Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алтынай апай.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
24 Мб
Скачать
☆

Топырақ үлгісін таңдау және оны микробиологиялық анализге дайындау

Мақсаты: Студенттерді топырақ үлгісін таңдауға және оларды микробиологиялық анализге дайындау әдістерімен таныстыру.

Құрал-жабдықтар мен материалдар: күрек немесе үлкен пышақ; стерильді қағаз пакет 20х15 см; 96%-ті этанол; №3елеуіш.

Жұмыс барысы: Топырақ үлгісін алу алдында, кітапша арнап, оған үлгінің қай жерден алынғаны, сол жер туралы толық мәліметті: топырақ түрін, қабаттың тереңдігін жазып алу керек. Топырақ үлгісін жақсы тазартылған және этанолмен сүртілген күрекпен немесе пышықпен алады.

Зерттеу барысында жеке топырақ үлгілерінің көп сандарын алу қажет. Топырақтың өңдеу қабатын зерттегенде кәдімгі уақытта топырақ үлгісін оның бүкіл тереңдігінен алады. Алғашқы кезде, оның беткі қабатын 2-3 см алып тастайды, өйткені, ол бөгде ластанған микрофлорамен қоныстанады. Көлемі 100-200 м2 болатын тәжірибе жүргізетін аймақтан әрқайсысы 100-200г болатын 7-10 топырақ үлгісін алу қажет. Үлгілерді стерильді пакетте мұқият араластырып, орташа үлгіні, салмағы шамамен 1 кг болатындай етіп алады. Анализге дейін жас топырақ үлгісін тоңазытқышта сақтайды.

Микробиологиялық зерттеу жүргізетін топырақ үлгілерін сол күні алған орынды, өйткені ылғалды топырақ үлгілерін ұзақ сақтағанда ондағы микроорганизмдердің сандары мен белсенділіктерді елеулі өзгеріске ұшырайды. Егерде анализді анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда 24 сағаттың ішінде топырақ үлгілерін кептіру қажет. Кептірілген топырақ үлгілері зарарсыздандырылып – 300 С-тан жоғары емес температурада сақталуы тиіс.

Топырақ үлгілерін микробиологиялық анализге дайындау. Ол үшін топырақты ірі бөліктерден: тамырлардан, қиыршақ тастардан және тағы басқа заттардан тазартады. Ірі топырақ кесектері алдын-ала майдаланады. Сонан соң, үлгілер диаметрі 3мм болатын елеуіш арқылы өткізіледі. Араластырылған топырақ үлгілерінен зерттеуге арналып оның 10г алынады. Қолбадағы 10 мл суға 10г өлшенген топырақты салып, қолбадағы сұйықты 10 минуттай араластырады.

Талдау сұрақтары:

1. Топырақтың микроорганизмдер үшін тіршілік ететін қолайлы орта болу себебі неде?

2. Топырақтың микробиологиялық смпаттамасын беріңіз?

3. Топырақ микрофлорасының сандық және сапалық құрамы қандай?

4. Топырақтың минералды және органикалық заттарын атаңыз.

5. «Топырақ биотасы» дегеніміз не?

3.2. Топырақ микроорганизмдерін микроскопиялық зерттеу әдістері

Микроскоп және оның құрылысы

Микроскоп – микрообъектілер зерттейтін, өте сезімтал оптикалық аспап. Студент лабораториялары көбінесе МБР-1 микроскобымен қамтамасыздандырылған. Сонымен бірге қазір лабораториялық МБР-2, МБИ-3 микроскоптарымен де жабдықталған.

МБР микроскобының құрылысы

МБР-1 микроскобы механикалық бөлігінен, заттық үстелі бар штатив және тубустан тұрады. Заттық үстел оң жағынан орналасқан екі бұранда винттің көмегімен горизантал жазықтықта жылжи алады. Бұл препараттағы кез келген затты көру аймағының ортасына ығыстырып әкелуге көмектеседі. Үстел бетінде қысып ұстап тұратын екі қысқышы (клеммасы) бар. Заттық әйнек астында штативке конденсорлық кронштейн бекітілген. Штативтің жоғары жағына тубусты ұстап тұрғыш бекітілген. Ол механизм көмегімен тубусты 50мм тік көтеріп, одан соң төмен түсіріп тұруға жәрдем етеді. Бұл механизм макрометр және микрометр винттердің айналуынан қозғалысқа түседі. Сөйтіп зерттейтін объектілерді тұрпайы және шебер көрсетуге мүмкіндік туады. Сағат тілінің айналасына қарай осы винттерді бұрағанда тубус ұстағыш төмен түседі, ал оған керісінше айналдырғанда жоғары көтеріледі. Микрометрдің толық айналымы тубустың 0,1 мм қашықтықты жылжуына тең. Тубус ұстағыштың жоғары жағында өз осінен айналып тұратын револьвер бар. Оның тесігіне объективтер мен тубус бекіледі. Микроскоптың көлбей орналасқан тубусын оның тік осінен зерттеуші айналдыра отырып, ыңғайлы жағдайға келтіріп, қозғалмайтын етіп винтпен бекітіп қояды. Тубустың төменгі жағына окулярды орнатады.

Микроскоптың оптикалық бөлігі: окуляр объектив және жарық бергіш қондырғыдан тұрады. Жарық бергіш қондырғыға айна және заттық әйнектің астына орналасқан диафрагма конденсатор жатады. Айна екі жақты және қозғалып тұрады, бір жағы дөңес, ал екінші жағы ойыс болады. Күн сәулесі түскенде дөңес бетін, ал жасанды жарыққа ойыс бетін қолданады. Конденсатор екі линзадан тұрады. Ол арқылы айнадан шағылысып келген сәуле конденсацияланып (шоғырланып, жинақталып) препараттың тегіс бетіне бағытталады. Күн сәулесімен препаратты қарағанда конденсатор заттық әйнекке дейін көтеріліп қойылады. Ал жасанды жарық болғанда ол препарат жатқан жерге жарық көрінетіндей деңгейге төмендетіледі. Жарық күштілігі конденсатордың астына орналасқан диафрагмамен реттеледі. Ол рычаг күшімен адам сөзі сияқты ашылып-жабылып тұратындай етіп жасалған. Объектіні көру үшін тубус екі жүйемен қозғалтылады. Ал аймақты көру үшін макро винтті, ал оны жақсылап анықтап көру үшін микровинтті қолданады. Соңғы винт нәзік болады. Сондықтан онымен жұмыс істегенде аса сақтық, ептілік керек.

Объективтер микроскоптың ең маңызды бөлігі, ол оның оптикалық қуаттылығын көрсетеді. Объектив металл қорапқа орналасқан линзаның екі жүйесінен тұрады. Ең бастысы сыртқы (фронтальды) линза, оның фокустық қашықтығына объективтің үлкейткіштігі байланысты. Объективтің үлкейткіштік шамасы оның сыртқы қорабында жазылған. МБР-1 микроскопының 8,40(құрғақ) және 90 (иммерсиялық) рет үлкейтетін объективтері болады.

Микроорганизмдерді зерттегенде үнемі иммерсиалды немесе майға батып тұратын объективтерді қолданады. Бұл үшін объектив пен заттық әйнек арасына самырсын (кедер) майы тамызылады. Сонда препарат пен объектив арасында бос жер болмайды препарат шынысы самырсын майы-объектив шынысы болып біртұтас көру жүйесін түзеді. Осының арқасында барлық сәуле сынбай және бағытын бөгде жаққа өзгетпей объективке бірден бағытталады да ұсақ объектілердің көрінуін анағұрлым жақсартады.

Объективтер тубустың төменгі бөлігі, яғни револьверге бұралады. Микроскоптың жалпы үлкейткіштігін білу үшін объективтің және окулярдың өздеріне жазылып қойылған жеке үлкейткіштеріне көбейтеді.

Окуляр екі көздік (жоғарға жағы) және жинаушы (төменгі жағы) линзалардан тұрады. Окулярды негізгі міндеті объектив жіберген кескінді үлкейту. 5,7,10,12,15 және 20 есе үлкейтетін окуляр болады. Мысалы, алынған объектив көрсеткіші *8, ал окулярдікі *7 жазылған делік, сонда микроскоптың үлкейткіштігі 56 есе болғаны, ал объектив көрсеткіші *90, окулярдікі *20 болса онда үлкейту -1800 есе деген сөз.

Осымен қатар микроскоптың жарық бергіш бөлек құралы бар. Ондағы жасанды сәулені микроскопқа жіберуге болмайды және жарық бергіш тәуліктің барлық уақытындаешбір жағдайға тәуелсіз жұмыс жасап беруге мүмкіндік туғызады. Әдетте ОИ 19 жарық бергішті қолданады. Оның шамы өте төмен вольтті (8 в, 20 вт). Оның корпусындағы шамның алдына иристі диафрагмасы бар екі линзалы конденсатор және жарық сүзгішінің қоятын ұяшығы орналасқан. Жарық бергіші микроскоптың алдына айнаға қаратып қояды. Шам жарығының күшін бәсеңдету мақсатыда оған сәуле сүзгішінін орнатады.

Жоғарыда объектив күші көбейгенде, мысалы *90 болғанда иммерсиялы жүйе қолданылады деп айтып кеттік. Бұл жұмысты атқару үшін мыналарды орындаған шарт. Алдымен микроскоптың кішкене үлкейткішін (объективті *8) жарыққа бағыттайды да препараттағы қаралатын аймақты белгілеп алады. Содан соң таңдап алынған орынға самырсын майын тамызады да револьверді айналдыра отырып *90 объективінің линзасын ептеп тигізеді. Объектіні анықтап көру үшін микровинтті жайлап әрлі-берлі бұрау арқылы объективті қозғалтып көреді. Микробтарды қарап болғанан соң тубусты жоғары көтеріп препаратты алады. Тубусты окулярсыз қалдыруға болмайды, өйткені оған шаң-тозаң жиналып қалады. Жұмыс аяқталғаннан соң микроскопты таза орамалмен сүртіп, қорабына салып қояды. Бұнымен қатар микроскоптың және микробтарды қараудың бірнеше түрлері бар.