- •Әдістемелік нұсқау
- •Әдістемелік нұсқау
- •Лабораториялық жұмыс №1
- •Лабораториялық жұмыс №2 Тармақталу алгоритмін программалау
- •Негізгі ұғымдар. Тармақталушы команда құрама командаға жатады, яғни оның жай командадан айырмашылығы құраушы командалардың орындалуына немесе орындалмауына байланысты болатын шарт енеді.
- •Таңдау командасы
- •Лабораториялық жұмыс №3 Қайталану алгоритмін программалау
- •Лабораториялық жұмыс №4 Бір өлшемді және екі өлшемді массивтерді өңдеу алгоритмдері
- •Лабораториялық жұмыс №5 Символдық информацияларды өңдеу алгоритмдері
Ф. 4-43
С.БӘЙІШЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІ
БЕКІТЕМІН
ОӘЖ жөніндегі проректор
______Кабиева А.Ә.
«5В060200 – Информатика» мамандығының студенттеріне
«Офистік программалау» пәнінен
зертханалық сабақтарға арналған
Әдістемелік нұсқау
Ақтөбе
С.БӘЙІШЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІ
«Автоматтандыру және ақпараттық жүйелер» кафедрасы
«5В060200 – Информатика» мамандығының студенттеріне
«Офистік программалау» пәнінен
зертханалық сабақтарға арналған
Әдістемелік нұсқау
Ақтөбе
Әбдірахманова Құндыз Әсімбекқызы. «Офистік программалау» пәнінен зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау
Әдістемелік нұсқау. Офистік программалау пәнінің оқу бағдарламасының және оқу жоспарының талаптарына сәйкес құрылған және курстағы зертханалық сабақтарды орындау бойынша қажет көрсеткіштердің барлығын қамтыған.
Әдістемелік нұсқау «5В060200 – Информатика» мамандығының студенттеріне арналып жасақталған.
Рецензенттер: ф.-м.ғ.к.,Сеилханова Р.Б С.Бәйішев атындағы
Ақтөбе университеті, Автоматтандыру және ақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушісі, доцент
т.ғк.,Алиева А.М., Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, Ақпараттық жүйелер кафедрасының аға оқытушысы.
© С.Бәйішев ат. Ақтөбе университетінің оқу-әдістемелік бөлімі
Лабораториялық жұмыс №1
Сызықты алгоритмдерді программалау
Мақсаты: Сызықтық алгоритмдерді Visual Basic ортасында программалау дағдыларын қалыптастыру, өзіндік тапсырмаларды орындау
Негізгі ұғымдар. Алгоритм дегеніміз алға қойған мақсатқа жету немесе берілген есепті шешуге арналған қатаң анықталған әрекеттер тізбегін түсінікті түрде әрі дәл көрсететін нұсқау.
Кезкелген алгоритмді мынадай үш базалық алгоритмдік құрылымдар арқылы құруға болатыны белгілі: сызықты, тармақталушы және циклдік(қайталану).
Сызықты алгоритмдер деп бір сериялы жай командалардан құралған алгоритмдерді атайды , ал сызықты құрылым –бірінен соң бірі орындалатын жай командалар тізбегі.
1-мысал. y=ax+c функциясының мәнін есептеу алгоритмін қарастырайық.
Ол үшін аргумент – бастапқы берілгендерді және нәтиже - нені анықтау қажеттігін білуіміз керек. Бұл мысалда а, с, х – бастапқы берілгендер, ал y – нәтиже .
a=5, c=10 және x=3 үшін функцияның мәнін есептеуді Visual Basic программалау ортасында жүргізейік. Формаға басқару элементтер тақтасынан TextBox, CommandButton, Label компоненттерін орналастырып сәйкес мәндерін меншіктейміз. Бастапқы мәліметтерді, яғни а, с, х айнымалыларының мәндерін TextBox1, TextBox2, TextBox3 компоненттерінің өрістеріне енгізіп, ал шешімін Label5 компонентінің өрісіне шығарайық. Есеп шешімін CommandButton1 компонентінің OnClick оқиғасында реализациялаймыз (ұйымдастырамыз). Қосымша интерфейсі 1- суретте келтірілген.
Форма мен оның компоненттерінің қасиеттерін төмендегідей орнату қажет.
Компоненттер |
Қасиеттер |
Меншіктелетін мән |
Form1 |
Caption |
Функция |
Form1 |
Name |
Form1 |
TextBox1 |
Text |
тазалау |
TextBox2 |
Text |
тазалау |
TextBox3 |
Text |
тазалау |
Label1 |
Caption |
y=ax+c есептеу |
Label2 |
Caption |
a-енгіз |
Label3 |
Caption |
x-ті енгіз |
Label4 |
Caption |
c-ны енгіз |
Label5 |
Caption |
тазалау |
CommandButton1 |
Caption |
функцияны есепте |
1-сурет
Төменде CommandButton1 компонентінің OnClick оқиғасының коды келтірілген.
Private Sub Command1_Click()
Dim a As Integer
Dim x As Integer
Dim c As Integer
Dim y As Integer
a = Val(Text1.Text)
x = Val(Text2.Text)
c = Val(Text3.Text)
y = a * x + c
Label5.Caption = Str(y)
End Sub
2-мысал. y=5x+sin2x функциясының мәнін есептеу алгоритмін қарастырайық.
Бұл мысалыда х – нақты сан, бастапқы берілгендер, ал y – нәтиже .
x=3,14 мәні үшін функцияның мәнін есептеуді Delphi программалау ортасында жүргізейік. Формаға басқару элементтер тақтасынан TextBox, CommandButton, Label, ListBox компоненттерін орналастырып сәйкес мәндерін меншіктейміз. Бастапқы мәліметі, яғни х айнымалысының мәнін TextBox1 компонентінің өрісіне енгізіп, ал шешімін ListBox1 компонентінің өрісіне шығарайық. Есеп шешімін CommandButton1 компонентінің OnClick оқиғасында реализациялаймыз (ұйымдастырамыз). Қосымша интерфейсі 2- суретте келтірілген.
Форма мен оның компоненттерінің қасиеттерін төмендегідей орнату қажет.
Компоненттер |
Қасиеттер |
Меншіктелетін мән |
Form1 |
Caption |
Функция |
Form1 |
Name |
Form1 |
TextBox1 |
Text |
тазалау |
Label1 |
Caption |
y=5x+sin2x есептеу |
Label2 |
Caption |
x-енгіз |
CommandButton |
Caption |
функцияны есепте |
ListBox1 |
List |
тазалау |
2-сурет
CommandButton1 батырмасын екі рет шертіп программа коды терезесіне көшіңіз.Click оқиғасы процедурасының дайындамасы көрінеді.
Private Sub Command1_Click()
Dim x As Double
Dim y As Double
x = Val(Text1.Text)
y = 5 * x + Sin(x) ^ 2
List1.AddItem (Str(y))
End Sub
