Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тарихы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
308.29 Кб
Скачать

Билеушілер

Жоңғар Хандығында билеушілердің сатылы бағыныштылық тәртібі орнатылды, билеушілер тобына ұлы тайшылар, кіші тайшылар, зайсандар және жоғары ламалар кірген. Кіші тайшылар ұлы тайшылардың вассалдары болып есептелді. Ұлы тайшылар және кіші тайшылар көшпелі тайпалардың мал жайылымдарын, жоғары ламалар ғибадатханаларға тиесілі жерлерді иеленді. Зайсандар кіші тайшыларға бағынды. Ал төменгі әлеуметтік топтар араттар (қарапайым шаруалар) деп аталып, екіге бөлінді: албату –билеушілерге және шабинарлар – діндарларға тәуелділер. Олар өз иелеріне басыбайлы бекітіліп берілді. Албату Жоңғар Хандығы әскерінің негізін құрады, ал шабинарлар әскери қызметтен босатылды. Хандықта құлдар да болды, бірақ олардың қоғамда рөлі болмады. Хандықтағы жоғары билікті хандар жүргізді, хан тағына тек шорос тайпасынан шыққандар отырды. Хан лауазымы қонтайшы деп аталды.

Тайпалар

Жоңғар Хандығын құрған негізгі тайпалардан – ұлы тайшылар шықты, кейін қосылған тайпалардың билеушілері – кіші тайшылар болды. Кіші тайшылар билік жүргізген топтар – анги деп аталды. Ең шағын әлеуметтік бірлестік – хотон деп аталып, оның құрамында 4, 10, 50 жанұя болды. Бірнеше хотон аймақты немесе отоқты (шіркеу иелігінде иасы деп аталған) құрады. Әкімшілік басқару жүйесінде мемлекет аппарат маңызды рөл атқарды. Шенеуніктер 12 дәрежеге бөлініп, әрқайсысының атқаратын қызметі анықталды. Ұсақ қызметтерді атқарушылар да көп болды: 30 адамға бір басқарушыдан келді. Олардың жалпы саны 35 мыңға жеткен. Сот билігін атқарушылар зорго (сот өкілдері) деп аталып, ең беделді 8 зорго министрлер қызметін атқарды.

32, Қазақ Жоңғар соғыстарының кезеңдері.Қазақ халқының Жоңғарларға қарсы азаттық күресі. Қазақ хандығында жүздер арасындағы тұрақты саяси және экономикалық байланыстардың болмауы, қазақ феодалдарының өзара тартысы көрші мемлекеттердің шабуылдауына жол ашты: солтүстік-батыстан – башқұрттар; солтүстіктен-Сібір қазақтар; оңтүстіктен – Қоқан, Хиуа хандықтары; шығыстан – жоңғария; оңтүстік – шығыстан – Қытай. Қазақ жеріне әсіресе қауіп төндіргені – жоңғар мемлекеті. Жоңғар қонтайшыларының басты мақсаты: қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, өзіне бағындыру; қазақ жерін иемдену. XVII ғ соңы XVIII ғ басы – жоңғар әскері Жетісудың бір бөлігін жаулап, Сарысу өзені алқабына дейін жетті. 1718 ж Аягөз шайқасы. Қаракерей Қабанбай мен Жауғашар (Шақантай) батырлардың басшылығымен алғашқы екі күнде жау талқандалды. Шайқастың үшінші күні Әбілхайыр мен Қайып соғыс қимылдарын келісіп жүргізбеді. Осыны пайдаланған жоңғарлар жеңіске жетті. 1722 ж Цинь императоры Канси қайтыс болғаннан кейін Жоңғария барлық әскерін қазақ еліне қарсы жіберуге мүмкіндік алды. 1723 ж – Цеван – Рабдан бастаған 70 мың жоңғар әскері 7 шепке бөлініп Қазақ өлкесін ойрандады (Жетісу – Қаратау –Талас алқабы). Бұл – «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, ақ мешін» қайғысының бастамасы (1723-1727). Ел басынын кешкен осы қасірет «Елім-ай» әнін туғызды. Жоңғар қысымымен қазақ ауылдары туған жердерін тастап, іргелес аудандарға үдере көшті: Ұлы жүз және Орта жүздің бірқатар рулары – Шыршық өзенің Сырдарияға құяр саласынан жоғары өтіп, Ходжентке беттеді. Орта жүз рулары – Самарқандқа. Кіші жүз рулары – Ырғыз, Торғай, Жайық, Ор өзендеріне; Қазақтардың бір бөлігін Тобыл губерниясына қарай жылжыды. Қазақтардың Орта Азия хандықтары мен Еділ қалмақтарының иелігіне жақындауы көршілес мемлекеттермен қатынасты салқындатты. Жайық бойындағы қазақтар,оңтүстікте қарақалпақтар, өзбектер әлсіреген ауылдарға шабуылдап, жағдайды ауырлата түсті. Қатты ойрандалған жер – Жетісу. «18 ғ алғашқы он жылдықтарының қазақ халқының өміріндегі қияметі терең болды. Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық қазақтары, башқұрттар ұлыстарды талқандап, малдарын айдап, отбасыларын тұтқындап алып кетті» деп жазды Ш. Уәлиханов. Қазақ жерінде ерекше қаталдық көрсеткен жоңғар қонтайшысы – Цеван – Рабдан. 1725 ж – жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті жаулады. Бұл Оңтүстік аудандардың елді мекендері мен керуен саудасына нұсқан келтірді. Қазақ жерінің ұзақ жылдар бойы жоңғар билігінде қалып қою қаупі төнді. Хандар мен сұлтандар осы ауыр күндерге басқыншыларға қарсы күресті ұйымдастыру орнына, билік үшін таласып, өзара қырқысты. Тәукеден кейін оның мирасқорлары Қайып, Болат елдің басын құрай алмады. Ұлы жүзді Жолбарыс хан (1720-40) басқарды. Орта жүз аумағын Сәмеке (1724-38), Күшік (1718-50) хандар басқарды. Кіші жүз билеушілерінің бірі Әбілхайыр (1698-1748) 1723 ж жетекші хан болып танылып, қолбасшылық және дипломатиялық қабілеттерімен ерекшеленді. Ал қазақ батырлары туған жерді азат етуге бірікті: Есет, Қабанбай, Бөгенбай, Саурық, Малайсары, Баян, Жәнібек, Райымбек т.б. Біртұтас әскер ұйымдастыруда белгілі би Қанжығалы Бөгенбай батыр ерекше көзге түсті. Үш жүз жасақтарының біріккен қимылдары 1726 ж басталды. 1726 ж – «Қалмақ қырылған» шайқасы. Сарысудың орта ағысы, (Торғай даласы). Бұланты өзенінің жағасындағы «Қара сиыр» деген жерде 60 мың қазақ әскері күшімен қалмақтар талқандады. Тарихи маңызы: қазақ халқының әскери, моральдық рухы көтерілді. Үш жүзді біріктіргенде біріктіргенде жоңғар қаупінен құтылуға болатындығына сенім күшейді. Қазақ өлкесінің солтүстік батысы азат етілді. Елдің тәуелсіздігін қалпына келтіру мақсатына ұмтылыс басталды. 1726 ж Ордабасы жиыны. Үш жүздің жасақтары жиналып, жауға соққы беру жөнінде келісімге келді. Нәтижесі: Әбілхайыр бас қолбасшы болып сайланды. Жетісуды азат етуге аттануға осы жер жақын болды. Алатау, Қаратау сілемдерімен қоршалып, шығысы ашық дала болатын бұл жер қазақ жасақтарын шоғырландыруға мүмкіндік берді. Қазақ жасақтары жүздік негізде орналастырылды. 1729 ж көктем Аңырақай шайқасы (балқаш көлінің оңтүстігі) Әбілхайыр басшылығымен үш жүздің әскері қалмақтарға күйрете соққы берді. Бұл ұрысқа Әбілмәмбет пен Барақ сұлтандар да жеке жасақтарды басқарып қатысты. Тарихи маңызы: Жоңғарлар Іле өзенін бойлап, еліне қарай шегінді. Кіші жүз бен Орта жүз жерлерінің көп бөлігі азат етілді. Қазақ жерін түгелдей азат етуге мүмкіндік туды. Үш жүздің бірігуінің маңыздылығын көрсетті. Алайда, Болат ханның қазасынан кейін Әбілхайыр мен Сәмеке (Шахмұхамбет) аға хандыққа таласып, алауыздық пайда болды. Нәтижесінде: Әбілхайыр өз әскерін Кіші жүзге қарай алып кетті. Сәмеке хан әскерін Орта жүзге қарай жырып әкетті. Осы себептерден Сырдария алқабына шегінген Ұлы жүз әскері қайта оралған қалмақтардың жаңа күшіне қарсылық көрсете алмады. Оңтүстік Қазақстанның осы өңірі уақытша жоңғар өктемдігінде қалып қойды. Жоңғар қаупінің жойылмауы билеушілерден сыртқы қауіптен құтқаратын жол іздеуге талап етті

33, Райымбек Түкеұлы (1705-1785) – жоңғар басқыншыларына қарсы шайқастарда атамекенін жаудан азат еткен батыр әрі әулие, қолбасшы. Батыр қазіргі Алматы облысында туған. Ұлы жүз Албан ішіндегі Алжан руының Сырымбет тармағынан. Атасы Хангелді батыр 18-ші ғасырдың 1-ші жартысында жоңғарларға қарсы күресте аты шығып, 1733 жылы Төле, Қодар билер, Сатай, Бөлек батырлармен бірге Ұлы жүз қазақтары атынан орыс патшайымы Анна Иоановнаға елші жіберген. Райымбек 17 жасында жоңғар басқыншыларына қарсы күресте ерлік көрсетіп, батыр атанған. Қалмақтың Бадам, Қорын, Ағанас, Секер, т.б. хан, ноян батырларын жекпе-жекте жеңіп, Қаратау өңірі мен Жетісуды жаудан азат етуге басшылық жасағандардың бірі болған. Торайғыр және Сөгеті таулары аралығындағы «Ойрантөбе» деген жерде өткен шайқаста ерекше көзге түскен. Бадам өзені туралы естігендер көп. Бірақ, соның Райымбек батырдан жеңілген қалмақ нояны Бадам-бахадүрдің есімімен байланыстырылатынын көп адам біле бермейді. Райымбек батыр 1729 жылы Аңырақайдағы шайқаста Наурызбай, Өтеген, Қабанбай, Бөгенбай сынды қазақ ерлерімен үзеңгі түйістіре отырып, Сары Мыңжаның әскерін талқандаған. Ал, Итембес өзенінің бойында Шона Доба жасағы жер жастанған. 1758 жылы Райымбек батыр Наурызбай, Бөлек, Өтеген, Малай батырлармен тізе қоса отырып, Жоңғар империясының соңғы күшін қазіргі Сүмбе шекарасынан асыра қуып, Жетісу жерінен ығыстырып, Текестің Құйғаны мен Іленің басталар тұсынан әрі қарай Жұлдыз ойпатына дейін ығыстырып тастаған ерлігі жұртқа аян. 

Қабанбай Қожақұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз — батыр, талантты қолбасшы. Азан шақырып қойылған есімі — Ерасыл. Ол 1692 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келіп, 1770 ж. сонда дүние салған. ҚабанбайНайман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан.

Жеті жасында әкесі Қожақұл, он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза табады. Он алты жасар бала жау арасына жасырын барып, ағасын өлтірген жоңғар батырын өлтіріп, кек алған. Осыдан кейін Зайсандағы Керей ішіне кетіп, жездесі Бердәулеттің қолында болды. Осында жүріп жылқыға шапқан жабайы қабандарды жайратып, “Қабан батыр” атанды.

  • 1717 ж. Аягөз шайқасына, 1723 ж. Түркістан қорғанысына, 1726 ж. Бұланты шайқасына, 1730 ж. Аңырақай-Алакөл шайқасына, кейіннен Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас батырларының біріне айналды.

  • 1741 ж. Шыңғыстаудағы Шаған шайқасында ақбоз атпен топ жарып, жауға шапқаны үшін Дарабоз атанды.

  • 1751 ж. ол Сыр бойы, Шымкент, Сайрам, Ташкент қалаларын жоңғарлардан тазартып, Төле бидің билікке келуіне көмектесті. Жоңғарияға айдалып бара жатқан бірнеше мың қарақалпақты құтқарып қалады.

  • 1752 — 54 ж. Қабанбай басқарған қазақ әскері алдымен Іле, Балқаш, Қаратал өңірлерін жаудан тазартуға қатысты. Осыдан кейін Қарақол мен Нарынды, Үржар мен Қатынсуды,Алакөл мен Барлықты азат етіп, терістік бағыттағы Бөгембай әскеріне қосылды. Баспан-Базар, Шорға, Маңырақ шайқастарына қатысып, Зайсан, Марқакөл, Күршім өңірлерін азат етті.

  • 1756 ж. жоңғар билеушісі Әмірсананы қуып келген қытай әскерінің бетін қайтаруға атсалысты, Шонжы, Нарынқол, Кеген өңірлерін қырғыздардан қайтарып алуға қатысты.

  • 1758 ж. қыркүйекте Барлықтан Үрімжі қаласына 300 жылқы айдап барып, қазақ-қытай саудасын бастап берді. 500 адамдық қолмен келген қырғыз батыры Қарабекке ауырып жатқанына қарамастан қарсы шығып, жекпе-жекте Қарабекті өлтірген. Сол сәтте өзі де ат үстінен құлап түсіп, қазаға ұшырайды.

Қанжығалы Бөгенбай деп атап кеткен. Сырдария өзенінің жағасында дүниеге келіпті

Оның атасы — Әлдекүн, әкесі Ақша қанжығалы руы ішінде белгілі адамдар болған. Әз Тәуке хан оның әкесіне 80 мың сарбаздан тұратын әскерге қолбасшы болуды сеніп тапсырған. Ол сонымен қатар өнерлі адам болған. Ұсталық өнермен айналысып, соғыс қару-жарақтарын жасаған. Бойында ақындық, айтыскерлік өнері де болған. Әкесінің өнері баласына дарыған. Бала кезінен қазақ даласыныңшешендік өнерін бойына сіңіріп өскен ол жігіт шағында ауылдарға барып, ру арасындағы дауларды шешіп, билердің құрылтайларына қатысқан. Өзіне жақын адамдардан топ құрып, кейін елде "Қанжығалының қырық батыры" деп аталып кеткен. Батырлығы мен қолбасшылық дарыны арқасында Бөгенбай үлкен құрметке бөленіп, ерлігі ел аузында аңызға айналып кетті. Бөгенбайдыңқалмақтармен және қытай өскерлерімен болған қиян-кескі шайқастарда көрсеткен қайраты сол кездегі жорық жырауларының толғауларында мәңгі өшпес өлең тілімен өрнектеліп қалды.

Бөгенбай жорықтарын, қоғамдық істерін, негізінен, бес кезеңге бөлуге болады: 1. 1696-1697 жылдары жоңғар қалмақтарымен шайқастары, 2. 1710 жылғы Қарақұмда бүкіл қазақ елі жасағының қолбасы болуы, 3. 1723-29 жылдардағы қазақ елінің жоңғарлардан жаппай жеңілісі мен онан кейінгі халқымыздың сыртқы жауға берген тойтарыстарын ұйымдастыру, 4. 1731-1735 жылдардағы орта жүз бен Ресей қарым-қатынасын ыңғайластыру шараларын жүзеге асыру, 5. 1750-1760 жылдардағы Алтай-Тарбағатай, Жетісу жорықтарын ұйымдастыру.

Құттымбетұлы Наурызбай 1706 жылы Жетісу жерінде, Алатаудың баурайында дүниеге келген. Бұл кезде ӀлеТаласАлатау менҚаратау аралығындағы қазақ пен қырғыз жоңғарларға тәуелді еді. Батырдың көзін ашқаннан естігені батырлар тұралы жырлар, аңыз әңгімелер болып, теңдессіз бай рухани ортада өсті. Екінші жағынан елге үстемдігін жүргізген басқыншы жаудың зорлығы мен зомбылығын да көрді. Мұның өзі жүрегінде оты бар жасты туған елін, атамекенін жаудан азат ету тұралы арманға жетеледі, батырболуға құлшындырды. Наурызбай батырдың өмірі тұралы бүгінгі күнгі деректерде Шапырашты Наурызбай, Қаракерей Қабанбай,Қанжығалы Бөгенбай бабаларымыз Абылай хан айналасындағы бас батырлар қатарында бағаланады. Бұқар жырау осы үш тұлғаның жанындағы мынадай ірі батырларды атайды: Шақшақұлы Жәнібек, Сіргелі Қара Тілеуке, Қарақалпақ Қылышбек, Текеден шыққан Сатай мен Бөлек, Қаумен, Дәулет, Жәпек, Сеңкібай, Шойбек, Таңсыққожа, Мәмбет, Молдабай, Есенқұл және басқалар. Әдеби-тарихи деректер мен ел есінде сақталған аңыз-әңгімелер Наурызбай батырдың бүкіл халықтың ықыласына бөленіп, мақтанышқа айналуы 1727-1731 жылдардың шамасы екендігіне мензейді. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қатарынан бірнеше рет қатты соққы беріп, ақыры үлкен жеңіске жетуі осы уақытқа сәйкес келеді. Алатау етегінде жоңғарлардың ШамалғанҚаскелеңБоралдай секілді атышулы батырлары өлім табатын сұрапыл шайқастарда Наурызбай бабамыз ересен ерлік көрсетеді. Қозыбасыда қалың қол бастап, бас батыр атағына ие болады.

34, Төле Әлібекұлы Қызметі:би Туған күні:1663 жыл Туған жері:Жамбыл облысы, Шу өңірі Қайтыс болған күні:1756 жыл Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды. Төле би 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы Шу өңірінде туған. Ұлы жүздегі дулат тайпасының жаныс руынан. Әлібекұлы Төле бидің атасы Қожамбердіұлы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде, Есім ханды қолдаған. (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан) Бала күннен жас Төле әкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды, қазақ халқының ақындық-шешендік өнерінен тәлім алады. Он бес жасынан ел билігіне араласып, ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі.

қҚаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек — есімдері елге белгілі әділ билер болған.Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған.[1]Бидің жастық шағы мен бүкіл саналы өмірі қазақ елінің өз ішінде рулық-тайпалық алауыздықтар мен хандық билікке таластың неғұрлым өршіген, көрші мемлекеттердің көз тігуі жиілеп, Жоңғар шапқыншылығы үдей түскен кезеңге тап келді

Әйтеке Байбекұлы(1644 -1700 жж.) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері.Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан.[1] Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа"(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан.Шешендік қасиетінің ашылуына әкесі мен Қосуақ бидің ықпалдары тиеді. Жеті жасынан бастап Әйтеке Жалаңтөс батыр мен атасы Ақша ханның төрбиесінде болады. Ол алғаш Ұлықбек медресесінде, кейін Жалаңтөс салдырған әйгілі "Тіллә-кари"(Алтынмен апталған), "Шердор" (Арыстанды) медресесінде білім алады. Нәтитжесінде дін, құқық, аспан әлемі, тарих, математика пәндерін, араб, парсы, шағатай, өзбек тілдерін меңгеріп шыққан.Ақша бабасынан елшілік, ел басқару жолдарын үйренеді. Ал Жалаңтөс әскери қолбасшылық дағдыларына үйреткен.

Би — дәстүрлі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік жүйесіндегі демократиялық биліктің иесі. Зерттеуші ғалымдардың, әсіресе, В.В. Бартольдтың пікірінше, “би” сөзі шамамен 14 — 15 ғасырларда ежелгі түркі тіліндегі “бек” атауының бір нұсқасы ретінде пайда болып, басқарушы, ел билеуші мағынасын білдірген. Кейіннен бастапқы семантикалық-тілдік реңкінен ажырап, көбінесе, дау-жанжалды шешіп, кесімді төрелік айтушы, әділ үкім шығарушы адамды бейнелеу үшін қолданылған. 17 ғасырда өмір сүрген Махмұд ибн Уәлидің“Бахр әл-асрар фи манақиб әл-ахйар” атты еңбегінде “жоғарғы мәртебелі әмірлер мен елге сыйлы, пендәуи тірліктен азат адамдардың” барлығы би аталғанын жазады. Ал қазақ халқының дәстүрлі түсінігінде бұл атау төрт түрлі мағынада:

  1. ел билеушісі, иелік етуші;

  2. сот, төреші;

  3. батагөй, шешен;

  4. бітістіруші дипломат, елші ретінде ұғынылған.

Бидің қоғамдағы рөлін жан-жақты түсіну үшін қазақ халқының тарихи-әлеуметтік даму кезеңдерінің ерекшелігін жете ескеру шарт. Өйткені, ежелгі дәуірлерден 19 ғасырдың басына дейін қазақ қоғамы саяси потестарлы билік жүйесінің негізінде дамығаны белгілі. Ең төменгі (бұқаралық) билікті ауыл-аймаққа, ру-тайпа ішіне сыйлы, өмірлік тәжірибесі мол ақсақалдар атқарса, орта буындағы, яки, потестарлы билік тізгінін ру-тайпа басылары — билер уысына ұстады. Ал мемлекеттік және мемлекетаралық деңгейдегі мәселелерді қамтитын жоғары билікті төре тұқымы —хандар мен сұлтандар иеленген. Міне, күллі қазақ қоғамының елдік тұтастығы осы соңғы екі билік жүйесінің өзара тепе-теңдігі мен бір-біріне қарама-қарсылығы принциптеріне негізделді. Әлеуметтік құрылымға арқау болған рулық-тайпалық жүйенің өзі айқын қандас туыстардың ұйымы емес, саяси-әскери және шаруашылық қауымдастық қызметін ғана атқарды. Сондықтан қоғам болмысындағы рулық негіз мемлекеттік институттардың нығайып, жеке-дара үстемдік құруына қай кезде де мүдделі болған емес. Халықтың қалың бұқарасына жақын әрі оның тікелей қолдауына арқа сүйеген потестарлы билік иелері, яки ру-тайпа басылары — билер мен батырлар хан-сұлтандардың билігін белгілі бір дәрежеде шектеп отырды. Сол арқылы олар өздерінің әлеуметтік-саяси статусын нығайтып, абырой-беделге кенелді. Әйтсе де, ерекше әлеуметтік жік ретінде билерді тарих сахнасына шығарған рулық құрылым өзіне субэтникалық-әлеуметтік топтарды тарта отырып, қоғамды ұйымдастырушылық, мемлекеттілік нышандарын нығайтушылық қызметін атқарды.

35,

36,

Кіші және Орта жүз қазақтарыңың Ресей протектаратын қабылдауы. Кіші жүз.Қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Кәшә жүз ханы Әбілхайыр (1693- 1748ж.ж.)Ресей империясының қолдауы арқылы шешпекші болды.Әбілхайыр ханның мақсаттары:1. Қалмақтар мен башқұрттардың Қазақ жерін шабуылдауын тоқтату.2. Петербург билеушілеріне арқа сүйеп .аға хандыққа таласта қарсыластарын жеңу.3. Жайықтың төменгі ағысы ,Есіл,Ертіс,Ор өзендері бойындағы қазақтардың мал жайылымдары үшін бейбіт өмірді сақтау.4. Қазақ жері арқылы өтетін керуен жолдарының қауіпсіздігін қалпына келтіру.Ханның ең басты мақсаты жоңғарларға қарсы күресте Ресеймен байланыс орнату. Әбілхайыр осыған дейін,1726 жылы Ресей империясының құрамына кіруге өтініш білдіріп, елшілерін жіберген болатын.Бірақ елшілікке күмәнданған патша үкіметі хан ұсынысын жауапсыз қалдырған болатын.1730 жыл Кіші жүз билері Әбілхайырға Жоңғарияға қарсы күресу үшін Ресеймен әскери одақ құруды тапсырды. Алайда, хан 1730 ж. Қыркүйекте Петербургке аттандырылған елшілеріне әскери одақ құру емес,Ресейдің құрамына кіру туралы құжат тапсырды. 1731 жылғы 19 ақпан Елшілері Сейітқұл Құндағұлұлы,Құтлымбет Қоштайұлының Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы ұсынысын императрица Анна Иоанновна қабылдады.1731 жылғы 10 қазан Кіші жүзді 27 старшинасы Ресейдің қол астына кіруге ант берді.Жаңадан қосылған қазақ жерлеріндегі шептерін нығайту мақсатында Ресей үкіметі 1731 ж мамырда Сенаттың хатшысы И. К. Кириллов басқарған экспедиция жабдықтады:Ор өзені бойында бекініс тұрғызу.Орта Азия хандықтарымен керуен саудасын кеңейту.Қазақ өлкесіндегі табиғат байлықтарын игеру.Сырдария бойында қала тұрғызып,Өзен флотилиясын тұрғызу. Саяси жағдайдың шиеленісіп кетуіне байланысты экспедиция мақсаттары түгел іске аспады.1735 жылы Ор өзені бойында Ор бекінісінің негізі қаланды.Орынбор шекаралық комиссиясының келесі төрағасы И.И. Неплюев Орск қалашығын 1743 жылы жаңа жерге көшірді.Бұл қоныс Орынбор д.а.1735-1737 ж. Болған башқұрттардың көтерілістері кезінде Әбілхайырдың башқұрт билеушілерімен бірігіп кетуінен сескенген патша үкіметі кетуінен сескенген патша үкіметі 2 рет ант алуды көздеді.1738 жылғы тамыз Орынбор комиссиясының басшысы,тарихшы

37, Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты.

Абылай хан бүкіл өмірін қазақ халқы бостандығы , егемендігі үшін арнады . Шоқан Уәлиханов «Қазақ жерінде Абылайдың даңқы аса зор. Абылай заманы оларды қазақтың ерлік заманы болып саналады деп жазған еді. Абылайдың шын аты – Әбілмансұр. 1711 жылы әкесі көркем Уәли Түркістанға сұлтан болып тұрған кезде дүниеге келген. Бүл кезен қазақ халқы ушін өте қауіпті, ауыр кезең еді. Өытай мен Ресей жоңғарларды қазақ жеріне айдап отырды. Ауыр «Ақтабан шұбырынды , алқакөл сұлама» жылдары Абылай 12 жасында жауынгерлердің қатарына қосылады да , 22де батыр, қолбасшы ретінде танылады.

Қытай мен Ресей дипломатиялық , сауда қарым қатынастарын орнатып , кезінде жоңғарлар басып алған Алтай, Тарбағатай өңіріндегі қазақ қоныстарын қайтарып алды. Қазақтар жаппай ата мекендеріне орала бастады. Жоңғарлармен күресте халықтың басын біріктіруде ерекше рөл атқарды. Абылай сұлтан өзінің шебер саясаткерлігінің арқасында Ресей мен Қытай сияқты ірі империяларды өз саясатымен санауға мәжбүр ете отырып, іс жүзінде елдің дербестігін , жерінің тұтастығын сақтап қалды.

ХVIII ғ 50 жылдары Жоңғар мемлекеті саяси дағдарысқа ұшырап , әлсіреп , ыдырай бастады. Бірақ Абылай ол елді қырып шапқан жоқ. Себебі Өытай империясымен Қазақ елінің арасында қалқан рөлін атқарған Жоңғар хандығының мүлдем жойылуы неге әкеліп соғатынын Абылай жақсы тқсінген. Сондықтан да ол қалқам халқының Қытай басқыншыларына қарсы ұлт азаттық күресін қолдады. Бірақ, қалмақтар ауыз бірліктен айырылды, соның нәтижесінде 1756-57жж Цынь империясы Жоңғар мемлекетін жойып халқын қырып тынды. ХVIIIғ орта кезінен бастап Абылай қазақ елінін ерікті, іргелі біртұтас ел болуын ата қонысына жайғасып , бейбіт еңбек етуін қалады. Ол елді отырықшылыққа көшіруді , уш жүздің басын қосуды, туңан отанын жаудан қорғауды мақсат етті. Абылай хандық құрған кезде ханның жанында кеңес болған. Оған барлық жұздердің өкілдері қатысып, маңызды мәселелерді қарайтын және де бүкілқазақтық құрылтай шақырылып, соғыс пен бітім , қоныс пен жайылым, дау мен дамай , басқа халықтармен арадағы сауда мен дипломатиялық қарым қатынас мәселелері қарастырылып отырды.

Абылай ханның алға ұстаған сачсаты , мақсаты- қазақ халқының бостандығы мен бірлігі , мемлекеттігі мен тәуелсіздігі еді. Алайда ол дуниеге салғаннан кейін қазақ мемлекеті кайта бөлшектеніп ыдырай бастады. Ресей империясы қазақ жерін отарлауды қызу қолға алды. Оны іске асыру әр түрлі жолдармен іске асты, яғни іскери шеп бекіністер салу , қазақ жерін тартып алу , хандық билікті жою, рухани отарлау және т.б

38,