Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тарихы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
308.29 Кб
Скачать

Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының аяқталуы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

XIX ғасырдың ортасына карай қазақ жерлері үшін Қоқан, Хиуа және Ресей арасындағы талас күшейе түсті. Ресей үкіметімен болған 1840 жылғы келіссөзде Хиуа ханы өз билігініңЖем, Ырғыз және Торғай бойына дейін жететіндігін айтты. Сырдарияның төменгі жағасына орыс және қоқан қолдарын жібермеу мақсатында хан мұнда бекіністер салдырады. Бірақ Хиуа ханының бұл әрекеттеріне қарамастан, оларды Қоқан қолдары, кейін жақсы қаруланған Ресей әскерлері ығыстыра бастайды.

Жыл өткен сайын тереңдей түскен орыс билігіне қарсылық туғызу мақсатында Хиуа хандығы қазақтарды өзара бірлікке шақырады. Тура осындай әдіс-айлаға өзіне қарайтын аймақта Қоқан хандығы да көшеді. Өйткені Хиуа мен Қоқанның алым-салық жинаушыларының өктемдігі мен қатыгездігін көріп қалған халық олардан қарулы қарсылық арқылы болса да құтылуға әзір болды.

Осы мезгілде Түркістанның ішкі саяси өміріне Ресей белсенді түрде араласа бастайды. Оның мынадай себептері бартын. Біріншіден, XIX ғасырдың орта тұсынан бастап қарқынды даму жолына түскен Ресей өнеркәсібіне түркістандық рынок аса қажет. Қазақ тұтынушылары орыс көпестерінен ұн, түрлі мануфактура өнімдерін, металдан жасалған бұйымдарды көп мөлшерде ала бастайды.

Бұхара мен Хиуаға Ресей көпестері мата, иленген тері, металдан жасалуан бұйымдарды, қант және басқа тауарларды жеткізіп, Ресейге Түркістан өңірінен мақта, жібек, күріш, жеміс-жидек, арзан бағаға мындаған қой, ірі қара малды айдап кетіп жатты. Басқаша айтқанда, Түркістанмен тұрақты сауда қатынасын орнату Ресейге өте тиімді еді. Ресей көпестері Түркістан арқылы Үндістанға, Шығыс Түркістанға шығуды армандады. Бұл уақытқа дейін Орталық Азияға көз тіккен Англияның емеуріні Ресейді Қазақстан жерін өзіне қосып алу әрекетін біржола аяқтауға итермеледі.

Ресей үкіметінің бұл әскер күшімен іске асырылған әрекеті екі бағытта жүрді. Бірі батыстан, яғни Орынбор және Сырдарияның төменгі ағысы арқылы, ал екіншісі шығыстан, яғниОмбы — Семей — Жетісу арқылы. Орынбор генерал-губернаторлары орыс билігінің Түркістан өлкесіне тереңдеп енуіне кедергі жасаушы Хиуа хандығы деп тауып, 1839 жылы бес мың қолдан тұрған Хиуа жорығын ұйымдастырды.

Бұл жорық ешқандай нәтижесіз аяқталды. 1847 жылы генерал-губернатор В.А.Обручев бұл өңірдегі аса ықпалды тұлға Жанқожа батырмен катынас орнатып, Райым (кейінірек Арал аталған) бекінісін салуға қол жеткізді. Орыс билігімен одаққа бару Жанқожа батырға бұл өңірдегі Хиуа және Қоқан тегікісінен құтылу үшін керек болған еді.

1850 жылы Жанқожа Райым бекінісіндегі орыс қолының көмегімен Сыр бойы қазақтарына шабуыл жасаған қоқандықтарды ойсырата жеңіп, олардың Қошқорған бекінісін алады.

1844 жылы патшалық билік генерал-губернаторларға қазақ даласына тереңдей еніп, тұрақты бекіністер салуға көшуді тапсырды. Сөйтіп, отарлау ісі жаңа қарқын ала бастады. Соның нәтижесінде, Райым бекінісінің артын ала Қазалы бекінісі салынды. Бұл бекіністерге жақсы қаруланған жаяу әскер мен атты қазақ әскері орналастырылды. Оларға жүктелген міндеттер қазақ ауылдарын бағындырып, хиуалықтар мен коқандықтардың бетін қайтарып, олардың бекіністерін алу.

1853 жылы губернатор Перовский бастаған 2170 адамнан тұрған орыс әскері Сырдың бойындағы Қоқан хандығының басты бекінісі Ақмешітті өзіне қаратып, оның атын өзгертіп,"форт Перовский" деп қойды. Осылайша Түркістан өлкесіне жол ашуға тиіс болған Сырдария бекінісі өмірге келеді.

Осымен бір мезгілде Қапалда орыс приставтығы мен Жетісу облысының кеңсесі ашылды. Оған жергілікті халықпен байланыс орнату, еппен оның сеніміне кіріп, сол аркылы Қоқан және қытай ықпалынан шығарып, орыс билігіне тарту міндеті жүктелді.

1846 жылы Кенесары хан қолын Жетісудан ығыстыруды көздеген орыс әскерінің экспедициясы Қапал бекінісінің негізін қалайды. Бұл іс жүзінде орыстардың Жетісуда жасаған алғашқы қадамы болатын. Англияның Шығыс Түркістандағы ықпалының арта түскендігінен қорыққан патша үкіметі тездетіп Жетісуда бекіністерін салуды, Ұлы жүз қазақтарын өз кұрамына қосып алуды, сондай-ақ Қытай үкіметімен Жетісу арқылы жүретін сауда қатынасы жөнінде тез арада келісімшарт жасасуды көздеді.

Жетісу жеріне орыс билігінің аяқ басқанын жеке мүддесіне пайдаланып қалуды көздеген Ұлы жүздің бір топ сұлтандары мен билері 1846 жылы жаңа билікті мойындайтындығын мәлімдеп, ант береді. 1850 жылдан бастап орыс қолдары Жетісудағы Қоқан қамалдарын жоюға көшеді. Орыс әскеріне елеулі карсылық көрсеткен Қаскелең өзені бойындағыТаушыбек қамалы еді. 1851 жылы жазда орыс қолдары бұл бекіністі алып, жойып жіберді.

Орыс билігі қазақ басқарушы тобына қатысты өзінің осы уақытқа дейін ұстанған әдісін Жетісу жерінде де жүргізді. Қытай және Қоқан сияқты карсыластарымен егесте, сондай-ақ Кенесары хан көтерілісін басып-жаншу ісінде Ресей жағында болған қазақ пен қырғыздың билеушілері мен ықпалды адамдарына түрлі сыйлықтар, әскери шеншекпен үлестіру арқылы оларды өзіне тартып, өз мүддесіне қызмет істетуге тырысты.

1853 жылы Ресейдің сыртқы істер министрі Батыс Сібір генерал- губернаторы Гасфорпқа Жетісуда Ресей ұстанымын нығайтуды қамтамасыз етерліктей нақты шараларды іске асыруды тапсырады. Осы міндетті орындау мақсатында, сондай-ақ Ресейдің Ташкент, Құлжа және Қырғыз бағытындағы сауда және басқа қатынастарына жол ашатын жаңа ірібекініс салу жөнінде шешім қабылданды.

Ұлы жүз приставы болып жаңадан бекітілген майор Перемышльский бұл бекіністі орналастыру үшін Алатаудың етегіндегі Кіші Алматы өзені бойындағы Алматы елді мекенін таңдап алады. Құрылысы 1854 жылдың көктемінде басталып кеткен бұл бекініс Верный аталады. Оның жанынан, Алматы өзенінің оң жағасында қазақ әскерінің станицасысалынады.

Бір-екі жылдың ішінде мұнда Сібір қазақ-әскерінің 132 отбасы және 200 орыс шаруалары келіп орналасты. Содан кейін-ақ Алматыға Сібір қазақ-әскерінің оныншы полкын енгізу жөніндегі патша Жарлығы жарық көреді. Көп ұзамай Жетісу әскери губернаторы Колпаковский Семейден егінші татарларды және Воронежден (Ресей) орыс шаруаларын шақыртады. Осылайша Ресейдің Орталық Азияға енуіне жол ашуға тиіс болған Верный бекінісі біртіндеп осы өңірдегі әкімшілік орталығына және қалаға айнала бастайды.

Бұл кезде Қырым соғысында жеңіліс тапқан Ресей 1856 жылы енді негізгі назарын Түркістанға аударып, сонда орнығуға күш салады. Ал мұндағы Хиуа, Бүхар және Қоқан хандықтары арасындағы өзара тынымсыз қақтығыстар Ресейдің бұл мақсатына қолайлы жағдай туғызып, 1864 жылғы көктемде ол екі бағытта әскери қимылдарға көшті. Олардың бірі Сырдария бекіністер тізбегі тарапынан, яғни Перовскіден (Ақмешіт), ал екіншісі Жетісу жақтан, Верныйдан басталды.

Осы жылдың жазында бұл екі әскер қолдарының бірі Түркістанды ал екіншісі Әулиеатаны алды. Бұдан кейін екі қол бірігіп, Шымкентке бет түзейді. Орыс әскеріне бұл бекіністі алу жеңілге түспеді, оны қоқандықтардың жаяу және атты әскері, артиллериясы қарсы алады. Бір ескерерлік жағдай — екі жақтың да әскер күштерінің қатарында қазақ қолдары болды. Мәселен, Қоқан әскері құрамындағы қазақ колын Кенесары ханның ұлы Садық сұлтан, ал орыс әскері құрамындағы қазақ жігіттерін Сұраншы батыр басқарған еді.

Сондай- ақ бұған дейінгі Әулиеата үшін болған ұрыс барысында екі жақтың өзара келіссөзге шығарған елшіліктерінің бір жағында Садық сұлтан жүрген болса, екінші, яғни орыс елшілігінің құрамында Шоқан Уәлиханов бар еді. Сөйтіп, қазақ қоғамында бұдан біраз бұрын-ақ байқалған көзқарастық жіктеліс орыс-қоқан соғыс қимылдары тұсында да анық байқалды.

Екінші шабуылдан соң, 1865 жылы орыс әскері Түркістан өңірінің ірі сауда және саяси орталықтарының бірі Ташкентті алады. Өзара феодалдық қақтығыстардан қалжыраған Түркістан техникалық және ұйымдық тұрғыдан жоғары тұрған орыс әскеріне төтеп бере алмады. Міне, осы оқиғалардан соң Қазақстан бүтіндей Ресей империясы құрамына еніп, ендігі уақытта оның тарихында жаңа кезең — отарлық тәуелділік кезеңі басталды

45,

.ХVIII –ХХғ басында Қазақстан территориясын әскери казактардың отырлауы.

Қазақстан аумағы XYIII ғасыр бойында және

XIX ғасырдың бірінші жартысында Ресей империясының тұрақты және тұрақты емес бөлімдері орналастырылатын орын ретінде пайдаланылады. Бұл орыс казак шекарасының бүкіл бойында ғана емес қазақ даласының терең ішкі өңірінен де құрылды. Осы сансыз көп әскер және казак бөлімшелері Ресей империясы Оңтүстік шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Солдаттар мен казактар көптеген әскери және құрылысшылық міндеттер атқарды .Патша үкіметі оларға жердің жақсысын бердіказактар мен солдаттар бекіністерстанциялар мен қалалар салу кезінде жұмыс күші ретінде кеңіінен пайдаланылды. Алайда осынау зор және қымбатқа түскен барлық шаралардың саяси мағынасы мүлде тереңде жатты. Қазақстан аумағына әскер орналастыра отырып патша үкіметі Орта Азияға қарай ілгерілеу үшін алғы шеп дайындады және ең соңғысы тұрақты бөлімдер мен казак әскерлері қазақ халқының сана сезімін тұншықтьыруға және ұлт азаттық күштерін талқандауқа арналды. Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов басшылық еткен көтерілісті басып жаныштауда нақ солай болды. Кенесары бастаған қазақ халқының күрес жылдарында да нақ солай болды.

Казактар Ресейдің Қазақстанды отарлауында шешуші рөл атқарды. Патша өкіметі қазақ жерін толығымен бағындырып ұстау үшін оның батыс, Солтүстік, Оңтүстік-шығыс шекараларында 4 К. әскерлерін ұстады. Олар: 1591 жылы құрылған Жайық (Орал), 1734 жылы құрылған Орынбор, 1808 жылы құрылған Сібір, 1867 жылы құрылған Жетісу Казактар әскерлері еді. Жайық (Орал) К. әскері 16 ғасырдың аяғында патша үкіметініңЕділ Казактартарын талқандап, қуғындауы салдарынан құрылды. Олар 1580 жылы бұрынғы Алтын орданың, одан Ноғай ордасының астанасы Сарайшық қаласын талқандады, осы өңірлерге орныға бастады. Михаил Романов билік еткен кезден бастап (1613 – 45), Жайық К-ы Ресей патшасына бағынып, одан жалақы алып тұрды және Кубань мен Қырымға, Хиуа мен Қазақ хандығына жиі-жиі жорық жасап тұрды, башқұрттардың, қалмақтардың, ноғайлардың көтерілістерін басуға белсене араласты. 19 ғасырда Жайық Казактары Кіші жүздегі көтерілістерді басуда шешуші рөл атқарды. 1917 жылы оның құрамында 174 мыңға жуық әскер болды және оларға Жайық бойындағы аса құнарлы 6,4 млн. десятина жер тиесілі болды. Орынбор Казактар әскерлері Қазақстанның Ресейге қосыла бастауына байланысты құрылды. 19 ғасырдың 2-жартысында Орынбор Казактарының саны 158 мың адамға жетіп, олар Ресейдің Қазақстан мен Орта Азияны басып алуына үлкен еңбек сіңірді. Сібір әскерлері 16 ғасырдың аяғында Ермактың Көшім хандығын талқандауына байланысты пайда болды. 17 – 18 ғасырларда Казактар Сібірде көптеген бекініс-қамалдар тұрғызып, ішкі өлкелерді бағындыруға кірісті. 1808 жылы Ертіс өз. бойындағы Казактардан Сібір әскерлері құрылып,Оңтүстік Қазақстан мен Солтүстік Қырғызстанға арнайы экспедициялар жібере бастады. 19 ғасырдың 60-жылдары Сібір әскерлері 12 атты әскер полкі, 3 жаяу әскер батальоны және құрамында 3 батареясы бар атты-артиллерия бригадасынан тұрды. 1867 жылы Сібір әскерлері құрамынан Жетісу Казактар әскерлері бөлініп шықты. Бұл әскер Қытаймен арадағы шекараны күзетті және Орта Азияға жасалған барлық жорықтарға қатынасып отырды. 20 ғасырдың бас кезінде оның құрамында 36 мыңнан аса жауынгер болды. Жалпы Қазақ жерінде Казактарға патша үкіметі аса құнарлы өңірлерден 10 млн-нан аса десятина жер бөліп берді. Казактар әскерлері Исатай Тайманұлы бастаған (1836 – 38), Кенесары Қасымұлы бастаған (1837 – 47), Сырым Датұлы бастаған (1783 – 1797) көтерілістерді және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін басу кезінде империя сойылын соққан қатыгездіктерімен ерекше көзге түсті. Азамат соғысы жылдарында (1918 – 20) Қазақстандағы Казактар әскерлері ақ гвардияшылар жағында шайқасып (атамандар Дутов, Анненков, Толстов, т.б.), жергілікті халықты қанға бөктірді. 1920 – 22 жылы Қазақ жеріндегі кеңестік органдар үкіметі казактар әскерлерін жою үшін кейбір шараларды жүзеге асыруға кірісті. 1921 жылы 4 ақпанда ТүркістанРеспубликасы, Жетісу облысы рев. кеңесі Казактар әскерін жойып, 1 млн. десятинадан аса жерді қазақ еңбекшілеріне қайтаруға шешім қабылдады. 1921 жылы 19 сәуірде Қазақ АКСР Атқару Комитеті Сібір және Орал Казактар әскерлерінің жерлерін қазақ еңбекшілеріне қайтарып беруге шешім шығарды. КСРО-ның ыдырауы қарсаңында (1980) Казактардың дәстүрлерін, мәдениеті мен тұрмысын жаңғырту жұмыстары басталды. Казактартардың мәдени ұйымдары (әскери құрылымдар жасақтауға тыйым салынған) Қазақстанда пайда болды