Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фил. Гылыми жоба.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
86.64 Кб
Скачать

Қорытынды

Қазіргі кезеңде мемлекетіміз үшін азаматтар бойындағы өзіндік қасиеттерге нұқсан келтірмей жаңа қасиеттерді, дербестікті және таңдау мен шешім қабылдау жағдайындағы жауапкершілікті тұлғааралық барабар қарым-қатынас орнатуға, қоғамдағы тиімділікті арттыруға әсер ететін білім, білік, дағдыларды ұлттық мәдениет аясында қалыптастыру мәселесі тұр. Осыған байланысты адамдар арасында толеранттық мінез-құлық қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және оған қарсы әрекет ету шаралары қазіргі көп ұлтты еліміз үшін түрлі шаралар ұйымдастырылып, жүзеге асырылуда. Мемлекет жүргізіп отырған ұлтаралық келісім мен ұлтаралық бірлікті дамытуға бағытталған нақты саясат аға буын мен кіші буын арасындағы өзара түсіністікті, ең бастысы, ата-ана мен бала арасындағы бірлікті, жастардың ішкі мәдениетінің дамуын ұлттық сана-сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық құндылық тұрғысынан қамтиды.

Өкінішке орай, бүгінде жалған діни ағымдардың қатері жастарға қаупін төндіруде. Діни ағымдар адамдардың ден­саулығына, психикасына әсер етіп, әр түрлі психологиялық амал-тәсілдерін қолданып жатыр, олар: гипноз, медитация, шексіз бір қалыпты сыйынулар. Осындай топқа түскен адамдар оның әсерінен біржола құтылу жолдары күрделі болмақ. Адам мұндай тығырықтан шығу жолында жалғыз өзіне көптеген қиындықтарға әкеп соқтырады. Тағдыр талайында адасып жүргендерге мемлекет, қоғамдық мекеме, мамандар өз тараптарынан аянбай көмектерін беруде.

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы мәдениетке деген мемлекеттік қозғалысын анықтаған рухани және білім беру істерінің даму саласындағы негізгі құжат, стратигиялық ұлттық жоба болып кетті. Мұншалықты үлкен жобаны іске асыруды ТМД елдерінің ішінде алғаш бастаған Қазақстан.

«Мәдени мұраның» мақсаты – елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтару, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу.

2004 жылдан – бағдарламаны жүзеге асыра бастаған кезден – бастап тарих пен мәдениеттің 78 ескерткішінде реставрациялық жұмыстар бітірілген, олардың 28-і (35%) – 2008-2011 жылдары реставрацияланған.

Біздің түп-тұқияндарымыз туралы көптеген мәлімет беретін ғылымды мыңдаған артефактылармен байытқан 26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялық зерттеу  жүргізілген. Шығыс Қазақстан облысындағы Шілікті мен Берел қорғандарындағы қазбалар, «скиф-сібір аң стиліне» немесе өнерге жататын табылған алтын бұйымдар әлемге әйгілі атақ алды (б.з.д. V-III ғғ.).

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Билер сөзі. — Алматы: Қазақстан, 1996. — 237 б.

2. Дулати М. Х. Тарих-и-Рашиди. Алматы.1999.

3. С Ш Әбенбаева, А.М Құдиярова Ж.Ә . Әбиев педагогика 2003 ж.

4. Қазақстан Ұлттық энциклопедия. Алматы. 2001. 3 том. 398 б.

5. Нұрмұратов С.Е., Сағиқызы А. Ұлттық рух мәселесі хақында // Халықаралық конференция материалдары. Алматы 2006. 176 б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]