- •1 Сабақ
- •Жұмыс жоспары:
- •«Сәлемдесу» (диалог)
- •Сәлемдесу және қоштасу мәдениеті
- •Сабақ 2
- •Жұмыс жоспары:
- •Қоштасудың түрлері
- •Сабақ 3
- •Жұмыс жоспары:
- •Мамандық әлемінде.
- •Сабақ 4
- •Жұмыс жоспары:
- •Анамның асыл қасиеті
- •Сабақ 5
- •Жұмыс жоспары:
- •Жыл мезгілдері
- •Жыл мезгілдері
- •Сабақ 6,7
- •Жұмыс жоспары:
- •Білім – байлығымыз.
- •Сабақ 8
- •Жұмыс жоспары:
- •Ұлы іс отаншылдықтан туады.
- •Отан туралы
- •Сабақ 9
- •Жұмыс жоспары:
- •Қоғамдағы отбасының қызметі
- •Сабақ 10
- •Жұмыс жоспары:
- •Жеке адам топ және ұжым
- •Қазақстан Республикасының ұлттық мерекелері.
- •Сабақ 11, 12
- •Жұмыс жоспары:
- •Қазақстан Республиксының рәміздері.
- •Сабақ 13
- •Жұмыс жоспары:
- •Сабақ 14
- •Жұмыс жоспары:
- •Адам және қоғам
- •Сабақ 17
- •Жұмыс жоспары:
- •Туыстық қарым – қатынас
- •Сөздік тапсырма
- •Сабақ 18
- •Жұмыс жоспары:
- •Қазақ тілі мемлекеттік тіл.
- •Сабақ 19
- •Жұмыс жоспары:
- •Қазақстанның ұлттық байлығы.
- •Сабақ 20
- •Жұмыс жоспары:
- •Сабақ 21
- •Жұмыс жоспары:
- •Экономикалық тәуелсіздік
- •Сабақ 22
- •Жұмыс жоспары:
- •Қазақ билері.
- •Қазыбек би
- •Әйтеке би
- •Сабақ 23
- •Жұмыс жоспары:
- •Қазақ батырлары
- •Қабанбай батыр
- •Бөгенбай батыр
- •Наурызбай батыр
- •Сабақ 24
- •Жұмыс жоспары:
- •Сабақ 25
- •Жұмыс жоспары:
- •Жабайы аңдар орысша- қазақша атауы
- •Сабақ 26
- •Жұмыс жоспары:
- •Қазақтың ұлы ақыны – Абай.
- •Сабақ 27
- •Жұмыс жоспары:
- •Ыбырай Алтынсарин
- •Сабақ 28
- •Жұмыс жоспары:
- •Сабақ 29
- •Жұмыс жоспары:
- •Мамандық
- •Алматы қаласы.
- •Сабақ 32
- •Жұмыс жоспары:
- •Біздің университет
- •Сабақ 33
- •Жұмыс жоспары:
- •Қазақстанның – Азия барысы
- •Сабақ 34
- •Жұмыс жоспары:
- •Сабақ 35
- •Жұмыс жоспары:
- •Сабақ 36
- •Жұмыс жоспары:
- •Дене мүшелері
- •Сөздік тапсырма
- •Сабақ 37
- •Жұмыс жоспары:
- •Сабақ 38
- •Жұмыс жоспары:
- •Адамның келбеті
- •Сабақ 39
- •Жұмыс жоспары:
- •Сабақ 40
- •Ұлттық теңге
- •Жұмыс жоспары:
- •Сабақ 41
- •Жұмыс жоспары:
- •Сабақ 42
- •Жұмыс жоспары:
- •16 Желтоқсан қр тәуелсіздік күні.
- •Бәрінен Отан сен қымбат.
- •Сабақ 43
- •Жұмыс жоспары:
- •Қазақстан көп ұлтты мемлекет.
- •Сабақ 44
- •Жұмыс жоспары:
- •Қарағанды көмірін кім тапқан?
- •Сабақ 45
Сабақ 3
Грамматикалық тақырыбы: Морфология. Сөз құрамы.Қосымша. Көптік жалғаулар.
Лексика: Мамандық таңдау жауапты - іс
Мақсаты: Оқуға, жазуға, ауыз екі сөйлеуге қалыптастыру. Лексикалық минимум мен грамматикалық тақырыпты меңгеру.
Жұмыс жоспары:
1.Грамматикалық мағынаны енгізу.
2.Жаңа сөздерді меңгеру.
3.Өтілген материалды бекіту.
4.Соған байланысты тапсырма, жаттығулар орындату.
Мамандық әлемінде.
Адам баласы өз өмірінде екі нәрседен қателеспеуі тиіс. Ол – мамандық таңдауда және өмірлік жар таңдауда.
Таңертең үйінен қуанып жұмысына баратын, кешке қуанып үйіне келетін адам - өмірінде ең бақытты жан.
(Даналық ойлардан)
Дүние жүзінде мамандықтың, кәсіптің түрі өте көп. Соңғы жылдардағы деректерге сүйенсек, 2000-ға жуық мамандықтың түрі бар көрінеді.
Әр мамандықтың өзіне тән ерекшелігі болады. Жақсы маман болу үшін көп оқу, іздену, еңбектену керек.
Инженер, дәрігер, мұғалім, ғалым, заңгер, экономист, журналист болу үшін өте көп оқып, көп нәрсе білу қажет. Жақсы жұмысшы, кенші, металлург, құрылысшы болу үшін өндірісте жұмыс істеу керек. Бақташы, сауыншы, егінші, тракторшы, шопан болу үшін ауылда жұмыс істеу керек.
Тапсырма
Менің сүйікті мамандығым (шағын әңгіме жазу).
Мамандық таңдау жауапты іс. (пікірталас)
Грамматикалық тақырыбы:
Морфология (биология) - ағзаның пішіні мен құрылымы туралы ғылым.
Морфология (гр. morf — түр, тұлға, logos — сөз, ілім) — дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын тексеретін, грамматикалық сөз тұлғалардың қызметі мен қалыптасу, даму заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының бір сапасы.
Сөз құрамы орыс. состав слова – сөздің сыртқы түр-тұрпаты. Тілдегі сөздер бір бүтін тұлға ретінде қаралғанмен, олар мағыналы бір не бірнеше бөлшектен құралуы мүмкін. Сөз құрамының ең негізгі бөлшегі – түбір. Сөз тудыратын, сөз жалғастыратын (байланыстыратын) қосымшалар түбірге қосылады. Мысалы, ек-ін, егін-ші, егін-шілік сөздері ек түбіріне жұрнақтар (-ін, -ші, -лік) жалғану арқылы жасалған. Ал бойжеткен сөзі екі түбірдің бірігуінен, бала-шаға сөзі түбірлердің қосарланып айтылуынан туған. Сөздер сыртқы тұлғасына (құрамына) қарай түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз болып бөлінеді. Сөз құрам ұғымына түбір сөзге жалғанатын жалғаулар жатады, бірақ бұлар сөз емес, сөздіңморфологиялық құрамының бөлшектері. Қазақ тілі сөздердің морфологиялық құрамына қарай жалғамалы тілдер тобына қосылады.
Қазақ тіліндегі қосымшалар
Түбір сөзге жалғанып, сөздің мағынасын өзгерту үшін немесе оған грамматикалық мағыналар үстеу үшін қолданылатын сөздің бөлігін қосымша дейміз. Қосымшаларда лексикалық мағына болмайды, сөзден бөлек қолданылмайды, дыбыстық варианттар болады. Мысалы: -нан, -нен,-лар, -лер, т.б.
Қосымшалар сөздің мағынасын өзгертудегі ерекшелігіне және атқаратын қызметттеріне қарай жалғау, жұрнак болып бөлінеді.
Жалғаудың түрлері. Көптік жалғау
Сөзге грамматикалык мағына үстейтін, сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз. Мысалы: Туыстарымызға қонаққа келдік. Мұндағы — тар жалғау сөзге көптік мағына берсе, -ға,-ка косымшалары сөз арасын байланыстырып тұр, ал-мыз косымшасы сөзге жақтық мағына үстейді.
Қазак тілінде 4 түрлі жалғау бар көптік, жіктік, септік, тәуелдік. Көптік жалғау -сөзге көптік мағына беретін жалғау.Ол көбінесе зат есімдерге, есімдіктерге жалғанады. Мысалы: қағаздар, орындықтар, осылар, біздер.
Кісі аттарына және туыстық атауларға жалғанған көптік жалғауы оларға жинақтау мағынасын береді. Мысалы: Айдарлар, апамдар,жездемдер.
Көптік жалғауы сын есімге, есімшеге жалғанғанда, олар заттық мағынада жұмсалады. Мысалы: үлкендер, жақсылар, келгендер. Санау мүмкін емес зат есімдерге көптік жалғауы жалғанбайды. Мысалы: су, ауа, шаш, тары
1 – тапсырма. Төмендегі сөздерді пайдалана отырып диалог құрыңыз:
Ат, есім, аты-жөні, танысу, қуаныш, қуану, мен, сен, сіз, ол -Таныс болайық. Сіздің атыңыз кім? Менің атым – Гүлнәр.Сіздің атыңыз кім? Менің атым – Ержан. Өте жақсы.Танысқаныма қуаныштымын.
2 – тапсырма. Ы және І артикуляциясындағы ерекшеліктерін түсіндіріңіз. Прочтите, объясните разницу в артикуляции Ы и І
Ыс – іс Ыл – іл Тыс – тіс Сыз – сіз Ызыл – ізсіз
3-тапсырма. Көптік жалғаулардың астын сызып, түбірін анықтаңыз.
Үлгі: мектептер - мектеп; балалар - бала;
Мектептер, балалар, адамдар, әжелер, әкелер, аналар, дәптерлер, перделер, есептер, әндер, жиендер, суреттер, плакаттар, карталар, шелектер, достар, немерелер, пәтерлер, мамандар, баяндамалар, талдаулар, самсалар, борлар, сендер, кемелер, әйелдер, еркектер.
4-тапсырма. Сөздерді қазақ тіліне аударып, көптік жалғауын жалғаңыздар.
Институт, вещь, гражданин, петух, билет, письмо, инструмент, ягода, лицо, собака, рисунок, голова, школа, студент, мяч, вино, память, мел, повар.
5– тапсырма. «Өзім туралы» тақырыбына шығарма жазыңыз.
Мына сұрақтар қамтылсын: -фамилияңыз, атыңыз, әкеңіздің аты кім?- туған жеріңіз қайда?, жасыңыз нешеде? -қайда оқып жүрсіз, нешінші курста?, қайда жұмыс істеп жүрсіз? -аға, апа, іні, қарындастарыңыз барма?-олардың жастары нешеде?-олар не істеп жүр?, ата-анаңыз не істеп жүр?
