Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kopia__1171_ylymi_zhoba_Dilnara.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
288.26 Кб
Скачать

Мендуана

Мендуана (лат. Datura stramоnium)[1] — алқа тұқымдастарына жататын өте жағымсыз иісі бар, біржылдық шөптесін өсімдіктер, кейде бұталар. 

  • Биіктігі 1 метрден асады.

  • Сабағының сырты тегіс, іші қуыс, тік өседі.

  • Жапырақтарының ұштары сүйір, салалы, ірі, шеттерінде ойықтары бар, сағақтары ұзын, үстіңгі жағы қою жасыл, төменгі бұтақты жерінде олар жалғыз-жалғыздан орналасқан.

  • Гүл тәжі ұзын түтікше тәрізденіп, гүл тостағаншасынан асып тұрады. Шілде, тамыз айлары аралығында гүлдейді.

  • Ұрығы - ұзындығы 3-4 сантиметрлік сырты тікенді, жұмыртқа тәрізді қауашақ. Жемісі піскен кезде ішінен 500-ге жуық үлкен қара дәнектері төгіледі.

Қазақстанның барлық аймақтарында (тек таулы жерлерде өспейді) кездесетін 1 түрі — кәдімгі Сасық меңдуана (D. stramonіum). Ол үй маңында, бақшада, кейде қоқысты жерлерде топтанып өседі.

Таңқурай

Таңқурай - раушангүлділер тұқымдасының бір түрі. Биіктігі 1—3 м, сабағы тікенді, жапырағы қалың, атпа тамырлы, көп жылдық шала бұта. Жемісі сүйекті, түсі қызыл, сары. Жемісінің құрамында қант, пентон, органикалық қышқылдар, С, А, В витаминдері, хош иісті заттар бар. Жемісін жеуге және тосап, шырынсу, шырын, шарап, т.б. дайындауға пайдаланады.

Таңқурай – раушангүлдер тұқымдасына жататын, жартылай бұталы көпжылдық өсімдік. Таңқурайдың бұталары алғашында шөптесін болып, кейіннен бұтаққа айналады. Жапырағы күрделі пішінді, жиегі аратісті, үстіңгі беті қою жасыл, ішкі жағы ақ түсті. Гүлдері ақ немесе ашық қызғылт болады.

9

Гүлі 5 күлтелі, аздаған гүлшоқтар болып жеке-жеке өседі.

Гүлдеуі маусымнан күзге дейін жалғасады. Сондықтан пісу мерзіміне қарай, өнімін жинау бірнеше айға созылады. Жидегі өте нәзік, күлгін- қызғылт түсті. Дәмі тәтті, аздаған қышқылдығы бар. Таңқурай ұсақ сүйекшелерден құралған бірнеше дәндердің бірігуінен тұрады. Жабайы түрінде бұл дәндер бір-бірінен оңай ажыратылып алынады. Ал, екпе түрлерінде сүйекшелері бірігіп кеткен тәрізді болып көрінеді. Жалпы пісу кезеңі шілде, тамыз айлары. Нәзік хош иісті. Табиғатта таңқурай аралас ормандарда, қылқанжапырақты ағаштар арасында жақсы өседі. Өзен аңғарларында, бұталардың арасында, көлеңкелі, ылғалды жерлерде кездеседі.

Жуа

Жуа(Allіum) – көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Солтүстік жарты шарда 500-ге жуық түрі кездеседі. Қазақстанда жуаның 108 түрі далалық шөл, шөлейтті жерлерде, әсіресе, таулы аймақтарда өседі. Сабағы қуыс, кейде бітік, оның ұшында көп гүлді, шатыр тәрізді гүлшоғырлары бар. Жапырағы тұтас қынапты, сабағын орап тұрады. Гүлі ұсақ, ақ, қызғылт сары, жасыл түсті. Жемісі – үш қырлы қауашақ. Баданалары домалақ, кейде

сопақша. Жуаның сирек кездесетін 9 түрі (мыс., Піскем жуасы, түпті жуа, Сергей жуасы, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. жуа малазықтық, тағамдық, дәрілік өсімдіктер ретінде де бағаланады. Ерте заманнан бері ерекше сәнді әсемдік өсімдіктересебінде мәдени түрде өсіріледі және арамшөп түрлері де кездеседі. 4 түрі (бас пияз, сарымсақ, шалот, батун) мәдени дақыл ретіңде өсіріледі. Жапырағы түтікше пішіндес не жалпақ. Тамыр жүйесі шашақты (тамыры топыраққа 25 см-дей тереңдейді), баданасы не қысқа тамыр сабағы бар. Гүлі ұсақ, қос жынысты, түйінінің үш ұшасы бар. Гүлшоғыры — шатырша. Жемісі қара дәнді кұрғақ қауашақ. 40-150 күнде өсіп жетіледі. 3-4 жылдан кейін гүлдей бастайды. Жапырағы мен баданасында кант, клетчатка, кальций, калий, В, Вр В,, С, РР витаминдері бар. Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.

Жусан

Жусан (Artemіsіa) –күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесінөсімдіктер тегі, көбіне шала бұта.

Қазақстанның барлық жерінде – шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10 – 60 см, кейде 1,5 – 2 м-дей болады.

10

Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жапырағыкезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті. Ұсақ гүлі қос жынысты, сары түсті, себеттері көп, әбден піскен кезде шашыраңқы иіліп келген сыпыртқы гүлшоғырын құрайды. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. Жемісі – тұқымша. Жусанның 17 түрі – сирек кездесетін эндемик түрге жатады, ал Қазақстанда ғана өсетін бір түрі – дәрмененің дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар.Шырғалжын жусанның жапырағы мен сабағын жеуге болады, құм жусаны құм тоқтату үшін пайдаланылады. Арасында улы түрі (таврий жусаны) де кездеседі, оны мал жемейді. Жусан – құнарлы мал азығы, дәрілік, бояуыш, тағамдық, витаминді, эфир майлы өсімдік. Жусанды қолдан (мысалы,тамыржусан) да өсіреді.

11

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]