Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kopia__1171_ylymi_zhoba_Dilnara.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
288.26 Кб
Скачать

III Практикалық бөлім Дәрілік өсімдіктердің пайдасы,емдік қасиеті, пайдалану, қолдану әдістері

Дүниежүзілік денсаулық сақтау үжымының мэліметі бойынша алдағы он жыл ішінде халықты дәрімен қамтамасыз етуде өсімдіктерден алынған препараттардың үлесі 60 пайыздан астам болуы мүмкін. Қазақстан Республикасы территориясында алты мыңнан астам өсімдіктер түрлері кездеседі, олардың көпшілігінен қажетті дэрілер өндіруге болады. Осы уақытқа дейін олардың тек 130 түрі ғана дэрілер өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланылады. Дэрілік өсімдіктің вегетативтік мүшелерінің анатомиялық диагностикалық белгілерін анықтау шикізатты фармакологияда пайдалануға іріктеп алу сапасын жоғарылатады.

Қазақстан флорасы пайдалы өсімдіктерге, оның ішінде ерекше маңызды болып саналатын дәрілік өсімдіктерге өте бай. Бүлардан жасалатын препараттардың тиімділікке айналғаны белгілі. Соның нэтижесінде бүл күнде фитотерапия айтарлықтай дамып отыр. Соңғы кезде кейбір дэрілік өсімдіктер ысыраппен пайдаланудың нэтижесінде жойылудың шегінде немесе мүлдем жойылған. Осыған байланысты біз тек дэрілік өсімдіктерді пайдаланып қана қоймай, оларды қорғауды да насихаттауымыз керек.

Дэрілік өсімдіктердің емдік қасиеті ондағы белсенді заттар немесе химиялық құрамы мөлшерінде жэне олардың дам организміне тигізетін физиологиялық эсеріне байланысты. Биологиялық белсенді заттар өсімдіктердің барлық бөліктерінде немесе оның кейбір бөліктерінде болуы ықтимал. Одан басқа, түрлі белсенді заттардың саны мен сапасы өсімдіктердің өсіп-өну кезеңіне байланысты. Сол себепті, дэрілік өсімдіктердің шикіатын дайындауда оларда қай уақытта жэне қай өсу кезеңінде жинауды білу керек.

Өсімдіктерде болатын биологиялық белсенді заттар эртүрлі органикалық қосылыстарға енеді. Олар — алколоидтар, гликозидтер, сапониндер, эфир жэне шыны майлары, органикалық қышқылдар, витаминдер, фитонциндер, т.б.

Эфир майлары — күрделі әртүрлі үшпамай қосылыстары, өткір иісті зат. Шыны майлардан ерекшелігі матада және қағазда майдың іздері қалмайды. Дүние жүзінде 2500 эфир майлы өсімдіктер бар. Олар өсімдіктің эртүрлі

12

мүшелерінде: гүлінде, жапырағында, жемісінде, кейде жерасты мүшелерінде

болады. Өсімдіктің вегетациялық дамуы барысында эфир майларының қасиеті мен иісі өзгеріп отырады. Мысалы, кориандрдың піспеген жемісіне жағымсыз иіс тэн болса, піскеннен кейін иісі өте жағымды болады, сондықтан тамақ өнеркэсібінде кең қолданады. Өсімдіктегі оның мөлшері 0,001%-тен 20%-ке дейін өзгеріп отырады. Оны су буымен айдау немесе экстракция эдісімен бөліп алады. Олар спиртте, шыны майда жэне басқа органикалық еріткіштерде ериді. Эфир майының химиялық қүрамы әртүрлі болғандықтан, адам организміне түрлі-түрлі эсерін тигізеді. Микробтарға жэне түйілуге қарсы дэрі, жүрек жүмысын жақсартады, қызуды басады, ас қорыту жолдарында шырын бөлінуін күшейтеді.

Гликозидтер. Өсімдік бөліктерінде болатын күрделі органикалық заттар. Оладың қантты және қантсыз бөліктері бар. Фермент қышқылдар арқылы жэне қайнатқанда қантқа (глюкоза, фруктоза т.б.) жэне қантсыз бөлігіне (агликон) ыдырайды. Таза түрінде кристалл тэрізді ащы зат, суда өте жақсы ериді, бірақ спиртте ерімейді, көбісі улы. Гликозидтермен әртүрлі ауруларды емдеу агликонның химиялық қүрамы мүмкіндігіне байланысты. Қазір жүрек гликозидтерін көп пайдаланып жүр. Сақ болу керек, олар өте улы. Тек дэрігерлер бақылауымен ғана емделген жөн. Гликозидтер табиғатына қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Солардың бірі флавоноидтар мен кумариндер.

Флавоноидтар — барлық флаваноидтар негізінен флавон деген қосылысқа жатады. Үшкөміртек үзбелерді байланыстыратын структураға қарай, сонымен бірге оның тотығу дәрежесіне байланысты барлық флавоноидтар бірнеше негізгі топтарға бөлінеді; 1) Катехиндер; 2) Лейкоантоцианидтер; 3) Антоцианидиндер; 4) Флавоноидтар; 5) Флавонолдар-3; 6)Флавондар жэне флавонолдар; 7) Халкондар жэне дигидрохохалкондар; 8) Аурондар; 9) Изофлавондар. Флавоноидтар өздерінше бос күйінде де, немесе гликозидтер түрінде де (катехиндерден басқасы) кездеседі. Көміртекті бөлігі ретінде моно-, ди- жэне трисахаридтер болуы мүмкін. Моносахаридтерден кәдімгі өсімдіктерде болатын қанттар: Д-глюкоза, Д-галактоза, L-рамноза, L- арабиноза болады.

Флавоноидтар деген атпен белгілі өсімдіктер пигменттері класын зерттеу XIX ғасырдың басынан жүргізілді деп айтуға болады. Флавоноидтар қосылыстарына қызығушылық әсіресе ерекше 20ғасырдың 40 жылдарынан

13

басталды. Септ — Дьерди 1936 жылы лимон қабығынан алынған флавоноидтар жиынтығының Р — Витамині белсенділігіндей эсері бар екендігін дэлелдеді. Қазіргі кезде флавоноидтардың фармокологиялық эсері диапазоны өте кең белгілі болды. Әдебиеттердегі мәліметтерден флавоноидтарды жүрек-қан тамырларын емдеуге, ;спазмолитикалық, қабынуға қарсы, микробтарға қарсы дэрілік заттар ретінде пайдалануға болады. Соңғы кезде флавоноидтарды ісікке қарсы да қолдануға болады деген мэліметтер бар. Бірақта флавоноидтардың дэрі-дәрмек ретінде ресми түрде пайдалануы элі шектеулі. Өте жиі флавоноидтарды Гален жэне Жаңа гален препараттары қүрамына кіретіндігі туралы айтылады[19].

Кумариндер өсімдікте таза түрінде немесе гликозидтер қүрамындағы агликонмен қосылыс түзеді. Олар жарыққа сезімтал, тез ыдырайды, суда нашар ериді. Олардың көпшілігі тамыр кеңейткіш, ісікке қарсы қолданылады. Қазіргі уақытта 150 аса кумариндер түрі бөлініп алынды. Кумариндер көбінесе бүршақтүқымдастар, шатыргүлділер түрлерінің тамыры мен жемістерінде болады.

Алкалоидтар — күрделі азотты қосылыстар. Бүл сөз арабша алкали -сілті жэне гректің эйдос — үқсас деген мағына береді. Өсімдік түрлеріне, өскен ортасына, биологиялық даму сатыларына, өсіру жәнС жинау эдістеріне байланысты алкалоидтардың мөлшері де эртүрлі болады. Алкалоидтар суда ерімейді, бірақ түрлі органикалық қышқылдармен тез байланысып, суда ерітінді түзеді. Медицинада алкалоид түздарының судағы ерітіндісі қолданылады. Алкалоидтар дэмі ащы, көпшілігі улы, күшті эсер еткіш дэрілік заттар тобына жатады. Фармакологиялық эсері өте көп.

Шайыр — күрделі химиялық қосылыс, жабысқақ, суда ерімейтін, әртүрлі иісті зат. Сұйық шайырды бальзам деп атайды. Өсімдікте шайыр шайыр жолдарында болады. Егер өсімдіктің сыртқы қабаты жарақаттанса, шайыр толық жауып, кеуіп қалудан жэне микроб түсуден қорғайды. Шайыр қылқанжапырақтыларда, қайыңның бүрі мен жапырағында, алоэ да кездеседі. Медицинада оларды бактерияға қарсы, ал түндырмасы ішкі органдырға пайдаланады. Қарағайдан алынған шайыр медицинада кең қолданылатын «клеол» пластырь қүрамына кіреді. Ежелгі Египетте ладаң, мирра, канифоль сияқты шайыр заттарын өлген адамды бальзамдау үшін қолданған. Бірі сүргі

14

ретінде, екіншісі жараларды емдеуге, үшіншісі несеп айдауға дәрі ретінде қолданылады.

Шыны майлар мен майға үқсас заттар. Глицеринді күрделі эфирлер мен жоғары май қышқылдарының қосылыстары. Май қүрамына қаныққан жэне қанықпаған қышқылдар кіреді. Қаныққан май қышқылдары қүрамында пальмитин, стеарин, миристил жэне лаурин қышқылдары болады. Шыны майы көбінесе өсімдіктің түқымында кездеседі, тек зэйтүн майы етті зэйтүн жемісінен өндіріледі. Шыны майлар суда ерімейді, спирттің суық ортасына қарағанда ыстық ортада тез ериді. Медицинада өсімдік майларын (мазь, кремдер, сабын) теріні жүмсарту үшін кең қолданады. Көпшілік майлар қү-рамындағы қанықпаған қышқылдар қан қүрамындағы холестеринмен байланысып, тез еритін қосылыстар түзеді де, ағзадан шығаруға көмектеседі. Сондықтан шыны майларын «эссенциальды» деп атайды, организмде түзілмейді. Ең бағалы болып жүгері, күнбағыс, зэйтүн майы саналады. Өсімдік майын көп қолданатын Үнді, Қытай, Жапония елдерінде Америка, Европа елдерімен (бүл елдер көбінесе жануарлар майын қолданады) салыстырғанда атеросклероз ауруларына шалдығу біршама томен. Майға үқсас заттарға балауыз, стериндер, камфора кіреді, оларды да дэрі дайындауға қолданады.

Илік заттар — илік заттар барлық өсімдіктер қүрамында кездеседі. Тырыстыратын дэрі қүрамына кіреді, ағзадағы бактериялардың өсуіне кедергі болатын қасиеті бар, эртүрлі суық тигенге, қанның қалпына келу процесіне қатысады.

Ғылыми мэліметтерде илік заттардың антигепатоксикалық, антибактериалық, антимутагендік, эртүрлі саңырауқүлақтарға қарсы сондай-ақ қаннның қалпына келуіне, суық тигенге қарсы белсенділігі бары анықталынған[20]. Сонғы жылдары эртүрлі зерттеулер жүргізу нэтижесінде илік заттардың қатерлі ісікке қарсы, антигипоксиялық, антиоксиданттық, антивирустық, фунгицидтік, бойдың өсуін реттеуші, түмауға, гепатит, СПИД ауруларына қарсы белсенділіктері анықтаЛЫнды. Олардың ішінде ауыл шаруашылығында қолдануға болатын далалық жэне өндірістік сынақтар бойынша өсімдіктерді вирустық аурулардан қорғау, тамыр жемістілерді үзақ

15

сақтау кезінде шіруден сақтау қүралдары, дэнді дақылдардың өсуін реттеуші тиімді, экологиялық таза қүралдары ретінде қарастырған. Сондықтан ғалымдар илік заттары көп кездесетін шикізат көзін іздестіруде[21].

Сапониондер — бүл да гликозидтер, шайқағанда сабынның көбігіндей көбік пайда болады. Латынша «сапо» — сабын. Олар қант пен агликонға бөлінеді. Оны сапогенин деп атайды. Сапгенинді қақырық түсіруге, несеп айдауға, түрлі мүшелердің бекуіне жэне организмнің қызметін жақсартып, қуаттандыруға қолданады.

Витаминдер — латынша «vita» өмір сүруге керекті, биоогиялық белсенді органикалық зат. Организмнің бірқалыпты дұрыс тіршілігіне өте қажет. Олар адам организміне тағаммен бірге енеді. Витаминдер зат алмасу процесіне қатысады, түрлі науқастарға қарсы түрақтылықты қамтамасыз етеді және организмде ферменттер қүруда үлкен маңызы бар.

Қазіргі уақытта 30-дай витаминдер бөлініп алынды, олардың 20-дай түрі адам организмине өсімдіктер тағамымен енеді. Дэрілік өсімдіктер шикізаты -адам организміне керекті витамин алуға өте құнды қайнар бүлақ.

Л витамині — өсімдіктер майы қүрамында кездеседі. Оның жеткіліксіздігі көздің қүргақ көз (ксерофтальм) ауруына шалдықтырады, бетті безеу басады, тері жаралары іріңдегіш келеді, тәбет нашарлйды, адам шаршағыш келеді. Бүл витамин осы ауруға қарсы шипа. Мәселен, біздің Абай ауылындағы кейбір дәрілік өсімдіктерге тоқталып өтсек. Итмұрынның пайдасы адамға өте көп. Итмұрынның құрамында менделеев кестесінің жартысы бар деуге болады. итмұрынның тамыры, жапырағы, жемісі адам ағзасына өте шипалы. Құрамындағы аскорбин қышқылы қарақатқа қарағанда 10 есе, лимонға қарағанда 50 есе артық мөлшерде болады.Медициналық тұрғыдан итмұрынның құндылығын оның құрамында көп мөлшерде болатын с дәрімені арттырады. Сонымен қатар итмұрынның құрамында В,К,Р дәрумендері, тұқымында Е дәрумені, каротин,қант, сондай ақ , илік, пекинді, бояулық заттар, органикалық қышқылдар, минералды заттар, макро микроэлементтер болады.Итмұрыннан тосап жасайды. Жемісін кептіріп, қыста тұмауға қарсы қарсы қайнатып ішеді. Гүлдерін шайға қосып бұқтырып ішеді. Бәрімізге белгілі бұта шырғанақтын да қасиеттері бар.

  • Дәрумендердің жетіспестігінең болған қан аздыққа 3 ас қасық

16

  • шырғанақ шырынын жарты стақан райхан жалбыздың қайнатылған тұнбасына қосып, оған бір ас қасық бал қосып араластырады да тоңазытқыштың астына қойып, екі сағат бұқтырады. Осыдан әр жолы жарты стақаннан астан бұрын екі рет ішеді. Бір емделу ба­рысы 14 күн.

  • Аллергиялық аурудан тері бүлінгенде бір ас қасық шырғанақ жемісін 250 г қайнап тұрған суға салып, 10 ми­нут ақырын қайнатады. Жарты сағат бұқтырады. Осыдан ас алдында 2 ас қасықтан ішеді. Суын жылытып, теріге компресс жасайды. Әр 15 минут сайын ауыстыруға болады. Бір емделу барысы 15 күн.

  • Сусамыры бар адамдардың зат алмасуы бұзылған кезде 3 ас қасық итмұрын жемісіне 1 шай қасық қаражидек жемісін қосып, 1 литр қайнап тұрған суға салып, жарты сағат жабық термоста ұстайды. Осыдан соң оны сүзіп, үстіне 4 ас қасық жылы шырғанақ шырынын, 3 ас қасық бал салып, бәрін араластырады да, 3 апта күніне 3 реттен жарты стақаннан ішеді. 21 күн осылай емделіп, 15 күн демалып, қайта жалғастыруға болады.

  • Тұмау тиіп жөтеліп қалған кезде бір стақан қайнап тұрған сүтке бір шай қасық шырғанақ майын, пышақтың ұшымен ас содасын қосып, араластырып, жатарда ішіп, жазылғанша жалғастыруға болады.

  • Тіс түбі босап, қанап ауырған кезде шырғанақ жапырағын 10 минут ақырын қайнатып, астан соң жылыдай ауызды шайып отырады. Күніне 5-6 рет. Бір апта жасаса нәтижесі көрінеді.

  • Жұтқыншақтың бірнеше түрлі ауруына, мұрынның іші ауырғанда таза дәкеге сіңірілген шырғанақ майымен ауыз қуысын, жұтқыншақ төңірегін, танау ішін ауық-ауық сүртіп отыру керек. Бір емделу барысы 10 күн.

  • Көз ауруларының бірі тауық соқыр деп аталады. Бұл көбінше кешке қарай көздің көру қабілеті төмендеп кетеді. Мұндайда бір стақан шырғанақ жемісін күні бойы жеп тауысып отырады. Ол аз немесе жоқ болғанда шырғанақтың жас бұтақтарынан аз мөлшерде алып, жарты литр қайнаған суға 10 минут ақырын қайнатып, термоста ұстайды. Осыдан әр жолы жарты стақаннан күніне үш рет ішеді. Емді бір айға жалғастырса нәтижесі көрінеді.

Ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартуға бір ас қасық шырғанақ жемісін қайнап тұрған суға салып, тағы біраз қыздырып, жарты сағат бұқтырады. Осыдан күн сайын ас алдында жарты стақаннан күніне үш рет ішеді. Қажетінше қолдануға болады. Түймедақтын да пайдалы қасиеттері,пайдалану әдістері болады.

Түймедақпен көптеген ауруды емдеуге болады. Түймедақ гүлі өт жолына тас байлану, тұмау, бас ауруына қарсы ем.

Өсімдіктен алынған эфир майы жүйке жүйесін әлдендіріп, ми тамырларын кеңітеді. Асқазан, ішек жолдарының жұмысын жақсартып, өтті жүргізіп, тәбетті ашуға көмектеседі. Бұлшық еттің жұмыс қабілетін арттырады. Сонымен қатар:

1) Суық тигенде екі шай қасық түймедақ гүлін 300 г суға қайнатып, 4 сағат бұқтырып тұнба жасау арқылы пайдалануға болады. Тұнбаны ертелі-кеш астан бұрын ішу қажет.

2) Асқазан ауруына екі ас қасық гүл үгітіндісін бір стақан қайнап тұрған суға салып, бір сағат жабық ыдыста бұқтырып алып ішу көмектеседі.

3) Бел ауырса, түймедақ гүлін ұнтақтап тұзы жоқ сары майға араластырып белге жағуға болады.

4) Тер шығаратын дәрі ретінде бір стақан гүл үгітіндісін қайнап тұрған суға салып, 40 минут бұқтырып алып қолданады. Тұнбаны сүзіп, ыстықтай ішкен дұрыс. 

І. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]