- •1. Кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының ғылыми теориялық, әдістемелік негіздері.
- •Кәсіпкерліктің мәні, негізгі белгілері, түрлері оның қызмет ету ерекшеліктері
- •Қызмет бабының қысқа мерзімділігі, икемділігі және тиімді тактикалық әдістерін қолдану.[5]
- •1.2. Кәсіпкерліктің құқықтық-ұйымдық және экономикалық–ұйымдық нысандары
- •1.3 Әлемдік тәжірибедегі кәсіпкерлік қызметтің даму тенденциялары
- •2 Қазақстан республикасында кәсіпкерлік қызметтің дамуы және оны қолдаудағы мемлекеттік саясат
- •2.1 Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің дамуының құқықтық, экономикалық негіздері
- •2.2 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары
- •2.2. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің қалыптасуы мен дамуы оны мемлекеттік қолдау бағыттары.
- •2.3 Қр шағын және орта кәсіпкерліктің дамуының әлеуметік-экономикалық аспектілері......................................................................
- •2.4 Қр шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту перспективасы..........................................................................................
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және бизнес факультеті
Экономикалық теория кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
ҚАЗАҚСТАНДА КАСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ДАМУЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
Орындаушы:
4 курс студенті
Ғылыми жетекші:
Аға оқытушы
Норма бақылаушы:
оқытушы
Қорғауға каф.менгерушісімен
Жіберілді э.ғ.д.
Алматы
Реферат
ЖОСПАР
КІРІСПЕ...............................................................................
1 Кәсіпкерлік қызметтің қалыптасуы мен дамуының теориялық- әдістемелік негіздері
1.1 Кәсіпкерліктің мәні, негізгі белгілері, түрлері оның қызмет ету ерекшеліктері ......................................................................................
1.2 Кәсіпкерліктің құқықтық-ұйымдық, экономикалық-ұйымдық нысандары ---------------------------------------------------------------------
1.3 Әлемдік тәжірибедегі кәсіпкерлік қызметтің даму тенденциялары ................................................................................................................
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОЛДАУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ
2.1 Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің дамуының құқықтық, экономикалық негіздері.........................................................................
2.2 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары ...............................................................................................
2.3 ҚР шағын және орта кәсіпкерліктің дамуының әлеуметік-экономикалық аспектілері......................................................................
2.4 ҚР шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту перспективасы..........................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................
Кіріспе
"Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуы тиіс" деген концепцияны ұсына отырып, еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында кәсіпкерлік қызметті мемлекеттің жеделдетілген экономикалық және әлеуметтік прогресс негіздерінің бірі ретінде қарастырады. [1].
Кәсіпкерлік қызметтің мәні туралы Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 10-бабында былай деп айтылған:
"Кәсіпкерлік—меншік түріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе табыс табуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызмет". [2]
Кәсіпкерлікті дамыту Қазақстанның экономикасын ілгері жылжытудың маңызды және тиімді жолы. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында жеке және заңды тұлғалардың табыс, пайда табуға бағытталған дербес, бастамалық, өз атынан жүргізілетін іскерлік әрекеті түрінде сипатталатын кәсіпкерлік тез қарқынды дамуда. Елімізде жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар кәсіпкерлікті дамытудағы жаңа перспективаларды ашты. Кәсіпкерлік қызметтің маңыздылығы, оның нарықтық экономикаға иілгіштік қасиет беретіндігіне, халықтың өндірістік және қаржы ресурстарын тартуына септігін тигізетіндігіне, жұмысбастылықты және т.с.с. әлеуметтік мәселелерді шешуіне байланысты күннен-күнге нығаюда.
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті экономикалық нәтижелері мен өсу қарқыны көбінесе оған сәйкес келетін шарттарға, яғни құқықтық базаға институционалды кәсіпкерлік ортаның қалыптасуына, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау деңгейіне байланысты. Республикада кәсіпкерлікті дамытудың барлық шарттары жасалып жатыр. Соның ішінде меншікті жекешелендіру жұмыстары атқарылады. Осы игі шараларға байланысты қазіргі уақытта кәсіпкерлікті дамытуға экономикалық негіз құрылып отыр.
Мемлекетіміз тәуелсіздік алған жылдарында кәсіпкерлік қызметінің заң шығаратын негізі қалыптаса бастады. Осы бизнес түрінің қалыптасу мен дамыту мәселелерін реттеуге бағытталған заң шығаратын және басқа да құқықтық нормативті актілер, заңдар қабылданды. Олар кәсіпкерлік қызметті дамытудың көптеген мәселелерін қамтыды. Мысал үшін, шарушылық қызметтің еркіндігі, және кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау; шауашылық серіктестікті, акционерлік қоғамды, өндірістік кооперативтерді, мемлекеттік кәсіпорындарды және т.б. дамыту; заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, лицензиялау; шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалар мен азаматтарды қорғау мәселелері.
Республикада кәсіпкерлікті, атап айтқанда шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау бойынша кең ауқымды шаралар жүргізілуде. Бұған бастама ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халқына жолдауындағы мына тұжырым болса керек: "шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзе отырып, кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек ". "Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысына сәйкес шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауды мемлекеттің экономикалық саясатының басымды бағыты ретінде қарастыру керек.
Бітіру жұмыс тақырыбының өзектілігі—кәсіпкерлік, оның қазіргі кездегі жағдайы, әлем тәжірбесіндегі кәсіпкерліктің мәні мен оның мемлекет экономикасындағы ролі және Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму тенденциялары қарастырылады. Осы жұмысты орындау барысында алға қойған мақсаттарым мен міндеттерім мынадай:
Кәсіпкерлікті экономикалық белсенділіктің ерекше түрі ретінде қарастыра отырып, оның мәнін, нарықтық экономикадағы маңызын айқындау;
Кәсіпкерліктің теориялық аспектісін ажырата отырып, оның түрлерін классификациялау;
Әлемдік тәжірибедегі кәсіпкерлік қызметті зерттей келе, Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің даму перспективаларын анықтау;
Кәсіпкерлікті дамыту жолындағы жүргізіліп жатқан мемлекет саясатының негізгі бағыттарын қарастыру.
Жоғарыда аталған мәселелерге байланысты курстық жұмыс екі тарауда көрсетілген. Бірінші тарауда нарықтық қатынастардағы кәсіптіліктің мәні баяндалып, құрылымына талдау жасалады. Екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызмет маңыздылығына, даму ерекшеліктеріне басты назар аударылады. Курстық жұмыс соңында жұмыс барысында жасалған қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімі келтірілген.
1. Кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының ғылыми теориялық, әдістемелік негіздері.
Кәсіпкерліктің мәні, негізгі белгілері, түрлері оның қызмет ету ерекшеліктері
"Әркімнің кәсіпкерлік қызмет
еркіндігіне, өз мүлкін кез- келген
заңды кәсіпкерлік қызмет үшін
еркін пайдалануға құқығы бар".
Қазақстан Республикасының
Конституциясы
Кәсіпкерлік—пайда алу мен жеке табыс табуған бағытталған, азаматтардың белсенді, шығармашылық дербес іс-әрекеті.
Ағылшын экономисті Ричард Катильон XVIII ғ. алғашқы рет кәсіпкерліктің негізгі функционалдық сипаттамасы ретінде тәуекел туралы ережені ұсынғанда «кәсіпкер» (ағыл., фр.-entenepeur) терминін ғылыми айналымға енгізген болатын. Р.Катильон бойынша, кәсіпкерлік болашақты болжай алатын және тәуекелді өз мойнына алғысы келетін кез-келген индивид. Оның әрекеті табыс табу үмітімен және шығынға ұшырау дайындығымен сипатталады.
Кәсіпкерлік теориясының негізін XVII-XIX ғғ. Ф.Кенэ, А.Смит, Ж.Б.Сэй, ал кейіннен Й.Шумпетер, Ф.Хайек, А. Чаянов және басқалары қалаған болатын.
Адам Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттап, оның маңызы туралы мынадай пікір айтады: «әрбір жеке адам... өзінің жеке ұтысын көздейді, ол қоғамдық пайда емес... мұндай жағдайда және басқа да жағдайларда ол көрінбейтін қол арқылы мақсатына жақындайды және бұл оның жоспарына енбесе де өзінің жеке мүддесін көздей отырып, ол бұл жағдайда саналы түрдегіден артық қоғамдық мүддеге өте тиімді әсер етеді» [4].
Йозеф Шумпетер кәсіпкерліктің негізгі ерекшелігі ретінде инновациялығын бөліп көрсететін бағыттың негізін қалаған, әлемдік экономикалық ілімдер өкілдерінің бірі. Й. Шумпетер өзінің новаторлық еңбектерінде кәсіпкерді экономикалық даму механизмінің орталық элементі ретінде қарастырды. Оның ойынша, экономикалық дамудың негізінде өндіріс факторларының «жаңа комбинациясын» қолдануға ұмтылған кезде байқалатын кәсіпкердің ерекше қызметі жатыр. Шумпетер көзқарасы бойынша «кәсіпкер» терминінің мағынасы былай сипатталады: «Кәсіпкер—жаңа технологияны жетілдіретін новатор».
Қазіргі таңда әлемде көпшілік анықтаған кәсіпкерлік терминінің анықтамасы жоқ. Американдық ғалым, профессор Роберт Хизрич «кәсіпкерлікті белгілі бір құнға ие болатын жаңа затты құру процесі, ал кәсіпкерді осыған барлық қажетті уақыты мен күшін жұмсайтын, барлық қаржылық, психологиялық және әлеуметтік тәуекелді өз мойнына алатын, өз бетімен шешім қабылдайтын тұлға болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет алынған пайда және еркін кәсіпкерлікпен айналысудан пайда болатын қанағат сезімі оның табысы болып табылады. Сонымен қатар, оның кәсіпорны банкроттыққа ұшыраған жағдайда ол барлық шығындар тәуекелдігін өз мойнына алу керек». [3]
Сонымен кәсіпкерлік дегеніміз—қоғамдық пайда мен жеке мүдде үйлесімі негізінде табыс табуға бағытталған қаражат жұмсаумен байланысты іс-әрекет болып табылады.
Кәсіпкерлік рыноктық экономикада құлшын кең жайған құбылыс. Кәсіпкерліктің негізгі және маңызды белгілері мыналар:
Шарушылық субъектілерінің жеке даралығы және тәуелсіздігі.
Әрбір кәсіпкер өндірістік, коммерциялық, қаржылық және тағы басқа да мәселелерді жеке дара тәуелсіз шешеді.
Экономикалық қызығушылық.
Кәсіпкерлік қызметтің қозғаушы және алға тартушы күші мен факторы—экономикалық-әлеуметтік тиімділік. Өз пайдасын көздей отырып, кәсіпкер, сонымен қатар қоғамдық мүдделерге де қызмет етеді.
Новаторлық, творчествалық алғышарт.
Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігі өнімнің жаңартылуы, ешкім ойламаған мүлдем жаңа шешімдер қабылдау қабілеті, икемділігі, биіктілігі, туындаған жағдайда дұрыс және дәлме-дәл бағалауы, батыл шешім қабылдап оны жүзеге асыруы.
Шаруашылықтағы нар тәуекелділігі.
Кәсіпкерлік қызметті жүргізу әрқашан да нар тәуекелмен жүзеге асатын, күрделі де жауапты шара.
