- •1) Қоршаған ортаға қауіпті заттардың шығарылуымен сипатталатын тж:
- •2) Жарылыс, өртпен және олардың салдарымен байланысты тж:
- •3) Көлік коммуникацияларында пайда болатын тж: (адам шығыны, аймақтың немесе судың мұнай өнімдерімен, әлде химиялық заттармен ластануы)
- •4) Әскери-саяси сипаттағы тж:
- •5) Сұрапыл апаттармен байланысты тж:
- •Ластағыш заттардың жіктелуі
- •1) Ауыр металдар.
- •4) Азот, фосфор, күкірт
- •Жұқпалы ауру қозд-штарының алдын-алу, салдарын жою, емдеу іс-шаралары
- •Самсаған секталар мен сансыраған саналар…
- •Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар.
- •Иондаушы сәуле шығарулар. Радиация.
- •Электр қауіпсіздігі (электр тогының адамға әсері)
- •Электр тогына түсуден қорғаудың техникалық әдістерң мен құралдары
- •Электр тогына түскен адамға алғаш көмек көрсету
- •Ток көзінен ажырату
- •Жедел жәрдем шақыру
- •Алғашқы медициналық көмек көрсету
- •Химиялық апаттар.
- •Халықты хим-қ қорғау
Ластағыш заттардың жіктелуі
А) Энергетикалық (физикалық): виброакустикалық әсер ету деңгейлерінің жоғары болуы (шу, діріл, инфра-, ультрадыбыстар), электромагниттік сәуле шығарулар, радиоактивтік ластанулар, т,б.
Б) Материалдық (химиялық) – түрлі химиялық заттармен ластану (өнеркәсіп және тұтыну заттарының қалдықтары)
В) Биологиялық – бактериялық-вирустық флорамен ластану.
Ғылымға 10 млн-нан астам органикалық қосылыстар белгілі екен. Оның 100000-ға жуығы кең ауқымды түрде қолданылады. Жыл сайын осы қатарға тағы да 1000-ға жуық жаңа атаулар қосылып, тізім толығып отырады. Бұл тізімдегілердің 1500-ға таяу түрлері барлық әлемдік өндірістің 95%-н құрайды. Міне, осы себепті де материалдық (химиялық) ластану мәселесінің өзкетілігі басқалармен салыстырғанда жоғарырақ болып есептеледі.
Материалдық (химиялық) ластағыш заттардың жіктелуі.
Токсиканттар – улы, денсаулыққа зиянды заттар.
Мутагендер - тірі ағзаға әсер етуі нәтижесінде тұқым қуалаушылық қасиеттеріне (генотипке) зақым келтіріп, мутациялық өзгерістерге де ұшыратады.
Онкогендер – қатерлі ісіктердің пайда болуына әкелетін гендер.
Тератогендер – ата-анасының ағзасына әсер ете отырып, олардың ұрпағының туа біткен даму кемістіктеріне немесе ауытқушылықтарына әкеп соқтыруы мүмкін заттар.
КСЕНОБИОТИКТЕР (гр. “xenos” – бөтен, “bios” - өмір) – жасанды жолмен алынған, әрі табиғи орта мен адамға зиян келтіретін, яғни, “өмір үшін жат (бөтен) заттар”.
1) Ауыр металдар.
Hg, Pb, Cd, Co, Ni, Zn, Sn, Sb, Cu, Mo, V, As сынды 40 шақты химиялық элементтер жатады.
Биосфераға келу жолдары:
қара және түсті металлургия;
минералды отынды өртеу, т.б.
Қасиеттері:
сыртқы ортада тұрақты;
суда ерігіш;
топыраққа және өсімдіктерге сіңірілгіш (сорбциялану).
Аса маңызды қасиеті – үлкен масштабтарға тез тарап кете алу.
Жүрек-қан тамыры ауруларына әкеледі, жүйке жүйесін зақымдайды (зияны темекі шегу, ішімдік ішуден келетін зияндардан кем емес).
2) Пестицидтер - ауыл шаруашылығы өсімдіктерін зиянкестерден, аурулар мен арамшөптерден қорғау үшін қолданылатын улы химиялық препараттар.
Түрлері:
Гербицидтер - өсімдіктерді жою үшін қолданылады (толығымен немесе тек арамшөптерді ғана);
Дефолианттар - өсімдіктер жапырақтарын түсіру үшін қолданылады (мақта теру);
Зооцидтер – зиянкес жануарлардың көзін құрту үшін қолданылады.
Инсектицидтер – зиянкес жәндіктермен күресу үшін қолданылады.
Фунгицидтер – ауру тудыратын саңырауқұлақтарды жою мақсатында қолданылады.
Пестицидтер суспензиялар, аэрозольдер, ұнтақ, көбік, газ, т.б. түрінде қолданылады. Өте үлкен аймақтарды қамтиды. Тиімділігін арттыру үшін өте жоғары концентрацияларда және көп мөлшерде қолданылады. Тек зиянкестерді ғана жойып қоймай, басқаларына да (адамға да!!!) кері әсер етеді.
Өте тұрақты, қиын ыдырайтын заттар болып табылатындықтан, қоршаған ортада ұзақ жылдар бойы сақталады.
3) Диоксиндер – арнайы өндірілмейтін, басқа химиялық заттар өндірісі кезінде қосалқы өнім ретінде түзілетін күрделі органикалық қосылыстар. (Құрамына Cl- атомы кіретін ароматты органикалық қосылыстар).
Қоршаған ортаға өндірістік қалдықтарды дұрыс өңдемеу салдарынан да түсуі мүмкін.
Диоксин – өте улы зат, оны «ХХІ ғасырдың суперэкотоксиканты» деп те атайды. Себебі ол өте аз концентрацияда болған күннің өзінде тірі материяның барлық формаларына (бактериялардан бастап – жылы қандыларға дейін) өз зардабын тигізе алады. Көбінесе, ол бауырда жинақталады.
Сондай-ақ, гормондық жүйеге жауапты жасушаларға да кері әсер ете алады: диабет ауруына шалдығу қаупі артып, жыныстық жүйенің дамуына да зақым келеді. Ағза түрлі жұқпалы ауру қоздырғыштарына қарсы тұру қабілетінен айрылып, аллергиялық реакциялар көбейеді, онкологиялық аурулардың да қозуы мүмкін.
Ауыр улану кезінде тәбет жоғалады, физикалық және жыныстық тұрғыдан әлсіздік байқалады, құлазу, депрессия, сонымен қатар, өте жылдам және көп мөлшерде салмақ жоғалту байқалады. Өлімге алып келу қаупі уланудың алғашқы бірнеше күнінде-ақ немесе бірнеше он күннен кейін ғана (удың жалпы дозасы мен ағзаға түсу жылдамдығына байланысты) байқалуы мүмкін.
(Хлоракне, Порфирия сынды аурулар пайда болуы мүмкін)
