Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гылыми жоба.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
50.21 Кб
Скачать

І. Бөлім. Орта мектептерде дарынды балаларды даярлаудың теориялық негіздері.

1.1.Дарындылық туралы жалпы түсінік

Еліміз тәуелсіз даму жолына түскен сәттен бастап, қоғамда болып жатқан құбылыстар білім беру мазмұнына елеулі өзгерістерәкелді. Оқушыны жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыту күннің көкейкесті мәселесі. Оның маңызды факторы – баланың ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін қалыптастыратын оқу барысын жолға қою. Қазіргі білім беру саласындағы күрделі міндеттердің бірі – қабілеті жоғары, дарынды оқушыларды анықтап, оларға қолдау жасау арқылы Қазақстан Республикасының интелектуалды потенциалын қалыптастыруға үлес қосу. Бұл – қоғам мүддесінен туындап отырған әлеуметтік сұраныс. Бұл сұраныс педагогикалық және психологиялық үрдістер арқылы жүзеге асады. Орыс педагогикасының белгілі ғалымы П.Ф Каптерев өз еңбегінде былай деп жазады: «Педагогикалық үрдіс өзіне тән екі белгіні түйістіреді, олар: жеке тұлғаның дамуына жүйелі түрдегі көмек және оның жан-жақты жетілуі.» «Әр оқушыны жан-жақты жетілдіру үшін оны жан-жақты зерттеу керек.» Бұл – ұлы педагог  К.Д.Ушинскийдің тұжырымды ойы. Зерттеу арқылы әр тұлғаның бойындағы ерекше психологиялық қасиеттері айқындалады. Баланың психологиясы мен педагогикалық психология саласындағы зерттеулер арқылы оқыту ісінің мазмұны мен әдістерін өзгерте отырып, жекелеген психикалық процестер мен функцияларды дамыту жағынан жетістіктерге қол жеткізуге болады.

Баланың ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін қалыптастыру мазмұнына мыналар кіреді: ғылыми ұғымдар мен ғылыми заңдылықтарды түсіну және практикалық міндеттерді шешуге бағытталған ойлаудың жалпы амал-тәсілдерін меңгеру. Ғалымдар дәлелдегендей, адамның өмірден меңгереген білімі мен дағдысын практикалық істерді төте және ең ыңғайлы жолдармен қолдана білу шеберлігі қабілеттілік деп аталады. Ал тамаша кәсіби ұстаздық кез-келген ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыра алады. Адам бойындағы дарындылықты нағыз данышпандылықты нағыз данышпандыққа айналдырудың бір ғана шарты – табиғи талантпен шектеліп қалмай, табандылықпен еңбектену.

Дарындылық – бұл адамның басқа адамдарға қарағанда бір немесе бірнеше қызметтегі жоғары нәтиже мүмкіндіктерімен анықталатын психикалық сапа, біріккен қабілеттіліктің көрсеткіші. Дарындылықтың 100–ге жуық анықтамасы бар. Көп жағдайда ол баланың ертерек даму кезеңінде байқалып, оның пәндер бойынша үлгерімі мен ой - өрісінің дамығандығымен, яғни парасаттылығымен көрініп жатады.Дарындылық деңгейі, сапасы, даму сипаты бұл табиғи дарын белгілері мен әлеуметтік ортада әрекет етуі (ойын, оқу, еңбек) кезінде қалыптасатындығын қазіргі психологтар мойындап отыр. Н.Ожеговтың сөздігінде дарындылық “табиғатпен берілетін ерекше қабілет” деп түсіндіріледі. Адами ойлау, ізденімпаздық – табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз. Дегенмен, табиғат оны бәріне бірдей етіп бөлмей, біреуге аздау, ал үшіншілеріне мүлдем жарытпай тарататыны да анық.

Дарындылық – табиғаттан берілетін ерекше қабілет. Өмір сүретін орта, берілетін білім мен тәрбие осы ерекше қабілеттің одан әрі дамуына көмектеседі немесе оны мүлде өшіреді. Дарындылық – көпқырлы. Ағылшын ғалымы Ж.Рензуллидің анықтамасы бойынша: «Дарындылық – бала бойындағы интелектуалдық қабілеттің , шығармашылық қабілеттің және табандылықтың болуы».

Дарындылықты анықтау — өте күрделі процесс.Дарындылықты бір реттік тестілеу процедурасымен анықтай салу мүмкін емес. Сондықтан да дарынды баланы бір сәтте таңдаудың орнына оны арнайы бағдарламамен оқытуда (қосымша білім беру жүйесінде), немесе дербестендірілген білім беруде (жалпы білім беретін мектеп жағдайында) біртіндеп, кезең-кезеңімен анықтауға күш жұмсау керек. Ол дәрігерлік психологиялық және педагогикалық шаралар арқылы жеке тұлғаның болашақтағы табыстарын үздіксіз бақылау мақсатында жүргізіледі. Дарынды оқушыларды анықтау үшін өзара тәуелді үш көрсеткішке назар аударылады. Олар: дарынды оқушының ішкі сезімі жағынан ерекшелігі, физикалық тұрғыдан ерекшелігі және әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі.

Дарынды оқушының ішкі сезімі жағынан өзгешелігі:

1.Дарынды оқушы толыққанды, аңғарлы болады.

2.Өзінің қабылдау мүмкіндігімен ерекшеленіп, өзін қоршаған ортаға өте сезімтал келеді. Ол бірнеше үрдісті қатар бақылап, қабылдауға бейім тұрады және оны белсенді түрде зерттеуге әуес болады.

3.Құбылыстар мен заттар арасындағы байланысты қабылдап, оған лайықты қорытынды жасай алады және оған өз қиялы арқылы балама жүйе жасауға қабілетті келеді.

4.Есте сақтау қабілеті жоғары болады.

5.Сөздік қоры мол, бұл оның не нәрсені еркін де нақты баяндауына мүмкіндік береді.

6.Логикалық ойлау қабілеті жоғары.

7.Табандылық басым.

8.Қиялы кең болады.

Физикалық тұрғыдан ерекшелігі:

1.  Дамудағы шапшаңдылық.

2.  Дарынды оқушының бойында энергиясы мол болады, ол мөлшерден аз ұйықтайды. 3.  Психомоторикасы танымдық қабілетіне қарағанда баяу болады. Мұндай интелектуалдық және физикалық дамудағы қарама-қайшылық өмірлік позициясына нұқсан келтірмеу жағдайында болу керек. Әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі:

1. Дарынды бала әділетсіздікке төзімсіз болады.

2. Жоғары моральдық қасиеттерге ие.

3. Алдына қойған мақсатқа ұмтылу белсенділігі жоғары болады. 4.Өзіне өзгелердің және қоршаған әлеуметтік ортаның назар аударуын қалайды. 5.Жағдайларға байланысты іскерлік қатынасы мен өз басы қажеттілігі, үлкендерден қалыспау, әлдебір нәрсені бірдей атқаруға деген құштарлығы басым келеді.

Дарындылықты анықтаудағы назар аударатын осы басты ерекшеліктердің аясы бұдан да кең болуы мүмкін.

Ойлау қабілетінің жоғарлығы

Ассоциацияға жеңілділігі

Дарындылардың танымдық әрекетінің ерекшеліктері

Терең ойлауы

Өте жақсы есте сақтау мүмкіндігі

Болжамдылық қабілеті

Қызығушылығы мен қабілеттілігі

Зейіннің жоғарылығы

1-Кесте. Дарындылардың танымдық әрекетінің ерекшеліктері

Дарынды балалардың таным процесстері мен тұлғалық ерекшеліктерінің психологиялық мәселелерәне тоқталар болсақ, дарындылардың қиял процесі өте бай бола отырып, анық болып келеді. Өмір барысында жоғарыдағы айтылған жағдай ойын бөліктерін сақтауға, тапқырлыққа және іскерлікке негіз болады. Дарындылар іс-әрекет барысындағы, қарым-қатынастағы ойланбаған жағдайларды тез байқап қояды. Олардың шамалары жетпейтін мәселелерді шешуге талпынуы олардың даму тұрғысынан пайдалы болып келеді. Дарынды балалар кейбір қиындығы шамадан тыс емес мәселелерді шешуде өз құрдастары жете алмайтын жетістіктерге жетеді де, кез-келген жағдайда да «оңай жетістіктерге жетуім керек» деп санайды.

Көптеген психологиялық әдебиеттерде дарынды балалардың шыдамсыздығы көрсетілген. Дегенмен, эмоциясы ересектерге тәуелді болып келеді. Зерттеулерге қарағанда, кішкене балалардың қорқынышы шынай болмайды.

Дарынды балаларға қандай да бір мәселеге жоғары назар аудару тән екендігі сипатталынған. Біріншіден, жоғары дәрежедегі есеп-міндетке ену, екіншіден, кедергілерсіз мәліметтерді қабылдау мүмкіндігі болып табылады. Дарынды бала күрделі және ұзақ мерзімді есеп-міндеттерге бейімділігі арқылы ерекшеленеді. Берілген қасиетті жағымды деп бағалаған дұрыс, дегенмен, дарынды балада бұл қиын жағдай жай мектепте оқыған кезде көп кездеседі. Педагогтардың тең жартысы шартты түрде әдеттегідей қалыпты оқушыға сүйенеді. Жай қабілетті бала жоғары мектеп және бастауыш мектеп кезден төменгі табалдырықтан өшеді, яғни, ол тез шаршайтындығын және бір іспен айналысатынын белгілейді.

ДАРЫНДЫ БАЛА ТҰЛҒАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Дарындылық түрлерінің айырмашылығы дарындылық белгілерінің байқалу шараларымен де, сонымен қатар баланың жетістіктер деңгейін бағалаумен де байланысты. Дарындылықты осындай негізде ажырату, оның шарттылығына қарамастан, бала дарындылығын сипаттайтын түрлі көрсеткіштерді салыстыру негізінде жүргізіледі.

Сондықтан да дарындылықты градациялау кезінде оны дамудың үйлесімді немесе үйлесімді емес типтерімен дифференциялау керектігін есте сақтау керек.

Үйлесімді даму типіндегі дарынды балалардың тұлғасының ерекшеліктері.

Тұлғаның сапалары

Шығармашылық әрекетке талпыныс осы типтегі дарынды балалардың айрықша белгісі болып табылады. Бұл оқушылар оқыту процесінде өздерін еркін ұстайды және сондықтан да сыныптастарына қарағанда, ересектердің көмегін көп керек етпейді. Кейде педагогтар оқушының тапсырманы орындаудағы дербестігін дарындылықпен шатастырып, қателесіп жатады: материалды өзі таңдаса, оны талдап, реферат жазса, т.б. Мұғалімдердің жөнсіз араласуы, ата-аналар тарапынан болатын басы артық мәпелеу дарынды оқушыны оқыту барысына кері ықпал етеді, өзін-өзі жүйелеу процесінің дамуын тежейді, жаңаны игеруге деген ынтасын төмендетеді.

Танымдық қажеттіліктің жоғары деңгейі, көп білуге құмарлық, ұнатын ісімен ынтызарлықпен айналысу дарынды балалардың ынталандырушылық белгісі болып табылады. Дарынды балалар ерте жастан білуге, проблемаға зейін қоюда таң қаларлық қабілет байқата отырып, ерекше қызығушылық танытады. Дарынды балалардың басым бөлігіне перфекционизм яғни әрекетті орындауда кемелділікке ұмтылу тән. Кейде бала аяқталған жұмысын (шығарма, сурет, модель) бірнеше сағат бойы жетілдіру үшін қайта жасауы мүмкін. Бұл болашақтағы кәсіби жетістіктің жоғары деңгейінің кепіліне айналатын жағымды сипаттама болғанмен де, мұғалімдер мен психологтар мұндай талапшылдықтың аясын шектеуі тиіс. Әйтпеген жағдайда бұл қасиет «өзін-өзі жеуге», жұмысты соңына жеткізе алмауға ұласып кетуі мүмкін.

Дарынды балалар мен жасөспірімдердің негізгі сипаттамаларының бірі – тәуелсіздік (автономность): әрекет етуде, ойлануда көпшіліктің пікірімен санаспайды. Бұл тұлғалық қасиеттің әрекет ету барысында көмегі болғанымен, оларды қоршаған ортасы үшін ыңғайсыз етеді. Дарынды балалардың не істейтінін болжау мүмкін емес, кей жағдайда бұл қоршаған ортасымен келіспеушілікке соқтыруы мүмкін. Мұғалім осынау психологиялық ерекшелікті назарда ұстауы тиіс.

Отбасының ролі

Мұндай балалардың дарындылығын дамытуда ата-аналардың жоғары танымдық қызығушылықтары игі ықпал етеді. Баламен қарым-қатынас барысында олар тұрмыстық проблемалар шеңберінен шығады, олар бірлесе танымдық әрекетке енеді: компьютерде бірлесе жұмыс жасау, күрделі есептерді шешу. Мұндай отбасыларда ата-аналар мен баланың арасында дистанция болар-болмас болады: оның жағымды жағымен қатар жағымсыз жағы да болуы мүмкін.

Педагогтармен, құрбыластарымен қарым-қатынасы

Дарынды балалардың бұл тобы құрбыластарына қарағанда мектептегі оқу процесіне тез бейімделеді. Құрбыластары оларға үлкен құрметпен қарайды, сабақтың бәріне жақсы үлгеретіндіктен олар сыныптың «жұлдызы» болады. Бұл балалардың дарындылық деңгейіне сәйкес қиындықта тапсырмалар берудің маңызы зор. Біріншіден, оқушы түрлі көзқарастармен танысып қана қоймай, қажет болса, мамандармен қарым-қатынасқа түсе алатындай болуы керек. Екіншіден, дарынды баланың өзіндік көзқарасы болатындығын ескеретін болсақ, оған оны жүзеге асыруға мүмкіндік берілуі тиіс. Сондықтан мұғалім мұндай оқушысының өзгенің пікірімен келіспейтіндігін, өз ойын қорғайтындығын білуі тиіс.

Үйлесімсіз даму типіндегі дарынды балалардың тұлғасының ерекшеліктері.

Психикалық дамудың тепе-тең болмауы

Белгілі бір салада өте ерекше дараланатын дарынды балалардың бірқатарында психикалық дамудың тепе-тең болмауы (диссинхрония) байқалады. Бұл оның тұлғалық қалыптасуына тікелей ықпал етеді және оның көптеген проблемаларының бастауы болып табылады.

Мұндай балалар ақыл-ой немесе көркем-эстетикалық дамуда анағұрлым алда болады. Ал эмоционалдық, әлеуметтік және дене сияқты өзге психикалық салалардағы даму оған ілесе алмайды да, психикалық теңсіздіктің айқын көрінуіне әкеп соғады.

Көп жағдайда бұл балалардың эмоционалдық дамуында проблемалар кездеседі. Олардың көбісі өте сезімтал болады. Басқа балалар назар аудармайтын оқиғалар бұлар үшін уайымға салынуға әкеп соғуы мүмкін. Сын пікірлерге бола, жылауы мүмкін. Кейде іштей құсаланып, психосоматикалық ауруға ұшырауы мүмкін. Дене шынықтыру сабағына қатысқысы келмейді, спортпен шұғылданбайды.

Кейбір интеллектуалдық қабілеті жоғары балалардың проблемасы – тек білімді игеруге бағыттылығы. Бұл көбінесе ақыл-ойы жылдам дамитын балаларда кездеседі. Кішкентай кездерінен бастап оларды жақсы оқығаны үшін мақтап үйретеді де, бұл олардың танымдық әрекетінің ынталандырушы қуатына айналады. Оның үстіне олардың мұндай жетістігінің шығармашылық сипаты болмайды және нағыз дарындылығы қалыптаспайды.