Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гылыми жоба.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
50.21 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................................................3

І. Бөлім. Орта мектептерде дарынды балаларды даярлаудың теориялық негіздері.

1.1.Дарындылық туралы жалпы түсінік................................................................6

1.2.Дарынды балаларды даярлаудың психологиялық аспектілері.......................18

ІІ. Бөлім. Орта мектептерде дарынды балаларды даярлаудағы жүргізілетін тәжірибелік жұмыстар

2.1. Дарындылық қабілетін анықтауға арналған әдістемелер...........................25

2.2. Дарынды балаларды даярлауға арналған әдістемелік жұмыстар және оның нәтижелері....................................................................................................32

Қорытынды............................................................................................................40

Әдебиеттер тізімі...................................................................................................42

Кіріспе

«Қазақстан – 2030» стратегиясы анықтап берген және республиканың ғьлым мен білім беру жүйесінің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі - мемлекет үшін Қазақстанның гүлденуіне, егеменді еліміздің өсіп-өркендеуне өз үлесін қосар білімді, мәдениетті жастарды тәрбиелеу. Осы жолдауда айтылғандай XXI ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш – «адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі» Бұл мақсатты орындау үшін республиканың ақыл-ойлы, шығармашыл әлеуетін өсіру қажет, дарынды балаларды анықтау мен дамыту үшін өркениетті жағдайлар жасау керек.

Дарынды балаларды қоғамның ғылыми келешегі ретінде қарап, танып-білу үрдісі өте ертеден басталады. XX ғасырдың басында дарындылық пен оны зерттеу әдістеріне арналған алғашқы ғылыми еңбектер пайда болды. Қазіргі уақытта дүниежүзілік тәжірибе балалар дарындылығының зерттеу және қолдау тәжірибесін жеткілікті мөлшерде жинақтаған.

Дарынды балалармен тәжірибелік жұмыс көбіне «дарындылық», «дарынды бала» ұғымдарының мазмұнын дұрыс түсінуге байланысты. «Дарындылық» термині «дарын» сөзінен шыққан, дамудың ерекше қолайлы ішкі алғышарты дегенді білдіреді. Әйтсе де қолда бар әдебиеттердің ауқымына қарамастан, әлі күнге дейін дарындылықтың тура анықтамасы жоқ екендігін айту керек.

Әзірге құрдастарына қарағанда оқуға деген зеректігі жоғары, ерекше шығармашылық қабілеті бар деп саналады. Педагогикалық энциклопедияда мынадай анықтама берілген: «Дарындылық – іс- әрекеттің белгілі бір саласында ерекше жетістікке жетуге жағдай жасайтын адам қабілеті дамуының жоғарғы дәрежесі».

Бүгінгі күні психологтердің көпшілігі дарындылық дамуының деңгейі, сапалық өзіндігі және сипаты мұрагерлік (табиғи қабілет) пен бала іс-әрекетімен байланыстырылған (ойын, оқу, еңбек) әлеуметтік ортаның күрделі әрекеттестігінің нәтижесі екендігін мойындайды.

Сондай-ақ, жеке дарындылықтың қалыптасуы және іске асырылуы негізінде жатқан тұлғаның өзін-өзі дамытуының психологиялық механизмдері мәнін де ескермеуге болмайды. А.Шведель мен Р.Стоунбермен дарындылықты «адам - орта» контекстінде бірте-бірте туындайтын қасиет деп түсіндіреді. Өкінішке орай, бұл әрекеттестіктің өзіне тән ерекшелігі әлі ашылмаған.

Дарындылықтың байқалуына екі түрлі көзқарас бар: «барлық балалар дарынды» және «дарынды балалар өте сирек кездеседі». Психологтер мұндай жағдайда мына бағытты ұсынады: іс-әрекеттің әр алуан түрлеріне байланысты әлеуетті дарындылық көптеген балаларға тән, ал асқан дарындылықты балалардың аз бөлігі ғана көрсете алады. Дарынды балаларды іріктеген кезде істің қандай түрінде болсын балалардың ойдағыдай жетістіктерге әлеуетті мүмкіндігін танып білудің орайы келмейтіндігін ескеру қажет.

Дарынды балалармен жұмыс жүргізгенде баланың өсуіне қарай дарындылық нышанының ғайып болу жағдайын ескеру қажет. Сондықтан дарынды деген мәртебе тағуда аса сақ болу керек, себебі жеткіншектің мамандандырылған оқу орнында білім алу кезінде жанға бататын жағдайлар туындауы мүмкін. Осыған орай, ресейлік ғалымдар дарынды балалармен тәжірибелік жұмыс үстінде «дарынды бала» ұғымының орнына «бала дарындылығы белгісі» деген терминді (немесе «дарындылық белгісі бар бала » ұғымын) пайдалануды ұсынады. Дарынды балаларға, әсіресе әлеуеттік бейімделу кезінде мінездерінің қарама-қайшылығы тән. Үлкендер (ата-аналар, мұғалімдер) баланың сезімдік кемеліне келу шағын дұрыс қабылдамай, мінез-құлығын дұрыстауға жоғары талап қояды, дарынды балалар, ең алдымен бала, содан кейін барып талант иесі екендігін ұмытып кетеді. Бала өзінің сирек кездесетін қабілетіне байланысты стандартты өмірлік жағдайларға әрдайым бейімделе алмайды, сол кезде дау-жанжал туындауы мүмкін.

XXI ғасыр қарсаңында білім жүйесін реформалау бала дарындылығын айқындау мен диагностикалауға жаңаша талап қойды. Бұл, әрине, білім саласындағы маңызды өзгерістерге байланысты, біріншіден, оқу мекемелерінің нысандарына жеке ыңғайда қарау: дарынды балаларға арналған арнайы мектептер, мектеп-лицейлер, мектеп-гимназиялар, гимназиялық сыныптар, кейбір пәндерді тереңдете оқытатын арнайы мектептер мен сыныптар. ҚР «Білім туралы» заңымен «таңдаулы білім» жаңа ұғымы еңгізілді, ол «аса дарынды азаматтар» үшін арнайы білім ұйымдарында білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылатын білім болып табылады. Жаңа үлгідегі мекемелер алдында дарынды балалардың қабілетімен талантын барынша толық ашуға жағдай жасайтын күрделі және жауапты мақсаттар мен міндеттер қойылады. Осыған байланысты дарынды балаларды анықтау және іріктеу жөнінде біліктілікті айқындайтын психодиагностикалық жұмысты ұйымдастыру нақты міндеті тұр.

Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялык, психологиялык, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттер жинақталған. Адамның психикалық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішіндегі қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтерінің еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтерінің еңбектерінде көптеп кездеседі.

Қабілеттілік пен дарындылық мәселесі — Орта Азия мен Қазақстан ойшылдарын да толғандырған мәселе.

Араб сөз бостандығының негізін қалаушылар Н.Хорезми, Фердоуси, Әль-Фараби, Бируни және т.б. философия, логика, химия, астрономия, география, медицина, психология ғылымдарымен бірге жас жеткіншектерді тәрбиелеу мәселесіне көп көңіл бөлген. Мысалы, Әль-Фараби «Бақытқа жету трактаты» еңбегінде этикалық мәселелермен қатар адам қабілеттілігіне, білім берудегі түрлі озық әдіс-тәсілдерді қолдану жолдарына көңіл бөледі.

XX ғасырдың бірінші жартысында неміс психологі В.Штерн адамның жеке бас ерекшеліктерін зерттеп, жеке бас психологиясының негізін қалады. Ол талантты бағалау әдістерін қарастырып, оқушылардың ақыл-ой қабілетін анықтауға арналған "қабілеттілік коэффициентін" көрсетті.

Дарындылық теориясьның негізі кешегі Кеңес психологтерінің еңбектерінде де көрініс тапқан. Л.Выготский, В.Крутецкий, Н.Лейтис, В.Тепловтардың психологиялық тұжырымдары дарындылыққа интегралдық жеке тәрбие ретінде жүйелі көзқарас тууына негіз болады, адам кабілеттілігінің құрылымдылық бөліктерін анықтауға мүмкіндік береді.

Дарынды баланы анықтау, оқыту, тәрбиелеу, дамыту - қазіргі уақытта білім беру жүйесіндегі колға алынып отырған өзекті мәселе.

Болашақ білікті маман дарынды оқушылармен жұмыс істегенде өзінің мынадай касиеттерімен ерекшеленеді.

1. Дарындылықты анықтау, дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөледі және сол бағытта талмай жұмыс жасай алады.

2. Олар дарынды оқушыға қосымша тереңдетілген бағдарламалар жасай алады және олардың өздігімен жұмыс жасауына, шығармашылық ізденістеріне қажетті кеңес береді.

3. Оқушыға дұрыс бағыт-бағдар беру арқылы оның ғылыми зерттеу жұмысымен айналысуына көмек көрсету керек.

4. Педагогикалық үрдісті диагностикалау жұмысын жүргізе алады және оларды бір-бірімен байланыстыра алады.

5. Дарындылықты анықтауда әртүрлі психодиагностикалық әдістемелерді және оқытудың әртүрлі жаңа технологияларын тиімді пайдалана біледі.

Оқыту мен дамыту өз алдына жеке тұлғаның дамуына әсер етеді. Ж.Пиа­же, З.Фрейд, Д.Дьюид "Бала даму барысында оқиды, яғни бұнда бала психикасының дамуына сүйенеміз"дегенді айтады. [8; 11]

XX ғасырда А.Выготский, А.Леонтьев, С.Рубинштейн, Д.Эльконин, В.Давыдовтар "Бала оқу арқылы дамиды" дегенді алға тартты.

Дарындылықты айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдай жасау, мек­теп, отбасы, мүғалімнің рөлін анықтау үшін бағдарлама қажет. Бағдарламаның мақсаты - баланың жеке бас ерекшеліктерінің дамуына жол ашу, қабілетіне қарай шығармашылық тұлға қалыптастыру, оның дамуына ерекше жағдай туғызу.

Жалпы барлық таным үрдістері бірігіп интеллектуалды жүйе құрайды. Оқушының интеллектуалды жүйесін дамытуда зерттеушілік белсенділігі ар­қылы оқушы озін-өзі дамытып, танып білуге жол ашады. Оқушының жеке бас дамуын зерттеу үрдісі екі бағытта жүргізіледі.

  1. Оқушымен кезендік жұмыс мүғалімдер, сынып жетекшісінің қатысуымен мектеп психологының көмегімен кем дегенде бір екі рет өткізіледі.

  2. Оқушының іс-әрекетін, мінез-құлқын барлық мұғалімдер және оқушының өзі белгілі бір мақсатқа үнемі бағыттап, бақылап отыруы керек.

Оқу тәрбие үрдісінде оқушы екі жақтылы сипатқа ие болуы қажет. Тәрбиенің әрі обьектісі, әрі субьектісі болуы тиіс.

Шартты тарихы саналықта тұлғаны қалыптастыру үшін психологиялық таным үрдісіндегі төрт бөлікті үнемі бірдей іске асыру қажет. Олар: сана-сезім, сенім, мінез-құлық, дағды. Олардың негізін құрастыратын – сана. Ата-аналар жоғарыда айтылған дарынды балалар туралы ақпаратты және кеңестер мен оларға сипатталған міндеттерді орындаулары шарт. Бұдан тәрбие басы, оның тамаша мектебі отбасы екендігін көруге болады. Отбасының үлгісіне ұстаздар қауымының ата-аналармен тығыз бірлескен жұмысы талант көзін ашуға ең басты тетік болып табылады.

Балалардың дарындылығын ашуға атсалысқан ата-аналар мен мүғалімдер, сынып жетекші, мектеп әкімшілігі жыл қорытындысы бойынша марапатталып, насихатталып отырады.

Жалпы адамзаттық қоғамның дамуы үшін қазіргі кездегі ең үлкен фактор – ол білімді азаматтарды көбейту. Жақсы, нәтижелі білімге жету үшін балаға ең алдымен тәрбие берілуі керек.