- •3. Курс бойынша практикалық сабақтар кешені
- •3.1. Топырақ организмдерінің негізгі топтары
- •Топырақ үлгісін таңдау және оны микробиологиялық анализге дайындау
- •3.2. Топырақ микроорганизмдерін микроскопиялық зерттеу әдістері
- •Микроорганизм препараттарын дайындау үшін шыныға қатыру мен бояу әдістерінің негіздері
- •Тірі микроорганизмдерден препараттар дайындау әдістері
- •«Аспа тамшы» әдісімен препарат дайындау
- •3.3. Топырақ микроорганизмдерін зерттеудің экологиялық әдістері
- •Н.Г.Холодном әдісімен топырақтағы микроорганизмдердің әйнекте қаптап өсуін бақылау
- •3.4. Топырақ микроорганизмдерінің жекелеген топтарын зерттеу
- •3.5. Микроорганизм дақылдарын өсіретін орталар
- •3.6. Лабораториялық ыдыстар мен орталарды зарарсыздандыру әдістері
- •3.7. Топырақ микроорганизмдерін өсіру жағдайлары
- •Тығыз қоректік орталарға себудің техникасы
- •Төменгі сатыдағы өсімдіктердің жалпы сипаттамасы
- •Актиномицеттердің топырақта таралуы және ерекшеліктері
- •Ашытқылар
- •Топырақ балдырлары
- •Диатомды балдырлар - Bacillariophyta.
- •Сары-жасыл балдырлар - Xanthophyta
- •Балдырлар культурасын жасау
- •Топырақ организмдері және олардың топырақ құрылымына, құнарлығына әсері
- •3.9.Топырақта тіршілік ететін қарапайымдылар. Құрттар мен маллюскаларды анықтау әдісі
- •Топырақ микрооргганизмінің әртүрлілігін және сулы топырақ фаунасын зерттеу
- •Құраттар – Vermes
- •Маллюскалар
- •Сапрофиттер
- •3.10.Топырақтағы заттар айналымына топырақ микроорганизмдерінің қатысы
- •Микроорганизмдер көмегімен көміртек қосылыстарының өзгеріске ұшырауы
- •3.11.Топырақ микроорганизмдердің тіршілік қызметінің ерекшеліктері
- •Микроорганизмдердегі зат алмасу
- •Топырақтың со2 бөлу жылдамдығын анықтау
- •Микроорганизмдердің қоректену түрлері және типтері
- •Микроорганизмдердегі тыныс алу және ашу
- •Топырақтың полифенолоксидаза белсенділігін анықтау
- •3.12.Топырақтағы микроорганизмдердің физиологиялық топтары
- •Азотты заттардың микроорганизмдер көмегімен өзгеріске ұшырауы
- •Аэробты аммонификаторлардың жиналуын және белоктың ыдырау өнімдерін анықтау
- •Нитрификация
- •Денитрификация
- •Талдау сұрақтары:
- •Негізгі терминдер және олардың мәні
- •3.13.Топырақ микроорганизмінің атмосфера азотын сіңіруі (тұтуы)
- •Топырақта аэробты азотобактерді табу әдісі
- •Анаэробты спора түзуші бактерияларды анықтау
- •Симбиозды түрде тіршілік ететін азот сіңіруші түйнек бактериялары (Rhizobium)
- •Симбиозды түрде тіршілік ететін азот тұтушы бактерияларды анықтау
- •3.14.Топырақ түзілуіндегі бтологиялық процестер
- •Топырақтың биологиялық белсенділігі – топырақ құнарлығы тестерінің бірі
- •Топырақтың нитрификациялану активтігін анықтау
- •Қарашіріктің түзілуі және ыдырауы
- •Суда ерігіш қарашірікті анықтау/Кубель-Тиман әдісі/
- •Ризосфералық және тамыр айналасындағы микроорганизмдерді е.З.Теппер әдісімен зерттеу
- •Тыңайтқыштар мен ылғалдың топырақтағы микробиологиялық процестерге әсері
- •Топырақ – қоректік орта
- •Талдау сұрақтары:
- •Негізгі терминдер және олардың мәні
- •3.15.Топырақ биологиясының экологиялық және қолданбалы аспектілері
- •3.1. Топырақ организмдерінің негізгі топтары
- •3.2. Топырақ микроорганизмдерін микроскопиялық зерттеу әдістері
- •3.7. Топырақ микроорганизмдерін өсіру жағдайлары
- •3.8.Төменгі сатыдағы өсімдіктердің жалпы сипаттамасы
- •3.9.Топырақта тіршілік ететін қарапайымдылар. Құрттар мен маллюскаларды анықтау әдісі
- •3.11.Топырақ микроорганизмдердің тіршілік қызметінің ерекшеліктері
3.6. Лабораториялық ыдыстар мен орталарды зарарсыздандыру әдістері
Зарарсыздандыру дегеніміз қоректік орталарда, субстраттарда, материалдарда, ыдыстарда, аспаптарда және лабораториядағы басқа да заттардағы микроорганизмдерді толық жою. Зарарсыздандыруды бірнеше тәсілдермен жүзеге асыруға болады.
Іс жүзінде микробиологияда зарарсыздандырудың барлық әдістері қолданылады. Бірақ көбінесе тәжірибеде химиялық және физикалық зарарсыздандыру көбірек таралған.
Химиялық зарарсыздандыру – химиялық заттардың микроорганизмдерге тигізетін жойқын әсеріне негізделген. Оны вакциналарды, сары ауруларды және басқа биопрепараттарды әр түрлі антисептиктермен консервілегенде (хлороформ, хинозол, мертиолат) қолданылады. Химиялық заттарды ауру қоздырғыш микробтарды құрту мақсатында қолданылады. Бұны дезинфекциялау деп атайды.
Дезинфекциялау үшін фенолдың 3-5%-ті сулы, формалиннің 0.5-2%-ті, хлорлы әктің 10%-ті, иодтың, сулема және т.б. 0,5-3% ерітіндісін қолданады.
Зарарсыздандырудың физикалық әдісіне: жоғары температурамен, ультракүлгін сәулемен, радиоактивті сәулелермен, ультрадыбыспен, арнаулы бактериялық сүзгілерден өткізіп, салқын тәсілмен зарарсыздандыру жатады.
Жоғары температурамен зарарсыздандыру. Ең көп таралған физикалық әдіс. Бұл микробиологиялық аспаптарды жанармай шамының жалынына қару, заттарды қайнату, құрғақ ыстық ауамен,шамадан тыс температурасы бар будың қысымымен ұштастаруымен және бу ағынында ұстаумен жүзеге асады.
Жалында қару зарарсыздандырудың ең шапшаң және сезімді әдісі. Бұл әдіспен бактериологиялық ілмешектерді, инелерді, пинцеттерді, заттық әйнектерді, пипеткалар және т.б. ұсақ аспаптарды зарарсыздандырады. Бұл үшін зарарсыздандырылатын заттарды спиртовка жалынына бірнеше рет қарып алады. Қыздырған кезде микробтар мен олардың споралары жанып кетеді. Бірақ ескеретін жәй: аспаптарды өне бойы жалынға қарығында олар бүлінеді, ал шыны заттар жарылып сынады немесе балқып өз пішінін жоғалтады. Бұның өзі осы әдісті үнемі қолдана беруді шектейді.
Қайнату мнелерді, шпиртцтерді, хирургиялық аспаптарды зарарсыздандырудың жәй тәсілі: оны арнаулы зарарсыздандырғыш аспапта 10-15 минуттай мезгіл шамасына жүзеге асырады. Суға 1-2% сода қосып қайнатудың зарарсыздандыру әсерін арттырып, судың кермектілігін жояды. Бұның өзі металдан жасалған аспаптарды таттанудан сақтайды. Бұл тәсіл заттарды толық зарарсыздандыра алмайды. Өйткені кейбір бацилдардың споралары және клостридийлары қайнатуға төзімді келеді.
Құрғақ ыстықпен зарарсыздандыру. Бұл тәсілмен әдетте шыны ыдыстарды зарарсыздандырады. Бұндай пробиркаларды, колбаларды алдын-ала мақтамен тығындайды. Зарарсыздандырылған заттарға қайтадан ауа микробтары жұқпау үшін оларды қағаз орап зарарсыздандырады, ол қағазды жұмыс жасаудың алдында ғана ашады.
Пипеткаларды ені 2,5-3 см жалпақ қағазға орайды. Пипеткалардың ауызға алып соратын жағына алдын-ала кішкене мақта тығып қояды. Петри табақшасын квадрат пішінді қағазға орайды. Осылай даярлаған ыдыстарды алдын ал 160-1700 С дейін қыздыратын құрғатқыш шкафтарда 2 сағаттай ұстайды. Осындай жағдайда бактериялар клеткалары ғана емес, олардың споралары да қырылып қкетеді. Құрғатқыш шкафтар температурасын 1750С шамасынан асырмау ұсынылады, өйткені температура жоғарылағанда мақта тығын күйіп, қоңырқай тартады, орам қағаздар опырылып сынып кетеді.
Бу ағынында зарарсыздандыру. Бөлшектеп зарарсыздандыру немесі тиндализациялау. Бу ағынында зарарсыздандыруды Кох аппаратынды жүргізеді. Бұнда зарарсыздандырылатын материалга белгілі бір мерзім ішінде ыстық бумен бірнеше рет әсер етеді. Әрине бұларды автоклавтарда жүргізуге болады. Бұл әдіс көбінесе зарарсыздандырылатын материал 1000С және одан да жоғары темпеатурада өз қасиетін жоятын болса ғана қолданылады. Бұған құрамында кейбір көмірсулары бар қоектік орталар (Гисс ортасы, Сүт, ЕПЖ т.б.) жатады. Сондықтан бұларды Кох аппаратында 30 минуттан 3 күндей зарарсыздандырады. Әрбір рет 30 минут зарарсыздандырылғаннан кейін қоректік ортаны апараттан шығарып алып, термостатқа немесе жылы бөлмеге қояды. Сонда жылы жерде микроб споралары өніп өседі. Екінші рет зарарсыздандыруды қайталағанда вегетативтік клеткалар тағы да қырылып кетеді. Бұл әдісті бөлшектеп зарарсыздандыру немесе дезинфекциялау деп атайды.
Тиндализация әдісін Тиндаль ұсынған болатын. Бұнда зарарсыздандырылған материалды термореттеуші су моншасында 60-650С бір сағаттан бес күн немесе 70-800С үш күн жүргізеді. Әрбір қыздыру аралығында зарарсыздандырылып отырылған материалды споралардан вегетативті формалар өсіп шығу үшін 250С термостатқа қойып отырады. Негізінен тиндализациялау әдісін құрамында белогы көп қоректік ортаны ұрықсыздандыру мақсатында қолданады.
Бу қысымымен зарарсыздандыру. Бұна автоклавта жүргізеді. Бұның өзі сопақша екі қазаннан тұрады. Сыртқысын су-бу камерасы деп, ал ішкісін зарарсыздандырушы камера деп атайды. Ішкі камераға зарарсыздандырылатын материал орнатылады. Осы камераның жоғары жағында сыртқы камерадан бу келетін кішкене тесік бар. Автоклав қақпағы ешбір саңылаусыз берік етіп жабылады. Автоклавта қысымда және температураны оның жұмыс істеу кезінде көрсетіп тұратын маномертмен, термометрмен жабдықталған. Автолкавпен жұмыс істеушілер арнайы нұсқаулармен қамтамасыз етіледі және оларды үйрететін арнаулы орындар бар.
Сүзу арқылы зарарсыздандыру. Кейбір қоректік орталарды жоғары температурамен зарарсыздандыруға болмайды. Өйткені олардың құрамы мүлдем өзгеріп кетуі мүмкін. Сол үшін сұйық орталарда микробтар өте алмайтын саңылау бар арнаулы бактериялық сүзгіштерден өткізеді. Вирустар бактериялық сүзгіштерден өтіп кетеді. Бұндай сүзгіштерді ультрасүзгіш деп атап жүр. Оларды саңылау тым кішкене бактерияларды ұстап қалатын материалдардан (коалин, асбест, нитроцеллюлоза және т.б.)жасайды.
Асбест сүзгіш (Зейц сізгіші). Бұл қалыңдығы 3-5мм және диаметрі 35 және 140 мм көлемі кішкене немесе үлкен сұйықтарды сүзуге арналған асбест пластинкалар. Бұл сүзгіщтерді қолданар алдында аспаптарға бекітіп солармен бірге зарарсыздандырады. Асбест сүзгіштері бірнеше рет қолдануға жарайды.
Мембраналды ультрасүзгіштер. Бұл диаметрі 35мм және қалыңдығы 0,1мм органикалық затнитроклечаткадан жасалған-ақ дискі. Пайдалану алдында мембраналды сүзгіштерді де қайнату арқылы зарарсыздандырып алу керек. Ол үшін сүзгіні температурасы 50-600С жылытылған суға салады. Одан соң суды 30 минуттай қайнатады. Бұнда суды 2-3 рет ауыстыру қажет. Мембраналы сүзгіштерді де, арнаулы сүзгіштерді де арнаулы сүзгуші аспапқа (Зейц Аспабы) орнатады.
Лабораториялық ыдыстарды өңдеу. Микробиологиялық жұмыстарда қолданылатыныдыстар химиялық тұрғыдан аса таза, ал кейбір ыдыстар сонымен бірге зарарсыздандырылған болуы тиіс. Ластанған ыдыстарды хром қоспасымен өңдейді. Ол негізінен өте тотықтырғыш зат және шыныларда органикалық қалдықтардан өте жақсы тазартады. Хром қоспасына 30-40 минут ұстағаннан соң ыдыстарды құбыр ағын суында жақсылап жуады.
Жаңадан алынған ыдыстарды 15минуттай сабынды сумен жуып, содан кейін салқын сумен шаяды. Бұдан кейін ыдыс тазаланбаса, онда 10% тұз қышқылы ерітіндісінде 10-15 минуттай қайнатып, артынан сумен шаяды.
Өлшеуші пипеткалар майдан ққыпты түрде тазартылуы тиіс. Майлы пипеткалар қабырғасында су тамшылары тұрып қалып, сұйықты өлшегенде оның мөлшерін қате көрсетеді. Пипетканы өңдегенде хром қоспасын пипетка ұшымен сорып тартуға мүлдем болмайды. Бұл жұмысты пипетка ұшына резина груша кигізіп оңай атқаруға болады.
Заттық әйнектерді де майдан жақсылап тазалау керек. Дұрыс жуылмаған заттық әйнектерде микробтар қалып препаратты бұзады.
Талдау сұрақтары:
Арнаулы, элективті және синтетикалық орталардың айырмашылығы неде?
Зарарсыздандырудың физикалық және химиялық әдістерін ата.
Тиндализация әдісімен зарарсыздандырудың ерекшелігі қандай?
Асбест және ультросүзгіштер не үшін пайдаланады?
Негізгі терминдер және оның мәні
Психрофильді – орта температурасы төмен 8-100 болғанда микроорганизмдер жақсы өніп өседі.
Мезофильді – 20-400C жылылық арасында жақсы өніп өседі.
Термофильді 50-750С аралығында өніп өседі.
Бактериялар капсуласы – бактериялар бөлетін шырыш тәрізді заттар. Ол бактерияларды құрғаудан және басқа қолайсыз жағдайдан сақтайды.
Колония – қоректік заттар бетінде немесе қатты және сұйық қоректік орталар ішіне орналасқан бір түрге жататын бактериялар жиынтығы.
Фитофагтар – өсімдік тамырларының тканьдерімен қоректенушілер а) альгофагтар – балдырлармен қоректенушілер
Зоофагтар – басқа жануарлармен қоректенуші гетеротрофтар
Некрофагтар – өлген жануарлармен қоректенушілер (табиғат санитарлары)
Сапрофагтар – топырақ жануарларының ішіндегі ең көп және маңызды тобы. Олар барлық өсімдік қалдықтарын ыдыратады.
Микология – саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым.
