- •18. Отырардың қоршауға алынуы[
- •Отырардың берілуі
- •Моғолстанның құрылуы, жер аумағы[өңдеу]
- •Халқының этникалық құрамы
- •Моғолстанның ішкі-сыртқы жағдайы
- •22, Әбілхайыр хандығы
- •25, Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-16 ғғ.)
- •26, Қасым ханның тұсындағы Қазақ хандығы
- •Билеушілер
- •Тайпалар
- •18Ғ аяғындағы Кіші жүздегі саяси жағдай. Сырым Датұлы бастауы мен болған көтеріліс.
- •40,Бөкей хандығының құрылуымен шарушылығы
- •43, Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліс
- •Оңтүстік Қазақстандағы халық көтерілістерінің жеңілу себептері мен салдарлары және тарихи маңызы
- •Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының аяқталуы
- •46, 1867—1868 Жылдардағы реформаның дайындалуы. Дала комиссиясы
- •В1867—1868 жылдардағы әкімшілік басқару мен салық жүйесіндегі өзгерістер[өңдеу]
- •49, Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу аумағына қоныс аудару себептері
- •Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аудара бастауы
- •Қоныс аударушылардың ауыр жағдайы
- •60, 1916 Жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс
1. Ғылым ретінде Қазақстан тарихының мақсаты мен міндеттері мен және оның зерттеулерінің көкейкестілігі.Тарих (араб сөзі-зерттеу,оқиғалар жөнінде әңгіме) адамзаттың басынан өткен заманалар туралы шежіре шертеді. Тарихты білу алдымен өзің туып өскен өлкеңді, еліңді оқып-үйренуден басталды. Қазақстан тарихы дүниежүзілік тарихтың құрамдас бөлімі болып саналатындықтан, еліміздің өткенін білуді жалпы адамзаттық даму тұрғысынан қарастырамыз. Тарихтың негізгі мақсаты-ұлттың руға, тайпаға, арысқа, жүзге бөлінуі үшін емес, оның тұтастығына, туыстығына ортақ тілі, ортақ діні, ортақ ділі, ортақ Отаны, елі, жұрты барына талдау жасауға арналған.Ұлттық сананы қалыптастыру, өткеннен сабақ, ғибрат алу, болашаққа үмітпен қарау, зерделеу болады. XXI ғасырдың Қазақстан азаматы, өзін Қазақ мемлекетінің өкілімін деп санайтын адам қазақ ұлтының тарихын білуге тиіс.Тарих уақытпен байланысты ұғым. Қай ғасырда, қай жылы, қандай оқиға болды. Оның халқымыз, ұлтымыз үшін қандай мәні бар-осы бізге аса қажет. Бүгінгі таңда ұлттың тарихын білу керек дегенде, ең алдымен мемлекетіміздің, ұлтымыздың қалай қалыптасқандығын тануымыз керек. Ұлттың тарихын білу керек деген сөзді өзіме жақындатып пайдалансам- өзімді -өзім тану деген сөз. Кімде-кім өзін сол ұлттың өкілімін деп таныса, санаса, сондай сезімді қалыптастырғысы келсе, онда сол ұлттың тарихы арқылы адам өзін-өзі тану керек.Яғни, тарихтың ішінде жүрген бір бөлшегі екенін сезінуі қажет. Сонда ғана ол өзінің ұясын тапқан құс сияқты, өзінің жерінде, елінде, өзіне тән үлкен тарихы, қоғамдық ортада жүргенін сезінеді. Сонда ғана адам өзін толық қанды адаммын деп санай алады. Ал енді қай ұлттың өкілі екенін білмей, айдалада лағып жүрген, қайда барарын білмей адасып қалған адам ешуақытта ешкімге жақсылық жасамайды. Қазақстан тарихының негізгі бөлшегі тарихи деректер болып табылады. Тарихи деректер-тарихи деректану ғылымының тікелей зерттеу объектісі. Деректану- тарихи деректер туралы ғылым. Оның негізгі міндеті- тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын және олардың шындыққа қатынасын зерттеу. Деректану тарихи зерттеу тәжірибесі барысында пайда болды.Алғаш жазба деректер тек нақты тарихи фактілерді тануға көмектесетін құрал ретінде пайдаланып, зерттелді. Тарихи деректер қорының кеңеюі мен ғылыми айналымға жаңа деректердің біртіндеп енуіне байланысты, бір тарихи оқиғаның, құбылыстың не процестің әр түрлі дәрежеде, тіптен кейде қарама-қайшы дәрежеде бейнеленетіні көріне бастады. Қазақстан тарихының деректану курсының проблемалары мен құрылымы оның алдында тұрған негізгі міндеттермен айқындалады. Олар:
ғылымның қазіргі даму дәрежесіне сай деректанудың теориялық және әдіснамалық саласынан білім беру;
пайда болған және сақталынған тарихи деректер кешені туралы ақпарат беру;
тарихи зерттеудің даму қажеттілігінен шыға отырып, олармен жұмыс істеу тәсілдерін жетілдіру.
Сонымен, теориялық-әдіснамалық, ақпараттық және әдістемелік мәселелер бір-бірімен байланысты қаралады. Әдістемелік мәселелерді ашу деректерге шолу жасаумен қатар жүргізіледі, бұл жағдайда басты назар,негізінен,деректер жеткізген фактілер мазмұнына емес, әр түрлі деректердің ақпараттар беру ерекшелігін көрсетуге бөлінеді.
2. .Қазақстан Еуразия территориясындағы ең ежелгі адамның таралу аймағы. Тас ғас ның археологиялық ескерткіштері.
Ерте полеолит дәуірінін ескерткіштері.
Қазақстан жеріндегі ежелгі адамның іздері ерте палеолит дәуіріндегі б.з.д. 800-140 мың жылдықтарға сәйкес келеді. Алғашқы адамдар Қаратау (Жамбыл, Шымкент обл.) жотасы мен Қарасу (Шымкент обл. Алғабас ауд.) тұрағында мекендеген. Ең көне тас құралдары оңт.Қаз.да табылды. 1958 ж оңт.Қаз.да тас ғасыры адамның тұрақтарын тапқан ғалым археолог ғалым Алпысбаев болатын. Ерте полеолитке Шабақты, Бөріқазған тұрақтары жатады. Алғашқы адамдардың айналысқан істері: тау үңгірлері, үңгіме қуыстар, тау шатқалдары т.б. Адамдардың табиғаттың қаталдығына қарсы тұру үшін, бірігіп аң аулап тіршілік етті, топтасып өмір сүрді. Олар пайдаланған тас құралдары мыналар: кварцит, обсидан, тақтас, шақпақтас. Орта палеолит дәуірінде ертедегі адамның одан әрі өсіп дамуымен, мәдени дамуының жаңа кезеңге көтерілуімен ерекшеленеді. Осы дәуірдің адамдары неандертальдықтар д.а. Антропологиялық келбеті: мойыны қысқа келеді, тістері ірі болады, сөйлеу қабілеті толық қалыптаспаған. Негізгі кәсібі: аң аулау, терімшілік. Аңды қауым болып топтасып аулаған. Басты ерекшеліктерінің бірі – шақпақ тастан от шығаруды үйренді. Діни наным сенім қалыптаса бастады. Тас өңдеу әдісі жетілді. Еңбек құралдары, негізінен, нуклеустан жасалды. Бұл кезеңнің археологиялық ескерткіштері оңт.Қаз.ның Топалы шатқалы мен Қызылрысбек тұрғынынан табылған. Сондай ақ, Уалиханов атындағы тұрақ жатады.
Оө. Қ : Бөріқазған, Тәнірқазған, Қазанғап, Шақпақты, Ш. Уәлиханов атындағы тұрақ, Арыстанды , Қарасу.
Отр.Қ:Құдайкөл, Жаманайбат, Семізбұғы.
Ш.Қ; Қозыбай.
Б.Қ: Шабақтысай, Сарытас.
Орта палеолит дәуірінің ескерткіштері.
Оң.Қ: Ш. Уәлиханов атындағы тұрақ, Тоқалы , Қызылрыспек, Үшбұла.
Орт.Қ: Обалысай мұзбел, өгізтау, Үлкен ақмая.
Б.Қ: өніжекк , аққыр, Қүмақаж.
Ш.Қ: Бөдене , Қызылсу.
Кейінгі палеолит ескеткіштері.
О.Қ: Ащысай, Үсіктас, .
Орт. Қ: Батпақ, Батпақ , Қарабас, Агренсор.
Б.Қ: Аққыр , Шақпақата, Өніжек.
Ш.Қ: Свинчатка, Шульбинка, пещеры, новоникольский, Қанай.
Мезолит дәуірінің ескерткіштері:
Солт. Қ: Мичурин, Боголюбов, Явленко, телман, Виоградовка, Дачная, Евгенивка, Дүзбай, Селетин, Ерейментау, екібастұз.
Орт.Қ:Әкімбек, Қарағанды.
Неолит дәуірінің ескерткіштері:
Арал маңы: Сексеуіл, Арал тұраұтар тобы, Ақеспе.
Оңт.Қ: Қараүңгір, Қарақұдық, Бүркітті, Үшбұлақ.
Ш.Қ: Нарым, Қызылсу, сатшықсыз.
Солт.Қ: Қаратомар, Иман бұлақ, дамсы, ботай.
Б.Қ: Тоқсанбай, Сам, Көктүбек, Жағалбұлақ, Темір, Шандыауыл, сарықамыс.
Орт. Қ: Қосқұдық, Ырғыз, Қараторғай, Батпақ.
Солт.Батыс.Қазақстан: Явленко, Карлуга, Боголюбов, Виноградовка, Тельман, Мақанжар, тұздыкөл, Дүзбай, Аманкелді
3. Андронов мәдениеті: археологиялық ескерткіштер кезеңдері және негізгі ерекшеліктері.
Б.з.б. II мыңжылдықта Еуразияның далалық аймақтарында қола алу тәсілі шығып, өндіргіш күштер қатарында төңкеріс жасалды. Адамзаттың алғаш игерген металы-қола (мыс пен қалайының қорытпасы). Металдан жасалған еңбек құралдары тас еңбек құралдары ығыстырған кезең-қола дәуірі (б.з.б. 2-1 мың ж.)
Қола дуірінің кезеңдері:
Ерте қола дәуірі (федоров кезеңі)- б.з.б. XVIII-XV ғасырларОрта қола дәуірі (алакөл кезеңі)- б.з.б. XV-XIII ғасырлар.Кейінгі қола дәуірі (замарев кезеңі)- б.з.б. XIII-VIII ғасырлар.Ерекшеліктері:Түсті металдар мен алтынның өндірістік жолмен игерілу(қола металургиясы).Ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісі – бақташылық мал шаруашылығы мен теселі егіншілік пайда болды.Әкелік отбасылық рулық қатынас орнады.Рулық қатынстар ыдырап, қуатты тайпалық бірлестіктер құрыла бастады. Андроновтық тайпалар алғаш болып экономиялық өмірдің озық түрі-көшпелі мал шаруашылығына көшті.Бұл дәуірде Қазақстан даласын, Оңтүстік Сібірді және Орал аймағын шығу тегі жағынан ұқсас, өзіндік мәдениеті бар тайпалар мекендеді. Бұл мәдениетінің алғашқы ескерткіштері табылған Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосына байланысты бұл кезең- андронов мәдениеті деген атау болды(1914ж. археолог Б.В. Андриновтың қазба жұмысы(А.Я.Тугаринов)). 1927ж. - археолог М.П.Грязнов андронов мәдениетінің ескерткіштері Батыс Қазақстаннан тапты. Бұл мәдениетті зерттеуші қазақстандық ғапымдар – Ә.Х. Марғұлан, К.А.Ақышев, А.Г. Максимова, С.С. Черников, А.М.Оразбаев. Қола дәуірі ескерткіштері табылған аймақ: Минусиск-Орал таулары-Батыс Сібір жазығы-Памир таулары. Андронов тайпалары Қазақстанның барлық аймағын мекендеген. Негізгі қоныстанған ауданы- Орталық Қазақстан. Бұл өңірдің 30- дан астам елді мекен, 150-дей қабір (қорымдар) қазып зерттелді.Солтүстік және Батыс Қазақстанда 150-ден аса қоныс пен 200-ге жуық қорым табылды. Ең ежелгі қала- Арқайым қаласы(Қостанай мен Челябі облыстарының шекарасы).Мәдениеті: Б.з.б. 3 мың ж. соңында Қазақстанның таулы және далалы аудандарада егіншілік пайда болды.Андронов тайпаларының тіршілігінде теселі егіншілік болған. Олар негізінен бидай, қарабидай және тары өсірді. Егіншілікпен қатар мал өсіру жедел қарқынмен дамып, негізгі салаға айналды. Андроновтың тайпалар қос өркешті бактриан тайпалар қос өокешті бактриан түйелерін өсірген. Түйе бейнелері жартастарға салынған, ал Үшқатты қонысынан түйенің қыш мүсіні, Ақсу-Аюдыдан бота сүйегі, Алексеевка қонысынан түйе сүйектері табылды.Б.з.б. I мың ж. басында андроновтықтар аралас шаруашылықпен айналысып, егін егіп, мал өсірген. Олар тұңғыш рет қыста малды қолда ұстау тәжірбиесін енгізді. Үй маңындағы жайылымдар жарамсыз болып қалған кезде бақташылар жаңа жайылымдарға көшіп отыпды. Бұл-мал өсірудің жайлаулық тәсілі (жартылай көшпелі). Ерлер жайылымдарға кетіп, мекендеріне күз соңына таман оралған. Әйелдер мен балалар егіншілікпен айналысып, тұрақты мекендерде қалды.Кейінгі қола дәуірінде Қазақстанның далалық аудандарында мал өсіру шаруашылықтың жаңа түрі- көшпелі мал шаруашылығы шығы бастады. Андронов тайпаларында жеке меншіктің пайда болуына мал шаруашылығына көшу ықпал етті.Андроновтық тайпалар үй кәсіпшілінде қыш ыдыстар жасаған. Таспалық әдіс.Қплыпқа салып пішіндеу әдісі(б.з.б. XVII-XVIғ.ғ.).Андроновтықтардың баспанасы – жертөле және жартылай жер бетіндегі үйлер. Бөлмелерді жылыту үшін тастан қаланған пештер қолданылған, отын есебінде ағаш, бұта, тезек жаққан. Қоныстар 6-10 үйден, үлкендері 20 үйден құралған. Кейінгі қола дәуірінде Орталық Қазақстанда көп бөлмелі жер бетіндегі үйлерді ауыр дөңбек тастардан салатын болған. Осындай үлкен үйлер қоғамдық жиындар өткізетін, діни ғұрыптарды атқаратын және үлкен отбасы мекендейтін орын болып есептелген. Ежелгі андроновтық дөңгелек баспаналар негізінде киіз үй жобасы пайда болды. Еңбек құралдары : тесе, тас кетпен, келі, келсап, (ерте қола дәуірі), орақ, шалғы (кейінгі қола дәуірі) Кейінгі қола дәуірінде Орталық Қазақстанда пайда болған жаңа мәдениет- Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшеліг.Андронов дәстүрі сақталған.Жаңа элементтер енгізілген(мазарлардың айрықша типі және өзіндік өзгешілігі бар жерлеу салты – мәйітті шалқасынан жатқызу). Ошақ қасиетті орын саналған. Жаңа түскен келін ошақты айналған, ал мәйітті шығарарда ошақты айналдырылған
4. .Сақ- сармат дәуірі: жазба деректері және археологиялық есскерткіштері.Жетісуды мекендеген сақтар мәдениеті 2-ге бөлінеді:
Ерте сақ кезеңі - б.з.б. VIII-VI ғасырлар.
Соңғы сақ кезеңі – б.з.б. V-III ғасырлар.Б.з.б. I мыңжылдықтағы Қазақстан территориясын мекендеген көшпелілер – сақтар. Бұл сақтардың материалдық мәдениеті мен қоғамдық құрылысы жағынан оңтүстік Сібір тайпалары және Ресейдің еуропалық бөлігінің далалық аймақтарын мекендеген скиф тайпаларымен ұқсастықтары болды.Сақ тайпаларының атауы әр елде әртүрлі:Гректер – азиялық скифтер;Парсылар – құдыретті еркектер;Ирандықтар – жүйрік атты турлар.
Сақ тайпаларының негізгі үш тобы:Парадария (теңіздің арғы жағындағы сақтар).Мекені: Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысы.тиграхауда (шошоқ бөрікті сақтар). Мекені: Сырдырияның орта ағысы, Тянь-Шань, Жетісу.Хаумаварга (хаома сусынын дайындайтын сақтар). Мекені: Мургап аңғары.Б.з.б. VII-IV ғасырлар – сақ тайпалар одағы құрылды. Сақ қоғамының сипаты-әскери-демократиялық.3 негізгі топқа бөлінген, әр топтың өзіндік дәстүрлі түстері болған:
Жауынгерлер-қызыл түс.
Абыздар-ақ түс.
Қауым мүшелері-сары және көк түс.Тайпа көсемдерін жауынгерлер тобынан сайлады. Мейрамдарда садақ атып сыналған садақшылардың ең мергені тайпаны басқару құқығын иеленді. Сақ тайпалар одағының билеушісі – патша.Сонымен бірге сақ патшасы- Көктемде жерге алғашқы соқа салушы;Малшылардың үйретуші ұстазы;Құдайлардың қалаулысы, аспан мен жер арасындағы дәнекерші.Қоғамдағы маңызды мәселелер халық жиналысында талқыланып, оған әйелдер де қатысты. Сақ әйелдері қоғамдық өмірге белсене араласып, ерлермен бірге соғысу құқығына ие болды.Малға жекеменшік пайда болып, мүлік теңсіздігі шықты. Соғыс тұтқындары құлға айналдырылып, үй шаруашылығында жұмыс істеді.Бұл кезең алғашқы қауымдық қатынастар ыдырап, әскери демократия құрылысының пайда бола бастаған кезі. Әскери демократия таптық қоғамға өту кезеңі болғандықтан, сақтар мемлекет құру ісінің қарсаңында тұрды. Грек тарихшысы Геродот (б.з.б. Vғ.40ж-30ж. жазылған «Тарих» еңбегі) және Полиен деректері:Б.з.б. VI ғасырда сақ-массагеттердің паишайымы Томиристің және оның ұлы Спаргапистің парсы патшасы Кирмен соғысы (б.з.б. 529ж).Б.з.б. 519-518 жылдары парсы патшасы I Дарийдің тиграхауда сақтарымен соғысы.Б.з.б. IV ғасырда Александр Македонскийдің сақтармен шайқасы.Македондықтарға қарсы 3 жыл қатарынан партизандық соғыс жүргізген сақ көсемі Спитамен ерлігі.Сақтар парсы әскерлерімен қосылып Египетте,Грецияда соғысты. Фермопиль және Платея шайқастарында батырлықтың үлгісін көрсетті. Сырдария жағасында Македонский бұйрығымен Александрия Эсхата қаласы салынды.Мемлекеттің шекаралық тірегі есебінде салынған бұл қала б.з.б. III ғасырда селевкидтер көтерілісі нәтижесінде қиратылды.Мәдениеті. Сақтар Алтай, Сібір, Шығыс және Еуропа халықтарымен сауда байланысын жасады. Б.з.б. І мыңж. Еуразия далаларында дәстүрлі халықаралық жәрмеңке өткізіліп тұрған. Ұ.Ж.Жолының жеке бөліктерінің бағыты: Лазурит жолы. Памир-Иран мен Месопотамия. Нефрит жолы. Қашғария- Қытай. Үшінші дала жолы. Хуанхэ өзені-Алтай-Қаратеңіз жағалауындағы дала-грек, этростар елі (Б.з.б І мыңж ортасы). Ал шығыс Қазақстан мен Жетісу аралығында ішкі сауда қалыптасқан.Б.з.б. ҮІІғ- Сібір, Қазақстан, Еділ бойы және Еуропаның Оңт. Скифтік – Сібірлік «аңдық стиль» деп аталған өнер пайда болды. Аңдық стиль өнері дәстүрімен сақтар алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтары кезінде танысқан. Осы жерде алғаш рет «Өмір ағашы» атанған арыстан бейнесі тараған. Сақтардың ғарыш туралы түсінігі есік қорымынан табылған патшаның бас киімінде бейнелеген. Бұлар-күн, қанатты тқрт ат және төрт алтын жебе суреті. Бұл Құдайдың үш әлемгебилік жүргізуінің ерекше белгісі болып саналған. Сақ патшасы күн бейнелі Құдай дәрәжесінде көрсетілген.СарматтарБ.з.б ХIII ғасыр Б.з 5 ғасыр сарматтар қазақстанның бтыс аумағын мекендеген. Савромат сарматтар орталық азия мен қара теңіз өңірі мәдениеттерін байланыстырушы тайпа . бұл тайпалар жөнінде грек , рим тарихшылары жазып кеткен б.з.б 8 ғ сарматтарды тарихи деректерде савроматтар деп атаған бзб 3ғ сарматар кушейіп басқа тайпаларға устемдігін жургізе бастаған .Археологиялық ескерткіштерінің ерекшеліктері.Бесоба қорымы : 1. Абыз әйелдер жерленген оба табылды.2. Екі абыз әйелдің бастары оң. Батысқа қаратылып шалқасынан жатқызылған.3. Қасқыр бейнесі бар уш аяқты қурбандық тақта , алтын сырғалар , қол айна, моншақтар табылды.Сынтас қорымы: 1. Уш савромат жерленген.2. қасқыр мусіні, киік, таутеке бастары бейнеленген суйек қасықтар табылды .Аралтөбе ескерткіші:1. Қолбасшылық пен абыздықты қатар атқарған адам мен әйелі қатар жерленген.2. Басын оң. Қаратып шалқасынан жатқызған.Басын оң. Қаратып шалқасынан жатқызған.3. Көсемнің қару жарағы , екі аты комілген.Бәйте, Терең ескерткәштері:1. Ас беру,мінажат жасайтын ғибадатханалар табылды. 2. Отыз қырыққа жуық адам бейнесңне келетін дінгек тастар табылды.Батыс қазақстан савромататрының ескерткіштері:
Обалардың ішкі құрылымы көбінесе ағаштан жасалған.
Қабірлер әр пішінді болып келеді.
5.
Ғұндар, саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
Саяси тарихыБ.з.б. І мыңжылдықта Орталық Азияның байтақ жерін этникалық құрамы әртүрлі тайалар мекендеген. Шаруашылықтың дамуы, тұрмыстың ортақтығы, саяси бірлік оларды өзара жақындатып, ірі тайалық бірлестіктер құрылды. Б.з.б. ІІІ ғасырдың аяғындағы қытай деректерінде «ғұн» атауы кездеседі (хунну немесе сюнну). Ал европалық жылнамашылар оларды гунни деп атаған. Б.з.б. 206 жылы ғұндардың билеушісі Мөде шаньюй (б.з.б. 228-174ж.ж.) батыста үйсіндерге шабуыл жасады. Солтүстікте Саян Алтай тайпаларын бағындырып, оңтүстікте Қытайдағы Хань әулетін жеңеді. Қытай билеушісі Мөде шаньюйге бас иіп, « Тыныштық және туыстық» туралы шартқа отырып, жыл сайын оған салық төлеп тұрды. Осы кездегі ғұн одағының территориясына Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэның орта ағысына дейінгі жерлер қосылды. Халқы – 1,5 млн. адам.Б.з.б. 55 жыл ғұн одағы екіге бөлінді:
Оңтүстік бөлігі Хань империясына бағынышты болды (шаньюй Хуханье).
Солтүстік ғұндар Монғолияның солт.батысындағы Қырғыз Нұр көлі маңына ордаларын орнатты (шаньюй Чжи-чжи Оңтүстік және солтүстік арасындағы өзара қырқыстан кейін, Чжи Чжи басқарған солт. ғұндар Солт. Монғолия, Шығыс Түркістанға қарай қоныс аударды.Б.з.б. 47ж солт. ғұндар Тянь Шаньнан өтіп, қаңлылармен көрші болды.
Чжи Чжи шаньюй үйсіндерге қарсы қаңлылармен әскери одақ құрды. Олар үйсіндерді жеңе алмағандықтан, өзара жанжалдасып, Чжи Чжи Талас өзенінің жоғары ағысына кетіп, екі жыл бойы сол жерде қала салдыртты (б.з.б. 37-36 ж.ж.).
Чжи Чжи өз қаласын қорғауда Марка Крас армиясының римдік жауынгерлерін пайдаланды. Ғұндардың күшеюі Қытай империясын алаңдатып, жорыққа дайындалады. Шайқастың салдары:Ғұн әскері талқандалып, қала қиратылдыЧжи Чжимен бірге 1518 адам тұтқынға түсіп, қатал жазаланды.1200 жауынгер Қытайдың қол астындағы Ферғана және үйсін билеушілеріне сыйлыққа берілді.Б.з. 93 ж ғұндардың Қазақстанға екінші рет қоныс аударуы болды. Ғұндар Сырдарияға, Арал жағасына, Орталық және Батыс Қазақстанға жетті.Б.з. IV ғасырда оңт.Орал даласына, Дунайға жетіп, «ғұндар» деген атпен Венгрияға қоныстанды.Ғұндар тарихы, әсіресе, жауынгершілік жорықтармен белгілі. Аты аңызға айналған үлкен ақыл иесі, қаһарман жауынгер, көреген қолбасшы, әккі саясаткер, айлакер дипломат Аттила (410-453) басшылығымен ғұндар еуропалық елдердің бірқатарын тізе бүктірген. Б.з. V ғасырдың ортасы Аттила әскері Шығыс Рим империясын жеңді. Оның білімін, көрегендігін мойындаған Франк, Бурнгундия билеушілері балаларын оқуға, тәрбиелеуге жіберіп отырған.Еділ патша тұсында Ғұн империясы өз дамуының жоғарғы сатысына жетті:Еуропаны Рим үстемдігінен азат етті.Құл иеленушіліктің жойылуына ықпал жасадыҒұндарды әскери демократиялық құрылыс нығайды.451 ж Аттила әскері Галлиядағы Каталаун даласында рим франк соғыс одағымен шайқасты452ж Аттила Италияны ойрандап, Падуя, Милан қалаларын алды.453 ж Еділ қайтыс болғаннан кейін ғн империясы ыдырай бастадыҚазақ ғалымдарынан Атила (Еділ) туралы алғаш рет жазып, ғылымға енгізген Шоқан Уәлиханов. «Пайғамбар» деген өлеңде «ғұн – түркілердің арғы атасы» деген тұжырым жасаушы Мағжан Жұмабаев.Ғұндардың Қазақстан жеріне енуіне байланысты тайпалардың түріктенуі басталған. Жетісу мен Оңт.Қазақстан тайпаларының антропологиялық сипаты – монғолоидтық (б.з. І мыңжылдығының бірінші жартысы).Ғұндар Қазақстанға Орталық Азиядан б.з.б. І ғасырдың соңы мен б.з. І ғасыры аралығында келді. Бұл «халықтың ұлы қоныс аударуы» атанған тарихи оқиғамен тұспа тұс кезең.ШаруашылығыҒұндар өмірінде мал шаруашылығының маңызы ерекше болды. Көшпелілер тұрмысында мал қысы жазы тебіндеп бағылған. Жылқы ерекше маңызды орынды алды.Ғұндарда сонымен қатар егіншілік пен аңшылық та дамыған. М.Қашғари (ХІ ғ.) ғұндардың отырықшылыққа көшкенін және түркілене бастағанын жазады. Баспанасы киіз үй. Ошақ тастан қаланып, оның үстіне қола қазан орнатылған. Ғұндар ошақты қадір тұтқан.
Тарих ғылымында ғұн шаруашылығының жүйесі алғашқы қауымдық немесе экстенсивті мал шаруашылығы деп сипатталады.Мәдениеті
Ғұн, үйсін мен қаңлы мәдениеті сақ тайпаларының мәдениетін жалғастырушы, одан әрі дамытушы болды. Мемлекеттердің жас уақытынан бері темірден жасалған бұйымдардың, қарапайым тігін станогының және аған өңдеудің кең өріс алуы, қолөнердің пайда болуы өркениеттің қозғаушы күші болды.
Ғұндарға жоғары дамыған материалдық мәдениет пен әскери істегі тас қамал бұзудың техникасы мәлім болды. Осылайша қаруланған олар қарсыластарын талқандап, қалаларды оңай жаулап алды.Ерте көшпелілердің негізгі тұрақтары киіз үй болып табылады, басқа бір түрі үлкен күйме арба. Оған өгіздер мен түйені жеккен. Үлкен арбаның ішіне иесінің жағдайына қарай төсеніш және киіз төселген. Түтілген жүн осы жерде өндірілсе, жібек матаны Қытайдан малға айырбастап әкелген.
Қазіргі таңдағы тарихшылардың ғұн үйсіндерді қаншалықты отырықшы мәдениет өкілдері деп сипаттағанымен, б.з.д. І мыңжылдықта ғұн үйсін этносы көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Көшпелілердің перифериясы негізінде қыстау тұрақтар ретінде, отырықшылар мен жер өңдеушілерің оазистері болды. Кейбір тұрақтар бекініс қалашықтар түрінде болды. Мысалға ғұндарда Сібір тұрақтары. Рим тарихшысы Прийск Паннониядағы Аттиланың ордасын сипаттады. Оның айтуы «алып қала», «сарайдың көлемі мен бірдей биік дуалмен қоршалды». Бұл бүкіл варвар әлемін қолында ұстаған Аттииланығң сарайы болған және жаулап алған қалаларды да бұндай сарайға айналдырғысы келді. Ерте көшпелілердің бейіттері өзеннің жағасында орналасқан. Олар көш қоныс бойында салынып, көбінде кішігірім қорғандардан тұрды. Ғұн кезеңінің «дың» типтес ең әйгілі ескерткіш кесенелері: Қозы Көрпеш Баян Сұлу, Домбауыл, Теке.
6.
Үйсіндер: Архелогиялық екерткіштері, орналасуы, шаруашылығы.Археологиялық ескерткіштер. Үйсіндер оалары салынған уақытына қарай үшке бөлінді: 1) Ерте қорымдар:Қапшағай,Өтеген,Қызылеспе,Қызылауыз,Қызылқайнар.Ерекшелігі: солтүстіктен оңтүстікке қарай тізбектеліп салынған, әр тізбекте 5-6 оба бар.2) Орта кезең қорымдары: Өтеген – Қарлақ, Қаратума, Тайғақ, Алтынемел, Талғар, Ақтас.Ерекшелігі: жүйесіз, үш обадан тізбектеліп салынған.3) Соңғы кезең қорымдары: Қапшағай, Шолақжиде,Қалқан.Ерекшелігі: тізбексіз және жүйесіз салынып, қабірлер лақатталып қазылған.Үйсіндердің алғашқы қоныстары Шу алқабында, Қырғыз Алатауының сілеміндегі құлан ауылы маңында салынған. Қаратал кезеңі: (Б.з.бІІІ -Іғ.ғ)Үйсін мәдениетінің дамуының бастапқы сатысы: Қаратал, Қарғалы, Қапшағай, Үңгірқора Қызылеспе, Бесшатыр Өтеген, Қалқан, Ақшқы, Беғаш, Сарытғай, Кеңсай, Бурака, Шелпек.Жетісу кезкңі: (І-ІІІғ.ғ)Үйсін мәдениеті эволюциясының маңызы: Талғар, Ақтас, Сарытау, Ақшоқы, Ұзынбұлақ, Алтынемел, Қызылқайнар, Күрті, Қараша, Ащысау, Шошқалы.Іле кезеңі (б.з.ІІІ-Үғ.ғ) Үйсін мәдениеті дамуының кейінгі сатысы: Ақтас, Үңгіртас, Шолақжиде.Орналасуы: Б.з.б ІІғ үйсін тайпалары орталық Азиядан Жетісуға қоныс аударды. Б.з.б. 160ж үйсіндер тиграхауда сақтарының жерін мекендеді. Үйсіндердің негізгі орналақан жері –Іле даласы. территориясы: Шу мен Талас өзендері-Қартау-Тянь Шань тауы-Балқаш көлі- Ыстықкөл. Мемлкет үшке бөлінген: Шығыс, батыс, орталы (Б.з.б 73ж бұрын)Астанасы Чегучен(Қызыл Аңғар) қаласы. (Ыстықөл жағасы).Шаруашылығы:Үйіндер аруашылығның ерешелігі- мал шаруашылығы егіншілікен ұштастырыла жүргізілді. Мал шарашылығы үсіндер өмірінде маңызды болған, әсіресе жылқ өсіруге ерекше өңіл бөлген. Бай үйсін 4-5мың жылқысы болды.Байлықты негізгі өлшемі-жылқы саны. Үйсіндердің егін шаруашлығымен айналысқандығын суару жүйелерінің болғандығы дәлелдейді. Қарапайым суару жүйелері жоңғар алтауы, Шу Іле бойындағы Шу аңғарында, Қырғыз алатауының Талас аңғарында абылды. Б.з бас кезінде үйсіндерде тырықшылқ болып, ал б.з. ІІІ -Ү ғасырында бау бақша шаруашылығы тәлімі егіншілік түріндеодан әрі дамыған. Үйсіндер мыс, қорғасын қалайы, алтын кен орындарын пайдаланған. Темірді балқытып пышақ, семсер, қаншар, жебе ұштарын жасаған.
Қаңлылар, орналасуы, шаруашылығы және археологиялық ескерткіштері.
Б.з.б. II ғ халықтардың ұлы қоныс аударуы оқиғасының нәтижесінде орталық Азияда п.б. мемлекеттік бірлестік. Орналасуы: Б.з.б Қ-ның оңтүсігіне қаңлылардың тайпалы бірлестігі құрылды. (Б.з.бІІІғ немесеІІғ соңы). Территориясы: Қаратау жасы-Сырдарияның орта ағысы. Қаңлылардың ең негізгі атамекені- Сырдария өзенінің орта ағысы. Асанасы –Битьян қаласы. Халқы-600мың, 120 үй. Билеушнің тулы-Хан. Бүкіл елді басқару ісін ханның үш уәзі атқарған. Жазба деректерге қарағанда қаңлы елі бес бөлікке бөлінген. Әр бөліктің кіші хандары болған, олар ұлы ханға бағынышты болды. Лауазымдық қызмет мұрагерлік жолмен берілді. Қаңлы туралы мәліметер б.з.б ІІ ғасырда Қытай деректерінде кездеседі. Археологиялық ескерткіштері. Археологтар қаңлылар мекендеген аудандарды қазба жұыстарын жүргізіп, көпдеген қорымдар мен қоныстарды тапты. Оларды қауыншы, отырар-Қаратау, жетіасар археологиялық мәдениттері деп бөлді. Қауыншы мәдениеті-Ташкент төңірегіндегі аймақ. Бұл мәдениеттің жақсы зерттелегн есеркіші-Сырдария жағалауындағы Шардараа таяу орналасқан Ақтөбе қонысы. Отырыр қаратау мәдениеті- Сырдария өзенінің орта ағысы тұсындағы Қаатау беткейлерінен Талас өзеніне дейінгі аралық. Бұл мәдениет ескертіштерінің маңызды орталығы-отырар алқабы. Арыс өзенінінің сол жағалауынан жиырма шақты төбе табылды: Шаштөбе, Қостөбе, Мардан, Сейітман төбе, Шлтөбе. Ең үлкені-Көкмардан. Бұл қоныстан балшытан жасалған кеспектер табылды. Онда тары, кріш, бидай, арпа, ақбұршақ сақталған. Жетіасар мәдениеті –Қуаңдария мен Жаңадария аңғарлары аралығы. Бұл б.з.б І мыңжылдығының ортасы мен б.з І мыңж.ортасы аралығындағы Арал теңізінің шығыс жағында өркендеген мәдениет. Шаруашылығы: Қаңлы тайпасының негізгі шаруашылығы-көшпелі мал шауашылығы. Асты байлығы-мал. Көбінесе жылқы мен қой өсірген. Мал жайылымы орталық Қ-н далаларына дейін жетті. Қыстаулары-негізінен Сырдария бойы. Хорезмде, Арал өңірінде, Зеравшан аңғарында, Ташкент алқабында ежелгі қоныстар мен қалалар қалыптаса бастады. Қаңллар жеріндегі металл өндірсінің орталығы-Шаш-Илақ аймағындағы қоныстар ежелгі Құлата қаласы-металл өңдеудің ірі орталығы.
Қаңлы әйелдері арасында қолөнердің жүн өңдеу кәсібі жақсы дамыды. Б.з.ІІ-Үғ қаңлылар күнделікті тұрмысына қажетті барлық өнімдерді өздері дайындған. Қаңлыларда сүйек ұқсату ісі дамыған, сүйекиен пышақ, қанжар, семсерлерге қын жасаған. Қаңлылар ұлы жібек жолының бір тармағын бақылап отырды: Сырдария-Жайық-Еділ бойы-кавказ-Қара теңіз. Отырар алқабындғы Мардан қорымдарынан Қытай теңгелері, Талас аңғарындағы Шоң-Қаңқа қорымынан кушандар мен сасанилердің теңгелері табылды.Қаңлылар Иран, Сирия, Үндістан, Қытай,
Қаратеңіз жағалауындаңы елдермен сауда қатынас жасаған
7. .Батыс Түрік қағанаты (603-704)ндағы этномәдени процестер мен халықаралық қатынастар.
Қағанаттың орталығы Жетісу. Астанасы Суяб (Ақбешім) (Қырғызстандағы Тоқмақ қаласының маңы), жазғы ордасы Мыңбұлақ (Түркістанның төңірегі).Халқы ежелгі үйсін жерінің Қаратаудан Жоңғарияға дейінгі аралықты қоныстанған 10 тайпадан тұрды (он оқ будун). Тайпа екіге бөлінеді:Дулу – Шу өзенінен шығысқа қарай орналасқан бес тайпаНушиби - Шу өзенінен батысқа қарай мекендеген бес тайпаҚоғамдық құрылымы
Қағанатты түріктің ашина (көкбөрілер) тайпасынан шыққан ақсүйектер биледі. Қаған ең жоғарғы билеуші, әскер басы және бүкіл жердің иесі.1.Қаған
Шад, жабғу, елтебер (ашина руынан шыққан жоғарғы шенділер)
Бек (ру, тайпа басқарушысы)
Тархан, бұйрықтар (сот қызметін атқарушылар)
Тұдын (салық жинаушы)
Қара бұдын (қарапайым халық)
таттар (құлдар)Халқы – үйсіндер, қаңлылар, қарлұқтар, түркештер, шығылдар яғмалар.Алғашқы қағаны Тардуш (Дато). Ол Шығыс Түрік қағанатын жаулап, екі қағанатты біріктіруді ойлады. Алтайдағы теле тайпасын шабуылдап, өзін Шығыс Түрік қағанатының қағаны дп жариялады. Телелердің бас көтеруінен кейін қағанаттар қайта бөлінді.
Қағанаттың күш-қуаты Жеғұй және Тон-Жабғу қағандар тұсында арта түсті. Олар Тоқарыстан мен Ауғанстанға жаңа жорықтар жасап, қағанат шекарасын солт-батыс Үндістанға дейін созды. Салық жинауға жергілікті адамдарды қойып, оларды селиф деп атады. Көрші мемлекеттерге соғыс ашудағы басты мақсаттардың бірі құл иелену. Датсу қаған көрші елдермен сауда байланыстарын жүргізіп, Қара теңіз жағалауына және Түркістанға абысты жорықтар жасады.Батыс Түрік қағандары жаулап алған аймақтардың саяси жүйесіне өзгерістер енгізбей, т ек салық жинаумен шектелді. 16 жылға созылған (640-657ж) тайпааралық соғыстардың қағанатты әлсіретуі салдарынан Таң империясы Жетісуды басып алды 659ж.Түріктердің Таң империясына қарсы күресі қағанат құрамындағы түркештердің күшеюіне әкелді.
704 ж Түркештер Жетісудағы саяси билікті жеңіп алды.
8 Түркеш және Қарлұқ қағанаттары және 8ғ орталық азиядағы геосаяси жағдай.Арабтар жаулаушылығы басталған кезде Қазақстан және орта Азияның басым бөлігі Батыс түрік қағанаты өкіметінің билігінде болатын.Арабтарға қарсы күрес жүргізу ісінде Жетісуда өкімет басына келген түркештер бірінші орынға шықты.Түркештер Шу мен Іле өзені аралығын қоныстанған.Алғашқы қағаны-Үшелік.(704-706).Территориясы:Жетісу,Іле,Шу,Талаc алқаптары.Астанасы-Суяб,жазғы ордасы-Күнгіт қаласы.(Іле өзені бойында).Бүкіл жер 20 үлесті аймаққа(түтік) бөлінді.Әр түтікте жеті мың әскер болған.Қағанат екі қарсылас топқа бөлінді:1)Сары түркештер(шулық),ордасы-Суяб қаласы.(Шу өзені бойында).2)Қара түркештер(ілелік),ордасы-Тараз қаласы(Талас өзені бойында).Араб тарихшысы Әл-Идриси дерегі:Түркеш нағыз түрік мағынасындағы сөз.VIIIғ.басы(705ж)-Орта Азия мен Қазақстанға арабтардың жорығы басталды.706ж.-түркештер соғдылармен одақтасып,Бұхар маңында арабтарды жеңді.709ж.-араб қолбасшысы Кутейбтің екі одақтастықтың арасында алауыздық туғызуының салдарынан соғды ханы Тархун көмектесуден бас тартты.Нәтижесінде арабтар Бұхарды жаулады. Үшеліктің ұлы Сақал қаған(сары түркеш)бүкіл Орта Азияны бағындырды.708ж. сары түркеш пен қара түркеш арасында шиеленіс күшейді.711ж. қара түркештер шақыруымен келген Шығыс түрік қағаны Қапаған Болучу(Жоңғария) түбінде сары түркеш әскерін жеңді.Сақал қаған тұтқынға түсіп,қағанат күйреді.Түркеш қағанаты 7 жыл өткеннен соң ғана қалпына келтіріліп,билікке Сұлу қаған(қара түркеш)келгесін қайта нығайды.Билік қара түркештерге көшіп,Орда Тараз қаласына ауыстырылды. Сұлу қаған екі майданда күрес жүргізді:Батыста-арабтармен,шығыста-Таң патшалығымен.Сұлу қаған Қытаймен одақтасып,бар күшті батысқа бағыттады.723ж.-түркештер Ферғана қарлұқтары және Шаш тұрғындарымен бірігіп,арабтарға соққы берді.Арабтар Сұлудың батылдығына байланысты оны Сүзеген деп атаған. 732ж.-арабтар түркештерді ығыстырып,Бұхарды қайтара жаулады.736ж. Сұлу қаған арабтарға қарсы жорыққа шығып,Тоқарыстанға дейін барды да,жеңіліскеұшырады.Осы кезде сары түркештер мен қара түркештер арасында күрес қайта өршіді.738ж. қолбасшы Баға-Тархан Сұлуды өлтіріп,оның ұлына қарсы соғысты бастады.Түркештер арасындағы алауыздық 738-748ж.арабтарға Оңт.Қазақстан мен Орта Азияны басып алуға жағдай жасады.Осының салдарынан түркештер 746ж. Жетісуға ұмтылған қарлұқтарға қарсылық көрсете алмайды.Түркілердің қиын жағдайын қытайлар да пайдаланып қалды.748ж.-қытайлар Суяб қаласын жаулап алып,қиратты.751ж.Атлах қаласының маңындағы қытайлар мен арабтар арасындағы ірі шайқас(Талас бойы).Бес күнге созылған шайқастың шешуші кезеңінде қарлұқтар арабтар жағына шығып,қытайлар жеңілді.Атлах шайқасының тарихи маңызы:Қытай әскері Жетісуды,Шығыс Түркістанды тастап шегінді.Арабтар Талас аңғарынан Шашқа қарай ығысты.Алайда,ішкі қақтығыстан және араб-қытай шапқыншылығынан Түркеш қағанаты әлсіреді.756ж. қағанат қарлұқтардың тегеурініне төтеп бере алмай біржолата құлады.
Қарлұқ мемлекеті(756-940ж.):этносаяси тарихы,шаруашылығы,мәдениеті.
Этносаяси тарихы: Vғ. Жазылған деректерде қарлұқтарды «бұлақтар»(болаттар) деп атаған.Олардың мекені:Алтай-Балқаш көлінің шығыс жағалауы.VIIғ.ортасы-бұлақ,шігіл,ташлық тайпалары бірігіп,қарлұқ бірлестігін құрды.Бірлестіктің билеушісі-елтебер.742ж.-қарлұқтар ұйғыр және басмыл тайпаларымен бірігіп Шығыс Түрік қағанатына қарсы күресіп,түріктерді жеңді.Шығыс Түрік қағанатының орнына Ұйғыр қағанаты (744-840ж.) құрылды. VIIIғ. Ортасы (746ж.)-қарлұқтар ұйғырлардың қысымымен Жетісуға көшті. 756ж. қарлұқ қағанаты құрылды.АстаналарыСуяб,Тараз.Территориясы:Жетісу,(Шу мен Талас өзені,Батыс Тянь-Шань,Ферғана,Сырдария маңы).766-775ж.қарлұқтар Қашқарияны жаулады.Қарлұқ қағанатының билеушісі-жабғу,840ж. бастап қаған.Қарлұқтар 791ж.ұйғырлардан,812 ж.арабтардан жеңіліп,Ұйғыр қағанатының тәуелділігін қайта мойындады.840ж.Ұйғыр қағанаты Енисей қырғыздарының соққысынан құлағаннан кейін Білге құл –Қыдырхан өзін қаған деп жариялап,қарлұқтар бостандығын мәлімдеді.Қарлұқтар жайында араб және парсы деректерінен білеміз.Араб географы Әл- Маруази(XII) қарлұқтардың құрамында 9 тайпа болғандығын дәлелдейді.Сонымен қатар соғды және оғыз тайпаларының бір бөлігі де енген.Қарлұқтар тілі-түрік тілі.Араб геогр.Ибн-Хаукаль (Xғ.) дерегінде көрсеткендей,қарлұқ жерін батыстан шығысқа қарай жүріп өту үшін отыз күн керек.Xғ.Қазақстанның үлкен бөлігі оның территориясын құрады:Жоңғар Алатауы,Сырдарияның орта ағысы,Балқаш Ыстықкөл,Іле,Шу,Исфиджаб,Отырартөңірегі.Қарлұқтардың 25 қаласы мен елді мекендері болған:Тараз,Құлан,Мерке,Атлах,Барысхан,Талғар т.б.IXғ.аяғы-саманилер Исфиджабты басып алып,Таразды қоршады.Қағанның ордасы Тараздан Қашқарға көшірілді.Тараз халқы ислам дінін қабылдады.Қарлұқтар ақсүйектерінің көпшілігі екінші астана-Баласағұнда тұрды.Саманилерге қарсы күресті Қадырханның балалары:Базар Арслан мен Оғұлшақ жүргізді.Қарлұқ тайпалары Жетісуда 200ж. билік құрды.Қағанаттың әлсіреуінің себептері:Ішкі тартыстар;Жайылым жер үшін күрес.940ж.-Қашғардың түрік билеушілері Баласағұнды жаулап алып,Қарлұқ қағанатыөмір сүруінтоқтатты.Шаруашылығы,мәдениеті:Қарлұқтардың көпшілігінің басты кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды.Көшпелілер маусымдық жайылымның бірінен соң біріне ауысып,ұзақ уақыт көшіп жүрді.Суы мол өзен жағалауларында,шөбі қалың жерлерде қоныстанған.Кейбір топтары қыс Жайық пен Жемнің арасын қыстап,жаз Ертіс жағасын жайлап жүрді.Орта ғасыр авторлары қарлұқтардың жылқы,қой,ешкі,сиыр,өгіз,түйе өсіргендігін айтады.Олардың шаруашылығында қой өсіру аса маңызды рөл атқарды.Көшпелі шаруашылықта жылқы өсірудің аса маңызы болды.Жылқы соғысқа,аң аулауға пайдаланылды.Ет пен сүт тамақ болған,ал жүнінен киіз,киім,кілем және басқа бұйымдар жасаған.Қарлұқтардың күнкөріс кәсіптерінің бірі аң аулау болған.Қарлұқтардың кейбір топтары,әсіресе кедейлері.
Сырдариядан,Ертістен және басқа өзенднрден балық аулаған.Кедейленген қауым мүшелері отырықшылыққа көшеді.Отырықшылар егін салды,көбінесе тары егетін болды.Қарлұқтарда үй кәсіптері мен қолөнердің ең дамыған түрі-мал өнімдері мен шикізаттарын өңдеу және қайта өңдеу болды.Малдың терісінен әр түрлі аяқ киім,ыдыс,садақтың қаптамасы,қорамсақ т.б. заттар жасалынды.Қауымның қатардағы мүшелері де өздеріне қажетті заттарды өздері жасады.Қарлұқтардың қоныстарында құмырашылық өндірісі де өркендеді.Бұған қоса олар мекендеген террит. Темір,күміс,алтын,т.б. асыл тастарды өндірді.Алтын мен күмістен сәндік бұйымдар жасалды.Қолөнердің дамуын археологиялық материалдар көрсетеді
9. .Оғыз мемлекеті этносаяси тарихы,шаруашылығы,мәдениеті.
Этносаяси тарихы:
Оғыздар ата-бабаларының қоныстанған жерлері Ыстықкөл маңы.Қазіргі кезде оның жағасында “9 Оғыз”деп аталатын демалыс үйі бар.Оғыз тайпасының өзегі жетісуда қалыптасты.8 ғасырдың ортасында оғыз тайпалары Жетісудан Шу өзеніне қарай қоныс аударды.9 ғасырдың басы-Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал өңірі далаларынқоныстанды.9 ғасырдың аяғы-Жайық пен Еділ аралығын мекендеді.IX-X ғасырлар Оғыз мемлекеті қалыптасты(Сырдарияның орта және төменгі ағысы,Арал өңірімен Батыс Қазақстан далалары).X ғасырда батыста Хазарияға дейінгі жер,солтустік Каспий маңы,орталық, оңтустік-шығыс Қарақұм және Арал маңындағы Қызылқұм аймағы «оғыз даласы»(Мафазфт-Әл-Гуз) деп аталды.
IX ғасырдың аяғы11ғасырдың басыындағы оғыздардың территориясы:Сырдариямен Еділ аралығы.Астанасы-Янгикент(Жаңа Гузия).Билеушісі-жабғу.Орынбасары-күл-еркін.Әскер басы-Сюбашы.Басқарушылардың ұрпақтарыиналдар.Олардыатабектер(тәрбиешілері) жас кезінен басқару ісіне тәрбиеледі.IX-Xғасыр басында Сырдария жабғуының тұрақты тұрде салық жинау жүйесі жұмыс істеді.Оғызмемлекеті жайлы алғашқы дерек Әл-Якуби(9ғ.) жазбасында берілген.Оғыздардың тайпалары:Қалаж,жағра,жарұқ,қарлұқ,баяндұр,имур,қарабұлақ.М.Қашғаридың дерегі бойынша оғыз одағында 24 тайпа болған.Мүлік теңсіздігінің негізі-жеке меншік мал.
қимақ мемілекеті:этносаяси тарихы , шаруашылығы , мәдениеті . XI ғасырдың екіеш жартысында қимақ одағының құрамына 12 тайпа енген . олардың ішіндег ең ірі әрі ықпалдысы-қыпшақтар. Қимақтардың тустас тайпасы-құмандар. Қимақтардың мемілекеттік құрлымы туралы алғашқы мәліметтер IX-Xғасырлардағы арап деректерінде кездеседі (Әл-Якуби 9 Ғ Жеке тайпанің көсемі-Шад-Түтік. Қаған ел басқару ісінде әскерйи шонжарға арқа сұйеді. Мемлекетте салық жинау жұйесі болды. Араб тарихшысы Әл-Идриси еңбегінде қимақтар 16 қала болғаны, 12-іс Ертіс өзені бойында орналасқаны туралы жазады.X ғасырға қарай қағаннаттің әлсірей бастакының себебі- үлыс басшыларының үлкен териториаға ие болғаннан кейінгі жеке билікке үмтылуы.Шаруашылығы :Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы Мәдениеті;Бал-бал тастар, тас келншектер , қол тиірмендер ,үккіштер , темір орақ , зираттарынан табылған қүрал –саимандар, қару- жарақтармен қатар қол өнер бұйымдарда көптеп кезігеді.
10. Қараханидтер мемлекеті: оның этносаяси тарихы, әлеуметтік, экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
Саяси тарихыҚарахандықтар мем-нің қалыптасуында жетісуды мекендеген қарлұқ бірлестігінің тайпалары басты рөл атқарады.Карахан әулетінің негізін салушы—Сарұқ Боғра хан( Білге Құл Қадыр ханның немересі,915-955жж)Ол ислам дінін қабылдаған билеуші саманилерден қолдау тауып, туысы Оғұлшақты жеңіп,Тараз бен Қашғарды бағындырады. Нәтижесінде,бірңғай бір орталыққа бағынған қарахан мемлек-ті құрылды(942 ж) қарлұқ қағанатының ыдырауына байланысты Жетісу мен Қашғар аралығы қарахан мемлекетіне қарады.
955 ж –Мұса хан билігі орнады (Сатұқ Богра ханның баласы)960 ж – Мұса хан исламды мемлекеттік дін етіп жариялады.
Мемлекет тереториясына қосылған аймақтар:990 ж –Тараз, Исфиджаб992 ж –Хотан ,Бұхар999 ж –Саманилер мемлекетіXI-XII ғ.ғ –Мәуренахр мен жетісудың қалған бөлігі.
Тереториясы(XI-XII ғ.ғ) Жетісу, Шығ.Түркістан(Мәуренахр-Қашхар аралығы),
Астаналары: Қашғар- Мұса хан билігінің орталығы.Баласағұн-Сүлеймен хан(Мұсаның інісі) орталығы.Қарахан мем-нің саяси тарихы екі әулеттің арасындағы өзара күреске толы:Әли Арсылан хан (Мұса ханның баласы)Хасан(Харун) Боғра хан (Сүлеймен ханның баласы)XI ғ. 30-жылдары мем-кет екіге бөлінді:Шығыс хандық.Тереториясы-Жетісу ,Шығ.Түркістан.Астанасы-Баласағұн.Билеушісі-Арсылан хан Сүлеймен.Батыс хандық . Тереториясы-Мәуренахр. Астанасы- Бұхар, кейін Самарканд. Билеушісі-Ибрахим Тамғаш Боғра хан.1089 ж-селжұқтар сұлтаны Мәлік шах Батыс қағанатты бағындырды. Нәтижесінде қарахандықтар селжұқтарға вассалдық тәуелділікке түсті.1102 ж – Баласағұн мен Тараздың билеушісі Қадыр хан Жебірейл Мәуренахрды жаулады. Нәтижесінде Амударияға дейінгі жерді өзіне қаратты. Кейін Термезге шабуыл кезінде селжұқтардан қаза тапты. Селжұқтардың сұлтаны Санжардың Мәуренахрға ықпалы артқан кезден бастап, қарахандықтардың саяси құлдырауы байқалды. Қарақытайлар шапқыншылығы басталды.1128 ж – қарақытайлар шығыс хандықты жаулап, Жетісуда үстемдік етті. Осымен бір мезгілде хорезмдіктердің Батыс хандыққа шабуылдары басталды.XII ғ. 30-жылдары Қарақытайлар Шығ. Қарахандықтың қалған иелігін түгел жаулап,Батыс хандыққа шабуылдады.1141 ж – Қарақытайлар Қарахан мемлекетін түгел бағындырды. Мемлекетті шігіл ж\е яғма тайпалары басқарды. Арсылан хан атағын- шігілдердің билеушісі; Боғра хан атағын- Яғма көсемі алды. Тамғаш хан “хандардың ханы” атанып,бүкіл мемлек-ті биледі. Билеуші титулы – хан. Ұсақ аймақтардың басшылары-илақ тегін. XIII ғ. басы- Қарахан мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.Қарахандықтар кезеңі- саяси экономикалық, әлеуметтік,мәдени өмір жоғарғы деңгейде дамыған жаңа кезең.Феодалық карым-қатынастар дамып,түркі тілдес тайпалардың бірлігі нығайды.
11. Қарақытайлар мемлекеті (1128-1213). Қарақытайлар. Олардың құрылуы Орталық Азияның қидан тайпаларымен тығыз байланысты. Қидандар (цидань, кита, хита) б.з. 4 ғ. жазба деректерде моңғол тілді тайпалар ретінде аталады. Олар Қытайдың солтүстік жағындаМаньчжурия мен Уссури өлкесінің территориясын мекендеген. 924 ж. Алтайдан бастап, Тынық мұхитқа дейінгі жер Қидан мемлекетінің (Ляо империясы) қол астына өтеді.1125 ж. Сунь Қытайы мен Чжурцжень мемлекетінің біріккен күші Ляо империясын құлатады. Қидандардың бір бөлегі чжурчжендергебағынады, ал қалғандары Елюй-Даши басқаруымен батысқа қарай Шығыс Түркістан мен Жетісуға таман - жылжиды. Олар енисей қырғыздарының жерін басып өтіп, Еміл өзенінің бойына жетеді. Сол жерге аттас қала салады. Қидандардың батыс бөлігі Жетісудың бір бөлігіне қарап, жергілікті түркі тілдес халықпен араласып кетуі нәтижесінде, келімсектер қара қытай аталып кетеді.1128 ж. Қарахандар әулетінен шыққан Баласағұнды иемденуші өздеріне қысым жасаушы қаңлылар мен қарлұқтарға қарсы шығады. Қарақытайлар көсемі Елу Дашы Баласағұнды басып алып, Жетісуда өз мемлекетін орнатады. Жетісу, оңтүстік Қазақстан, Мәуереннахрмен Шығыс Түркістан қарақытай мемлекетінің құрамына кіреді. Қарахандар әулетін қарақытайлар өз вассалына айналдырады.Қарақытай мемлекетінің басшысы Гүрхан деп аталады. Оның ордасы - Шу озенінің алқабында болатын. Баласағұн орталық болып қала берді. Әскерде тәртіп қатал болған. Ел ішінде аула басынан салық жинай жүйесі енгізіледі - әр үйден бір динардан салық алып отырады. Гүрхан жақындарына жер-суды тарту етпейді, олар бәсекеші болып кетеді деп қауіптенді. Қарақытайлар Жетісудың оңтүстік бөлігін, Исфиджабтың солтүстік-шығыс аймағын, Құлжа өлкесін басқарады.Бірінші гүрхан Елюй-Даши 1143 ж. қайтыс болды. 1169 ж. оның баласы - Елюй-Чжилугу - таққа отырады. Өзі христиан болғандықтан, мұсылман дініне қарсы шығады. Оның Жетісудағы мұсылман халқын бағындыру саясаты қарсылыққа толы болды. 1208 ж. бастап Жетісуға қоңыс аударған найман тайпалары да осы ішкі саясатты бұзбайды. Жетісу аймағы өзара қырқыстар, мұсылмандық қозғалыстар орталыпына айналады. Жетісудағы осы жағдай 1218 ж. дейін, яғни Шыңғыс-ханның әскері келгенше созылды.
12.
Қыпшақ — қазақ халқының, басқа да бірқатар түркі халықтарының негізін құраған ежелгі тайпа, орта ғасырларда Орта Азия менШығыс Еуропаны мекендеген аса ірі ұлыстардың бірі.
Қыпшақ атауы ежелгі түркінің Шина Усу ескерткішінде алғаш кездеседі (қазақша “Қыпшақтану”). Махмұт Қашқари еңбегі бойынша, 9 ғ-дағы Қыпшақтардың құрамына имақ, субар, қаңлы, қарабөрікті, тоқсаба, жете, бөрлі, т.б. рулар мен тайпалар енген. Қыпшақ Түрік қағандығы ыдырағаннан кейін алғашында Қимақ қағандығының құрамында болып, 11 ғасырдада бөлініп шықты. Қыпшақ хандығы тез арада күшейіп, Қыпшақ Орта Азия мен Шығыс Еуропаға тарала бастады. Шыңғыс хан империясының батыс бөлігіндегі Жошы ұлысын (Алтын Орда) тарихшылар Дешті Қыпшақ деп атады. 13 — 14 ғасырларда Қыпшақ сөзі жалпы “түркі” ұғымын алмастырып, Алтын Ордадағы саудагерлер үшін қыпшақ сөздігі — “Кодекс Куманикус” шығарылды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін Қыпшақ көптеген ұлыстарға бөлініп кетті. Бір бөлігі Қазақ хандығының құрамына кірді. Н.А. Аристов қазақ халқының құралу кезінде көлденең, ұзын, танабұға, қарабалық, т.б. Қыпшақ рулары болған деп көрсетсе, В.В. Радловтың айтуынша ол кезде Қыпшақ тайпасы құрамында торайғыр, түйшіке, қытайқыпшақ, бұлтың, қарабалық, көлденең, танабұға, ұзын, көкмұрын рулары болған. Қазақ шежірелерінде 92 баулы Қыпшақ деп аталады, бірақ ешқайсысында оның барлығы бірдей таратылмайды. Шежіре бойынша Қыпшақтардың өсіп-өнуі төмендегіше сипатталады: Қыпшақтардан ақтамсопы, одан құлан-қытай, одан сүлімалып, одан кебекалып, одан мүйізді сарыабыз. Мүйізді сарыабыздан қытай-қыпшақ, қарақыпшақ, сарықыпшақ, құланқыпшақ тарайды. Қазақ құрамына енген Қыпшақ шежіресі бойынша, қарақыпшақтың ірі-ірі бес атасына (ұзын, бұлтың, көлденең, қарабалық, торы) бөлінеді.Қыпшақ даласы.Қарақыпшақтан басқа үшеуі туралы мәлімет жоқтың қасы. Әйтсе де Қыпшақтарды Орхон жазбаларында “сір” (мүмкі“сары”), 9 ғ-да қимақтар ығыстырған кезде шары (сары) деп атаған. Бірқатар ғалымдар (Аристов, Г.Е. Грум-Гржимайло, Л.Н. Гумилев, т.б.) Қыпшақтардың сырт пішіні әуелде еуропалықтарға ұқсас болды дегенді айтады. Қазақстанда жүргізілген антропологиялық зерттеулер орта ғасырларда Қыпшақ мекендеген жерлерде моңғолдық және еур. нәсілдер аралас қоныстанғандығын көрсетеді. Сондай-ақ шежірелерде келтірілген қытай-қыпшақ атауы да ежелгі замандарда Қытаймен көршілес отырған Қыпшақтардың атауы болуы да мүмкін. Қарақыпшақтан тараған Қобыланды батыр 15 ғасырда көшпелі өзбек мемлекетін билеген Әбілхайыр ханның замандасы ретінде сипатталады. Қай өңірді жайласа да, Қыпшақ белгілі бір халықтың әр түрлі тобы есебінде ғана көрінген, бірақ бір тілде сөйлеп, бір тектес болған. Қыпшақ қазақтан басқа да түркі халықтарының (қырғыз, өзбек, қарақалпақ, татар, башқұрт, ноғай, қарашай, Әзірбайжан, түркімен, балқар, т.б.) ұлт болып қалыптасу барысында елеулі рөл атқарды. Қазақ халқының құрамына енген Қыпшақ, негізінен, [Сыр бойын, Арқа өңірін, Солтүстік-Батыс Қазақстан (Ақмола, Қостанай, Торғай) аумағын мекендеді. Қыпшақтардың ұраны — Ойбас, таңбасы — екі тік сызық (ІІ, қос әліп).Еуразия. Еуразиядағы қыпшақтардың шекарасы,XIғ соңы — XIIғ басы.
Қыпшақтар — XI ғасырдың басында бұрынғы қимақ, қыпшақ және қуман тайпалары қоныстанған аумақта әскери-саяси үстемдік қыпшақ хандарының қолына көшті. Қыпшақтардың билік басына келген билеуші әулеттік шонжарлары оңтүстік және батыс бағыттарда белсенді қимыл жасай бастады, мұның өзі оларды Орта Азия мен Оңтүстік-Шығыс Еуропа мемлекетімен тікелей белсенді қарым- қатынас орнатуға жеткізді.
XI ғасырдың екінші ширегінде қыпшақтардың әскери-тайпалық шонжарлары Сырдарияның теменгі және орта аңғарынан, Арал өңірі менКаспий өңірі далаларынан оғыз жабғуларын ығыстыруына экономикалық та, саяси себептер де болған еді. Саяси фактор ең алдымен XI ғасырдың бас кезінде Орталық Азия тайпаларының батыс бағытында қозғалуына ұласқан сыртқы оқиғаларға байланысты болатын. Сонымен бірге қыпшақтардың өзін-әзі билеуге және өз мемлекетін құруға ұмтылған әулеттік топтардың орталықтан аулақтау сарынының маңызы аз болған жоқ. XI ғасырдың бірінші жартысында күшейген қыпшақ тайпаларының көсемдері, тегінде, жайылымдық жерлердің тапшылығына ұшырап, сонымен қатар Еділ бойы, Үстірт және Сырдарияның төменгі ағысы арқылы өтетін аса маңызды сауда жолдарын өз бақылауына алуға ұмтылған болса керек. Азияны Еуропамен жалғастырып жатқан жолдың бұл учаскесі маңызды баю жолдарының бірі ретінде мейлінше қажетті болатын.
Қыпшақтар билігінің Арал өңірі мен Сырдария бойындағы аймақтарға таралуына байланысты этникалық-саяси жағдайдың өзгеруіне қарай XI ғасырдын 2-ширегінің басында «Оғыздар даласы» (Мафазат әл-гузз) деген атаудың орнына «Қыпшақтар даласы» (Дешті Қыпшақ) деген атау пайда болды. Маңғыстауды, сондай- ақ оған жапсарлас жатқан аймақтарды қаратып алған қыпшақтар Хорезмнің солтүстік шегіне жақындап келді. Сол арқылы қыпшақтардың саяси ықпалы едәуір кеңейді. XI ғасырдың ортасында құмандардың негізгі бұқарасы мен билеуші токсоба және бұржоғлы руларының қол астындағы қыпшақ тайпаларының үлкен топтары оңтүстік орыс және Қара теніз өңірі далалары мен Византия шекараларына дейін қоныс аударды. Осы оқиғалардың нәтижесінде қыпшақ тайпаларының жері этноаумақтық екі бірлестікке: Еділ өзені бөліп жатқан Шығыс қыпшақ және Батыс қыпшақ бірлестіктеріне бөлінді. Қазіргі Қазақстан аумағының көп бөлігі Шығыс қыпшақ ұлысы ханының билігінде болды.
Қыпшақ хандығының саяси негіздері қыпшақ және қуман тайпаларының едәуір топтарьшың Шығыс Дешті Қыпшақға орталықтан аулақтау ниеттерімен жасаған қоныс аударуынан кейін XI ғасырдың орта шенінде едәуір нығайды. XI ғасырдың екінші жартысынан XII ғасырдың бірінші үштен біріне дейін қыпшақ хандарының саяси бірлігінде де біршама тұрақтылық байқалады, солардың ішінен деректемелерде ен елеулі екі билеуші — «құдіретті» билеуші және «ең үлкен құрметке ие патша» бөліп айтылады. Бұл айтылғандар қыпшақтардың этно- әлеуметтік қауымында ерекше ықпалы бар билік иелері жоғарғы хандар болған деп санауға мүмкіндік береді.
Қыпшақ хандарының билігі әкесінен баласына мұраға қалып отырған. Елбөрілі әулеттік ру саналған, хандар солардан шыққан. ТарихшыДжузд- жани (1260 жылдан кейін қайтыс болған) қыпшақ ханынын әлеуметтік руы туралы мынадай құнды мәліметтер келтіреді: жас кезіндеҚазақстан аумағы- нан Үндістанға монғолдардан қашып барған «(ұлы) ханның асқан ұлы ұлығы», Дели сұлтанатында ол «Елбөрі ханы және имектердің шахы» ретінде белгілі болды. «Ұлық-ханның әкесі де, — деп жазады одан әрі Джузджани, — Елбөрі тайпасының арасында күшті кісі болған және хан атағымен аталған», ал оның атасы Елбөрі Абар-ханның ұрпағы саналады. Демек, Абар-хан қыпшақтардың әулеттік елбөрі (елбөрілі) руының генеалогиялық негізін қалаушыдан басқа ешкім де емес.
Осыған байланысты Махмұд Қашғаридың қыпшақтар арасындагы Табар-хан есімді тұлға туралы мәліметі назар аудартады. Алайда ол Табар-хан жөнінде ешқандай қосымша мәліметтер келтірмейді. Ал барлық жағынан алып қарағанда, Табар-хан мен Абар-хан бірақ адам. Осыны негізге ала отырып, Табар-хан (немесе Абар-хан) XI—XIII ғасырдың басындағы Қыпшақ хандары әулетінің алғашқы атасы болған деуге болады.
Орда деп аталған хан ордасында ханнын мал-мүлкі мен хан армиясын басқарған ханның басқару аппараты орналасты. Әскери-әкімшілік жағынан Қыпшақ хандары ертедегі түріктердің дәстүрлерін ұстанып, екі қанатқа: ордасы Жайық өзенінде, Сарайшық қаласы орнында орналасуы ықтимал оң қанатқа және ордасы Сығанақ каласында (Сырдарияда) орналасқан сол қанатқа бәлінді. Неғұрлым күштісі он қанат болды. Дұрысына келгенде, хандықтың орталығы Торғай далаларында болса керек. Әскери ұйым мен әскери-әкімшілік басқару жүйелеріне ерекше мән берілді, өйткені олар кешпелі тұрмыстың ерекшелігін көрсетті және көшпелі тіршілік әдісі үшін ең табиғи және қолайлы болды. Үстемдік еткен ақсүйек топтарының қатаң иерархиялық жүйесі (хандар, тархандар, югурлар, басқақтар, бектер, байлар) айқын көрсетілді, сонымен қатар рулар мен тайпалар да өздерінің әлеуметтік маңызы жағынан бөлінді. Орталық Азияның көшпелі мемлекеттерінде рулар мен тайпалардың қатаң иерархиясы қоғамдык және мемлекеттік дамудың негізгі принцип болды.
Қыпшақ хандығында мемлекеттік істер жүргізіліп, ақсүйектер көршілес және алыстағы елдердің билеушілерімен хат жазысып отырды. Жазба деректерде қытай, үнді, ұйғыр ғұламалары мен данышпандары қатарында, қыпшақтан шыққан оқымыстылар да аталады. Қыпшақтардың мұсылман дініне тартылуы олардың мәдени-әлеуметтік дамуының жоғары деңгейін көрсетеді.
13. Наймандар ұлысы. 11-13 ғасырларда Қазақстанның шығысында өмір сүрген іргелі мемлекет. Жазба деректер бойынша Найман мемлекетінің алғашқы билеушілері 1143 жылдан бастап белгілі. Соның ішінде Рашид-ад-Дин: «Наймандардың хандығы қадірлі, қуатты, халқының саны көп, әскерлері де жауынгер еді» деп жазады. Оның ол кездегі ең белгілі қағаны Білге Бұқа қаған еді. Елді тайпалардың белді өкілдері мен ақсақалдар, батыр, қолбасшылары бас қосатын «Хан Кеңесі» арқылы басқарған. Білге Бұқаның екі баласы Таян хан мен Бұйрық хан таққа таласып қыорқсып мемлекетті екіге бөліп алды да өзара соғысып әлсіретіп тынды. Сондан қазір Наймандардың бір бөлігі – Солтүстік Наймандар –Алтай, Зайсан, Марқакөл, Қара Ертіс бойында қалып қойды, бұл «Бұйрық ханның Наймандары» деп аталды, екінші бөлігі Оңтүстік Наймандар – Жетісу, Сыр бойына қарай ойысты да оларды «Күшлік ханның Наймандары» деген.
Осылайша өзара бөлшектеніп әлсіреген Наймандар елін, соның ішінде 1199 жылы Бұйрық ханның елін және 1204 жылдары Күшлік ханның елін Шыңғысхан мен оның Одақтастары жаулап алды. 1208 ж. Шыңғысханнан қашқан Күшлік бастаған наймандар Қарақытай еліне қашып келеді. 12 ғ. керейттер мен меркіттер қосылған Наймандар конфедерациясы Орталық Азиядағы ірі мемлекеттік құрылым болады. Ал наймандардың шығу тегі әлі белгісіз, жаңа мәліметтер олар түркі тілдес тайпалар дегенді айтады. Ол “сегіз” деген мағына береді дегенді айтады. Көп тарихшылар Наймандардың арғы шығу тегін Қиыр Шығыстан келген Ляо империясымен, яғни Қидан империясының тарихымен байланыстырады. Оған дәлел ретінде жазба деректер бойынша Солтүстік Наймандардың халқын Найман, Арғын, Қаңлы, Қаракерей рулары құрағанын, ал Оңтүстік Наймандар елінің халқын Найман, Албан, Суан, Ысты рулары құрағанын айтады.
Наймандардың батыс жағында – Ертіс бойын мекендеген Қаңлылар елі мен Сарыарқа даласындағы Қыпшақ хандығы бірлестігі, солтүстігінде – Енисей қырғыздары мен Хакастар, шығысында – Шығыс Моңғолияда көшіп жүрген Керей хандығы, ал оңтүстігінде отырықшы Ұйғырлар болды.
Керейттер ұлысы.
Керейт мемлекеті 9 ғасырдың аяғында Алтайда, Монғолия далаларының батысында қалыптасады. Этникалық құрамы түркі тілді және монғол тілді жұрттан құралды. Керейттердің батысында – наймандар, солтүстігінде меркіттер, шығысында татарлар, оңтүстігінде – таңғұттар тұрады. Керейт тайпалары көсемдерінің екі ордасы болған. Солтүстік ордасы Орхон өзені бойындағы Қатынбалық қаласында және оңтүстік ордасы Хуанхэ өзені бұрылысының теріскейінде. Орхондағы Бас орда өте қолайлы географиялық жерде орналасқандықтан, сауда дамуына қолайлы болды. Сондай-ақ миссионерлер жиналатын орынға да айналды. 1007 ж. Керейттердің ақсүйектері наймандардың билеушілерімен бірге христиан дінінің нестроиандық тармағын қабылдады. Ал көпшілік қара халық баяғы көшпенділердің Тәңіршілдік дінінде қала берді. Іс жүргізу кең тарады. Құжаттар мөр басу арқылы бекітілген. Қоғамның таңдаулы тобында қызмет орындары мұра болып берілген.
Керей хандығына енген негізгі тайпалар – керейіт, сахайыт, тумауыт, албат, тункайт-кирун, торғауыт рулары болса олардың халық санын Рашид-ад-Дин «200 мыңдай халқы бар еді» деп көрсетеді. Керей хандығы 12 ғасырдағы Маркуз Бұйрық ханның тұсында өрлеген мемлекетке айналады. «Алтын кеседен ас ішіп, алтын ер-тұрман сайлаған бұл халық еді» деп көрсетеді орта ғасырлық жазбалар Керейлер ұлысын. Тайпалар мыңдықтар мен Жүздіктерге бөлінген. Олардың бас қаласы Қарақорым болды. Маркуз Бұйрық ханның немересі Куржакуз Бұйрық хан қаза болғаннан кейін оның ұрпақтары арасында тақ таласына қырқыс басталады. Осы кезде Тоғрул хан (Уаң хан) бастаған жікшіл топқа Монғолдардың Есугей ханы (Шыңғысханның әкесі) бастаған көршілес далалықтар қолдау көрсетеді. Содан соң Керейлер мен Моғолдар өзара ант су ішкен Тату көршілер ретінде («Анда» дейді) ант беріседі.
14.
Қазақстанның қалалық мәдениеті . Ұлы Жібек жолының тарихи мәдени маңызы. Ұлы Жібек жолы туралы алғашқы мәліметті будда діндары Сюань-Цзяннің қолжазбаларынан білеміз (629-630жылдар). Б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырлар жібек жолымен алғашқы сауда байланысы жасалған.Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты байланыстырып, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін кеуен жолының жүйесі (ұзындығы 7 мың шақырымнан астам). Бұл жол Орта Азия мен Қазақстан территориялары арқылы өтіп, бірнеше сауда жолдары қалыптасып, дамыды:
Лазурит жолы: Бадахшан тауы – Иран- Месопотамия – Мысыр – Сирия – Қытай.
Нефрит жолы: Жаркентдария – Шығыс Түркістан – Қытай.
Дала жолы (б.з.б. І мыңжылдықтың ортасы): Қара теңіз жағалауы – Дон – Оңтүстік Орал – Ертіс, Алтай – Зайсан көлі (Геродот дерегі).
Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жолының негізгі бағыттары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтіп, төрт тармаққа бөлінді:
Батыстан шығысқа бакғытталатын жол
Іле бағытыЕуропа бағытыОрталық және Шығыс Қазақстан бағыттарыҰлы Жібек жолының VI-VII ғ.ғ. ең гүлденген бағыты - Қытайдан Жетісу және Оңтүстік Қазақстан арқылы батысқа баратын жол.Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар:Құлан қаласы – (қытайша Цзюйлень) қазіргі Луговое селосының орны.
Іленің оң жағалауында қазіргі Көктал поселкесінің орнында Ілебалық қаласы болған.
Іле аңғарындағы үлкен қала – Екіоғыз (Эквиус) қазіргі Дунгановка селосының орны. Вильгельм Рубрук бұл қалада ирандық көпестердің сауда орындары болғанын айтады (1253ж.).Сырдарияны бойлай жүретін керуен жолындағы ең ірі қалалар – Отырар мен Шауғар. Отырар – көптеген керуен жолдары түйісетін қала. Шауғар (Қара тау) VIIIғ. Деректерінен белгілі.Орталық және Шығыс Қазақстан бағытындағы «Хан жолы» деп аталатын соқпақ бағыты: Тараз қаласы – Талас өзені –Мойынқұм, Бетпақдала – Атасу өзені.
Тауар тасымалы
Саудадағы басты тауар жібек. Жібек алтынмен теңеліп, халықаралық валютаға айналған. Жалақы мен қарызды жібекпен төленген. Ұлы Жібек жолымеен алғашқыда Қытайдың жібегі Батыс елдеріне жеткізілген. Кейін бұл жол арқылы Үндістан, Иран, Византия, Араб халифаты, Еуропа, Ресей тауарлары тасылды.
Ұлы Жібек жолы арқылы тасылатын тауарлар: жасмин суы, мускат жаңғағы, женьшень, питонның өті, пілдер, мүйіз тұмсықтар, арыстандар, арғымақтар, түйелер, тотықұстар, сұңқарлар, т.б.
Мәдениет пен діннің таралуы
Ортағасырлық Азияда әлемнің төрт патшалығы туралы тұжырым болды:
Пілдер патшалығы немесе Үнді философиясы мен ғылымның дамуы мен даналық патшалығы – Үндістан
Бағалы тастар патшалығы немесе аңдар мен ерлер патшалығы – Иран мен Византия
Сәйгүліктер патшалығы немесе жыртқыштар аңдар патшалығы – Түрік қағанаты
Адамдар патшалығы немесе мемлекеттік басқару және өнеркәсіп патшалығы - Қытай.
Бұл тұжырым Самарқан төңірегіндегі Кушаниядағы сайрайдың қабырғасына салынған суреттерден байқалады.
Ұлы Жібек жолы арқылы ән мен би өнері, әдебиет туындылары тараған. Қытайда көп тараған Шығыс Түркістан мен Қазақстанның әуендері болды. Византияда түрік акробаттарының өнері көрсетілген. Бағдатта наурыз мерекесінде халифтың алдында маскалы ойын сауық өткізілген. Сырдариядағы Кедер қаласынан X-XI ғасырларға жататын саздан жасалған маска табылды.
Ұлы Жібек жолының бойымен дін таралды.
Буддизм – Үндістаннан Орта Азия мен Қазақстанға келіп, Оңтүстік Қазақстан және Жетісуда кең тарады. Буддитзмді таратуда соғдылар үлкен роль атқарды (б.з. II-IIIғасырлар). Исфиджабқа жақын жерден жер асты храмы (VII-VIIIғ.ғ.), Ақбешімнен екі будда храмдары (VII-VIII ғ.ғ.) табылды.
Христиан діні - Сирия, Иран, Аравиядан келіп, Қазақстанда бұл діннің несториандық бағыты тарады (VII-VIII ғ.ғ.).
Қарлұқ жабғуы арқылы түріктер христиандықты қабылдап, Тараз, Меркеде христиан шіркеулері салынған (VIII-IХ ғ.ғ.).
Манихейлік дінді соғдылықтар таратты. Бұл дін туралы «Екі негіздің қасиетті кітабында» жазылған. Манихейлік ғимараттар Баласағұн мен Шілікбалықтан табылды. Тараздан манихейлердің көк тәңірісі болып есептелетін әйел бейнесі мен ай суреті салынған қола медальон табылды (ай – манихейлік жұлдыз сәулелі құдайдың символы).
Зороастризм діннің белгісі – от мұнарасы (Қостөбе мен Қызылөзенде). Отырардан еденге қаланған құрбандық шалынатын ошақтар табылды.
Ислам діні VIII-IX ғасырларда Оңтүстік Қазақстанда кең тарады. Ислам діні алғаш рет қарлұқтар арасында таралған (760ж.). Қарахандықтар 960 жылы исламды мемлекеттік дін ретінде жариялады. XI-XII ғасырларда бұл дін қыпшақтар арасында кең тараған.
ІХ-Х ғасырларда жерлеу дәстүріне өзгеріс енгізіліп, мұсылмандық сипат пайда болды.
Ең алғаш мұсылман бейіттері Отырардан, Боран қала жұртынан табылды. Х-ХІІІ ғасырларда исламның таралуымен мешіттер, кесенелер тұрғызу басталды. Ең алғашқы мешіттер Кедер мен Күлтөбеде салынған.
Ежелгі кесенелер: Бабаджа хатун, Айша Бибі, Қарахан кесенелері. Сырдарияның төменгі ағысындағы Сырлы Там кесенесі.
Ортағысрлық Жібек жолының маңызы:
Отырықшы және көшпелі мәдениеттің өзара қатынгасы күшейіп, бірін бірі байытты.
Қалалар көбейді
Сыртқы байланыс дамыды
|Сауда өркендеді
Ұлы Жібек жолы екі мың жыл бойы жұмыс істеген. XV ғасырда су жолы пайда болғаннан кейін керуен жолы тоқтады.
15. 6-12 ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЛАЛАР
Орта ғасырларда Қазақстанның оңтүстігінде қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық өрлеу барысында Талас,Іле,Шу өңірлерінде көптеген саяси орталықтар пайда болды.Осының нәтижесінде қолөнердің,сауда мен мәдениеттің шоғырланған орталықтары-қалалар қалыптасты. Орта ғасырлық қалалар феодалдардың ордалары мен бекініністерінің жанында пайда болды да, онда бай шонжарлардың үй-жайлары,қолөнер мен сауда қүрылыстары салынды.Қалалардың сыртынан ор қазылып, дуалдармен қоршалды.Қаланың шахристан деп аталатын орталық бөлімінде қала билаушілері,олардың жақын туыстары мен қызметшілері,дихандар,сәудегерлермен дін қызметшілері тұрды. Феодалдық қатынастардың дами түсуіне байланысты қаланің әлейметтік құрылымы өзгереді.Қала шетіндегі қол өнер мен сауда орналасқан рабадтардың рөлі артты.Қол өнершілер ең алдымен қала шонжарларының қажетін өтеді.Олардың басы бос болғанымен іш жүзінде жер мен қүрылыстың иесі шонжарларға тәуелді балды. Жетісудың оңтүстік батысындағы қалалар Қырғыз жотасынан аққан өзендер бойына салыныпты.Олар:Мерке,Аспара,Үзгент,Сұяб,Сауран,т.б. Осы қалардың барлығы маңызды сауда жолының бойынла немесе қолйлы жағдайға ие болған қуатты,берік қамалдардың жанында салынған. Жетісудың маңызы ерекше қаласының бірі-Құлан.Құлан қаласы 8 ғ-дан белгілі.10ғ-да Қүлан Берік қамалға айналды.Қала ортасында мешіт болған.Құлан қаласы қазіргі Луговой қаласының орнында деген болжам бар.Бүл қалада түріктердің ірі-ірі әскерлері түрған.Қаланың ішінде өте мықты ішкі қамалы мен қала билеушісінің бекінісі болды,ал шахристанда маңызды әскери-әкімшілік орталығы орналасты. Орта ғ-ғы Іле бойындағы қалалардың жұрты мүнаралы дуалмен қоршалған,аздап көтерінкі тік бұрышты алаң бітімдес болып келген.Іле алқабының Орта Азия қалаларынан қашықта болуы табиғат жағдаиы егіншілікпен мал шаруашылығының дамуына қолайлы болунан мүнда қалалы қаныстар салу 9-10ғ-да ғана қолға алынды. Қоныстар феодал шонжарлардың ордалары негізінде және түрақты қыстау орындарында пайда болды.Бүл қоныстарды егіншілікпен қатар қолөнермен сауда дамыды және олардың кейбіреулері біртіндеп қалаға айналды.Олар –Талхиз,Екіоғыз,Қаялық қалалары еді. Архиологиялық зерттеушілердің мәліметі бойынша Тараздың алып жатқан жер көлемі шамамен 6,5га, Отырар-20га,Құлан-12га,Талхиз- 9га болыпты.Жазба деректерде қала тұрғындарының саны туралы мәліметтер жоқтын қасы.Сондықтеа қала халқының саны есептеудің бір жолы археологиялық мәліметтер бойынша қаладағы үйлардің саны мен 1га орналасқан халықтың тығыздығын анықтауға негізделді. Қала халқының этникалық қүрамы әр түрлі болған.Қала түрғындарының қатарын соғыс,жұрт,мал індетінің ауыр зардабының салдарынан отырықшылыққа көшүге мәжбүр болған көшпелілер үнемі толықтырып отырған. Орта ғасырлық қалаларда ісләм діні кең тарай бастады.Оны таратушы Хорасының билеүшісі, кейіннен Бағдатта халиф тағына отырған Әл-Мамун болды.Хорасының шонжарларынан қолду тапқан ол ісләм дінін уағыздауға белсене ат салысты. «Қала» деген үғымның әр кезіндегі қоғамда түрлі мағынасы балған.Қала деп оның түрғындары қолөнермен және сауда мен айналысатын елді мекенді айтқан.Қаланы айқындайтын белгілерге оның аумағының үлкендігі,бекіністері,ақша сағатын сарайының барлығы,қолөнер орталықтары,қолайлы сауда жолында орналасуы,т.б. жатады. 10-12ғ-да Қазақстанда және Орта Азияда қалалық қоныстар шапшаң өсті.Бірқатар жаңа қалалар-Қарашоқ,Қарнақ,Қойлық,Екіоғыз,Ашназ,Башынкент,т.б. пайда болды. Шу,Талас,Сырдария алқаптарында қала қоныстары арта түсті.Екі қалалардың аумағы үлғайды,шаруашылық орталығы шахризтаннан рабатқа ауысты.10-12ғ-да Отырардың аумағы тез өсті.Онда рабадқа халық симай кеткендіктен екінші оралым қамал қабырға тұрғызылды. 10-12ғ-да Тараз қаласы тез өсті.Қалада және оның айналасында тамаша сәйлетті,сәнді ғимараттар бой көтерді.Іле алқабында Талхиз қаласы қала дуалының шегінен шығып,28га- дай жерді алып жатты.Қала мәдениетіОрталық Қазақстандағы Ұлытау бөктерінде,Сарысу,Нұра,Кеңгір өзендері алқаптарында да кеңінен өркендеді. Қала түрмысының өрлеуі шаруашылықтын ілгерілеуімен және феодалдық қатынастардың дамуы мен байланысты болды.Қалаларда жер жеке адамдардың меншігінде болғандықтан ол табыс көзіне айналып,сауда орындары,керуен сарайлары, моншалар салуға пайдаланды.Сондықтан феодалдар қалалардан көбірек жер алуға ұмтылды. Испиджаб 10-12ғ-да сауда орталығы ретінде әйгілі болды.Онда көптеген бағалы заттар өндірілді.Сыртқы мата,қару-жарақ,мыс пен темір шығарылды.Испмджаб-жері қүнарлы,ағашы көп,ағын суы мол және бау-бақшалары жемісті,халықтарының қоныстануына қолайлы қала болған.Испиджабтың жұрты Шымкент қаласының шығысына таман 12 шақырым жерде.Қала жұртының үстіне осы заманғы үйлердің салынуы оны зерттеуді қиындатып отыр. Отырарда шахристан мен қала орталық бөлігі ғана емес, сонымен қатар рабадта дуалмен қоршалған.Археологиялық қазбалар шахристан өте тығыз салынғанын,тұрғын үйлердің қабырғалары шикі кірпішпен қаланған,үй еденденрінің және ірге тасыныңкүйдірген шаршы кірпішпен салынғанын анықтады.Рабадтағы құрылыстар бір-бірінен алшақ орналасқан.Мұнда су қоймалары,каналдар,бау-бақшалар,егістіктер болды.Қалада су құбырлары жұмыс істеді, канал жағасындағы рабад жерінде қоғамдық моншалар салынды. Сырдарияның орта ағысы тұсында Весидж қаласы бой көтерді,
16. Түркі кезенінің ғалымдары мен ойшылдары. Абу Насыр Аль Фараби, М. Қашқари, Қожа Ахмет Йасауи, Ж. Баласағұни және т.б “Оғыз-нама” эпосы ел арасында кең таралып,
XIII ғ – Рашид ад дин, XVIII - Әбілғазы көшірген. “Оғызнама” жырында Оғыз ханның өмір жолы, күресі баяндалады. VII ғ жазба әдебиет шыққан. IX-XII ғғ ислам дінінің таралуына байланысты әдеби және ғылыми шығармалар араб тілінде жазылды. Жүсіп Баласағұни XIғ. “Құтты білік” дастанын дайындауға отыз жылын арнап, бір жарым жылда жазып шыққан. (1069ж) Дастанда өмір сүрген ортаның шындығы, әлеуметтік топтың қоғамдық түсінігі мен саяси тұжырымы берілген. Бақытты болудың негізі- білім деп түйіндейді. Махмұд Қашғари XIғ. 1072-1074 жж жазылған “Диуани лұғат ат түрік” атты еңбегі тілтану ғылымына үлкен үлес қосты. Бұл шығарма – түркі тілдес халықтардың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрып, тілі туралы тарихи дерек. Түркі тілдес халықтардың энциклопедиясы атанды. Бұл еібек ғалым А.Егеубайдың аударуымен 1997-1998 жж қазақ тілінде жарық көрді. Қожа Ахмет Иассауи XII ғ Сайрамда дүниеге келіп, Ясссыда қмір сүрген. Ұстазы Арыстан Бабтан тәлім алып, ислам дінін уағыздаушы – сұпы болған. “Диуани Хикмет” (“Даналық кітабы”) шығармасы – тарихи этнографиялық, әлеуметтік, тілдік дерек. Ғұламаның бұдан басқа “Мират ул - Кулуб” (“Көңіл айнасы” ) және “ Пақырнама” деген еңбектері бар. Сүлеймен Бақырғани XIIғ. “Дүниенің ақыры” еңбегінде тәңірге сенімді уағыздап, рухани тазалыққа үндейді. “Диуани Хикмет” және “Дүниенің ақыры” еңбектері жүздеген жылдар бойы Орта Азия мен Қазақстанның медреселерінде оқулық ретінде пайдаланылды. Ахмет Игунеки “Хибат ул -хакайк” дастаны он төрт тараудан тұрады: білім, әдеп, адамгершілік еңбек туралы.
Әбу Насыр әл-Фараби “Ғылымдар энциклопедиясы”, “Ғылымдардың шығуы”, “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы”, “Жұлдыз бойынша болжаулар”, “Ваккум туралы трактат” және т.б. Әбу Райхан әл – Бируни X-XI ғғ. 150 ге жуық еңбек жазған. “Ежелгі халықтардың хронологиясы”, “Астрономияның кілті” т.б. еңбектері бар.
17. Шыңғыс хан тұсындағы Моңғол мемлекетінің құрылуы. Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуы. Шыңғыс хан қолының негізгі жорықтарының бірі Қазақстан мен Орта Азияның территориясына жасаған жорықтары еді. Бұл жорық оларға Шығыс Еуропа мен Алдыңғы Азияға жол ашты. Шыңғыс хан Қазақстан мен Орта Азияға жасаған жорықтарына зор мән беріп, оған ұзақ әрі мұқият дайындалған еді. 1211 жылы Жетісуда Шыңғыс ханның қолбасшыларының бірі Құбылай бастаған монғол отрядтары пайда болды. Қарлұқ әміршісі Арслан хан Қойлықтағы қарақытай наместнигін өлтіруге бұйрық беріп, өзі Шыңғыс ханның қол астындамын деп жариялайды. Монғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218 жылы қайта басталды. Найман басшысы Күшліктің иелігіндегі жерлердің шегіне кіргенен кейін монғол қолбасшысы Жебе жаршылар арқылы хабарлатып, әскерлерге бейбіт тұрғандардың мүлкіне тиісуне тйым салынсын, ал мұсылмандарға найман билеушілерінің тоқтатқан жария түрде құдайға құлшылық ету правосы қайтарылсын деп бұйрық береді. Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін монғолдарға Оңтүстік қазақстан емн орта Азияға жол ашылды. Басып кіруге «Отырар опаты» деген жағдай себеп болды. Шыңғыс хан Орта Азияға Омар-Қожа Отрари, Жамал Марағи және бақа көпестер басқарған сауда керуенін жіберді. 500 түйесі бар керуенде монғол жансыздарынан қоса есептегенде барлығы 450 адам болатын. Көп дадамы бар керуен 1218 жылы Отырарға келеді. Отырар әміршісі Қайыр хан Иналшық көпестерді жансыз тылшылар деп күдіктеніп, оларды қырып тастауға бұйырып, керуенді тонап алды.Шыңғыс хан Қайыр ханды қолыма бер деп талап етеді, бірақ хорезмшах бұл талапты орындамай, елшілерін өлтіріп тастайды. Осының өзі Хорезмге қарсы соғыс ашуына себеп болды. Шыңғыс хан орта Азияны бағындыруға өз вассалдарының жасақтарымен қоса жалпы саны 120-150 мыңға дейін адамы бар қалың қол жіберді. Жорық 1219 жылы қыркүйек айында Ертіс жағалауынан басталды. Отырырға таяғанда монғол басшылары өз күштерін былай бөлген еді: Шағатай мен Үгедей бастаған бірнеше түмендер Отырарды қоршау үшін қалдырылды. Жошы бастаған басқа бөлік Сырдария бойымен төмен кетті. Үшінші бөлік Сырдарияның жоғарғы ағысына қалаларды бағындыру үшін жіберілді. Шыңғыс ханның өзі мен кіші баласы Төле негізгі күштерімен Бұхараға аттандыОтырар билеушісі Қайыр хан бар күшін салып ең соңғы мүмкіндігін пайдалана отырып қорғанды. Оның басқаруында, Нисавидің деректері бойынша, не бары 20 мың әскер болған, ал Жувейнидің деректері бойынша хорезмшах оған «сыртқы әскерден» 50 мың әскер берген. Қоршауға алынғанға дейін ол Отырарға Қараджа хаджиб басқарған 10 мыңдық отряд жіберген еді. Отырар бес ай бойы дерлік қоршауда болды. Тек Қараджа хаджиб еңсесі түсіп, «Суфи хан» қақпасы арқылы қаланы тастай қашып, өз отрядымен монғолдарға берілгенде ғана монғолдар осы қақпа арқылы қалаға лап қойды. Қараджа хаджиб өлтірілді. Алайда Отырар сонда табандылықпен қорғана береді. «Арыстан тәрізді» әскерлер отрядымен Өайыр хан берік қамалға бекініп алды, монғолдарға оны алу үшін тағы бір ай уақыт берді. Ол 1220 жылдың февралінде алынды. Қайыр хан қолға түсіп, Шыңғыс ханның алдына әкелінген жерде қатал жазаланып өлтірілді. Отырар қамалының қабырғасын жермен жексен етіп Шағатай мен Үгедейдің монғол отрядтары Шыңғыс ханға келіп қосылды, бұл кезде ол Самарқанд пен Бұхараның арасындағы жолда болатын. Сырдария жағалауындағы басқа қалалардың тұрғындары да ерлікпен қорғанды, соның өзінде бірқатар қалалардың қорғанысында қалалардың төменгі тұрғындарының арасынан шыққандар басшылық роль атқарды.Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы Сығанаққа келіп, оның тұрғындарымен келіссөз бастады. Өзінің өкілі ретінде ол соғысқа дейін-ақ монғолдаға қызметке берген мұсылман көпесі Хасан қожаны қалаға жіберді. Ол тұрғындарды ұрыссыз берілуге азғыруға тиіс болатын, бірақ «жауыздар,тобырлар мен қаңғыбастар» бұған ашынып сатқынды өлтірді де, қарсылық көрсетуге әзірленді. Монғолдар қаланы жеті күн, жеті түн қоршауға алып, ақырында оны шабуылмен алды да, «кеңшілік пен аяушылық қақпасын» жауып тастап бүкіл халықты қырып тастады. Сырдария бойымен төмен қарай жүрген одан арғы жолында монғолдар Үзкент пен Баршынлығкентті алды. Бұдан соң монғол отряды Ашынасқа жетті, мұнда қала қорғанысын қаланың төменгі тұрғындары - «қаңғыбастар мен тобырлар» өз қолына алған болатын. Табан тіресек қарсылық көрсеткеніне қарамастан қала басым күшпен жеңіліске ұшырап, оның тұрғындарының көпшілігі қырылды. 1220 жылдың сәуірінде монғолдар Жент қаласына келіп кірді, бұл кезде оны Хорезм шах әскерлері қалдырып кеткен еді. Жошы келісім жүргізу үшін қалаға оңғыттардан шыққан Шыңтемір дейтін біреуді жіберді. Алайда моңғолдардың жіберген адамын тұрғындар салқын қабылдап, ол моңғолдарды қаладан аулақ әкетемін деп уәде берген соң ғана тірідей қайта оралды. Шыңтемірді қоя беріп тұрғындар қақпаны жауып алды. Моңғолдар қоршау құралдарын пайдаланып, қаланы алды. Қаланың билеушісі болып бұхарадан шыққан Әли қожа тағайындалды. Жошы жіберген басқа бір отряд Янгикентті алды. Осының барлығы 1219/20 жылдарда қыс пен көктемде болған еді. Шыңғыс хан бастаған моңғол армиясының негізгі корпусы 1220 жылы мамырға дейін Орта Азияның Амударияға дейінгі бүкіл территориясын басып алды. 1219-1224 жылдардағы Моңғол шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс хан империясының құрамына кірді.
18. Отырардың қоршауға алынуы[
1219 жылы қыркүйек айында 150 мың адамнан түратын моңғол әскері Отырарға жақындайды. Шыңғыс хан әскерінің түменбасылары: Шағатай, Үгедей, Сүбедей, Жебе, ТонышарОтырарды қоршауға алады. 50 мың адамнан қүралған әскері бар Қайыр хан Отырарды табандылықпен қорғайды. Олар қала қақпасын қатты бекітеді. Екі айдан аса отырарлықтар жаудан қорғанады, Шыңғысхан бүкіл әскерін Отырар айналысында топтастыруды жөн көрмей, бір бөлігін көрші қалаларға жібереді. Осылай моңғолдар соғысты бірнеше жерде жүргізеді. Тез арада Самарқан мен Бұхараны алды. Отырарды алуға келген Шағатай мен Үгедейге су көзіне апарар жер асты жолы белгілі болады. Олар тез арада жер асты жолын бекітеді. Біраз уақыт өткен соң, азық-түліктің қоры таусылып, Отырарда аштық орын ала бастайды. Аштыққа шыдамай, соғыс жеңіліспен аяқталады деп ойлаған Отырар әскерінің бір бөлігінің (10 мың адам) басшысы Қаража Қажып моңғолдар жағына өтіп кетеді. Ал Мухаммед болса, өзінің 400 мың әскері бола тұра, қол ұшын беруге асықпайды.
Отырардың берілуі
Қоршауда бес ай бойы болған Қайыр ханның әскерінде 20 мың адам ғана қалды. Жеті айға созылған соғыста шал-кемпірлер мен балалар да табан тіресе шайқасты. Қала тұрғындары 2 ай бойы аш болды. Жаулар қаланы өртеді. Қала тұрғындарының бірі қалмай өлтірілді. Ал Қайыр хан өзін-өзі өлтірмекке бел буды. Шыңғысхан Қайыр ханды тірідей жеткізуге бүйрық берген екен. Қайыр хан Шағатай мен Үгедейдің қолына түскен соң, оның өтініші бойынша, көз алдында сатқын Қаража Қажып пен оның әскерінің басы алынған екен. Қайыр ханды Бұхарадағы Шыңғыс ханға жеткізіпті. Сонда Шыңғысхан: "Менің елшімді өлтірген сен бе?" — деген сауал қойған. Қайыр хан: "Сенің елшің соғыстың басталуына себепкер болды. Ал моңғолдардың ханы көп елдің көз-жасына қалды. Оның қанқұмар жанын жер де, Көк Тәңірі — Аслан да қабылдамайды. Ал сүйегін құрттар кеміреді", — дейді.Шыңғысхан оның аузына қайнап тұрған қорғасын құйған екен. Осылайша Отырар билеушісі Қайыр хан 1220 жылы айуандықпен өлтірілген
19. Алтын Орданың этносаяси тарихы
1227 ж Жошы қайтыс болып орнына ұлы Батый отырды.1235 жыл Қарақорымда құрылтай откізілді. Қаралған мәселелер:Еуропаға жорық
Әскери қолбасшылығына Батыйды сайлау.Батый әскерінің негізін қыпшақтар құрады,ал монғолдар аз болды.1236-1242 жылдар- Еуропаға жорық жасалды. Жорықтар нәтижесінде Батыс Дешті Қыпшақ ,орыскнязьдықтары,Мордова,Еділбұлғарлары,Қырым,СолтүстікКавказ,Польша,Венгрияны,Чехияны жаулады. XXIII ғ. Монғолдар Азия,Шығыс және Орталық Еуропаны жаулап алды.1243 жыл Еділді төменгі Алтын Орда мемлекті құрылды.Алғашқы билеушісі-Батыйхан.Территориясы:Шығыс Дешті Қыпшақ,Хорезм,Батыс Сібір территориясының бір бөлігі.Астанасы Сарай Бату,кейіннен Сарай Берке қаласы.Сарай Берке Азиядан Еуропаға баратын ірі сауда орталығы.Орыс князьдықтарыАлтын Ордаға тәуелді болып,салық төледі. Алтын Орда шығыс деректерінде Жошы ұлысы ,Жошы ұрпақтары атымен Батый ұлысы,Берке ұлысы деп аталды. Алғашқыда Алтын Орда монғол империясның құрамындағы ұлыс болды.XIII ғасырдың 60-жылдарынан дербес хандық болып бөлінді. Алтын Орданың қоғамдық құрылымы Алтын Орда көп ұлтты мемлекет.Көшпелі халқы негізінен түркі тілдес тайпалар -қыпшақтар,наймандар,қаңлылар т.б.Отырықшы халқы- Еділ бұлғарлары мордвалар,орыстар,хорезмдіктер т.б.Монғолдар аз болды.XII-XIY ғасырларда жазба деректерде Алтын Орда халқын “татарлар” деп атаған.Тілі қыпшақ тілі. XIY ғ. Алтын Ордадағы моңғолдар толығымен түркіленді.Мемлекет Жошы хан әулетінің меншігі болып саналды. Қ. жерінде Шыңғыс ханның “ Яса” заңдар жинағы және отырықшы аудандарда шариғат заңдары қолданылды.Қалыптасқан дәстүр бойынша Шыңғыс хан ұрпағы ғана болып сайланды. Ханның кейінгі әлеуметтік басқарудың ең жоғарғы тобы сұлтандар.Ордада ұлыстық жүйе қалыптасып ,Батый хан тұсында мемлекет екіге бөлінді: Оң қанат Батый хан билігі.Сол қанат Орда Ежен ханның билігі.Қазақстан жерінің көп бөлігі сол қанат құрамына енді.Алтын Орданың гүлденуі мен ыдырауыXIII-XIY ғасырларда Алтын Орда күшті мемлекет болды. Батый хан тұсында (1227-1255ж.ж.) Алтын Орда Монғол империясының тәуелді болды. Берке хан (1257-1267ж.ж.)тұсында тәуелсіздігін жариялады.Мөңке хан (1267-1280ж.ж.)өз атынан теңге шығарды.1260 жыл Монғол империясы бірнеше тәуелсіз ұлыстапға ыдырады.XIY ғ бірінші жартысында Өзбек және Жәнібек хандар тұсында мемлекет күшейді:Батыс Еуропамен,Кіші Азия,Египет,Үндістан ,Қытаймен сауда қатынасы дамыды.1312 жыл- Өзбек хан исламды мемлекеттік дін етіп жариялады.50-ж. Ортасында Жәнібек ханды үлкен баласы Бердібек өлтіргеннен кейін “ұлы дүрбелең”басталды.1357-1380 жылдары билік үшін күресте 25 хан ауысты.1380 жыл Куликова шайқасында түменбасы Мамай әскері Дмитрий Донской әскерінен жеңілді.Осы жағдайды пайдаланып Тоқтамыс (1380-1395) Алтын Ордаға хан болды.Ол билігін нығайту үшін 1382 жылы Ресейге жорық жасап,Мәскеуді өртеді.Тоқтамыс ханның қарсыласы Әмір Темірдің 1389,1391,1395 жылдардағы жойқын шабуылдарынан Алтын Орда әлсіреді.Тоқтамыс пен емір арасындағы күрес Сыпыра жыраудың жырларында айтылады.Алтын Орда билеушілерінің езгісіне қарсы халық көтерілістері де жиіледі:1240-41 жылдар Кама Булгариясындағы көтеріліс; 1259 жыл Новгород, Ростов,Суздальдағы көтеріліс; 1262 жыл Ярославльдегі көтеріліс ;1270 жыл Кама Булгариясындағы көтеріліс.Алтын Орданың күйреуінің себептері:Билік үшін өзара қырқыстар.Әмір Темірдің жаугершілік соғыстары.Халық көтерілістері.Ұлыстардың дербестікке ұмтылуы. XY ғ. Ортасына қарай Алтын Ордадан бірнеше ұлыстар бөлініп өз алдына хан сайлады Ең ірісі Ақ Орда . XY ғ.20-40 жылдары Сібір , Қазан ,Қырым ,Астрахань ,Ноғай Ордасы хандықтары бөлініп шықты. Алтын Орданың соңғы билеушісі Шейх Ахмед 1502 ж. Қайтыс болғаннан кейін Алтын Орда мемлекет ретінде жойылады.
20. Ақ орда
XIV-XV ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан халқы моңғол шапқыншылығының зардаптарынан бірте-бірте арыла бастады. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығысында қала мәдениеті, егіншілік, қолөнер өндірісі жандана түсті. Өлкенің батыс, орталық, далалық өңірі мен оның оңтүстігі, Жетісу және Орта Азия аймақтарымен сауда байланыстары қалпына келтірілді. Сонымен бірге бұл тұста моңғолдардың қол астында болып келген ұлыстар мен елдер дербес тәуелсіз мемлекеттер қатарына шықты. Осындай тәуелсіздіктің арқасында Қазақстан жерінде алғашқы рет жергілікті этникалық негізде пайда болған ірі мемлекет – Ақ Орда хандығы. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс-Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты. Ақ Орданың негізгі халқы ерте заманнан осында мекендеген түркі қыпшақ тайпалары, сондай-ақ, Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, крейттер, үйсіндер, қарлұқтар және басқалары.Ақ Орданың негізін қалаған Шыңғыстың немересі Жошы ханның үлкен ұлы Орда Ежен. Ақ Орда алғашқы құрылған кезде Алтын Ордаға тәуелді иелік болып есептелді, ал іс жүзінде өз алдына тәуелсіз саясат жүргізіп отырды. Ол кезде Алтын Орданың астанасы Еділ бойындағы Сарай қаласы еді. Ал Ақ Орданы билеген Орда Еженнің ордасы алғашында Ертіс алқабында Алакөл маңында, яғни әкесі Жошы ханның алғашқы қоныстарында болды. Ақ Орда хандарының кестесі оларды болған уақытына қарай мынадай ретпен тізеді: Орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасы-Бұқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтай, Ұрыс хан, Қойыршақ, Барақ, т. б.Ақ Орданың кемеліне келіп, толысқан шағы XIV ғ. екінші жартысы. Ақ Орда хандары хандықтың астанасы Сығанақ қаласында өз аттарынан металл ақша шығарды. 1361 жылы Ақ Орданың билеушісі болған Ұрыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағына отыруға күш салды. 1374–1375 жылдары Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хаджы-Тарханды (Астраханды) қошауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Ұрыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынын кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. Өйткені бұл кезде Орта Азиядағы Мауеренахр жеріндегі билікті өз қолына алып күшейе түскен Әмір Темір Ақ Орданың оңтүстік шекарасына шабуыл қаупін төндірген еді. Ақ Ордаға қарсы шабуылда Әмір Темір Маңғыстау үлесінің билеушісі Түйқожа оғланның баласы Тоқтамысты пайдалануға тырысты. Әмір Темір Ақ Орданы жаулап алу мақсатын жүзеге асыру үшін қару-жарақ, әскери күш беріп, Тоқтамысты Ақ Ордаға қарсы айдап салды.Тоқтамыстың алғашқы жорығы (1374–1375 жж.) сәтсіз аяқталды. Бұл соғыста Ұрыс ханның баласы Құтылық Бұға қаза тапты. Тоқтамыстың екінші жорығы да Ұрыс ханның баласы Тоқтақия басқарған Ақ Орда әскерлерінен жеңілді. Әмір Темір Ақ Ордаға жорық жасау үшін Тоқтамысты үшінші рет әскермен жасақтады және бұл жорықты өзі бастап шықты. Тек төртінші жорық кезінде Ұрыс ханның және оның баласы Тоқтақияның қайтыс болуы Әмір Темірдің жеңіске жетуіне мүмкіндік берді. 1377 жылы Ұрыс хан қайтыс болғаннан кейін, Ақ Орда иелігі оның баласы Темір Мәлікке көшкен-ді. Осы кезде Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды, сөйтіп 1379 жылы өзін Ақ Орданың ханы деп жариялайды. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан XIV ғ. аяғы мен XV ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсірейді. Ол Әмір Темірдің боданына айналды.1423–1424 жылдары Ұрыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жеңіп шығып, Ақ Ордада хандықты өз қолына алады. Бұл кезде, Ақ Орданың басты қаласы Сығанақ, сондай-ақ Сырдың орта ағысындағы қалалар Темір әулетінің қолында еді. 1425–1426 жылдары Барақ Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбекке қарсы жорыққа аттанып, Сығанақты және Сырдария бойындағы басқа да қалаларды босатты. Осы жеңістің нәтижесінде Ақ Орда Темір әулетінің үстемдігінен тәуелсіз болып алды. 1428 жылы Барақ хан жауларының қолынан қаза тапты. Ол Ақ Орданың ең соңғы ханы болды. Барақ хан өлгеннен кейін Ақ Орда ыдырады да, билік Жошының кіші ұлы Шайбан тұқымынан шыққан Әбілхайыр сұлтанның қолына көшті.1227 жылы Жошы өліп, оның ұлысы екіге жіктелгенде жарыққа шыққан Ақ Орда хандығы екі ғасыр өмір сүрді. Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Көшпелі аудандарда мал шаруашылығы кеңінен дамыды. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына күшпір, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп, әртүрлі парыз-қарыздарды да өтеп тұрған. Түркі тілдес тайпалар мекендеген Ақ Орданың ресми тілі – қыпшақ тілі, немесе қазақ тілі болып саналады. Ақ Орданың хандары бұқара халықтың қолдауымен Алтын Ордадан тәуелсіздік алып, оны дербес мемлекетке айналдырды. Сырдария бойындағы шаруашылық, мәдениет орталығы болған маңызды қалалар үшін күресте Мәуеренахрдағы Шағатай хандарын жеңді. Әмір Темірдің Ақ Ордаға қарсы жасаған шапқыншылығына тойтарыс беру үшін аянбай күрес жүргізді. Кейін олар қазақ халқының жеке халық болып қалыптасуында үлкен рөл атқарды.
