Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2014-2015 оқу жылына әдістемелік жұмыс 1сем.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
243.36 Кб
Скачать

Сабақ 22

Грамматикалық тақырыбы: Көмекші етістіктер

Лексика: Қазақтың билері

Мақсаты: Оқуға, жазуға, ауыз екі сөйлеуге қалыптастыру. Лексикалық минимум мен грамматикалық тақырыпты меңгеру.

Жұмыс жоспары:

1.Грамматикалық мағынаны енгізу.

2.Жаңа сөздерді меңгеру.

3.Өтілген материалды бекіту.

4.Соған байланысты тапсырма, жаттығулар орындату.

Қазақ билері.

Ертеде қазақ халқында билік айту деген дәстүр болған. Билер өздерінің бір ғана сөзімен даулы мәселелерді шешкен. Олар ерте заманда осы күнгі соттың да, тергеушінің де қызметін атқарған. Қазақ билер әділ және елге сыйлы болуға тиістері болатын. Өз әділдігімен елге танымал болған қазақтың атақты билері:

Төле би (1663 – 1756жж)

Қазыбек би (1674-1764 жж)

Әйтеке би (1644 – 1700жж).

Қазақ халқының бұл билері елді үш жүздің бірлігін сақтауға шақырады.

Төле би

(1663 – 1756)

Төле би – қазақ халқының қоғам қайраткері, атақты шешен. Төле би Әлібекұлы 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы Шу ауданының Жайсан жайлауында дүниеге келген. Төле би 15 жасында билікке араласып, әділдігімен, шешендігімен елге танылады. Орта жүздің аға биі Қазыбек, кіші жүздің биі, Әйтекемен бірге Әз Тәуке ханның кеңесшісі болып, «Жеті жарғы» әдет заңын шығарады. Төле би Ресей мен Ұлы жүздің арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастыруға және оны нығайтуға көп еңбек сіңірді.

Лауазында Төле би туралы тарихи аңыздар сақталған. Оның атымен байланысты толып жатқан нақыл, мәтел сөздер, билік кесімдер халық арасында кең тараған. Төле би өзі билік еткенде Шымкент, Түркістан, Ташкент қалаларына ғимараттар салу ісіне де араласқан. Төле бидің есімі үш жүздің ірі – ірі тарихи оқиғалармен байланысты болған. Төле бидің денесі 12 жыл бойы Ташкент қаласында жерленген. Онда Төле биге үлкен ескерткіш орнатылған. Алматыда оған арналған көше бар және Астанада оған ескерткіш орнатылған.

Қазыбек би

(1667 – 1764)

Қазыбек би Келдібекұлы – ХVІІ ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың алғашқы жартысындадағы қазақтың атақты биі. Руы – Арғын ішіндегі Қаракесек. Орта жүзге Қазыбек биді Тәуке хан тағайындаған. Ол «Жеті жарғыны» жасауға қатысқан. Қазыбек би қазақ хандарының ішкі және сыртқы саясатына едәуір ықпал жасап отырған. Қазыбек би ел арсында «Қаз дауысты Қазыбек би» атанған.

Сонымен, Қаз дауысты Қазыбек би – ең алдымен, асқан шешен әділ қазы, ақын, екіншіден ел басқарған, дау-жанжалды әділ шешкен әділ қазы; үшіншіден, ол – халықаралық дәрежедегі дипломат, қоғам қайраткері.

Міне сондықтан халқымыз оған ескертіш тұрғызып, оның атына көшелер беруде.

Әйтеке би

(1644-1700)

Әйтеке би (Айтық) Бәйбекұлы – Әбілқайыр ханға дейін кіші жүзді басқарған би, қазақтың атақты билерінің бірі. Әйтеке би кіші жүздегі Әлімұлы тайпасының Төртқара руынан шықан. Тәуке ханның тұсында қазақ хандығының аса көрнекті билерінің бірі болды. Әйтеке би «Жеті жарғыны» шығаруға зор үлес қосты.

Ол өте ақылды, шешен болған. Бір орталыққа бағынатын қазақ хандығын құруға ат салысты. Әйтеке бидің ел арасында кең тараған толғаулары, шағын әңгімелері өте көп.

Сөздік

би - бий представитель власти, судья ел аузында – на устах народа

билік айту – разрешать споры нақыл сөз – слова назидания

даулы – спорный тарау – рапротраняться

тергеуші – следователь саясат - политика

әділ – справедливый шарлар - меры

сыйлы – уважаемый дау -жагжал – раздор,спор

тиісті болу – должен быть көрнекті – видный

Тапсырма. Сөздіктерді пайдаланып сөйлем құрсатыр

Грамматикалық материал:

Көмекші етістік – толық лексикалық мағынасы жоқ, жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алмайтын, тек негізгі етістіктермен, есім сөздермен тіркесіп қолданылатын етістіктер. Қазақ тілінде 4 көмекші етістік бар: е (еді, екен, емес), жазда, ет, де (деді, деген, десе, дейді). Мысалы: Жаманға жүзің салма малды екен деп, жақсыдан күдер үзбе жарлы екен деп (ел аузынан).

1-тапсырма. Негізгі етістіктерді бір бөлек, көмекші етістіктерді бір бөлек топта.

Айт, жаздады, киінген, емес, көріп, деген, жайылды, екен, сөйлемеу,етіп, ойлан, едім.

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына көмекші етістікті қойыңыз.

1.Ермек бүгін театрда ән ... . 2.Неге жұмыс істемей ... , шаршап ... ба? 3. Біз дәрісханада сурет ... . 4. Аяқ киім аяғында тар ... . 5. Уақыт қанша болды? Сағатым тоқтап... . 6.Әлихан бұл баланы ермек ... . 7. Сен балаға көз ... . 8. Дұрыс, үялма, айта ... . 9. Қайда жүрсең де, аман ... . 10. Мына оқулықты оған бер ... .

3-тапсырма. Көп нүктенің орнына етістіктердің тиістісін қойып жазып,етістік түрлеріне ажыратыңыз.

... сөйлесең де, ... сөйле.

... егін, ... тегін.

Ұлық ...,кішік ... .

Көп ... , жоқ ... .

Керекті сөздер: болсаң, бол, жабылса, табылады, ексең, ішерсің, ойнап, ойлап.

4-тапсырма. Керексіз сөздерді атаңыз.

жазып - алу, тастау, жіберу, қою, көру, біту, беру, жасау, қалу, келу;

айта - беру, салу, көру, түсу, қою, алу, жаздау, жөнелу, кету, бастау;

ән- салу, айту, орындау, шақыру, бастау, жату, тыңдау, есту;

пайда - алу, кету, жасау, шығару, көрсету,көру, ету, қылу, табу, тию;

қол - алу, жұмсау, беру, бастау, қою, тию, босау, жету, жалғау, ұстасу;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]