- •Андатпа
- •Аннотация
- •Гипотеза
- •II Негізгі бөлім. Теориялық бөлім.
- •2.1 Дәрілік өсімдіктерге жалпы шолу
- •2.2 Алуан түрлілігі Түймедақ
- •Биік андыз
- •Жолжелкен
- •Мендуана
- •Таңқурай
- •III Практикалық бөлім Дәрілік өсімдіктердің пайдасы,емдік қасиеті, пайдалану, қолдану әдістері
- •Зерттеу жұмысы жүргізілген жердің физикалық - географиялық жағдайы
- •2.1 Объектілер мен жұмыс әдістемелері
- •III.Эксперименталды бөлім
- •3.1 Зерттеу нәтижелері
II Негізгі бөлім. Теориялық бөлім.
2.1 Дәрілік өсімдіктерге жалпы шолу
Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis),шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады .
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.
Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.
Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.
Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері Республика тереториясынан 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Олардың үрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан одақ көлемінде бірінші тұр. Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына байланысты олардың ішіндегі дәрілік өсімдіктің зерттеудің маңыздылығы айтапаса да түсінікті. Мал бағумен ақылым заманнан айналысқан қазақ халқы шөптерің, жалпы өсімдіктердің емік, дәрілік қасиеттерін ертеден білген. Сөйтіп ел арасында ауруға шалдыққан адамдарды дәрілік өсімдіктермен емдеу ілгеріден-ақ кеңінен таралған. Ертеде өмір сүрген әл-Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Баруни әл-Джуржани және орта ғасырларда өмір сүрген тағы да басқа Шығыс ғалымдарының қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді танп пайдалануына еткен ықпалдары зор болды.
4
2.2 Алуан түрлілігі Түймедақ
Түймедағы (Matrіcarіa) – күрделі гүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер.
Қазақстанда Алтайда,Жетісу(Жоңғар), Іле, Күнгей Алатауларының көбінесе ашық жерлерінде өсетін 2 түрі: дәрілік Түймедағы (М. recutіta) және кәдімгі Түймедағы (М. matrіcarіoіdes) бар. Олардың биіктігі 10 – 35 см. Сабағы бұтақты. Жапырақтары қауырсын тәрізді үш қайтара тілімделген, кезектесіп орналасқан. Гүлі ақ, гүлтозаңы сары түсті, себет гүлшоғырына топталып, дара гүлдері сабақтың ұшында жетіледі. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, маусым – қыркүйекте жемісі піседі. Жемісі – дәнек. Түймедақ гүлі көгалдандыруда кеңінен қолданылатын көпжылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 30-60 см аралығында болады. Гүлінің диаметрі 9 см-ге дейін жетеді. Дүние жүзіне таралған. Бақшаға еккен түймедақ жаз бойы молынан гүлдеп, ерекше көңіл күй сыйлайды.
Өсімдіктің сұрыпталған түрлерінің гүлі ірі болып келеді. Бойы аласа, гүлпарлы түрлері де бар. Сұрыпталған түрлерінің гүлдеу мерзімі ұзағырақ болады. Сұрыпына қарай маусымнан шілде айының соңына дейін гүлдейді. Алғашқы гүлдері сола бастаған кезде гүлсидамын қырқып тастаса, жаздың соңына қарай қайтара гүлдейді. Әрине, гүлі алғашқыдан сиректеу болады.
Түймедақ гүлін флористикада композиция жасауда пайдаланады. Өсімдікті көгалдандыруда гүлзарға жеке немесе топтап отырғызады.
Түймедақ гүлі топырақ талғамайды, дегенмен де молынан гүлдеуі үшін топырағы құнарлы болғаны дұрыс. Арам шөбін жұлып, түбін қопсытып тұру керек. Күнді жақсы көреді, бірақ алакөлеңкеде ұзағырақ гүлдейді.
Табиғаттағы түрлері өздігінен тұқымы шашылып көбейеді. Ал, көгалдандырудағы сұрыпталған түрлерін көктемде түбін бөлу арқылы көбейткен тиімді, әрі оңай. Көшеттің арақашықтығы биіктігінің жартысындай болу керек. Мысалы: түймедақтың биіктігі 70 см болса, арақашықтығы 35 см болғаны абзал.
5
Итмұрын
Итмұрын (Rosa) – раушангүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық өсімдіктер туысы. Қазақстанда кездесетін 25 түрдің ішіндегі ең әдемісі. Республиканың (Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы) сай, Орталық және Оңтүстік-шығыс бөлігінде тауда, жазықта, қорым тастарда, беткейлерде, ормандарда, дымқыл топырақты жерлерде бұталар арасында өседі. Ылғалды жақсы көреді, топырақтың да, ауаның да ылғалдығына сезімтал, биіктігі 2 метрге дейін сүр-қошқыл түсті, қабығы бар, сабағымен бұтақтары ұсақ тікенекті. Өткір тікенектер барлық туыс түрлеріне тән, олар жануарлардың жеп қоюынан сақтайды. Жапырағы күрделі, тақ қауырсынды, әдетте 2-3-тен жұптасқан көлемді эллипс тәрізді, жиегі ара тісті, ал астыңғы жағын қою да жұмсақ түк басқан. Гүлі қос жынысты, дұрыс гүл (актиноморфты) тостағаншасы жіңішке жасыл түсті, күлтесі ашық күлгін немесе қызғылт түсті. Тостағаншалар мен күлтелер саны бірдей (5-тен), аталық пен аналықтары көп (саны анықталмаған), гүлі көлемді (диаметрі 6 см-ге дейін), үзын гүл табанына көбінше жалғыздан, сирек топтасып бекиді. Ашық түсті гүлінің хош иісі жәндіктерді өзіне тартады, ара, үлкен тозаң жейтін қоңыздар, бір гүлден екінші гүлге ұшып-қонып жүріп айқас тозаңдандырады. Кейде жәндіктер гүлді түнеп шығатын орын ретінде пайдаланады, өйткені кешке қарай гүлдердің күлтелері, жабылады.Итмүрын шілдеде гүлдейді, тамызда жеміс береді. Раушан туысының жемісі туралы толығырақ айтсақ артық болмас. Раушан туысының жидегі шындығында да жалған жеміс, құрылысы күрделі, күлте жапырақшаларының құмыра немесе бокал тәрізді болып, қабырғаларының ішкі жағында бекінген көптеген сарғыш жаңғақтар, қою да қаттылау түктермен бөлінген. Біз суреттеп отырған түрдің жемісі пісіп-жетілген қою, ашық-қызыл түсті. Ұшында түспейтін қүрғақ тостағанша жапырақшалары барлық раушандар мен жабайы раушандарға тән. Кейбір түрлері ежелден белгілі бауда өсірілетін раушандардың арғы тегі болып табылады. Біздің эрамызға дейінгі 4 мың жылдыққа жататын Алтайдың көмбелерінен табылған металл ақшаларда да бауда өсірілетін раушандар бейнеленген. Қазірде жабайы раушандар сұрыптауда және мәдени раушандардың сапасын жақсартуда қолданады. Итмүрынның ерекшелігі — бағалы витаминдерге бай, жемісі және одан дайындалған дәрі-дәрмектер медицинада негізінен асқазан және бауыр ауруларын емдеуге қолданылады,
6
гүлдерін шайдың орнына пайдалануға
болады, күлтелерден дайындалған эфир майы — парфюмерия өндірісінде пайдаланылады.
