Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Физиология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
119.03 Кб
Скачать
  • Глоссарий

Ассимиляциялық сан – уақыт бірлігіндегі хлорофилл салмағының ассимиляциялаудағы саны. Жапырақ бетінің индексі – егістіктегі жапырақ көлемінің және өсімдік көлемінің өзара қатынасын анықтайтын көрсеткіш. Жарық дақыл – өсімдіктерді күндізгі және түнгі уақыттарда жарықты реттеп немесе қосымша жарық беріп өсіру. Көшеттерді ерте, көкөністерді және гүлдерді қыста өсіргенде, үздіксіз тәулікті селекция және тұқым алуда, сондай-ақ кейбір физиологиялық зерттеулерде қолданылатын әдіс. Жарық сүйгіш өсімдіктер – тек күшті жарықта ғана қалыпты өсіп-өнетін өсімдіктер. Себебі, оларда фотосинтездің тыныс алудан артықшылығы тек өте жарықтық жағдайда ғана байқалады. Каротиноидтер – өсімдік клеткасында изопрен элементтерінен түзілетін фотосинтездік, майда еритін қою сары пигменттер тобы. Олардың физиологиялық белсенділігі мен маңызы өте жоғары. Бұл топқа ксантофилл, ликопин, фукоксантин және басқа пигменттер жатады. Каротин – хлоропласттар мен хромопласттарда шоғырланатын қызғылт сары пигменттер. Суда ерімейді, бірақ органикалық еріткіштерде жақсы еритін күрделі органикалық қосылыс. Әсіресе, сәбізде көп мөлшерде болады. А дәруменнің алғы заты (провитамині). Квант, фотон – жарық энергиясының ең кіші бірлігі. Ксантофилл – құрамында оттек болатын каротиноидтер, өсімдіктерде болатын сары пигменттің негізгі бөлігі, фотосинтез үдерісіне қатысады. 50-ден астам түрі белгілі.  Пигменттер – хлоропласттар мен хромопласттарда түзілетін түрлі-түсті күрделі органикалық қосылыстар. Мысалы, хлорофилл, каротин, антоциандар, т.б. Пластоцианин – хлоропласттардағы электрон тасымалдаушы, төмен молекулалы, құрамында Cu бар ақуыз – гликопротеид. Протон акцепторы – сутек иондарын – протондарды (Н+)  қосып алуға қабілетті атомдар немесе молекулалар. Протон сорабы – электрондар қозғалысы арқылы жұмыс істейтін, протондарды сыртқа тасымалдағыш күрделі фермент. Фермент жұмысы нәтижесінде мембранада потенциал айырмасы пайда болып, АТФ молекуласының түзілуіне ықпал жасайды. Протохлорофилдер – қараңғыда пайда болатын өсімдіктердегі пигменттер тобы. Құрылымы жағынан хлорофилге жақын және оған оңай айналады. Протохлорофиллид – хлорофилдің тікелей негізі болып есептелінетін, фитолсіз протохлорофилі. Сенсибилизация – организмнің, оның жеке бөліктерінің немесе клеткалардың сезімталдығын арттыру. Сенсибилизатор – белгілі бір клетканың, мүшенің немесе организмнің сезімталдығын арттыратын зат. Су фотолизі – су молекуласының фотосинтез кезінде жарықтың әсерімен ыдырап, сутегі мен оттегіне бөлінуі. Осының нәтижесінде жарықта өсімдіктерден бөлінетін оттегі пайда болады. Таңбалы атом әдісі – элементтердің радиоактивті және тұрақты изотоптарын пайдаланып, олардың жылжуы, таралуы және өзгеруі арқылы организмдерді зерттеу әдісі.Фикобилиндер – қызыл және көк-жасыл балдырлардың пигменттері. Хромопротеидтер тобына жататын күрделі ақуыздар. Ақуызсыз бөлігінің құрамына өт қышқылдарына ұқсас билин хромофорлары енеді. Фикоцианиндер – қызыл және көк-жасыл балдырлардың фикобилиндер тобындағы көк пигменттері. Ақуыздық бөлігінде 2-4 хромофор топтары бар бірнеше суббөліктерден тұратын күрделі ақуыз. Фикоэритриндер – қызыл және көк-жасыл балдырлардың фикобилиндер тобында жататын қызыл пигменттері. Фикоэритриндер өздері сіңірген күн сәулесінің энергиясын фотохимиялық ырықты пигментке – хлорофилге тиімді жеткізу қызметін атқарады. Фитол –  қалдығы хлорофилл құрамына енетін күрделі молекулалы спирт. Флюоресценция – сіңірілген жарық энергиясы нәтижесінде қозған молекулалар өздерінің негізгі, қалыпты күйіне түсу кезінде жарықты қайтадан бөліп шығаруы. Фосфоглицерин альдегиді – глицерин альдегиді мен фосфор қышқылының күрделі эфирі. Фосфоглицерин қышқылы – көмірсулардың анаэробтық ыдырауы барысында түзілетін глицерин қышқылы мен фосфор қышқылының күрделі эфирі. Фосфоглицеромутаза – фосфоглицерин қышқылын изомерлеуші фермент.Фосфоглюкомутаза – глюкозофосфаттарды изомерлеуші фермент. Фосфодиоксиацетон – кетотриоза мен фосфор қышқылының қосылысы, көмірсулардың анаэробтық ыдырауында аралық өнім. Фосфоресценция – қоздыру әсері тоқталғаннан кейін де белгілі бір уақытқа дейін созылатын люминесценция құбылысы. Фосфорлану – тыныс алу мен фотосинтез кезінде және басқа да зат алмасу реакцияларында жоғары қуатты фосфор қышқылы қалдықтарының бір заттан екінші затқа ауысуы. Фотожүйе – жарық жұтушы пигменттердің қызметтік топтары мен реакциялық орталықтан тұратын фотосинтездеуші клеткалардың жүйесі. І фотожүйе – фотосинтездегі екі сатылы, қос квантты фотохимиялық үдерісті жүзеге асыратын жүйе. Құрамында а683 хлорофилі, аздаған в хлорофилі, в700 пигменті және каротиноид  пигменттері бар жүйе. Бұл фотожүйеде ферредоксин мен никотинамиддинуклеотидфосфат (НАДФ) тотықсызданады. ІІ фотожүйе – фотосинтездегі екі сатылы, қос квантты фотохимиялық үдерісті жүзеге асыратын екінші жүйе. Бұның  құрамында а678 хлорофилі, в хлорофилі және каротиноидтар бар. Бұл жүйеде судың фотосинтездік тотығу үдерісі өтеді (Хилл реакциясы).  Фотосинтез – жасыл өсімдік жапырағында хлорофилл арқылы игерілген жарық сәуленің әсерімен жүретін күрделі физикалық және химиялық үдеріс. Фотосинтез нәтижесінде су мен көмір қышқылы газынан күрделі органикалық қосылыстар түзіледі. Онда күн сәулесінің қуаты шоғырланып, басқа тіршілік формаларының өмір сүруін қамтамасыз етеді.   Фотосинтез коэффициенті – фотосинтез үдерісінде бөлінген оттегінің,  сіңірілген көмір қышқыл газының көлеміне қатынасы (О2:СО2). Қалыпты жағдайда фотосинтез коэффициенті бірге тең болады. Органикалық қышқылдар тотықсызданған жағдайда коэффициент бірден жоғары, ал егер сіңірілген көмір қышқыл газы, негізінен, кетоқышқылдарды карбоксилдендіруге жұмсалып, фотосинтез баяу жүретін болса, коэффициент бірден төмен болады. Фотосинтездік бірлік – ферменттік орталығы бар, жарық сәулесін сіңіретін хлорофилл молекулаларының жиынтығы. Онда фотосинтез кезінде электрондық қозу энергиясы химиялық күйге аналады. Хлорофилді фотосинтездік мембраналардың тилакоидтарында орналасады. Фотосинтездік таза өнім – фотосинтез барысында түзіліп, тыныс алу мен сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төтеп беруге жұмсалған өнімнен қалған таза масса.  Фотосинтездік фосфорлану, фотофосфорлану – фотосинтездеуші организмдердің хлоропластарындағы жарық энергиясының АТФ құрамындағы макроэргиялық байланыс күйіне өтуі. Осы үдерісте электрондардың жарық әсерінен тасымалдануымен қосарланған АТФ-тың АДФ пен фосфор қышқылынан ферменттік түзілуі жүреді. Фотосинтездің жарық сатысы – фотосинтездің тек жарықта ғана өте алатын бастапқы фотофизикалық және фотохимиялық кезеңдері. Фотосинтездің фотофизикалық кезеңі – жарықтың сіңуіне байланысты қозған электрондар энергиясы жиналып, сондай-ақ сол энергияның таралу кезеңі. Фотосинтездің фотохимиялық кезеңі – электрондық қозу энергиясын пайдалануға байланысты химиялық реакциялар өтетін кезең. Фотосинтездің қараңғы сатысы – көмір қышқылдың сіңіріліп, оның тотықсыздандыруымен және көмірсулардың пайда болуымен байланысты үдерістер. Жарықты қажет етпейді.  Фотосинтездің қарқындылығы – жапырақтың 1 дм2 ауданына бір сағат ішінде сіңірілген көмір қышқыл газының миллиграммен белгіленген мөлшері. Фотосинтездің нәтижелік (тиімділік) коэффициенті – фотосинтез үдерісінде игерілген көмір қышқыл газының өсімдікте органикалық зат құралуға нәтижелі жұмсалуы. Басқаша айтқанда, сіңген көмір қышқыл газының түзілген органикалық заттың мөлшеріне қатынасы. Бұл көрсеткіш өсімдіктердің өсіп-өну кезеңдеріне байланысты өзгеріп отырады; жас өсімдіктерде 0,36-0,39, ал вегетациялық кезеңнің соңына қарай 1,01-1,02 дейін көтеріледі. Фотосинтездің өнімділігі – өсімдіктің барлық денесінде пайда болған зат салмағының (граммен) жапырақ ауданына қатынасы. Фотототықсыздану – фотосинтез барысында электрон акцепторының жарықтың әсерімен тотықсыздануы.Фототрофтар – органикалық заттарды синтездеуге жарық энергиясын пайдаланатын фотосинтездеуші, хлорофилі бар өсімдіктер. Фототыныс алу, жарықтық тыныс алу – жұмсақ климат аймағында өсетін өсімдіктің жарықтың әсерімен фосфогликолаттың тотығуы есебінен оттегін сіңіру кезінде көптеген қосалқы, биологиялық белсенділігі жоғары қосылыстар түзіліп, жалпы зат алмасу реакцияларына араласады. Хемиосмостық теория – ең алғаш П. Митчелл ұсынған бұл теорияға сай митохондрия мен хлоропласттағы АТФ синтезі биологиялық мембраналардағы электрохимиялық потенциалмен тығыз байланысты. Электрохимиялық потенциал айырмашылығы протон сорабының жұмысы нәтижесінде пайда болады. Хемиосмостық қосарлану – АТФ синтезі мен мембрана арқылы электрон тасымалдану үдерісінің сутек иондарының Н+ электрохимиялық градиенті есебінен қосарлануы. Хемосинтез – микрорганизмдердің тіршілік әрекетінде жүзеге асатын, аммиак, күкіртті сутегінің және т.б. бейорганикалық қосылыстарды тотықтыру кезінде бөлініп шыққан энергияның көмегімен көмір қышқыл газынан органикалық заттар түзу үдерісі. Хемотрофты организмдер – судағы және топырақтағы аммиактың, күкіртті сутектің және т.б. заттардың тотығуынан шыққан энергияны пайдаланып, бейорганикалық заттардан органикалық заттар түзе алатын организмдер. Хемотрофтыларға нитратфиксациялаушы бактериялар, түссіз кұкірт бактериялары, темір бактериялары және т.б. жатады. Хемотрофты өсімдіктер – денелерінде бейорганикалық заттардың тотығуынан босаған химиялық энергияны пайдаланып, органикалық заттар синтездейтін өсімдіктер. Хлорофиллаза – гидролаза класы эстераза класс тармағындағы ферменттер. а және б хлорофилдерінің хлорофиллидтерге айналу реакциясын катализдейді. Хлорофиллаза аз мөлшерде барлық жасыл өсімдіктерде кездеседі.Хроматография – заттарды бөлу, анализдеу және физика-химиялық зерттеу әдісі. Зерттелетін компоненттердің концентрациялық аймақтарының жылжымалы фазада әртүрлі жылдамдықпен қозғалуына негізделген.                                                     Циклді фотофосфорлану – реакциялық орталықтағы жарықпен қозған пигмент электронының орнын ауыстырып, тасымалдағыштар арқылы қалпына қайта келіп, пигмент молекуласына оралу үдерісі. Бұл үдерісте І фотожүйе сіңірген бүкіл биохимиялық тиімді жарық энергиясы АТФ күйінде сақталып, кейін көмір қышқыл газының ассимиляциялану реакцияларына пайдаланылады. Циклді фосфорланудың ерекше белгісі – сырттан қосылатын электрон доноры және акцепторысыз-ақ жарыққа байланысты АТФ пайда болуында. Циклсіз фотофосфорлану – фотосинтездің жарық сатысының бір кезеңі. Бұл кезде жарық энергиясы АТФ молекуласының макроэргиялық байланысы түрінде, тотықсызданған НАДФ және бос оттегінің химиялық потенциалына айналады.  Электрондарды тасымалдау – ферменттер әсерінен электрондарды тотыққан субстраттан тотығатын субстратқа жеткізу. Электрон тасымалдаушысы – электрондарды қайтымды қосып алуға және беріп жіберуге қабілетті, электрондарды субстраттан оттекке тасымалдау қызметін атқаратын флавопротеин немесе цитохром типтес ақуыздар.Электрондардың тұйықталмай, циклсіз тасымалдануы - фотосинтез барысында жарықтың әсерінен электрондардың  НАДФ-ке тасымалдануы. Электрохимиялық градиент – иондардың мембрана арқылы тасымалдану кезінде туындайтын концентрация және электр зарядтары градиенттерінің қосындысы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]