Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лабораториялық жұмыс.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
141 Кб
Скачать
☆

Лабораториялық жұмыс №5 Символдық информацияларды өңдеу алгоритмдері

Мақсаты: Символдық информацияларды енгізуді және баспаға шығаруды ұйымдастыру, символдық информацияларды өңдеу әдістерін Visual Basic ортасында реализациялау, қарапайым қосымшалар құру.

Негізгі ұғымдар. Символдық информацияларды енгізуге және шығаруға біржолды редактор Edit компонентін, көпжолды редактор Memo компонентін, Listbox, Combobox тізімдерін, мәліметтер қоры жазбаларын шығаруға StringGrid кестесін және стандарт диалогты терезелерді қолдануға болады. Символдық мәліметтерді өңдеу алгоритмдеріне Паскаль тілінің процедуралары мен функциялары қолданылады. Мысалы, str(x,st) – x санын st жолдық айнымалысына ауыстырады, val(st,x,code) - st жолдық айнымалысын x санына , length(st) - st жолының ұзындығын анықтайды т.б.

1-мысал: Енгізілген символдық айнымалылардың ұзындығын есептеу қажет.

Программа коды:

Private Sub Command1_Click()

f = InputBox("Фамилияңызды енгіз")

N = Len(f)

Print "Сіздің фамилияңызда"; N; "әріп бар"

End Sub

Қосымша интерфейсі төменде көрсетілген:

Нәтижесінде:

2-мысал: Берілген символдық айнымалының сол жағынан n айнымалыны бөліп алу керек.

Программа коды:

Private Sub Command1_Click()

f = "Ақпараттандыру"

L = Left(f, 7)

Print L

End Sub

Қосымша интерфейсі төменде көрсетілген:

3-мысал:Берілген символдық айнымалылардың ішінен тек қана әріптердің санын анықтау керек.

Программа коды:

private Sub Command1_Click()

W = InputBox("Телегерамма мәтінін енгізіңіз")

n = Len(W): K = 0

For I = 1 To n

P = Mid(W, I, 1)

If P = " " Then K = K + 1

Next

Print "Сіздің телеграммаңызда -"; K + 1; "әріп"

End Sub

Қосымша интерфейсі төменде көрсетілген:

Факультеттің Әдістемелік кеңесінде Университет Әдістемелік кеңесінде

қарастырылды __________________ мақұлданды___________________ Хаттама № ____ Хаттама № ____

Факультет Әдістемелік кеңесінің Университет Әдістемелік кеңесінің

төрағасы _________________ төрағасы ______________________

«____»_______________2012ж. «____»_______________2012 ж.

Офистік программалау пәнінен зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау «5В060200 – Информатика» мамандығының студенттеріне арналған.

Құрастырған: Әбдірахманова Қ.Ә.

С. Бәйішев ат. АУ оқу-әдістемелік бөлімінде теріліп басылды

(С. Бәйішев ат. АУ оқу - әдістемелік бөлімі, Ақтөбе қ, Ағ.Жұбановтар к-сі, 302А, тел:87132-97-47-01)