1.2.Дарынды балаларды даярлаудың психологиялық аспектілері
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің өткен онжылдығы оның дамуының стратегиялық бағыттарын дұрыс таңдағанымызды көрсетеді, оның ішінде негізгі республиканың интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін өсіру, дарынды балалармен жасөспірімдердің одан әрі дамуы үшін өркениетті елге тән жағдайлар жасау болып табылады. Соңғы мәліметтер бойынша, шамамен мектеп жасындағы балалардың бестен бір бөлігі дарынды балалар тобына жатуы мүмкін. Бірақ, олардың талантының дамуы үшін қажетті қолдау көрсетілмей жүр, сондықтан жалпы балалар санының аз-кем бөлігі ғана шын мәнінде дарынды бала ретінде айқындалған. Жүргізілген зерттеулер нәтижесі және балалар мен оқушылар дарындылығын ерте айқындау тәжірибесі осындай балаларды қолдап, олардың ата-анасының, мұғалімдеріне психологиялық, медициналық, педагогикалық, әлеуметтік және экономикалық көмек беретін арнаулы мемлекеттік бағдарлама жасау қажеттілігін дәлелдеп отыр. Қоғам қашанда шығармашыл тұлғаларға мұқтаж болғанымен, дарындылық пен қабілеттілік психологиясын зерттеу кең өріс алған кезен XX ғасырдың орта шенінен басталады. Бұл мәселеге деген үлкен ықылас балалар дарындылығы мен таланты жөніндегі Дүниежүзілік кенестің құрылуына байланысты туды. Оның бірінші конференциясы 1975 жылы Лонданда өтті. Кеңес дарындылықтың психологиялық құрылымын зерттейтін жобалар жасайды, дарынды балаларға білім беретін мамандар дайындайды. Қазіргі таңда түрлі елдерде дарынды балаларға әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық көмек көрсетудің арнаулы бағдарламалары жасалып, қолданылуда. Қазақстан Республикасы Президентінің «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы» (1996) жарлығына сәйкес ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 24-наурызындағы № 256 қаулысы бойынша талантты жастарды қолдау және дамыту мақсатымен елімізде «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығы құрылды. Аталған мәселені шешуге арналған стратегиялық бағдарлама жасалынды. [9; 12] Әлеуметтік тапсырыстың болуы мен «Дарын» орталығының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет тәжірибесі білім беру мекемелерінің дарынды балалармен мақсатты, нәтижелі жұмыс жасауына ықпал етеді. Осыған байланысты мұғалімдер мен білім беру қызметкерлері ата-аналар арасында балалар дарындылығының табиғаты, оны айқындау әдістері мен дамыту жолдары туралы ғылыми, жаңаша түсінік қалыптастыру үшін байыпты ағартушылық жұмыс жүргізілуі тиіс. Дарынды балалар мен жастарды айқындау, оқыту және дамыту тұжырымдамасының негізіне мынадай идеялар басшылыққа алынған:
дарынды балаларды әлеуметтік және құқықтық қорғауды ізгілендіру және демократияландыру;
дарынды балаларды айқындау және олармен жұмыс жүргізуде биологиялық, әлеуметтік факторларды есепке алу;
республикада дарынды балалар және жастармен жұмыс жүйесін басқаруды орталықтандыру мен өз бетінше басқарудың үйлесімді байланысы;
дарынды балалар және жастармен жұмыс жүйесін басқарудың мемлекеттік
және қоғамдық ұйымдастыру құрылымындарының бірлігі;
дарынды балалар мен жастарды іріктеу үшін диагностикалық әдістер кешенін пайдалану;
жеке тұлғаның дарындылығымен қалыптасуы деңгейіне балаларды оқыту мен дамытудың арнайы таңдалған бағдарламасының сәйкестігі;
осы категориядағы балалар мен оқушылырды басқару жұмысындағы мемлекеттік және қоғамдық ұйымдастыру құрылымдарының үйлесімділігі;
дарынды балалармен және оқушылырмен жұмысқа мұғалімнің арнайы дайындылығы.
Бала дарындылығын айқындау мәселесінің анық этикалық аспектісі бар екенін ескеру керек. Қазіргі сәтте баланың дарынды немесе дарынсыз екенін анықтай отырып, біз оны келешегіне араласқандай боламыз, өйткені қызметтің бір түрінен әдеттен тыс дарындылық көрсеткен бала есейгенде сөзсіз таланты болады деп кесіп айту қиын.
Американдық педагог Дж. Рензулли дарындылықтың мынандай анықтамасын ұсынады: дарындылық - үш түрлі қасиет үйлесімінің нәтижесі: орта деңгейден асатын ақыл-ой қабілеттілігі, шығармашылық жол табу, жоғары мотивация мен табандылық. Бұл қасиеттер естияр дарынды адамдарда байқалған. Бірақ, естияр адам дарындылығы көбіне балалық шақ тәжірибесімен байланысты (дегенмен, бұл байланыстың табиғаты осы күнге дейін түсініксіз).
