Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2014-2015 оқу жылына әдістемелік жұмыс 1сем.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
243.36 Кб
Скачать

Сабақ 13

Грамматикалық тақырыбы: Етістіктің райлары. Шартты рай. Шартты райдың сөйлемдегі қызметі.

Мақсаты: Оқуға, жазуға, ауыз екі сөйлеуге қалыптастыру. Лексикалық минимум мен грамматикалық тақырыпты меңгеру.

Жұмыс жоспары:

1.Грамматикалық мағынаны енгізу.

2.Жаңа сөздерді меңгеру.

3.Өтілген материалды бекіту.

4.Соған байланысты тапсырма, жаттығулар орындату.

Грамматикалық материал:

Етістіктің райлары сөйлеушінің, істі орындаушының іс-әрекетке деген көзқарасын, ниетін білдіреді. Етістіктер ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай деп бөлінеді.

Шартты рай іс-әрекеттің болу, болмау шартын білдіреді. Ол етістіктің түбіріне –са, -се жұрнағы жалғану арқылы жасалады: барса, келсе, жыртса, ексе, төксе.

Шартты рай образуется путем присоединения к основе глагола суффиксов -са, -се и окончаний принадлежности для І лица.

1-тапсырма. Шартты рай -са, -се жұрнағын жалғаңыз.

Оқы, кел, шық, бар, кет, тамаша, көр, айту, көру, жабу, тігу, шығу, сөйлеу, сыпыру, іздеу, ұйықтау.

2- жаттығу. Сөйлемдерді үлгі бойынша аяқтаңыз.

Үлгі: Мен күлсем, ол ... . - Мен күлсем, ол да күледі.

1.Мен күлсем, ол ... . 2.Біз ойнасақ, сендер ... . 3. Сендер теледидар көрсеңдер, біз ... . 4. Ол ұйықтамаса, сен ... . 5. Олар дүкенге барса, ол ... . 6. Сіздер таксиге мінсеңіздер, мен ... . 7. Сен жүгірсең, олар ... .

3-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

а) 1. Оспан келсе, ... . 2. Жомарт айтпаса, ... . 3. Мен тұрсам, ... . 4.Сендер жазсаңдар, ... . 5. Олар жүгірсе, ... . 6. Біз кетсек, ... . 7. Сіз телефон соқсаңыз, ... . 8. Данияр емделсе, ... .

ә) 1. ..., мен барамын. 2. ... , сен де ал. 3. ... , олар да жазсын. 4. ... , біз демаламыз. 5. ... , жазыламыз. 6. ... , көреміз. 7. ... , айтыңдар. 8. ... , шай ішеміз.

3-сырма. Орыс тіліне аударыңыз.

Біз студентпіз. Мен инженермін. Олар дүкенде. Сендер оқушысыңдар. Біз кезекте біріншіміз. Мен оқутышымын. Сіздер бүгін үйдесіздер. Сендер жалқаусыңдар. Дариға - филолог. Сіз орыссыз. Олар үлкен. Мен қазақпын. Біз американдықтармыз. Сіз қаталсыз. Сіздер ауылдассыздар.

4-тапсырма. Төмендегі сөздерді шартты райға айналдырыңыз, орыс тіліне аударыңыз.

Айту, келу, жабу, шығу, сөйлеу, ішу, ұйықтау, босау, жеңу.

СӨЖ - тапсырма. Шартты райды сөйлемде қолданып, ойын дұрыс жазу.

Сабақ 14

Грамматикалық тақырыбы: Бұйрық рай. Бұйрық райдың сөйлемдегі қызметі.

Лексика: Адам және қоғам.

Мақсаты: Оқуға, жазуға, ауыз екі сөйлеуге қалыптастыру. Лексикалық минимум мен грамматикалық тақырыпты меңгеру.

Жұмыс жоспары:

1.Грамматикалық мағынаны енгізу.

2.Жаңа сөздерді меңгеру.

3.Өтілген материалды бекіту.

4.Соған байланысты тапсырма, жаттығулар орындату.

Адам және қоғам

Үлгі: Заң өзіне ұнамаса да, оның талаптарын орындайды, заңға бағынады. Бұл кісі білімді адам.

1. Қашан кедессең де әзіл айтып, айналасындағыларды қуанышқа бөлеп жүреді. Бұл кісі ... . 2. Сауаттылық деңгейі мен ой-өрісі талапқа сай келмесе де қызметке таласқыш. Мұның жолында ар-ұятты да таптап кетеді. Бұл кісі ... . 3. Өз ойын дұрыстап, басқалардың пікірін тыңдамайды. Себебі өзін үнемі дұрыс айтамын деп ойлайды. Бұл кісі ... . 4. Бастығы өте мазасыз болса да оның айтқанын тыңдап, барлығын жасайды. Бұл кісі ... . 5. Ол аса мәдениетті, көп оқыған. Сондықтан қиын мәселелердің шешімін оңай таба алады. Бұл кісі ... . 6. Үнемі қағаз ақтарып, бір нәрсені түртіп, жазып отырады. Бұл кісі ... . 7. Басқа адамдардың ойын тыңдап бағалай біледі. Бұл кісі ... .

Тапсырма:

  1. Адамның қоғамдағы рөлі (дөңгелек үстел)

  2. Адам мен қоғамның байланысы (диалог құрастыру)

Грамматикалық материал:

Бұйрық рай сөйлеушінің біреуге бұйырып айтқанын білдіреді. Мысалы: Сен кел, сен жаз, т.б.

Глаголы в форме бұйрық рай выражают приказание, просьбу, пожелание, призыв.

Основная форма бұйрық рай - это форма ІІ лица единственного числа, она совпадает с основой глагола. Например: Сен кел - Ты приди. Сен жаз - Ты пиши.

Единственное число

Множественное число

1 лицо

Йын / йін (айын/ейін)

Йық/ йін (айық/ейік)

2 лицо

Ңыз /ңіз (ыңыз/іңіз)

Ңдар/ңдер (ыңдар/іңдер)

3 лицо

Сың/сің

1-тапсырма. Бұйрық райдың І жағына қойып жазыңыз.

Үлгі: жаз - жазайын "давай напишу"

Жаз, жатта, тазала, іл, же, оқы, жат, айт, жу, отыр, біл, таныс, бар, кел, әкел, апар, қой, жақ, кір, іш, істе, пісір, оқыт, аш, көр, ал, тоқта, бер, сана, бол, ізде, тос, ойна, ойла, де, сал, шық.

2-тапсырма. Бұйрық райдың ІІ жаққа (спайы түрі) қойып жазыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.

Үлгі: Же - жеңіз "кушайте, ешьте"

Же, тазала, іл, оқыт, аш, көр, ал, тоқта, бер, сана, бол, ізде, тос, ойна, ойла, де, сал, шық, жатта, тазала.

3-тапсырма. Бұйрық райдың ІІ жаққа (жай түрі) қойып жазыңыз.Орыс тіліне аударыңыз.

Үлгі: Же - жеңдер "кушайте, ешьте"

Же, тазала, іл, оқыт, аш, көр, ал, тоқта, бер, сана, бол, ізде, тос, ойна, ойла, де, сал, шық, жатта, тазала.

4-тапсырма. Бұйрық райдың ІІІ жаққа қойып жазыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.

Үлгі: Жу - жусын "пусть помоет, помоют"

Жу, тазала, іл, оқыт, аш, көр, ал, тоқта, бер, сана, бол, ізде, тос, ойна, ойла, де, сал, шық, жатта, тазала.

Сабақ 15

Шептік бақылау

Сабақ 16

Грамматикалық тақырыбы: Қалау рай. Қалау райдың сөйлемдегі қызметі. Жасалу жолдары.

Лексика: Студент болашақ басшы, мемлекет қайраткері.

Мақсаты: Оқуға, жазуға, ауыз екі сөйлеуге қалыптастыру. Лексикалық минимум мен грамматикалық тақырыпты меңгеру.

Жұмыс жоспары:

1.Грамматикалық мағынаны енгізу.

2.Жаңа сөздерді меңгеру.

3.Өтілген материалды бекіту.

4.Соған байланысты тапсырма, жаттығулар орындату.

Студент - болашақ басшы, мемлекет қайраткері.

Біздің қоғамның болашағы жастарда. Олардың дұрыс білім алуы мен тәрбиесі аға буын өкілдеріне жүктеледі. Олай дейтініміз, олар болашақ қоғам азаматтарын біліммен сусындатып, нағыз маман иесі атануына өз септігін тигізеді. Яғни, қоғам алдында үлкен жауапкершілік алады.

Студент жастар ертеңгі басшылар, мемлекет қайраткерлері. Сондықтан университет қабырғасынан бастап оларға оң жолдарды сілтеген абзал.

Қазіргі және бұрынғы басшыларымыздың өздері де жас кезінде мәнерлі тәрбие биік білім алған азаматтар. Сондықтан қазіргі студент жастар ертеңгі еліміздің болашағы.

Тапсырма:

  1. Студент - болашақ басшы тақырыбына презентация даярлау.

  2. Мемлекеттік қайраткерлері жайлы түсінік беру.

Грамматикалық материал:

Желательное наклонение (қалау рай) выражает желание, намерение говорящего и образуется путем прибавления к корню глагола суффиксов -ғы, -гі, -қы, -кі затем следуют личные окончания глагола и вспомогательные глаголы келеді для будущего переходного времени, келді для прошедшего времени и келіп отыр для настоящего времени. Например:

Мен театрға барғым келеді. "Мне хочется пойти в театр (жалпы айтылған)".

Менің театрға барғым келіп отыр."Мне хочется пойти в театр (қазір айтылған)".

Менің театрға барғаым келеді. "Мне хотелось пойти в театр"

Спряжение глагола жазу в желательном наклонении

Жекеше түрі

Көпше түрі

І. Менің хат жаз-ғы-м келеді.

І. Біздің хат жаз-ғы-мыз келеді.

ІІ.Сенің хат жаз-ғы-ң келеді.

Сіздің хат жаз-ғы-ңыз келеді.

ІІ. Сендердің хат жаз-ғы-ң келеді.

Сіздердің хат жаз-ғы-ңыз келеді.

ІІІ. Оның хат жаз-ғы-сы келеді.

ІІІ. Олардың хат жаз-ғы-сы келеді.

1-тапсырма. Мына етістіктерді тиісті рай формасына қойыңдар (шартты, қалау, бұйрық рай).

1. Егер мен базарға (бару), мен көкөніс сатып аламын.

2. Ол Лингвистикалық колледжде оқиды, өйткені оның аудармашы (болу) келеді.

3. Сендер кітапханаға барып, кітап (әкелу)!

4. Ертең күн суық (болу), мен жылы киінемін.

5. Жүріңдер, киноға (бару).

2-тапсырма. Мына етістіктерге -қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақтарын қосып жазыңыз.

Оқу, үйрену, шығу, алу, сөйлесу, апару, әкелу, ілу, әңгімелеу, өсу, бару, жөндеу, көну, салу, білу, танысу, басу, көшіру, есептеу, дайындалу, егу, жабу, зерттеу, кету, тойлау, жату, көру, үйлену, сезу, кіру, отыру, билеу, қалу, қарау, сағыну, шөлдеу, ұялу, жағу, іздеу, беру, істеу, тексеру, ұялу.

3- тапсырма. Мына сөйлемдерді оқыңыз. Орыс тіліне аударыңыз. Қалау райдың жасалуына назар аударыңыз.

1.Мен үйде жатқым келеді. Сенің диванда жатқың келеді. Сіздің төсекте жатқыңыз келеді. Оның жерде жатқысы келеді. 2.Менің шай ішкім келеді. Сенің шырын ішкің келеді. Сіздің су ішкіңіз келеді. Оның кофе ішкісі келеді. 3. Менің театрға барғым келіп отыр. Сенің үйге барғың келіп отыр. Сенің тауға барғыңыз келіп отыр. Оның спорт кешеніне барғысы келіп отыр.

4-тапсырма. Төмендегі етістіктерден қалау рай жұрнақтарын жалғап сөйлем құраңыз.

Отыру, тұру, жіберу, қарау, сөйлеу, демалу, ән салу, жату, кету, оқу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]