- •1. Өсімдік клеткасының физиологиясы мен биохимиясы
- •Смс бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Сөж материалдары
- •Глоссарий
- •Бөлімнің міндетті минимальды мазмұны
- •Бөлім бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Зпс бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •9. Пойкилогидридті және гомойогидридті өсімдіктер. Суармалы егіншіліктің физиологиялық негіздері 10. Өсімдіктердегі су тапшылығының түрлері. 11. Өсімдіктердің суды қажет етуінің көрсеткіштері.
- •Бөлім бойынша қорытынды
- •Глоссарий
- •Бөлімнің міндетті минимальды мазмұны
- •Бөлім бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Зпс бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Сөж материалдары
- •Бөлім бойынша қорытынды
- •Аралық және қорытынды бақылаудың сұрақтары
- •Глоссарий
Зпс бойынша әдістемелік нұсқаулар
Өсімдік клеткасының осмостық қасиеттері. 1 бөлім. Клетка шырының осмостық потенциалын плазмолиз әдісімен анықтау Цитоплазмалық мембрананың жартылай өткізгіштігінің арқасында өсімдік клеткасына осмостық қасиеттер тән. Осмостық әрекет етуші ерітінді клетка шырыны болып табылады. Егер клетканы суға салса, онда ол тургор қысымы осмостық потенциалға тең болғанша суды қарқынды сіңіре береді: Т=Р, осы жағдайда сору күші 0 тең: Р-Т=0. Егер клетканы NaC1 не сахарозаның 1 М ерітіндісіне салса, онда су клеткадан сыртқы ертіндіге өтеді, өйткені клеткадағыға қарағанда соңғысының осмостық потенциалы жоғары. Осы жағдайда клетка протопластының көлемі кішірейеді және клетка қабығынан алшақтай бастайды. Протоплазманың клетка қабығынан алшақтауы плазмолиз деп аталады. Неғұрлым өсімдік клеткасының осмостық потенциалы және сыртқы ерітіндінің деңгейі әр түрлі болса, соғұрлым плазмолиз деңгейі күштірек болады. Клеткадағы осмостық потенциалды арттыратын ерітінді гипертонды деп аталады. Егер клетканың осмостық потенциалы ерітіндіге қарағанда көп болса, онда кейінгісі гипотонды болып саналады. Берілген жұмыста плазмолиздік әдіс қолданады. Ол сыртқы ерітіндінің (сахароза немесе басқа зиянсыз заттар) изотонды концентрациясын таңдауға негізделген. Мұндай ерітіндінің осмостық потенциалы зерттелетін клеткалардың осмостық потенциалына тең болады. Енді сыртқы ерітіндінің концентрациясы белгілі болған соң, клетканың осмостық потенциалын оңай есептеуге болады. 2бөлім. Сору күшін ағыс әдісімен анықтау Сору күші – клетка немесе ұлпа кез келген мезгілде қоршаған ортадан суды өз бойына сіңіру күші. Ол былай пайда болады: егер клетка немесе ұлпа сумен толық қанықпаса (Т < Р), осмостық күшімен, қатты сусызданғанда бөрту күшімен, суды белсенді сіңіру арқылы алады. Сору күшінің мөлшері көп дәрежеде өсімдік клеткаларының сумен қанығуына байланысты және де тәулік ішінде кең шекте тез өзгеріп отырады. Мұндайда су алмасу автоматты түрде болады: неғұрлым клетка, ұлпа немесе өсімдік суды көбірек жұмсаса, соғұрлым су қоршаған ортадан немесе өсімдіктің басқа бөлімдерінен үлкен күшпен сіңіріледі. Ұлпалардың сору күші сахароза ерітіндісінің сондай концентрациясына негізделген, егер оған зерттелетін затымызды (жапырақтың кесіндісін, картоп тымыртүйнегін) салғанда, оның концентрациясы өзгермейді. Бұл жағдайда өсімдіктің сору күші ерітіндінің осмостық потенциалды қысымына тең болып, мөлшері атмосферада мына анықтамамен табылады: Р= RТСі, мұндағы R – газ тұрақтысы (0,0821); Т – абсолюттік температура (273 + үй-ішінің температурасы); С – ерітіндінің концентрациясы (моль); і – изотонды коэффициент (сахароза үшін =1) СӨЖ материалдары СӨЖ сұрақтары
Судың құрылысы мен қасиеттері
Судың ерітінділердегі күйі. Электролиттер ерітіндісі. Белоктар ерітіндісі.
Судың күйлері мен қасиеттері: тығыздығы, қайнау және қату нүктелері (температурасы), балқу жылылығы. Жылу сыйымдылығы, беттік кернеуі, жұғу қабілеті.
Судың молекулалық құрылымы қандай (сұйық су мен мұз құрылысы).
Әр түрлі экологиялық тобы өсімдіктерінің су алмасуының ерекшеліктері
Гигрофиттер. 7. Ксерофиттер. 8. Мезофиттер.
