- •Әдістемелік нұсқау
- •Әдістемелік нұсқау
- •Лабораториялық жұмыс №1
- •Лабораториялық жұмыс №2 Тармақталу алгоритмін программалау
- •Негізгі ұғымдар. Тармақталушы команда құрама командаға жатады, яғни оның жай командадан айырмашылығы құраушы командалардың орындалуына немесе орындалмауына байланысты болатын шарт енеді.
- •Таңдау командасы
- •Лабораториялық жұмыс №3 Қайталану алгоритмін программалау
- •Лабораториялық жұмыс №4 Бір өлшемді және екі өлшемді массивтерді өңдеу алгоритмдері
- •Лабораториялық жұмыс №5 Символдық информацияларды өңдеу алгоритмдері
Лабораториялық жұмыс №2 Тармақталу алгоритмін программалау
Мақсаты: Тармақталушы алгоритмдерді Visual Basic ортасында программалау дағдыларын қалыптастыру, өзіндік тапсырмаларды орындау.
Негізгі ұғымдар. Тармақталушы команда құрама командаға жатады, яғни оның жай командадан айырмашылығы құраушы командалардың орындалуына немесе орындалмауына байланысты болатын шарт енеді.
Тармақталу құрылымы – шартқа байланысты командалар серияларының екеуінің тек біреуі ғана орындалатын кезде ғана қолданылады. Тармақталу командасының жазылуы
1. if Y then S end if // қысқаша жазылуы
2. if Y then S1 else S2 end if // толық жазылуы
мұндағы Y – қойылатын шарт, ал S, S1, S2 –орындалатын операторлар. Мысалы, шарт ретінде OptionButton компонетінің value қасиетін қарастырайық. Бұл компоненттің байланысты ауыстырып қосатын қасиеті бар, ол value қасиеті арқылы анықталатын (True егер ауыстырып қосқыш шертілсе және керісінше False) екі мән қабылдауы мүмкін. Яғни if Option1.value then S1 else S2 мұнан формадағы RadioButton1 ауыстырып қосқыш шертілген болса S1 операторлар сериясы, ал шертілмеген болса S2 операторлар сериясы орындалады.
1-мысал. Қысқаша көбейту формуласына арналған анықтамалық программа құру .
Қысқаша көбейту формуласының жинақы түрде жазылуын OptionButton компонетінің Caption қасиетіне жазып, егер OptionButton 1 ауыстырып қосқыш шертілген болса, яғни шарт ақиқат болса, онда қысқаша көбейту формуласының ашып жазылуын ListBox1 компоненттінің List қасиетінің мәні ретінде экраннан көрсету керек.
Формаға басқару элементтер тақтасынан ListBox, CommandButton, OptionButton компоненттерін орналастырып сәйкес мәндерін меншіктейміз. Есеп шешімін CommandButton1 компонентінің Click оқиғасында реализациялаймыз (ұйымдастырамыз). Қосымша интерфейсі 3- суретте келтірілген.
Форма мен оның компоненттерінің қасиеттерін төмендегідей орнату қажет.
Компоненттер |
Қасиеттер |
Меншіктелетін мән |
Form1 |
Caption |
Қысқаша көбейту формуласы |
Form1 |
Name |
Form1 |
OptionButton1 |
Caption |
( a + b ) ^ 2 |
OptionButton2 |
Caption |
( a - b ) ^ 2 |
OptionButton3 |
Caption |
a ^ 2 - b ^ 2 |
OptionButton4 |
Caption |
( a + b ) ^ 3 |
CommandButton1 |
Caption |
OK |
ListBox1 |
List |
тазалау |
3- сурет
"ok" батырмасын екі рет шертіп программа коды терезесіне көшіңіз. Click оқиғасы процедурасының дайындамасы көрінеді. Келесі программа кодын енгіземіз:
Private Sub Command1_Click()
If Option1.Value Then
List1.AddItem ("a^2+2*a*b+b^2")
ElseIf Option2.Value Then
List1.AddItem ("a^2-2*a*b+b^2")
ElseIf Option3.Value Then
List1.AddItem ("(a+b)(a-b)")
ElseIf Option4.Value Then
List1.AddItem ("a^3+3*a^2*b+3*a*b^2+b^3")
End If
End Sub
Таңдау командасы
Тармақталу командасының денесінде тағы тармақталу командалары кездескен жағдайда, яғни шарттың ішінде шарттар қойылған есептердің шешімін іздеуде таңдау командасы қолданылады. Таңдау командасы Select case операторының көмегімен орындалады.
Select Case < өрнек>
Case is
Case is
End select
