- •1 Сабақ
- •Жұмыс жоспары:
- •«Сәлемдесу» (диалог)
- •Сәлемдесу және қоштасу мәдениеті
- •Сабақ 2
- •Жұмыс жоспары:
- •Қоштасудың түрлері
- •Сабақ 3
- •Жұмыс жоспары:
- •Мамандық әлемінде.
- •Сабақ 4
- •Жұмыс жоспары:
- •Анамның асыл қасиеті
- •Сабақ 5
- •Жұмыс жоспары:
- •Жыл мезгілдері
- •Жыл мезгілдері
- •Сабақ 6,7
- •Жұмыс жоспары:
- •Білім – байлығымыз.
- •Сабақ 8
- •Жұмыс жоспары:
- •Ұлы іс отаншылдықтан туады.
- •Отан туралы
- •Сабақ 9
- •Жұмыс жоспары:
- •Қоғамдағы отбасының қызметі
- •Сабақ 10
- •Жұмыс жоспары:
- •Жеке адам топ және ұжым
- •Қазақстан Республикасының ұлттық мерекелері.
- •Сабақ 11, 12
- •Жұмыс жоспары:
- •Қазақстан Республиксының рәміздері.
- •Сабақ 13
- •Жұмыс жоспары:
- •Сабақ 14
- •Жұмыс жоспары:
- •Адам және қоғам
- •Сабақ 17
- •Жұмыс жоспары:
- •Туыстық қарым – қатынас
- •Сөздік тапсырма
- •Сабақ 18
- •Жұмыс жоспары:
- •Қазақ тілі мемлекеттік тіл.
- •Сабақ 19
- •Жұмыс жоспары:
- •Қазақстанның ұлттық байлығы.
- •Сабақ 20
- •Жұмыс жоспары:
- •Сабақ 21
- •Жұмыс жоспары:
- •Экономикалық тәуелсіздік
- •Сабақ 22
- •Жұмыс жоспары:
- •Қазақ билері.
- •Қазыбек би
- •Әйтеке би
- •Сабақ 23
- •Жұмыс жоспары:
- •Қазақ батырлары
- •Қабанбай батыр
- •Бөгенбай батыр
- •Наурызбай батыр
- •Сабақ 24
- •Жұмыс жоспары:
- •Сабақ 25
- •Жұмыс жоспары:
- •Жабайы аңдар орысша- қазақша атауы
- •Сабақ 26
- •Жұмыс жоспары:
- •Қазақтың ұлы ақыны – Абай.
- •Сабақ 27
- •Жұмыс жоспары:
- •Ыбырай Алтынсарин
- •Сабақ 28
- •Жұмыс жоспары:
- •Сабақ 29
- •Жұмыс жоспары:
- •Мамандық
- •Алматы қаласы.
- •Сабақ 32
- •Жұмыс жоспары:
- •Біздің университет
- •Сабақ 33
- •Жұмыс жоспары:
- •Қазақстанның – Азия барысы
- •Сабақ 34
- •Жұмыс жоспары:
- •Сабақ 35
- •Жұмыс жоспары:
- •Сабақ 36
- •Жұмыс жоспары:
- •Дене мүшелері
- •Сөздік тапсырма
- •Сабақ 37
- •Жұмыс жоспары:
- •Сабақ 38
- •Жұмыс жоспары:
- •Адамның келбеті
- •Сабақ 39
- •Жұмыс жоспары:
- •Сабақ 40
- •Ұлттық теңге
- •Жұмыс жоспары:
- •Сабақ 41
- •Жұмыс жоспары:
- •Сабақ 42
- •Жұмыс жоспары:
- •16 Желтоқсан қр тәуелсіздік күні.
- •Бәрінен Отан сен қымбат.
- •Сабақ 43
- •Жұмыс жоспары:
- •Қазақстан көп ұлтты мемлекет.
- •Сабақ 44
- •Жұмыс жоспары:
- •Қарағанды көмірін кім тапқан?
- •Сабақ 45
Сабақ 18
Грамматикалық тақырыбы: Ауыспалы есімше.Өткен шақ есімше. Келер шақ есімше.
Лексикалық тақырып: Қазақ тілі мемлекеттік тіл.
Мақсаты: Оқуға, жазуға, ауыз екі сөйлеуге қалыптастыру. Лексикалық минимум мен грамматикалық тақырыпты меңгеру.
Жұмыс жоспары:
1.Грамматикалық мағынаны енгізу.
2.Жаңа сөздерді меңгеру.
3.Өтілген материалды бекіту.
4.Соған байланысты тапсырма, жаттығулар орындату.
Қазақ тілі мемлекеттік тіл.
Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі. Екінші сөзбен айтқанда, әр қазақ баласының ана тілі тболып саналады. Қазақтар тек қазақстан Республикасында ғана тұрмайтыны белгілі.Бүгінгі таңда өз республикамызда сегіз милоионнан астам, ал Ресейде, Өзбекстанда,Қырғызыстанда,Түркменияда,Моңғал Халық Республикасында және Қытайда, Германия мен Францияда, Түркия мен Австралия мен т.б республикаларда, шет елдерде 2 миллионнан асық қазақтар өмір сүріп, еңбек етеді.
Тілді қадірлеу, құрметтеу дұрыс сөйлеуден басталады. Жүйесін тауып айтылған сөз жүрекке жетіп, жүйкені босатады.Адам мәдениетінің алғы шарты – дұрыс сөйлей білу.Қазақ тілі бүгінгі күнде мемлекеттік тіл дәрежесіне қол жеткізді. Сондықтан әрбір Қазақстан азаматы өз елінің мемлекеттік тілін құрметтеуі сүюі, білуі, тиіс.Қазақстан Республикасының тіл туралы заңы қабылданып,1990 жылдың 1- шілдесінен бастап күшіне енді.Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті.„Мемлекеттік тілді игеру – Қазақстандық әрбір азаматтың ең басты ізгілікті борышы болуы қажет„ деген Елбасы Н.Ә.Назарбаев .тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.
Жаңа сабақты меңгеруге қажетті сөздік
Тіл туралы заң – Закон о языке
Ұлт тілдері – национальные языки
Дамыту – развивать
Мемлекеттік – государственный
Қолдану – употребить, использовать
Ресми – офицально
Шаралар- мероприятия
Ана тілі – родной язык
Емін – еркін – свободно
Грамматикалық материал:
Причастие переходное - ауыспалы шақ есімше образуется путем присоединения к деепричастию будущего времени на -а, -е, -й суффикса -тын, -тін. Ауыспалы осы шақ есімше в предложении перед существительными выступает в качестве определения и указывает, для чего предназначен данный предмет (определяемое слово) или занятие лица, а также совершаемое действие. Мысалы: ішетін су - питьевая вода, жазатын қағаз - писчая бумага.
Причастие предположительное – келер шақ есімше (болжалды есімше) образуется путем присоединения к основе глагола суффиксов: -ар, -ер, послеконечных согласных. В отрицательной форме суффиксы причастия -ар, -ер, -р заменяются суффиксом -е. Мысалы: атар - айтпас, возможно скажет - возможно не скажет; келер - келмес, возможно придет - возможно не придет.
Причастие долженствующее – өткен шақ есімше (міндетті есімше) образуется путем присоединения к основе глагола суффиксов: -ған, -ген, -қан, -кен после конечных гласных и звуков р, л, й;
1-тапсырма. Мына етістіктерге есімшенің ар/-ер- жұрнағының бірін қосыңыз.
Үлгі: сату- сат-ар-сың
Қыдыру, бату, пісу, кіру, шығу, жүргізу, сез, қону, шақыру, итеру, ұнау, беру, жабу, айту,секіру, сату,кездесу.
2-тапсырма. Мына сөйлемдерді ауыспалы өткен шаққа айналдырыңыз.
Үлгі: Біз мына үйде тұрдық. - Біз мына үйде тұратынбыз.
1.Біз мына үйде тұрдық. 2. Ксения сауда орталығынан керемет көйлек сатып алды. 3. Біздің пәтерімізде бұрын екі бөлме болды. 4. Менің қарындасым ауылға хат жіберді. 5. Біз таңертең денешынықтыру жаттығуларын орындадық. 6.Ауылда егіншілер егін екті. 7. Дана кітапханада жұмыс істеді. 8. Мұғалім бізге қазақ әдебиетінен сабақ берді. 9. Сауда үйінен мата алдым. 10. Кешке Әуезов атындағы театрға бардық.
3-тапсырма. Мына етістіктерге ауыспалы өткен шақтың жұрнақтарының бірін қосыңыз және оларды болымсыз түріне айналдырыңыз.
Үлгі: айту - айтатын - айтпайтын; ...
Айту, алу, сөйлесу, апару, ашу, әкелу, әңгімелеу, бару, билеу, жөндеу, болу, көну, ішу, деу, салу, білу, танысу, басу, көшіру, есептеу, тағу, дайындалу, егу, жазу, жабу, жуын, зерттеу, кету, тойлау, жату, көру, сөну, сезу, кіру, отыру, ұнату, қалу, үйрету, үйрену, қарау, куу, өшіру, қуану, жану, оқу, орналасу, өлшеу, сағыну, төгу, жүгірту, сөйлеу, табу, шабу, ұрысу, шөлдеу, ұялу, үндемеу.
4-тапсырма. Мына сөйлемдерді болымсыз түріне айналдырыңыз.
Үлгі: Сауда үйінен үйге қажетті заттарды алатынбыз. - Сауда үйінен үйге қажетті заттарды алмайтынбыз.
1. Сауда үйінен үйге қажетті заттарды алатынбыз. 2. Әжесі ауруханада көп емделетін. 3. Сәкен өткен жылы көп ауыр жұмыс істейтін. 4. Біз түнімен ұйықтайтынбыз. 5.Сіз үйден екіде шығатынсыз. 6.Сіз кітаптарды балаларға беретінсіз. 7. Жұмыс жексенбіде аяқталатын. 8. Сендер оқуды жақсы оқитынсыңдар. 9. Сен алтыда үйге келетінсің. 10. Әлия осы жаттығуды оңай орындайтын. 11. Сіздер тауда шаңғы тебетінсіздер.
5-тапсырма. Мына сөз тіркестерін оқып, орыс тіліне аударыңыз.
А) ақ шаш, ақ сүт, ақ нан, ақ қағаз, ақ қар, ақ ниет.
Ә) жас өсімдік, жас ет, жас мал, жас дәрігер, жас жүрек
Б) ұзын қарындаш, ұзын мойын, ұзын көйлек, ұзын құлақ.
В)ұзақ әңгіме, ұзақ жол, ұзақ жиналыс, ұзақ сөз, ұзақ сапар.
Г) жақсы бала, жақсы ниет, жақсы сурет, жақсы білім, жақсы үлгі.
Ғ) ыстық күн, ыстық кез, ыстық тамақ, ыстық су, ыстық сүт, ыстық жүрек
