Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2014-2015 оқу жылына әдістемелік жұмыс 1сем.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
243.36 Кб
Скачать

Сабақ 26

Грамматикалық тақырыбы: Ырықсыз етіс. Жұрнақтары.

Лексикалық тақырып: Қазақтың ұлы ақыны – Абай.

Мақсаты: Оқуға, жазуға, ауыз екі сөйлеуге қалыптастыру. Лексикалық минимум мен грамматикалық тақырыпты меңгеру.

Жұмыс жоспары:

1.Грамматикалық мағынаны енгізу.

2.Жаңа сөздерді меңгеру.

3.Өтілген материалды бекіту.

4.Соған байланысты тапсырма, жаттығулар орындату.

Қазақтың ұлы ақыны – Абай.

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай 1845 жылы Семей облысының абай ауданында туған.Абайдың әкесі өте қатал адам болса, шешесі Ұлжан Абайға қайырымды әкесі, тілге бай адам болған.Әжесі Зере мен анасы Ұлжан Абайға ертегілерді, аңыз әңгімелерді айтып, жақсы тәрбиелеп отырған.

Әкесі Құнанбай Абайды 9 жасында Сесмейдегі діни мектептке береді.Семейде жүргенде ол орыс тілін үйренуге тырысадыҮш ай орыс мектебінде оқиды.13 жасында Абайды әкесі бұл оқудан қайта шығарып алады.

Абай Пушкиді,Лермонтовты,Крыловты көп оқып, олардың шығармаларын қазақ тіліне аударады.Абай аударған Пушкиннің „Татьянаның әні„, Лермонтовтың „Қараңғы түнде тау қалғып„ деген өлеңдеріне ән де шығарады.

Абайдың „Болыс болдым мінекей „ , „Сегіз аяқ„ , „Интернатта оқып жүр„ деген өлеңдері болыс билерді қатты сынға алады.Ол қазақ халқын мәдениеті болуға, орыс халқынан үлгі алуға шақырады. Ол өзінің сөзінде:„Орыстың тілі – дүниенің кілті.Орыстың тілін білсең, көкірек, көзің шайдай ашылады„ - дейді.

Абай 1904 жылы қайтыс болды. Ол өз шығармаларының кітап болып басылғанын көре алмай кетті. Абай өлгенен кейін -1909 жылы Петербургте - „Қазақтың ақыны Ыбыраһим Құнанбайұлының өлеңдері„ деген атпен кітап болып шықты.

Абай шығармалары кеңес дәуірінде көп данамен әлденеше рет жарық көрді.Орыс тіліне, орыс тілінен шетел тілдеріне аударылды.Бұл күндері Абайды,оның шығармаларын дүние жүзі біледі.

Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов „абай жолы„ эпопеясын осы ақын өміріне арнады.Мұнда Абайдың кішкентай балалық шағынан үлкен азамат ақын дәрежесіне жетуін көрсеткен.

Республикамызда көптеген мекептер және көшелер Абай есімімен аталады. Абай атында қала, аудан бар.

Абай- қазақ халқының ұлы ақыны, композиторы және жазба әдебиетінің негізін қалаушы.

Сөздік

өте қатал – очень строгий дүниенің кілті – ключ к миру

кеңес дәуірі – советская эпоха қайрымды – добрый

дана – экземпляр мінезі жұмсақ – с мягким характером

әлденше рет – много раз діни – религозный

жарық көру – выйти в свет тырысу – стараться

арнау – посвящать болыс билер – волостные бии

дәреже – степень сынға алу – критиковать

сынға алу – критиковать есімі - имя

Тапсырма 1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз ,түсінік айтыңыз.

Тапсырма.Өлеңді жаттап алыңыз.

Ғылым таппай мақтанба

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашақ бол,

Адам болам десеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ-

Талап, еңбек, терең, ой,

Қанағат рақым, ойлап қой

Бес асыл іс көнсеңіз.

Грамматикалық материал:

Ырықсыз етіс дегеніміз іс-қимылдың орындаушысы айтылмай, іс-әрекет өздігінен жүзеге асқан сияқты қимылды білдіретін етісті айтамыз. Жұрнақтары: -ыл, (-іл, -л), -н, -ін. Мысалы: ас+ыл, кес+іл, есепте+л, көр+ін. Ағаш кесілді, Шығын есептелді. Үй тазаланды.

Ырықсыз етіс - Страдательный залог

Страдательный залог в казахском языке образуется при помощи суффиксов: -л, -ыл, -іл. И в русском, и в казахском языках он указывает на то, что предмет подвергается действию другого предмета или лица. Например: Бір аптадан кейін жұмыс аяқталады. - Через неделю работа будет закончена. Хат ауылға жіберілді. - Письмо отправлено в аул.

2-тапсырма. Ырықсыз етістің -ыл, -іл, -л жұрнақтарын қосыңыз.

Жуу, тию, шешу, кию, ойлау, қыру, буу, көру, сақтау, тарау, жағу, бағу, тазалау, ілу, салу, соғу, құшақтау, сату, қою, жабу, әңгімелесу, шақыру, жинау, сыпыру, соттау, істеу, шығару, жару, аудару, тексеру, жақындау, сөйлеу, тарау, есептеу, көру, іздеу.

3-тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттаңдар.

п/п

Қазақ тілінде

На казахском языке

Орыс тілінде

На русском языке

1

Ел ұлсыз болмас,

Жер гүлсіз болмас.

Нет земли без цветов, а народа без героев.

2

Батыр туса – ел ырысы,

Жаңбыр жауса – жер ырысы.

Дождь пойдет – земле счастье,

батыр родится – народу счастье.

3

Еліңді сүйсең, ерлік істейсің.

Любовь к родине героизм рождает.

4

Қылышты қорқақты

Сойылды батыр соғып алады.

Батыр с дубинкой труса с саблей одолеет.

5

Батырға оқ дарымайды

Батылға жау жоламайды.

Батыра пуля не берет, храброго враг сторонится.

6

Жауынгерге жара да жарасады.

Воина и раны красят.

7

Қаһарлы қамал бұзады.

Крепости покоряются отважным.

8

Малы жоқ деп, ерден түңілме.

Шөбі жоқ деп, жерден түңілме

Не отступайся от земли,

если и скудна она;

не отступайся от джигита,

если и беден он.

9

Ел үмітін ер ақтар,

Ер атағын ел сақтар.

Надежды народа джигит оправдает,

славу джигита народ оберегает.

10

Ер жігіт елі үшін туады,

Елі үшін өледі.

Герой рождается на счастье народу и умирает за народ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]