Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2014-2015 оқу жылына әдістемелік жұмыс 1сем.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
243.36 Кб
Скачать

Сабақ 28

Грамматикалық тақырыбы: Есімдік. Есімдіктің сөйлемдегі қызметі. Есімдіктің мағынасына және құрамына қарай түрлері. Жіктеу есімдігі. Сілтеу есімдігі.

Мақсаты: Оқуға, жазуға, ауыз екі сөйлеуге қалыптастыру. Лексикалық минимум мен грамматикалық тақырыпты меңгеру.

Жұмыс жоспары:

1.Грамматикалық мағынаны енгізу.

2.Жаңа сөздерді меңгеру.

3.Өтілген материалды бекіту.

4.Соған байланысты тапсырма, жаттығулар орындату.

Грамматикалық материал:

Есімдіктер - заттың атын, сынын, санын, я олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы. Есімідіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады.

Есімдік (Местоимение) часть речи, которая указывает на предметы, лица, признаки, количество, способных заменить собой любое слово из именных частей речи.

Мағыналарына қарай есімдіктер мынадай топтарға бөлінеді: (По значению)

  1. жіктеу есімдіктер; (Личные)

  2. сілтеу есімдіктер; (Указательные)

  3. сұрау есімдіктер; (Вопросительные)

  4. өздік есімдіктер; (Возвратные)

  5. белгісіздік есімдіктер; (Неопределенные)

  6. болымсыздық есімдіктер; (Отрицательные)

  7. жалпылау есімдіктері; (Определенное)

Тұлғасына қарай (По способу образования)

1.Негізгі (Непроизводные)

2.Туынды (Производные)

Құрамына қарай (По составу)

1.Дара (Простые)

2.Күрделі (Сложные)

Жіктеу есімдіктеріне мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар деген сөздер жатады.

Жіктеу есімдіктері үнемі жақтық ұғыммен байланысты келеді. Сол себептен олар ылғи адаммен байланысты, демек, сөйлеуші, тыңдаушы және бөгде кісі деген ұғымдармен байланысты қолданылады.

Есімдіктердің де септеу жүйесі басқа есімдерімен негізінде бір ізді болғанымен, олардың әр тобына тән кейбір ерекшеліктері де жоқ емес. Мысалы, жіктеу есімдіктерінің жекеше түрлері төмендегінше септеледі:

Атау

мен

сен

ол

Ілік

менің

сенің

оның

Барыс

маған

саған

оған

Табыс

мені

сені

оны

Жатыс

менде

сенде

онда

Шығыс

менен

сенен

онан (одан)

Көмектес

менімен

сенімен

онымен

Бұл үлгіден, басқа есімдерге қарағанда, жіктеу есімдіктерінің ерекшелеу септелетіні көрінеді. Бірақ бұл ерекшелік олардың көпше түрлеріне және сіз деген есімдіктерде кездеспейді, соңғылар (сіз, біз, сендер, сіздер) септеу жағынан басқа есімдерге ұқсас келеді.

Сілтеу есімдіктеріне бұл, осы, сол, анау, мынау, сонау, осынау, ана, мына, сона, әні, міне деген сөздер жатады. Бұл есімдіктер негізінен алғанда, сілтеу, көрсету, нұсқау сияқты ишараттарды білдіріп, қай? қайсы? деген сұрауларға жауап беретін аттрибутивтік сөздер.

1-тапсырма. Көп нүктенің орнына есімдіктерді қойыңыз.

1. ... ата – анаңызбен тұрасыз ба? 2. ... ұшақпен ұштың ба? 4. ... көйлекті ... сатып алды. 5. ... шетел тілдері институтында оқимын, ал ... ? 6. ... сұра. 7. ... білмейді. 8. ... тағамдар дәмді екен. 9. ... әкелдің бе?

2-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді көшіріп жазып, есімдіктерді түріне қарай талдаңдар:

1. Қызмет бабында біреуге дауыс көтеру Дәнештің әдетінде жоқ еді. 2. Кейбіреулер оны қалайда осындағы бір мекемеге бастық болып кетеді десіп жүр. 3. Біз өмірдің барлық қызығын бірге өткізіп жүрміз. 4. Бұл өмірдің әлдебір қуанышы мен қайғысы өзіме ерсі емес. 5. Менің ұлым соның ағасымен бірге болыпты.

3-тапсырма. Мына есімдіктерді септеңдер.

Мен, ол, біз, сіздер, мынау, бұл;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]