Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2014-2015 оқу жылына әдістемелік жұмыс 1сем.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
243.36 Кб
Скачать

Сабақ 17

Грамматикалық тақырыбы: Есімше . Есімшенің сөйлемдегі қызметі. Есімшенің формалары. Өткен шақ есімше.

Лексика. «Туыстық атаулар».

Мақсаты: Оқуға, жазуға, ауыз екі сөйлеуге қалыптастыру. Лексикалық минимум мен грамматикалық тақырыпты меңгеру.

Жұмыс жоспары:

1.Грамматикалық мағынаны енгізу.

2.Жаңа сөздерді меңгеру.

3.Өтілген материалды бекіту.

4.Соған байланысты тапсырма, жаттығулар орындату.

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыздар.

Туыстық қарым – қатынас

Ата – бабаларымыз «адам адаммен бай», «кісі болар баланың кісіменен ісі бар, кісі болмас баланың кісіменен несі бар» деп адам арасындағы қарым қатынасқа зор мән берген.

«Жігіттің үш жұрты болады: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты» деген сөз туыстық қарым – қатынастың бағытын, орнын көрсетеді.

Қазақта қандас туыстық еркек тарапынан ғана жүргізіледі.

Қандас туыстыққа байланысты атаулар: өз елі бойынша – баба, ана, ата, әке, шеше, аға, іні, апа, қарындас, ұл, қыз, немере, шөбере, шөпшек, немене.

Жігіттің екінші жұрты – шешесінің елі жағынан, яғни нағашы жұрты. Нағашы жұртына қатысты туыстық – атаулар: нағашы ата, нағашы әже, нағашы аға, нағашы апа, нағашы іні, нағашы қарындас,жиен, жиеншар, туажат.

Жігіттің үшінші жұрты – қайын жұрты – әйелінің туыстары.

Екі елдің арасында қыз беріп, қыз алысса, құдалық қарым – қатынас, күйеуі мен қайын жұрт арасындағы қарым – қатынас пайда болады.

Сөздік тапсырма

әке - отец

шеше - мать

апа - старшая сестра, тетя

аға - старший брат, дядя

қарындас - младшая сестра по отношению к старшему брату

ата - дедушка

әже - бабушка

іні - младший брат

отбасы - семья

аты - жөні - фамилия, имя, отчество

туған жер - родина

Грамматикалық тақырып:

Есімше дегеніміз түбір етістік бола тұра, есімдерше түрленетін етістіктің түрі.

Есімшенің жасалуы:

1.Өткен шақ есімше: -қан, -кен, -ған, -ген. Мысалы: отыр +ған, тер +ген, жет + кен.

2.Келер шақ есімше: -ар, -ер, -р. Мысалы: ал+ар, сез+ер, сөйле+р т.б.

3.Ауыспалы шақ есімше: -атып, -етіп, -йтін, -йтын. Мысалы: қара + йтын, сұра+йтын, жүгір+етін т.б.

Причастие - это форма глагола, в которой совмещаются признаки двух частей речи - глагола и именного слова.

В казахском языке причастие выпускает не только в роли объекта, но и выполняет функцию определения и образует определи-тельное словосочетание, которые на русский язык переводится, как правило, придаточным определительным предложением.

Причастие прошедшего времении - өткен шақ есімше образуется путем присоединения к основе глагола суффиксов:

-ған, -ген после конечных гласных, звонких и сонорных звуков;

-қан, -кен после конечных глухих согласных звуков.

2-тапсырма. Мәтіннен туыстық атауларды теріп жазыңыз.

3-тапсырма. Мына етістіктерге есімшенің -ған, -ген, -қан, -кен жұрнағының бірін жалғаңыз.

Үлгі: айту - айт-қан "говорил", ...

Сөйлесу, апару, ашу, әкелу, әңгімелесу, бару, билеу, жөндеу, болу, көну, деу, білу, басу, көшіру, есептеу, ұялу, дайындалу, ұнату, жабу, жағу, жуыну, зерттеу, үйрету, қарау, қуу, өшіру, жану, оқу, орналастыру, өлшеу, өсу, тұру, үйлену, үндемеу, тамақтану.

4-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті етістікті қойып жазыңыз.

1.Менің әкем өткен аптада демалысқа ... . 2. Сәбит кеше мұғалімге ... . 3. Біз қазақ тілін мектепте ... . 4.Біз Италияға ұшақпен ... . 5. Сен сабаққа жаңа костюм ... . 6.Берік таңертең дене шынықтыру жаттығуларын ... . 7.Менің інім былтыр университетті ... . 8. Біз өткен жексенбіде қонақ ... .

Керекті сөздер: шақыру, шығу, бітіру, көмектесу, орындау, оқу, кию, ұшу.

5-тапсырма. Болымсыз етістіктерге айналдырыңыз.

Үлгі: келгенбіз - келген жоқпыз, келген емеспіз;

Келгенбіз, үйреткен, барғансыңдар, сөйлескенмін, бітіргенсіз, бергенбіз, үйренгенсіздер, ойнағансыңдар, оқығанбыз, жеген, кигенмін, ішкенсіңдер, қашқан, ұйықтағанмын, ұмытқан, білгенсің.

6-тапсырма. «Менің отбасым» тақырыбына шығарма жаз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]