- •3. Курс бойынша практикалық сабақтар кешені
- •3.1. Топырақ организмдерінің негізгі топтары
- •Топырақ үлгісін таңдау және оны микробиологиялық анализге дайындау
- •3.2. Топырақ микроорганизмдерін микроскопиялық зерттеу әдістері
- •Микроорганизм препараттарын дайындау үшін шыныға қатыру мен бояу әдістерінің негіздері
- •Тірі микроорганизмдерден препараттар дайындау әдістері
- •«Аспа тамшы» әдісімен препарат дайындау
- •3.3. Топырақ микроорганизмдерін зерттеудің экологиялық әдістері
- •Н.Г.Холодном әдісімен топырақтағы микроорганизмдердің әйнекте қаптап өсуін бақылау
- •3.4. Топырақ микроорганизмдерінің жекелеген топтарын зерттеу
- •3.5. Микроорганизм дақылдарын өсіретін орталар
- •3.6. Лабораториялық ыдыстар мен орталарды зарарсыздандыру әдістері
- •3.7. Топырақ микроорганизмдерін өсіру жағдайлары
- •Тығыз қоректік орталарға себудің техникасы
- •Төменгі сатыдағы өсімдіктердің жалпы сипаттамасы
- •Актиномицеттердің топырақта таралуы және ерекшеліктері
- •Ашытқылар
- •Топырақ балдырлары
- •Диатомды балдырлар - Bacillariophyta.
- •Сары-жасыл балдырлар - Xanthophyta
- •Балдырлар культурасын жасау
- •Топырақ организмдері және олардың топырақ құрылымына, құнарлығына әсері
- •3.9.Топырақта тіршілік ететін қарапайымдылар. Құрттар мен маллюскаларды анықтау әдісі
- •Топырақ микрооргганизмінің әртүрлілігін және сулы топырақ фаунасын зерттеу
- •Құраттар – Vermes
- •Маллюскалар
- •Сапрофиттер
- •3.10.Топырақтағы заттар айналымына топырақ микроорганизмдерінің қатысы
- •Микроорганизмдер көмегімен көміртек қосылыстарының өзгеріске ұшырауы
- •3.11.Топырақ микроорганизмдердің тіршілік қызметінің ерекшеліктері
- •Микроорганизмдердегі зат алмасу
- •Топырақтың со2 бөлу жылдамдығын анықтау
- •Микроорганизмдердің қоректену түрлері және типтері
- •Микроорганизмдердегі тыныс алу және ашу
- •Топырақтың полифенолоксидаза белсенділігін анықтау
- •3.12.Топырақтағы микроорганизмдердің физиологиялық топтары
- •Азотты заттардың микроорганизмдер көмегімен өзгеріске ұшырауы
- •Аэробты аммонификаторлардың жиналуын және белоктың ыдырау өнімдерін анықтау
- •Нитрификация
- •Денитрификация
- •Талдау сұрақтары:
- •Негізгі терминдер және олардың мәні
- •3.13.Топырақ микроорганизмінің атмосфера азотын сіңіруі (тұтуы)
- •Топырақта аэробты азотобактерді табу әдісі
- •Анаэробты спора түзуші бактерияларды анықтау
- •Симбиозды түрде тіршілік ететін азот сіңіруші түйнек бактериялары (Rhizobium)
- •Симбиозды түрде тіршілік ететін азот тұтушы бактерияларды анықтау
- •3.14.Топырақ түзілуіндегі бтологиялық процестер
- •Топырақтың биологиялық белсенділігі – топырақ құнарлығы тестерінің бірі
- •Топырақтың нитрификациялану активтігін анықтау
- •Қарашіріктің түзілуі және ыдырауы
- •Суда ерігіш қарашірікті анықтау/Кубель-Тиман әдісі/
- •Ризосфералық және тамыр айналасындағы микроорганизмдерді е.З.Теппер әдісімен зерттеу
- •Тыңайтқыштар мен ылғалдың топырақтағы микробиологиялық процестерге әсері
- •Топырақ – қоректік орта
- •Талдау сұрақтары:
- •Негізгі терминдер және олардың мәні
- •3.15.Топырақ биологиясының экологиялық және қолданбалы аспектілері
- •3.1. Топырақ организмдерінің негізгі топтары
- •3.2. Топырақ микроорганизмдерін микроскопиялық зерттеу әдістері
- •3.7. Топырақ микроорганизмдерін өсіру жағдайлары
- •3.8.Төменгі сатыдағы өсімдіктердің жалпы сипаттамасы
- •3.9.Топырақта тіршілік ететін қарапайымдылар. Құрттар мен маллюскаларды анықтау әдісі
- •3.11.Топырақ микроорганизмдердің тіршілік қызметінің ерекшеліктері
Микроорганизм препараттарын дайындау үшін шыныға қатыру мен бояу әдістерінің негіздері
Мақсаты: Препараттарды дайындау үшін шыныға микроорганизмдерді қатыру мен бояу әдістерін меңгеру.
Құрал-жабдықтар мен материалдар: зат шынысы, қабынды шыны, қысқыш, бактериялық ілмешек, самырсын майы, фуксин, пипетка, спирт шамы, микроскоп.
Жұмыс барысы: препаратты дайындау үшін алдымен зат шынысын жақсылап тазартамыз. Су құбырынан алынған суды зарарсыздандырып, қатты қоректік ортада зрттеуге өсірілген дақылдан бактериологиялық ілмешекпен кішкене алып сумен қосамыз. Бактериялды қоймалжың қоспаны шыны бетінің 4см2 ауданына жайлап еппен жағамыз. Жағылған қоймалжың қоспаны кептіріп, содан соң препаратқа микробты қатырамыз. Қатыру мақсаты- микробтарды өлтіру, оларды шыныға мықтап жабыстырып, бояуды жақсы алатындай етіп дайындау, себебі тірі клеткалардан гөрі өлі клеткалар бояуды жақсы ұстайды. Препарат жағылған зат шынысын жалынға 3-4 рет ұстаймыз. Қыздырудың жеткілікті болғанын шыныдан қолға берілген қызу арқылы білеміз. Егер қол күйе бастаса, онда қыздыруды тоқтатамыз, яғни препарат толық дайын болғаны. Препаратты суытып фуксин қосылған су ерітіндісімен бояймыз. Бояу шыны бетіне түгел жағылуы керек. 2-3 мин. Өткен соң су астында жуамыз, сонда зерттеуге дайындаған шыныға қатырған бактериалды клеткаларда бояулар қалады. Осыдан соң препаратты сүзгі қағазбен сорғызып, жалынға ұстап кептіреміз де үстіне иммерсиялық май жағамыз. Жақсы көріну үшін иммерсиялық объектив пен препарат арасына (кедр) самырсын майын тамызу қажет, сонда препарат пен объектив арасында бос жер қалмайды. Микроскоп үстеліне препаратты қойып иммерциялық объективті шыныға жақындатып тигенше түсіреміз. Бұдан соң окуляр арқылы қарай отырып препараттағы объект жақсы көрінгенше микроскоп тубусын жоғары көтереміз. Зерттелетін затты анық көру үшін микровинтті бұраймыз.
Тірі микроорганизмдерден препараттар дайындау әдістері
Мақсаты: «Жаншылған тамшы» және «Аспа тамшы» әдісімен препараттар дайындауды үйрену.
Құрал-жабдықтар мен материалдар: зат шынысы, ойықшасы бар зат шынысы, жабынды шыны, иммерсиялық май, вазелин, сүзгі қағаз, бактериалды ілмек, ине, 0,5%NaCl ерітіндісі, 0,001-0,0001%метил көгі немесе фуксин ерітіндісі. Микроскоп.
«Жаншылған тамшы» әдісімен препарат дайындау
Таза зат шынысынна су құбырынан немесе физиологиялық ерітіндіден (0,5% NaCl) кішкене тамшы тамызамыз. Қасына зерттелетін материалдан (микроб культурасы) бактериалды ілмешекпен кішкене алып, су тамшысына қосамыз. Осыдан соң бактериалды ілмешекті шам жалынына қыздырып, зат шынысындағы тамшы мен зерттелетін материалды штрих етіп жайлап жағып, үстіне жабынды шыныны жабамыз.
Ортада сұйық қалмайтындый тығыз жабылуы қажет. Егер сұйық қалып жатса жабынды әйнек қатты қысып (еппен) сүзгі қағазбен шеттерін сүртіп алады. Осы дайындаған препаратты алып микросокптан қараймыз, егер үлкейтіп көрсету қажет болса иммерсиялы объективті пайдаланамыз. Бұл үшін жабынды шыны үстіне бір тамшы иммерсиялы май тамызып (қалыңдығы 0,1 мм-ден аспау керек) бактерия клеткаларын санаймыз. Объективтен жақсы көріну үшін препаратқа 1 тамшы метилен көгін немесе фуксиннің 0,001-0,0001% ерітіндісін тамызамыз. Мұнда, бактериалар бояу түсіне сай көк немесе қызыл түске боялады.
