жүйелік талдау әдісін қолдануды ұсынады.
Теорияның орталық бөлігі ретінде, қауіпсіздік критерийін функционал ретінде анықталатын, күтілген өмір сүру ұзақтығын алуға болады. Осы критерий ұзақ уақыт бөлігінде қауіпсіздікті қоса отырып, өмір шартын ескереді. Қазір кең қолданылатын критерийі-жасы бойынша өлім жиілігін бөлуден функционал ретінде анықталатын күтілген өмір сүру ұзақтығы.
Келешек ұрпақ үшін күтілетін өмір шартын және олардың демографиялық сипаттамаларын ескеруін қиындату. Қауіпсіздік теориясының принципиалды маңызды кезеңі, ол келесі ұрпақтың салмақтық мәнділігі. Қазір қоршаған ортадағы болып жатқан өзгерістер адамдардың келесі ұрпақтарының өмір сүру ұзақтығына қалай әсер ететіндігін ескеру маңызды болады. Қорғау объектісі ретінде сонымен бірге қоршаған орта объектісі, флора мен фауналар, табиғи және жасанды білім берушілерін алуға болады.
Қауіпсіздік проблемасы көп өлшемді. Біріншіден, өздерінің таралу мүмкіндіктері мен мүмкін шығын көлемдерімен көрінетін әртүрлі қауіпсіздік көздері. Екіншіден, өздерінің белігілі әсер ету түріне әлсіздік функциясы бойынша әртүрлі қорғаныс объектілері. Үшіншіден, қолайсыз оқиғаларды жоюдың әртүрлі шаралары, оладың алдын-алу әдістері, жеңілдету, жою және т.б. Мұндағы мәселе сол, адам бір мезгілде қауіпсіздік туындататын субъекті болады, сонымен қатар сол қауіптерге қарсы тұратын субъекті болады.
Негізгі әдебиеттер: 1 [50-75]
Қосымша әдебиеттер: 2[94-176]
Бақылау сұрақтары:
1.Тіршілік қауіпсіздігі дегенді қалай түсінуге болады?
2. Қауіптілік дегеніміз не?
3. Әлсіздік қалай болуы мүмкін?
4.Қауіпсіздік теориясындағы зерттеу объектісі не болады?
2 Дәріс. «Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» пәні, мазмұны, мақсаты және шарттары. Түсініктер, анықтамалар, терминдер. Қауіптіліктер топтамасы. Төтенше жағдайлар туралы түсінік. Тж бағалау.
Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету (ТҚҚ) — техносферамен адамның қауіпсіздігі жайлы өзара байланысы туралы ғылым, адамға төнген қауіптілікті және адамның кез-келген тіршілік ету ортасындағы қорғаныс әдістерін жасайтын, ғылыми білім облысы.
ТҚҚ үш оқу шартын шешеді: а) қауіптіліктерді идентификациялау (тану): қауіптіліктің түрі, кеңістіктік және уақыттық координаттары, шамасы, мүмкін шығыны, мүмкіндігі және т.б.; б) шығын мен пайданы салыстыру негізінде қауіптіліктерді топтау профилактикасы; в) қалдық қауіп-қатер концепциясымен сәйкес жекешеленген қауіптердің бір бөлігі жүзеге асуы мүмкін, демек, үшінші шарттар тобы –төтенше жағдайлардағы әрекеті.
ТҚҚ адам өз өмірінде қандай қиындықтар мен қауіптіліктер кездеседі соның бәрін қарастырады.
Демек: 1) ТҚҚ — адамзаттың жан-жақты дамуы кезіндегі жалпы білім беру жиындарындағы қажетті бөлігі болып табылады; 2) осы пән барлық мамандықтардың білім беру стандартына кіруі қажет және қандайда бір жеке адамдардың, ұйымдардың, мемлекеттің жеке ойына тәуелсіз болуы қажет.
Тіршілік қауіпсіздігін оқытудың мақсаты — сыртқы факторлар мен себептерден адамдардың өлімі мен жоғалымын төмендетуге бағытталған білімдерін қалыптастыру мен бағыт беру. Техносферада антропогендік, техногендік және өздігінен туындайтын сыртқы жағымсыз әсерлерден адамды қорғанысын қалыптастыру қажет. Адам қорғаныс объектісі болады.
ТҚҚ шарттар:
тану қауіптілігін топтау және қоршаған ортаның жағымсыз әсерлерін сандық бағалау;
адамға әсер ететін жағымсыз факторларды немесе әсерлерінің алдын-алу;
қауіптіліктен қорғаныс;
қауіпті және зиянды факторлардың әсерлерінің кері салдарын жою;
қалыпты, басқаша айтқанда адамның өмір сүруі үшін жайлы жағдай жасау.
Түсініктер, анықтамалар ТҚҚ терминдері.
Қауіпсіздік — қатты қауіп төнбеген қауіптіліктің пайда болу мүмкіндігі белігілі бір жағдайларда жойылуын айтамыз.
Іс-әрекеті — қоршаған ортаға белсенді қарым-қатынас жасаудың арнайы адамдық формасы, оның мазмұны мақсатқа сай өзгеруі мен түрленуі. Әрбір іс-әрекеттің мақсаты, күштері, құралдары, нәтижесі бар және сол үрдістің нәтижесі бар. Іс-әрекеттердің формасы әртүрлі. Олар өмірдегі жүріп жатқан тәжірибелік, инттелеллектуалдық, діни үрдістерді және жалпы, мәдени еңбектік, ғылыми, оқу сфераларын қамтиды.
Іс-әрекет шарттары— адамға әсер ететін қоршаған орта факторларының жиынтығы.
Денсаулық — қандайды бір аурулық өзгерістерінің жоқтығымен және қоршаған ортамен теңестірілгендігін сипаттайтын ағзаның табиғи күйі.
Қауіптіліктің идентификациясы— қауіптілік түрін тану үрдісі, мүмкін себептерін анықтау, кеңістіктік және уақыттық координаттарын, пайда болу мүмкіндігін, қауіптіліктің салдары мен шамасын тану үрдісі.
Қауіптілік — адам денсаулығына белгілі бір жағдайларда зиян келтіруге қабілетті құбылыс, үрдіс, объектілер, заттардың қасиеттері. Потенциальды — мүмкін, жабық (құпия).
Себебі — басқа бір себепті туындататын салдары деп аталатын оқиға.
Қауіп-қатер — қауіптіліктің сандық бағалануы. Бір оқиғадан екінші оқиға пайда болғанға дейінгі жиілігін анықтау сияқты, әдетте осы өлшемсіз шама 0-мен 1 аралығында жатады. Ол қолайлы әдістермен анықталуы мүмкін.
Денсаулығына зиян келтіру— бұл ауру, жарақаттану, соның салдарынан өліп кетуі немесе мүгедек болып қалуы мүмкін және т.б.
Қауіптіліктерді топтау.
Адамның денсаулығына және көңіл күйіне жағымсыз әсер етуге қабілетті әсерлер, қауіптілік деп аталады.
Қауіптілік – адамға және қоршаған ортаға, материалдық құндылықтарға зиян келтіруге қабілетті тірі және өлі материяның қасиеті.
Барлық қауіптіліктер пайда болу көздері бойынша (туындау) табиғи және антропогендік деп бөлінеді.
Табиғи қауіптіліктер биосферадағы стихиялық құбылыстары кезінде туындайды, мысалы су басу, жер сілкінісі, цунами және т.б., сонымен бірге климаттық жағдайы мен жергілікті жердің қабатымен негізделген. Адам денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін табиғи қауіптіліктерден табиғи қауіптіліктер пайда болады. Литосфералық (таулардың құлауы, тастардың құлауы) гидросфералық (су эрозиясы, селдер, тасулар), атмосфералық (жауын-шашын, қар басу), космостық (күн сәулесінің радиациясы). Осындай құбылыстардың жалпы заңдылығы келесідей: қарқындылығы жоғары болған сайын ондай құбылыстар аздау болады; әрбір қауіптілік түрінің белгілі себептері болады; белгілі кеңістіктік қауіптілік болады.
Антропогендік қауіптіліктер, көбінесе адамзаттың түрлендіруімен байланысты болады. Антропогендік қауіптілік көздері адамдардың өздері болады, сонымен бірге техникалық құралдар, ғимараттар, үймереттер-осының бәрі адам қолымен жасалған (техносфера элементтер). Антропогенді қауіптіліктерден келетін шығын, қауіпті аймақта техникалық құралдарды қолдану деңгейінен жоғары болады.
Қауіптіліктің ерекше тобына экологиялық және әлеуметтік қауіптерді жатқызуға болады. Әлеуметтік қауіптер– ол жалпы ортада таралған, адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді. Әлеуметтік қауіптер өзінің табиғаты бойынша байланысқан деп бөлінеді: адамға жүйкелік әсер етеді (бопсалау, ұрлық, алдау-арбау); денеге күш түсіру (ұрып-соғу, бандитизм, террор, зорлау, кепілдікке алу және т.б.); ағза мүшелеріне зақым келетін заттарды қолдану (ішімдік, анаша, шылым шегу және т.б.); әлеуметтік ауруларымен (спид, жұқпалы арулар); суицидтер (өзіне –өзі қол жұмсау). Жас шамасына қарай балаларға, жас өспірімдерге, әйелдерге, кәрі адамдарға бөлінеді. Ұйымдар бойынша кездейсоқ және ұйымдық, масштабы бойынша- жүйелі, аумақтық және глобальды деп бөлінеді. Өз негізінде осы қауіптіліктер ұйымдарда әлеуметтік –экономикалық үрдістерден туындайды. Олар адам табиғатының жетілдірілмегендігінен сипаты бойынша қарама-қайшы келеді. Олардың таралуына дүниежүзілік байланыстар, туризм және спорт кедергі келтіреді.
Экологиялық қауіптіліктерді күнделікті өмірдегі тікелей қауіптер ретінде қарастырамыз, олар адам денсаулығына, азық-түлікке, суға, ауаға, топыраққа кері әсерін тигізеді. Осы қауіптіліктер жоғары болған сайын, қоршаған орта адамның іс-әрекеттерімен ластана береді: пестицидтермен, ауыр металдармен, диоксиндермен, шаңмен, күйемен, гербицидтермен ластана береді.
Барлық жағдайларда кез-келген қауіптіліктен қорғанудың шаралары: қауіптілікті жою, қауіптілікті шектеу және рұқсат етілген шекті ұйымдық-техникалық шараларды жүргізуге бағытталған.
Төтенше жағдай туралы түсінік.
Адамның тіршілік қауіпсіздігінің мыңжылдық тәжірибесінде, кез-келген әрекет ету түрінде абсолютті қауіпсіздікке жету мүмкін емес. Демек, кез-келген іс-әрекет потенциалды қауіпті. 1–суретте адамның тіршілік қауіпсіздігі мен табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың өзара байланысы келтірілген.
1-сурет
«Төтенше жағдай» сөз тіркесі тіршілік қауіпсіздігін бұзуға келтіретін қауіпті оқиғаларды анықтайды.
Төтенше жағдай– белгілі территорияда апаттың, стихиялы жағдайдың немесе катастрофаның салдарынан туындаған, адамдардың өліміне алып келуі мүмкін, адам денсаулығына зиян келтіретін, қоршаған ортаға және шаруашылық объектілеріне зиян келтіретін, халықтың тіршілік қауіпсіздігі жағдайларын бұзатын және көптеген материалдық шығын келтіретін жағдай. Төтенше жағдайладың басты көрсеткіштері, деструктивті үрдістердің көрінуі және оларды қалыпқа келтіру үшін қосымша күштер мен құралдарды қажет ететін, әртүрлі шешімдер қабылдау керек. ТЖ негізіндегі ішкі және сыртқы себептері:
- ішкі: технологияның күрделілігі, қызметкердің біліктілігінің жетіспеушілігі, жобалы-құрылымдық жетіспеушілігі, жабдықтардың физикалық және моральды тозуы, еңбектік және технологиялық тәртіптің төменділігі және т.б.;
- сыртқы: стихиялық жағдайлар, кенеттен электр энергиясының, газдың, судың, технологиялық өнімдердің тоқтап қалуы, террорирзм, соғыс және т.б.
Әртүрлі сипаттағы ТЖ дамуы мен себебін талдау олардың жалпы түрін және даму кезеңдерін көрсетеді. Төтенше жағдайлардың дамуының бес түрге бөлуге болады:
- кері әсерлердің жиналуы (туындауы);
- даму кезеңі (қолдан жасау);
- экстремалды кезең (кульминация), мұнда энергияның негізгі бөлігі бөлінеді;
- өшу кезеңі (қалдық және қайта зақымдаушы факторлардың әсері);
- ТЖ салдарын жою.
Төтенше жағдайлар үш негізгі белгілерімен топталынады (8-кесте):
1. Пайда болу сферасы.
2. Ведомствалық белгісі бойынша.
3. Таралу масштабы бойынша.
1-кесте
Төтенше жағдайлар топтамасы
Ведомствалық белігісі бойынша
|
Пайда болу сферасы бойынша |
Таралу масштабы бойынша |
Қауіптіліктің таралу жылдамдығы бойынша
|
- құрылыс - өндіріс -тұрғын-коммуналды орта - көлік - ауылшаруашылығы - орман шаруашылығы - көліктік коммуникация |
- техногенді - табиғи сипатта - экологиялық сипатта - антропогендік сипатта - әлеуметтік
|
- объективті - жергілікті - аймақтық - глобальді |
-жылдам кенеттен таралатын қауіпті -орташа жылдамдықпен таралатын қауіпті - баяу таралатын жылдамдықпен |
Қазақстан Республикасы үшін жанартаулардың атқылауы, тайфундар, смерчтер, циклондар, табиғи торфтық өрттерден басқа, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың барлық түрі тән.
Төтенше жағдайды бағалау.
ТЖ көбінесе өндірістік апаттар мен катастрофалар кезінде де стихиялық және экологиялық жағдайлар кезінде кенеттен туындайды, мұнда шешім қабылдау қиындап, белгісіздік пайда болады, кішігірім экологиялық шығын келеді, адам шығындары болады және соның салдарынан эвакуациялық –құтқару жұмыстары мен осы апаттардың, катастрофалардың салдарын уақытша және материалдық шығындарды жоюға қажеттілік арта бастайды.
Қала территориясында және обылыстарда болған ТЖ факторларын тіркеуді, қалалық және обылыстық ТЖ Департаменттері жүргізеді, ал республикадағы ТЖ ҚР төтенше жағдайлар бойынша Министрілік жүргізеді.
Пайда болу сферасы бойынша төтенше жағдайлар келесілерге бөлінеді:
1) Техногенді ТЖ, соның ішінде:
- көліктік апаттар және жол-көліктік оқиғалар;
- өндірістік және тұрмыстық өрттер мен жарылыстар;
- өндірістік апаттар және қауіпсіздік ережесін бұзу;
- тіршілік қауіпсіздігі жүйесіндегі.
2) Табиғи сипаттағы ТЖ, соның ішінде:
- гидрометеорологиялық қауіпті құбылыстар;
- табиғи өрттер;
- қауіпті жұқпалы аурулар және адамдардың улануы;
- жануарлардың жаппай қауіпті аурумен улануы;
- өсімдіктерге жаппай зиянкестердің таралуы;
- 2 баллдан жоғары жер сілкінісі кезіндегі судағы оқиғалар.
Негізгі әдебиеттер: 2 [17-20]
Қосымша әдебиеттер: 2[9-17]
Бақылау сұрақтары:
1. Қауіптілік, қауіптілік түрлері?
2. ТЖ даму кезеңі қандай?
3. ТЖ қалай топталынады?
4. ҚР ТЖ тіркеу тәртібі қандай?
