Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2014-2015 оқу жылына әдістемелік жұмыс 1сем.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
243.36 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Мирас» университеті

«Қазақ және орыс тілдері» кафедрасы

"Бекітемін"

Ректор

_________А.С.Ажидинов

«___»__________2014ж.

«Қазақ тілі» пәні бойынша

күндізгі және кешкі оқу формасындағы

барлық мамандықтарға

арналған практикалық сабақтар

Шымкент 2014

УДК 335.15

ББК 28.073 я 7

Құрастырған: аға оқытушы Сейткеримова К.С.

« Қазақ тілі» пәні бойынша күндізгі және сыртқы оқу формасындағы мамандығының студенттеріне арналған практикалық сабақтары.

Шымкент: «Мирас» Университеті, 2014ж.

Әдістемелік нұсқау оқу жоспары талаптарына және пән бағдарламасына сәйкес құрастырылған және курстың практикалық сабақтардың тақырыптарын орындауға қажетті барлық мәліметтер қамтылған.

« Қазақ тілі» пәнінен әдістемелік нұақау барлық мамандықтарына арналған. Мирас университетінің ішкі пайдалануына арналған.

Рецензент: Танабаева Г.Ө.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде («05 » 12 2014 ж. Хаттама №5 )

Және Факультет әдістемелік комиссиясы («29 » 12 2014 ж. Хаттама №3 )

«Мирас» университетінің әдістемелік Кеңесі баспаға ұсынған

(« 30 » 12 2014 ж. Хаттама №3 )

«Мирас» университетінің Әдістемелік Кеңесінің

хатшысы ------------------- Гак Г.В.

1 Сабақ

Грамматикалық тақырыбы: Кіріспе сабақ. Қазақ тілінің грамматикалық және дыбыстық жүйесі. Фонетика. Әліпби. Дыбыс және әріп. Дауысты дыбыстар. Дауысты дыбыстардың үндестігі. Дауыссыз дыбыстар. Дауыссыз дыбыстардың жуан және жіңішке болып айтылуы.

Лексика: «Сәлемдесу» (диалог)

Мақсаты: Оқуға, жазуға, ауыз екі сөйлеуге қалыптастыру. Лексикалық минимум мен грамматикалық тақырыпты меңгеру.

Жұмыс жоспары:

1.Грамматикалық мағынаны енгізу.

2.Жаңа сөздерді меңгеру.

3.Өтілген материалды бекіту.

4.Соған байланысты тапсырма, жаттығулар орындату.

«Сәлемдесу» (диалог)

Әйгерім: Сәлеметсің бе, Қайрат!

Қайрат: Сәлеметсің бе, Әйгерім!

Әйгерім: Сені көргеніме қуаныштымын.

Қайрат: Мен де. Жағдайың қалай?

Әйгерім: Жақсы. Рахмет.

Қайрат: Қайда барасың?

Әйгерім: Алматыға барамын.

Қайрат: Жолың болсын! Кездескенше сау – сәлемет бол!

Әйгерім: Көріскенше, аман бол.

Төмендегі берілген сөздерді есіңе сақта.

Әдептен озбайық

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Қайырлы кеш! Қайырлы түн!

  • Сәлеметсің бе? Сәлем

  • Амансыз ба, әже?

  • Есен – сау жүрсіз бе?

  • Ассалаумағалейкум, ата?

  • Жолың болсын!

  • Сау бол! Аман бол! Қош бол!

  • Кездескенше, сау – сәлемет бол!

  • Көріскенше күн жақсы.

Сәлемдесу және қоштасу мәдениеті

1. Әдеп, адамшылық – амандасудан басталады.

2. Әр халықтың амандасу салттары әр түрлі болып келеді

3. Барлық мұсылман елдерінде амандық салты «Ассалаумағалейкум» деген сөзден басталады.

4. Ол жақсы тілек: «Сізге Алланың нұры жаусын!» деген сөз.

5. Қарсы жақ та дауысын шығарып, «Уағалейкум ассалам» деп қол алысады.

6. Бұл «Сізге де Алланың нұры жаусын» дегенді білдіреді.

7. Егер жас адам жасы, жолы үлкен адамға жол үстінде кездессе, жас адам сәлем беріп, амандасуға тиіс.

8. Ауылдың бір адамы ұзақ сапардан оралса, мейлі ол жас болсын, оған ел адамдары барып амандасады.

9. Сырттан үйге кірген адам, жасы кіші кісі, сырқат, мүгедекке қатысты алғанда дені сау адам, әйелге ер адам алдымен сәлем береді.

10. Телефон соққан адам алдымен сәлемдесіп алып, одан кейін барып, өзін таныстырып , шаруасын айтады.

11. Үйдегі балалар, жасөспірім ұлдар мен жастар таңертең ұйқыдан тұрған соң ата – анасы, отбасы мүшелеріне, қонақтарға сәлем береді.

12. Қазақ халқының амандасу салты – мазмұны жағынан өте бай, ол жастарды кішіпейілдікке, сыйласымдылыққа баулуды мақсат еткен ата дәстүр.

Грамматикалық материал

Фонетика – тілдегі дыбыстар жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Фонетика (гректің фоне – дыбыс деген мағынаны білдіретін сөзінен алынған) – тіл дыбыстарының жүйесін, жасалуы мен ерекшеліктерін, дыбыстардың жіктелуін, жазылу емлесін, дыбыстардың заңдылықтарын, үндесуін, буын түрлері мен құрамын, тасымал, екпін, орфография мен орфоэпия жайлы заңдылықтарды зерттейді.

Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Қазақ тілінде 42 әріп, 38 дыбыс бар. Қазақ тіліндегі дыбыстар дауыс қатынасына қарай үлкен екі топқа бөлінеді: дауысты және дауыссыз дыбыстар. Қазақ тілінде 12 (а,ә,о,ө,ү,ұ,ы,і,е,и,у,э) дауысты, 25 (б,п,в,ф,д,т,г,ғ,с,ж,з,ш,щ,ч,ц,н,ң,м,к,қ,л,р,у,х,й,һ) дауыссыз бар.

Дауысты дыбыстар: (Гласные звуки в казахском языке) 

Дауысты дыбыстар түрлері Виды гласных звуков

Тілдің қатынасына қарай По подъему языка

Жақтың қатынасына қарай По положению челюсти

Еріннің қатынасына қарай По участию губ

жуан твердые

жіңішке мягкие

ашық открытые

қысаң сжатые

еріндік губные

езулік нелабиализованные

а,о,ы,ұ,э,у

ә,ө,і,ү,е,и

а,ә,е,о,ө,э

ы,и,і,у,ұ,ү

о,ө,у,ұ,ү

а,ә,е,э,ы,і,и

Дауыссыз дыбыстар: (Согласные звуки в казахском языке) 

Дауыссыз дыбыстар түрлері Виды согласных звуков

Ұяң Звонкие

Қатаң Глухие

Үнді Сонорные

б,в, г, ғ, д, ж, з

к,қ,п,с,т,ф,х,ц,ч,ш,щ,һ

й,р,л,м,н,ң,(у)

Буындар:

1. Ашық: A, BA  2. Тұйық: AB  3. Бітеу: BAB

A - дауысты (гласный звук)  B - дауыссыз (согласный звук)

Пример фонетического разбора (Мысал):

Сөз: Отбасы

Отбасы - 3 буын, от - тұйық; ба, сы - ашық.  О - дауысты, жуан, ашық, еріндік;  т - дауыссыз, қатаң;  б - дауыссыз, ұяң;  а - дауысты, жуан, ашық, езулік;  с - дауыссыз, қатаң;  ы - дауысты, жуан, қысаң, езулік.  Сөзде 6 әріп, 6 дыбыс бар. 

Дыбыс үндестігі немесе (ассимиляция) дегеніміз – қатар келген екі дыбыстың бір – біріне ықпал етіп үндесуі.Қазақ тілінде ықпал заңының үш түрі бар: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал.

Прогрессивная и регрессивная ассимиляция

Гармония согласных бывает двух видов: прогрессивная и регрессивная ассимиляция. По прогрессивной ассимиляции (ілгерінді ықпал): Последний звук основан влияет на первый звук окончание. Если последний звук глухой или звонкий б, в, г, д то начальный звук аффикса глухой.

Например: кітап тар. Иванов тар.

Если последний звук основы звонкий, сонорный или гласный, то начальный согласный звук аффикса звонкий или сонорный.

Например: ақын дар, үй-дің, қыз-ға.

Регрессивная ассимиляция (кейінді ықпал): Если к корням или основам с конечным глухими согласными қ, к, п озванчиваются в звуки ғ, г, б.

Например: қасық + ы - қасығы, доп+ ым - добым.

Образование притяжательной формы от существительных тап (класс), аяқ (нога), жүрек (сердце), такое:жұмысшы табы (рабочий класс), столдың аяңғы (ножка стола), жұмыстың аяғы (конец работы), адамның жүрегі (сердце человека) и др.

1 - тапсырма. Төмендегі сөздерді пайдалана отырып диалог құрыңыз:

Сәлемдесу, амандасу, қоштасу, денсаулық, хал-жағдай, жақсы, жаман, шүкір, рахмет, кездесу; Сәлеметсіз бе? Сәлеметсіз бе? Халіңіз қалай? Шүкір, жақсы. Кездескенше сау болыңыз! Сау болыңыз!

2 – тапсырма. Дәрісханада, дәрісхананың, кітаптарды.

а)Жуан, жіңішке дауыстылар аралас сөздерді дұрыс айтып жаттығыңыз:

ә) Жіңішке дауысты дыбыстарды жазыңыз;

б)Жуан дауысты дыбыстарды жазыңыз;

в) Орыс тілінде жоқ дауыстыларды жазыңыз.

3 – тапсырма. Қазақ тіліне тән дыбыстармен 5 ер және 5 әйел атын жазыңыз:

4-тапсырма. Көп нүктенің орнына қазақ тіліне тән дыбыстарды қойып, ішінен өзің таңдаған бесеуіне сөйлем құра.

Мені.... отбасым, ...жемнің аты, ана...ның маманды...ы, ...арындас, ...лкен ...й, к...п балалы отбасы, ...н...мнің досы, ша...ын отбасы.

5-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырып, орыс тіліне аударыңыз.

Үлгі: Мынау -мектеп. -Мынау мектеп пе? " школа?"

Мынау -мектеп. Олжас жатақханада. Орындық дәрісханада. Кітап айшада. Дәрісханада әдемі сурет (бар). Анау - Азат. Партада оқулықтар жоқ. Анда Қайрат. Жатақханада ешкім жоқ. Жатақхана жарық. Жарық сынып. Анау оқулық. Болат сыныпта. Мынау -кітап.

СӨЖ- тапсырма. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтып үйрену

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]