- •Андатпа
- •Аннотация
- •Гипотеза
- •II Негізгі бөлім. Теориялық бөлім.
- •2.1 Дәрілік өсімдіктерге жалпы шолу
- •2.2 Алуан түрлілігі Түймедақ
- •Биік андыз
- •Жолжелкен
- •Мендуана
- •Таңқурай
- •III Практикалық бөлім Дәрілік өсімдіктердің пайдасы,емдік қасиеті, пайдалану, қолдану әдістері
- •Зерттеу жұмысы жүргізілген жердің физикалық - географиялық жағдайы
- •2.1 Объектілер мен жұмыс әдістемелері
- •III.Эксперименталды бөлім
- •3.1 Зерттеу нәтижелері
Биік андыз
Биік андыз (лат. Inula helenium) - Биіктігі 1,5 м-ге жететін, тік сабақты көп жылдық шөптесін өсімдік, андыздың бір түрі. Жапырақтары ірі, сопақша-эллипс пішінді, шеттері бейтегістісті болып келеді. Тамырсабағы қысқа, Жуан, көп басты, диаметрі 6-7 см, тамырсабақтан аз санды тамырлар тарайды, ұзындығы 20 см-ге дейін, жуандығы 2-3 см болады. Гүлдері алтын-сары түсті, диаметрі 7 см-ге жететін ірі себетке жиналған. Себеттерде жалғыздан болады. Шілде-тамызда гүлдейді.
ТМД елдерінің Европалық бөлігінің Оңтүстік және Орталық аймақтарында, Кавказда, Батыс Сібірде, Орта Азияда өседі. Қазақстанда Семей, Көкшетау, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Қарағанды, Шымкент маңайларына өседі. Дайыңдау аймақтары – Краснодар, Ставрополь өлкелері мен Қазақстан.
Жолжелкен
Жолжелкен – қорғасыншөптер тұқысдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. қазақстанда шөлді,таулы аймақтардың сор,сортаңды,құмды,тақырлы жерлері мен сексеуіл өскен алқаптарда кездесетін 2 түрі( жіңішке масақты жолжелкен, суворов жолжелкені) бар. олардың биіктігі 5-50(80(см). Жапырақты тамыр түбінен шығады, қанат тәрізді тілімденген. Тостағанша жапырақшалары түтікті, бес қалақты, түкті. Күлтесі шұңқырлау. Гүлдері ұсақ, қызғылт, ақ немесе қызғылт күлгін түсті. 2-4-тен масақ гүлшоғырына топталған. Жолжелкен тұқымдастарына жатқызылатын жолжелкен(Подорожник большой) көп жылдық өсімдік. Биіктігі30-40 см-ге дейін жетеді. Сабағының төменгі жағында жерге жайыла өсетін сопақша жапырақтары бар. Гүлдері ұсақ, төрт тармақты масақтан тұрады. Кішкене қауызында 8-ден 13-ке дейін тұқымы болады. Мамырдан бастап тамызға дейін гүлдейді. Жемістері шілдеден күзге дейін піседі. Батпақты,сазды жерлерде көп өседі. Республикамыздың барлық өңіріне кеңінен таралған жолжелкен көпжылдық өсімдік. Оны ел ішінде иман жапырақ, біртартар, егеуқұйрық деп те атайды. Оны әлем халықтарының
7
көпшілігі ежелден дәрі ретінде қолданады. Қазақстанда жолжелкеннің жиырмаға жуық түрі бар. Көп кездесетін түрі үлкен жолжелкен.
Жолжелкен Қазақстанның барлық жерінде өседі. Негізінен орманның жол жиектерінде, шалғынды алқаптарда кездеседі. Жолжелкен жапырақтарының құрамында аукубин глюкозді, ащы және илік заттар, ферменттер, лимон қышқылы, каротин, аскорбин қышқылы, К витамині және аздаған мөлшерде алкалоидтар мен фитонцидтер бар.
Шырғанақ
Шырғанақ (лат. Hippóphaë rhamnoídes) — гүлді өсімдіктердің қосжарнақтылар класындағы жиде тұқымдас кішкене ағаш немесе бұталы өсімдік . Биіктігі 1,5—6 метр. Шырғанақ туыстардың 3 қана түрі бар . Ең көп тараған түрі — итшомырт шырғанақ.
Сары түсті, шырынды жемісі бұта басында тізбектеліп, жабысып өседі. Гүлдеу мерзімі – сәуір, мамыр айлары. Қыркүйек-қазан айларында жемістері піседі. Шырғанақтың жемісі аскорбин қышқылына, В1, В2, В6 дәрумендеріне, ал дәні майға (12,5 %), каротин мен В1, В2, Е дәрумендеріне бай. Жемісінен әртүрлітосап, кисель тағы да басқа дәруменді заттар дайындайды. Шырғанақ – Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде көп кездесетін дәрілік өсімдіктердің бірі.
Шырғанақ – бұталы немесе шағындау ағаш болып саналатын тікенді өсімдік. Жапырағы мен гүлі бір уақытта ашылады. Қазақстан жерінде бір ғана түрі кездеседі. Тау етегінде, тоғайлы алқапта, өзен-су жағалауларында, жартасты, тасты тау беткейлерінде өседі. Жапырағы күміс түстес. Сәуір, мамыр айларының аралығында гүлдейді. Гүлдеп біткен соң жеміс салады. Жемісі қазан айында піседі. Күзде жемісінде болатын ащы дәм алғашқы қара суықтан кейін жоғалады. Жемісінде 8 % шырғанақ майы бар, каротинге бай. Құрамындағы дәрумендердің қасиетін жоғалтпау үшін жемісін ағаш бөшкелерде, күн көзінен таса жерлерде сақтау керек. Шырғанақтың жемісінен шырынды сусындар, қайнатпа, тосап жасалады. Шырғанақ майы терідегі жаралар мен күйіктерді жазады. Адамның ішкі ағзасының жұмысын жақсартып, бауырдың негізгі қасиетін сақтауға көмектеседі. Көптеген қатерлі ісіктерді емдеуге, хирургиялық операциялардан кейін де қолданылады. Өсімдіктің бұтасы тығыз және қатты болып келеді. Сондықтан оны жылжитын құмдардың жолына егіп, таудағы жүретін көшкінге тосқауыл ретінде жартасты тау беткейлеріне егуге болады..
8
Көгалдандыруда жеке немесе топтап егуге және жасыл қоршау ретінде өсіруге болады.
Ашық күн көзінде өскенді қалайды.
Шырғанақ тұқымынан да, тамыр және қалемшесімен де көбейеді. Жаңадан шыққан өскіні 4-5 жылдан кейін ғана жеміс бере бастайды. Тұқымы арқылы күз мезгілінде көбейеді.
