Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Физиология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
119.03 Кб
Скачать
  • Глоссарий

Автолиз, лизис – өсімдік құрамындағы органикалық заттардың лизосомалардың немесе басқа компартменттердің еріткіштік (лизистік) қасиеті бар ферменттерінің әсерінен өздігінен ыдырауы. Автохонды крахмал, ассимиляциялық крахмал – хлоропласттың ішінде пайда болатын қрахмал дәндері. Активатор – ферменттің әсерін күшейтетін химиялық зат. Активациялау энергиясы, белсенділену энергиясы – зат молекулаларының реакцияға түсіп, жаңа қосылыс түзуі үшін қажетті энергия. Активті орталық, белсенді орталық – ферменттің субстратын байланыстарын бөлігі. Осы байланыстан соң ғана ферменттің белсенділігі өзгереді. Аллостерия – басқа жермен немесе басқа орталықпен байланысу. Аллостериялық белсенділену – реттегіш орталығы бар аллостериялық ферменттердің модулятор (эффектор) молекуласымен байланысқанда ғана белсенділенуі, нәтижесінде реакцияны жылдамдатады немесе бәсеңдетеді.Аллостериялық (реттегіш) орталық – белсенді орталықтан тыс фермент молекуласы бетінде қосымша модулятор байланысатын ерекше бөлік, реттегіш орталық белсенді орталықтан едәуір қашықтықта орналасады. Аллостериялық реттеу – организмде реттеуші (аллостериялық) ферменттер белсенділігінің өзгеруі есебінен жекелеген үдерістердің өту жылдамдығына бақылау жасап отырады. Аллостериялық (реттегіш) ферменттер – белсенділігі ковалентсіз қосылатын ерекше метаболитке (модуляторға) байланысты, модулятор ферменттің белсенді катализдік орталығынан басқа бөлігімен байланысады, фермент молекуласы екі немес одан көп суббөліктерден тұрады. Альдолаза – фруктоза-1,6-дифосфаттың 3-фосфоглицерин альдегидіне және дигидроксиацетонфосфатқа дейін ыдырауын катализдейтін фермент. Амилаза – крахмалды декстрин мен мальтозаға дейін гидролиздейтін фермент. α-амилаза – крахмалды полисахарид тізбегінің ортасынан бастап ыдыратып, декстриндерге дейін гидролиздейтін фермент. β-амилаза – крахмалды полисахарид тізбегінің шетінен бастап ыдыратып, мальтозаға дейін гидролиздейтін фермент. Амилоза – органикалық күрделі зат, крахмалдың құрамындағы негізгі фракцияның бірі. Амилопектин – крахмал құрамындағы негізгі фракция, аморфтық зат, ыстық суға салса, бөртеді, йод тамызса, күлгін түске айналады.Амилопласттар – бойына крахмал жинайтын өсімдік клеткаларындағы мөлдір лейкопласттың түрі. Аминопептидаза– полипептидті амин тобы орналасқан шетінен бастап ыдырататын ферменттердің бір түрі. Анаболизм – ферменттік синтез, клетка мен ұлпада жай қосылыстардан биомолекулалардың синтездеу реакциясы. Анаболдық реакциялар – ақуыздардың, липидтердің, нуклеин қышқылдарының, көмірсулардың және басқа молекулалардың синтезделу реакциялары. Антоциан – көптеген өсімдіктердің клетка шырынында болатын қызыл, көк немесе күлгін пигменттер. Апофермент – күрделі ферменттің ақуыздық бөлігі. Ассимиляттар – фотосинтез үдерісінде пайда болатын алғашқы органикалық қосылыстар. Органикалық қышқылдар, жай және күрделі қанттар. Бәсекелестік тежеу – тежегіш өзінің құрылысы бойынша субстратқа ұқсайды, оның белсенді орталығымен байланысады да, ферменттің әсерін шектеп тастайды. Белсенді тасымалдау – молекулалар мен иондардың концентрация градиентіне қарсы бағытта, клетка мембранасы арқылы энергия жұмсап, тасымалдау.  Биотин – ақуыз және май алмасуын реттейтін ферменттер құрамында ақуызы жоқ табиғи органикалық зат ретінде болатын В7 витамині (дәрумен). Вакуоль – арнайы мембрана – тонопластпен шектелген клетка шырыны жиналатын органелла. Вакуом – клеткадағы вакуольдер жиынтығы. Витаминдер (дәрумендер) – қоректік заттарда шағын мөлшерде ғана кездесетін, ал адам мен жануарлар организмінің бір қалыпты тіршілік етуі үшін өте қажет, кіші молекулалы органикалық заттар. В1 (тиамин) витамині – тиаминпирофосфат коферментінің құрамына кіреді, бұл кофермент – α-кетоқышқылдардың декарбоксилдену реакциясын катализдейтін ферменттердің простетикалық тобы.В2 (рибофлавин) витамині – флавиндік дегидрогеназа ферменттерінің простетикалық тобына кіреді. РР (никотин қышқылы) витамині – НАД және НАДФ коферменттерінің құрамына кіреді, олар пиридиндегидрогеназалар ферменттерінің простетикалық тобы. Гель немесе жалқаяқ – жоғары молекулалы қосылыс ерітінділерінің коллоидты күйі, клетка протоплазмасының физикалық қасиеттерінің бір түрі. Гидролиз – күрделі заттардың су қатысуымен ыдырауы. Гидролазалар – судың қатысуымен күрделі органикалық қосылыстарды ыдырататын ферменттер.Гидрофильді – “су сүйгіш”, сумен әрекеттесе алатын полярлы немесе зарядталған молекулалар немесе топтар.Гидрофобты – “судан қорқатын”, суда ерімейтін, полярсыз молекулалар немесе топтар. Гольджи аппараты – клетка органелласы, клеткадан заттардың секрециясына және плазмалық мембрананың құрылуына қатысады. Граналар – хлоропластардың ішкі құрылымының негізгі бөлшектері. Олар реттеліп орналасқан тилакоидтар байламына ұқсас. Хлоропласта 10-50 граналар болуы мүмкін, дегенмен олардың бәрі өзара жұмыр, немесе қысыңқы құбыр сияқты гранааралық тилакоидтер арқылы біртұтас жүйе боп байланысқан. Дегидрогеназалар – зат алмасудағы тотығу мен тотықсыздану реакцияларын катализдейтін ферменттер.  Олар сутегін бір органикалық қосылыстан екінші қосылысқа тасымалдап, біріншісін тотықтырып, екіншісін тотықсыздандырады. Изоферменттер – бір ферменттің түр өзгерістері. Құрылыстары әртүрлі, бірақ біртекті реакциялардың жүруін тездететін ферменттер. Иммобилденген ферменттер – белгілі бір негізге арнайы орналастырылған ферменттер. Соңғы жылдары биотехнологияда кең қолданыс табуда. Затты иммобилденген ферменттер арқылы өткізіп, шаруашылыққа қажет өнім өндіру мүмкіндігі артуда. Ингибиторлар – тежегіштер, химиялық реакцияның жылдамдығын бәсеңдететін немесе мүлдем тоқтататын заттар.Информосомалар – клеткада ақпараттық РНҚ-ның қорын жасап, оны сақтауға арналған ұсақ бөлшектер. Катаболизм– қоректік заттардың молекулалары энергия бөле ыдырайтын метаболизмнің бөлігі. Катаболдық реакциялар – ақуыз, көмірсу сияқты үлкен биомолекулалардың ыдырап, кіші молекулаларға айналу реакциялары. Катализ – катализатордың әсерімен реакцияның жылдамдығын өзгерту. Катализатор – химиялық реакцияның жылдамдығына әсер ететін, бірақ реакция нәтижесінде шығындалмайтын заттар. Кері реакция – қайтымды реакцияның оңнан солға қарай, яғни бастапқы әрекеттесуші заттар түзілу жағына жүретін бағыты. Клетка – жануарлар мен өсімдіктерді тіршіліксіз жүйелерден ерекшелейтін, морфологиялық және физиологиялық сұрыпталған құрылыстық бірлік. Қарапайым тірі жүйе бола тұрып, клетка өзін-өзі жаңартуға, өндіруге және реттеуге қабілетті. Клетканың негізгі құрылымдары – ішінде органеллалар мен басқа кіріспелер орналасқан цитоплазма, ядро, вакуоль. Олардың бәрі клетка қабығымен қоршалған. Клетка шырыны немесе сөлі – клетка ішіндегі қоймалжың зат. Өсімдік клеткасында шырын негізінен вакуольде шоғырланады. Клетка мембранасы – плазмалемма. Әрбір клетканы басқа клеткалардан ажыратып, шектеп тұратын, екі қабат липид пен ақуыздан тұратын жұқа қабық. Оның атқаратын қызметі жан-жақты: қорғап-сақтау, өткізу, түзу, мағлұмат алмасу және т.б. Клеткалық теория – бұл ілімге сай әрбір тірі организм ұсақ құрылымдық бірліктер – клеткалардан тұрады. Алғаш рет ілімді 1838-1839 жылдары неміс ғалымдары Т. Шван мен М. Шлейден ұсынған.Клетка қабықшасы – бұл күрделі полисахаридтерден тұратын, қатты талшықтардан құралған өсімдік клеткаларының қабықшасы. Атқаратын қызметтері: клетканы қорғап сақтау, оған белгілі бір форма беру, қажетті заттарды жинақтау (аккумуляция), қор жасау, т.б. Клетчатка, жасұнық, целлюлоза – глюкоза қалдықтарынан тұратын күрделі полисахарид. Өсімдік клетка қабықшасының негізін қалайды. Шаруашылық маңызы зор. Қағаз, талшық, спирт, т.б. заттар өндірісіне қажетті шикізат. Компартментация – бөлмешелену. Тірі клеткаларда иондар қорының және қарапайым молекулалық қосындылардың жеке бөлмешелерге жинақталуы. Клетка органеллаларының және мембраналарының қатысуымен жүреді. Клетканың ішкі құрылысын құрауда, зат алмасуда және оны реттеуде маңызы зор.    Коферменттер – белгілі бір ферменттің әсер етуіне қажетті органикалық фактор, ферменттердің белсенділігін арттыратын, қарапайым органикалық қосылыстардан тұратын, ақуыз емес бөліктері. Олардың қатарына көптеген дәрумендер жатады. Кофактор – ферменттің белсенділік көрсетуіне қажетті, төменгі молекулалық бейорганикалық немесе органикалық қосылыс. Лиазалар – субстратты су қатысуынсыз –С-С- байланысы бойынша кейбір топтарды бөліп алып,  ыдырататын ферменттер. Лигазалар, синтетазалар – екі молекуланы өзара қосып, күрделі затты түзетін фермент. Реакция АТФ молекуласының ыдырауымен жүреді. Лигнин – ұлпалар мен клеткалардың қабықшасына сіңіп, сүректенуін айқындайтын күрделі органикалық қосылыс.Лизосома – цитоплазмада мембранамен қоршалған, құрамында гидролиздеуші ферменттердің мөлшері көп болатын өсімдік клеткасының органелласы.  Липаза – липидтерді, майларды глицерин мен май қышқылдарына дейін ыдырататын ферменттер тобы, гидролаза класына кіреді. Матрикс – негіз, клетка ішіндегі құрылымдары мен олардың арасындағы қуыстарды толтырып және сол құрылымдарға негіз бола алатын біртекті, ұсақ, түйіршік заттар. Медиаторлар – клеткалар, органеллалар, молекулалар ара қатынастарын реттегіш биологиялық белсенді заттар. Олар – мағлұматты, қозуды, т.б. ақпаратты тасымалдау қызметін атқаратын молекулалар. Мейоз – нәтижесінде хромосомалар саны редукцияланатын (азаятын) және клеткалары диплоидты жағдайдан гаплоидты жағдайға ауысатын клеткалардың бөліну әдісі. Мембрана – барлық клеткаларда ішкі органеллаларды сыртқы ортадан бөліп тұратын, клетка ішіндегі органеллалардың плазма бөліктерінен шектеп тұратын ақуыз бен липидтерден тұратын жұқа қабық. Метаболизм – зат алмасу, ассимиляция мен диссимиляция үдерістерінің жалпы жиынтық атауы. Тіршіліктің негізгі белгісі. Метаболит – зат алмасу кезінде пайда болатын аралық немесе түпкілікті өнім. Металлопротеиндер – құрамында металл атомдары бар ақуыздар. Көптеген ферменттердің құрамында металл иондары болады. Микротүтікшелер – клетканың ішкі тірегін – цитоқаңқасын құруға қатынасатын, табиғаты ақуыз құрылымдар.Микрофиламенттер – клетка мембранасындағы қабылдағыш рецепторлар мен микротүтікшелерді өзара байланыстырып, клетка қаңқасын құруға қатынасатын ақуызды құрылымдар. Митохондрия – клетканың мембранамен қоршалған органелласы, олардың құрамында лимон қышқылы циклінда, электрондар тасымалдауда және тотыға фосфорлану үдерісінде қажетті ферменттер болады, энергия алмасу реакцияларын реттейді. Михаэлис константасы (КМ) – ферменттік жылдамдығы оның ең жоғарғы жылдамдығының жартысына тең болатын, субстраттың концентрациясы. Михаэлис-Ментен теңдеуі – ферменттік реакция  жылдамдығын субстраттың концентрациясымен байланыстыратын теңдеу. Мультиферменттік кешен – бірнеше ферменттерден тұратын қызметі мен құрамы күрделі топ.  Никотинамидадениндинуклеотид (НАД) – никотинамид, аденин, рибоза және фосфор қышқылының қалдықтарынан тұратын, анаэробты дегидрогеназа тобының коферменті. Ақуыз бен НАД біріккен кезде ғана ферменттің белсенділігі артып, тотығу-тотықсыздану реакциясына қатыса алады.Никотинамидадениндинуклеотидфосфат (НАДФ) – НАД сияқты, айырмашылығы – құрамында бір фосфор қышқылының қалдығы артық. Нуклеаза – нуклеин қышқылдарын нуклеотидтерге дейін ыдырататын фермент. Нуклеоплазма – клетка ядросында болатын қоймалжың, сұйық. Нуклеопротеиндер – нуклеин қышқылы мен ақуыздан тұратын күрделі қосылыс. Ядро мен клетка қоймалжыңы құрамына енеді. Оксигеназалар – организмде оттек тасымалдайтын ферменттер. Оксидазалар – маңызы өте жоғары тотықтырғыш ферменттер, электрон мен протонды тікелей оттегіне жеткізіп, тотықтыру қызметін атқарады. Оксидоредуктазалар – тотығу және тотықсыздану реакцияларын жүргізуші ферменттер тобы. Оларға көптеген дегидрогеназалар мен оксидазалар жатады. Органелла – әрбір клеткада болатын, тіршілік негізін құрайтын ұсақ бөлшектер. Әр органелланың өз құрылым ерекшеліктері мен атқаратын қызметі бар. Олар: ядро, митохондрия, рибосома, Гольджи аппараты, эндоплазмалық ретикулум т.б. Пермеазалар – клетка мембраналарында орналасқан, әртүрлі заттарды мембрана арқылы тасымалдауға қатысатын ферменттер. Перфорация, шұрық тесіктер – клеткаларды өзара жалғастыратын клетка қабығындағы саңылаулар. Олардың кеңірек түрлері, бойымен су және еріген минералдық тұздар жылжитын түтіктердің мүшелері аралығында пайда болады. Ал олардың тараулары, бойымен органикалық заттар жылжитын елек тәріздес құбыршақтардың клеткааралық тосқауылдарында пайда болады.  Плазмалемма – тікелей клетканың протоплазмасын қоршап-қорғайтын жұқа, ақуыз бен липидтерден тұратын қабық. Плазмалемма алуан түрлі қызмет атқарады: заттарды қарама-қарсы бағытта сұрыптай өткізу, клеткаға қажетті заттар түзу, қуат өндіру, протопластты қорғау т.б. Плазмодесма – клеткааралық қатынастарды қамтамасыз ететін құрылым. Бұл құрылымдар арқылы клеткааралық зат, энергия және мағлұмат алмасу үдерісі іске асады. Пластидтер – автотрофты өсімдіктер клеткаларының цитоплазма-сындағы органикалық заттардың құралуын жүзеге асыратын, боялған немесе түссіз органеллалар. Жоғарғы сатылы өсімдіктерде пластидтердің үш тобы кездеседі: хлоропласттар (жасыл пластидтер), лейкопласттар (түссіз) және хромопласттар (сарғыш немесе қызыл түсті). Қызметі жағынан өсімдіктердегі ең маңыздысы – хлоропласттар. Фотосинтездік активті пигменттер – хлорофиллдер мен каротиноидтер осы мембраналық құрылыстарда өте реттеліп орналасқан. Өзіндік ДНҚ, РНҚ және рибосомалары болғандықтан хлоропласттардың біршама гендік активтілігі байқалады.  Полимеразалар – биологиялық мономерлерді біріктіріп, полимерлі қосылыстарға айналдыратын ферменттер. Полирибосомалар, полисомалар – рибосомалардың өзара РНҚ арқылы бірігіп топтасуы. Клеткада ақуыз синтезі жүруінің басты шарттарының бірі. Пропластидтер – өсімдіктер меристемасында және промеристемасында хлоропласттар дамуының алғашқы сатысы. Пропластидтердің басқа клеткалық бөлшектерден айырмашылығы – өзінің амеба сияқты стромаларында дөңгеленген граналарының болуында. Меристемалық клеткалардағы пластидтерге айналатын құрылыстық бөлшектер. Дамуының ең алғашқы сатысындағы пластидтер. Простетикалық топ – ақуызбен байланысқан және оның белсенді тобы болатын органикалық қосылыс (амин қышқылынан басқа) немесе металл ионы, ферменттермен біріккенде олардың белсенділігін арттырады. Протеинкиназалар – бірқатар ақуыздардың амин қышқылы қалдықтарының фосфорлануын катализдейтін фермент.Протеолиздік фермент – ақуыздар немесе пептидтер гидролизін катализдейтін фермент. Протоплазма, протопласт– клетканың цитоплазмадан және кариоплазмадан құралған, тіршілік әрекеттерінің физикалық негізі және бастамасы болып есептелетін негізгі бөлігінің тірі заты. Протоплазманың негізгі өзгешелігі – онда зат алмасудың үздіксіз жүруі, алуан түрлі биохимиялық реакциялардың нәтижесінде ассимиляция мен диссимиляция үдерістерінің өзара тығыз байланыстылығында. Тіршілікке тән белгілердің бәрі протоплазмамен сыртқы ортаның қарым-қатынасына байланысты. Протоплазмада түрлі органеллалар (ядро, пластидтер, митохондриялар, Гольджи аппараты, эндоплазмалық тор, рибосома, сферосома т.б.) орналасқан. Химиялық құрамы жағынан протолазма судан, ақуыздардан, липидтерден, фосфатидтерден және минералдық тұздардан тұрады. Протоплазманың құбылмалылығы негізінен ақуыздар қасиеттерінің өзгеруіне байланысты.  Протоплазманың қозғалуы – төменгі сатыдағы бір клеткалы өсімдіктерде амебаша және зат алмасулық қозғалыстар болады. Қатты қабықшасы бар көп клеткалы өсімдіктерде айналып, ауысып және жәй ағып қозғалыстар байқалады.Протоплазманың қайта қозғалуы – протоплазманың сыртқы тітіркендіргіштердің әсеріне байланысты қозғалуы.Протоплазманың жекеленуі – кейбір зерттеушілердің ұйғарымы бойынша, өсімдіктердің қысқы және жазғы тыныштық күйінде клетка плазмодесмаларының ішке қарай тартылып, жиырылуынан протоплазманың клетка қабықшасынан ажырауы.  Протоплазманың тұтқырлығы – протоплазманың түрлі бөліктерінің қалпын өзгертуіне және үзілуге кедергілік ету қасиеті. Өсімдіктердің тіршілік жағдайларына және физиологиялық күйіне байланысты өзгереді.  Рецепторлар – ішкі және сырттан келген мағлұматтарды қабылдайтын, шетте орналасқан қабылдағыш құрылымдар. Термо-, фото-, хемо-, механо- және барорецепторлар, яғни жылуды, жарықты, химиялық қосылыстарды, механикалық әсерді және қысымды сезгіш рецепторлар болады. Рибосома – әдетте, эндоплазмалық ретикулумның мембраналарында орналасқан, диаметрі 15-30 нм, сфера немесе саңырауқұлақ тәріздес субмикроскопиялық бөлшектер. Ақуыз бен рибосомалық рибонуклеин қышқылынан тұрады. м-РНҚ нуклеотидтер триплеттерінің жүйелігінде белгіленген гендік информацияға сәйкес рибосомаларда активтенген амин қышқылдары полипептидтік тізбекке қаланады, яғни ақуыз синтезі жүреді.  Сахараза, инвертаза – сахарозаны (қантты) гидролиздеп, ыдырататын гидролаза класының ферменті. Сахароза(қант, қызылша қанты) – гидролизденгенде глюкоза және фруктоза молекулаларына ыдырайтын дисахарид. Сведберг – ультрацентрифугадағы бөлшектің седиментация (шөгу) жылдамдығының өлшем бірлігі. Швед ғалымы Сведбергтің құрметіне аталған. Седиментация – гравитациялық немесе центрден тепкіш күштердің өрісінде коллоидтық бөлшектердің немесе макромолекулалардың бағытталған қозғалысы. Синтаза – синтетаза ферменттерінен айырмасы синтез реакцияларын энергияға бай қосылыстарсыз катализдейді. Лиаза ферменттерінің класына жатады. Синтетазалар – жеке мономерлерден күрделі қосылыс – полимерлер түзуді жүргізетін ферменттер. Субстрат – фермент әсер ететін белгілі бір қосылыс.  Супрессор ген – басқа геннің әрекетін бәсеңдететін немесе жоятын ген. Сутектік көрсеткіш (рН) – су ертінділерінде ортаның реакциясын сипаттайтын шама, сутек иондары Н+ концентрациясының теріс таңбамен алынған ондық логарифмі. Тилакоид – хлоропласттың ішкі мембранасынан құралатын, дестелене жиналған табақшалар. Онда хлорофилл шоғырланып, күн сәулесін сіңіреді және химиялық энергияға айналдырады.  Тонопласт – құрылысы плазмалеммаға және эндоплазмалық тордың мембранасына ұқсас, клетка вакуолін қоршаған мембрана. Басқа биологиялық мембраналар сияқты тонопластқа да талғаулы өткізгіштік пен иондарды жедел тасымалдаушылық қасиет тән.  Трансферазалар – бір қосылыстан екінші қосылысқа атомдар мен радикалдар топтары тасымалдана жүретін реакцияларды катализдейтін ферменттер класы.  Ферменттер, энзимдер – биологиялық катализаторлар, әрбір клеткада түзілетін, табиғаты негізінен ақуыздан тұратын, зат алмасу үдерістерінің жүруін жеделдететін күрделі қосылыстар.

Ферментология, энзимология, – ферменттердің құрылысын, әртүрлі жағдайда көрсететін әсерін, белсенді орталығын, коферменттерін, т.б. зерттейтін биохимияның бір саласы. Фермент-субстрат кешені – фермент реакцияны катализдеу үдерісінде түзілетін тұрақсыз, аралық кешен. Ферменттің меншікті активтілігі – 1 минут ішінде 250С температурада ақуыздың 1 мг-ға шаққанда фермент өзгеріске ұшырататын субстраттың микромоль мөлшері. Фосфатаза (фосфоэстераза) – фосфор қышқылының күрделі эфирлерін ыдырататын гидролаза класының ферменттері. Хлоропласт – жасыл өсімдік клеткаларындағы басты органеллалардың бірі. Хлоропласттағы хлорофиллдің көмегімен фотосинтез барысында бейорганикалық заттар – су мен көмірқышқылы газынан органикалық қосылыс түзіледі. Сөйтіп, күн сәулесі энергиясы химиялық энергияға айналады. Хлорофилл – фотосинтез үдерісінде жарық энергиясының рецепторы, яғни күн сәулесін ең алғашқы өз бойына сіңіруші қызметін атқарушы жасыл пигмент, магний-порфирин кешендеріне жатады. Өсімдікке жасыл түс беретін күрделі органикалық қосылыс. Хлоропластта шоғырланады.  Хроматида – хромосома денесін құрайтын жіпшелер. Хроматин – эукариот хромосомаларының негізін құрайтын ДНҚ, гистондар және басқа ақуыздардың жіп тәрізді кешені. Клетка ядросында болады, жақсы боялғыш. Хромопласттар – каротиноидтер пигменті әсерінен сары, қызғылт сары, қызыл, кейде қызыл қоңыр түске боялған өсімдік клеткасы протоплазмасында болатын пластидтер. Хромопротеидтер – құрамында жай ақуыз және түрлі түске боялған простетикалық тобы бар ақуыздар (гемоглобин, миоглобин, цитохромдар). Хромосома – құрамында гендер бар және гендік ақпаратты сақтау мен тасымалдау қызметін атқаратын ДНҚ-ның үлкен молекулалары. Цитозоль – еріген заттарымен бірге алғандағы цитоплазманың су фазасы. Цитология – жануарлар мен өсімдік клеткаларының құрылысы және тіршілігі туралы ғылым. Эктоферменттер – клеткалар сыртқа бөліп шығаратын немесе клетка сыртында болатын ферменттер. Элонгация, тізбектің ұзаруы – ақуыз синтезінде инициациялаушы кешенде метионинге мРНҚ кодондарына сәйкес жаңа амин қышқылдарының кезектесіп, қосыла беруі. Эндоплазмалық ретикулум, тор – эукариот клеткаларының цитоплазмасындағы түтікшелер мен қуыстардан тұратын қос мембраналардың ауқымды жиынтығы. Клетка ішінде және клетка аралықтарында метаболиттерді тасымалдаушы қызметін атқарады. Тордың кейбір бөліктерінде рибосомалар орналасып, ақуыз биосинтезін жүргізеді. Ядро – 1. Атом ядросы; 2. Эукариот организмдер клеткаларында болатын, тұқым қуалаушылық қасиеттерді сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін негізгі органелла. Ядро қабықшасы – клетка ішіндегі ядроны қоршап тұратын, жартылай өткізгіш мембрана. Осы мембрана мен ондағы арнайы саңылаулар арқылы ядро мен цитоплазма өзара қатынаста болады. Ядрошық – эукариот клеткаларының ядросындағы қанық боялғыш құрылым, рРНҚ және рибосомалар синтезіне қатысатын ұсақ түйіршіктер.     

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]