Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алтынай апай.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
24.12 Mб
Скачать

Топырақтың нитрификациялану активтігін анықтау

Саңылауы 2мм болатын елек арқылы еленген топырақ үлгісінен 100г өлшеп алып, оны сыйымдылығы 250 мл зарарсыздандырылған эрленмейер колбасына салады. Топырақты оның ылғал сыйымдылығының 65% етіп ылғалдайды да, 0,1г ((NH4)2SO4 0,2 г СаСО2 қосып араластырады, мақтамен тығындайды, өлшейді содан соң температурасы 27-280С термостатқа қояды. Бақылау вариантында күкірт қышқыл аммоний қосылмайды. Топырақ ылғалдылығы тәжірибе барысында өзгермей бірқалыпты болуы тиіс. Бұл үшін жеті күн сайын колбаларды өлшейді және зарарсыздандырылған дистилденген су құйып, бастапқы деңгейге жеткізіп отырады. Тәжірибе аяқталғаннан соң тәжірибе және бақылау вариантынан нитраттар мөлшерін Грандваль-Ляжу әдісі бойынша анықтайды.

Қарашіріктің түзілуі және ыдырауы

Жыл сайын топыраққа түзетін органикалық заттардың негізгі массасын өлген, қураған өсімдік қалдықтары құрайды.Топырақтың беткі қабатында қоректік элементтерді сақтайды, сосын біртіндеп ыдырап топыраққа сіңеді. Оларды өсімдіктер және микроорганизмдер пайдаланады немесе топырақтың қарашірік затына айналып тұрақталады.

Топырақтағы ораганикалық заттардың қорының 90 пайызын қарашірік алады. Олар әртүрлі табиғи химиялық жоғары молекулалы қосылыстар, негізгісі жоғары (молекулалы) прлимерлі органикалық қышқылдар.

Қара топырақты шалғынды жерде қарашірік 400-ден 700 т-ға, тақырлы жерде -0,6-0,7 т-ға.

Енді осы топырақтағы қарашірік заттарын саңырауқұлақтар, бактериялар ыдырата алатыны зерттелген. Ол туралы екі көзқарас бар:

  1. Топырақта гумусты ғана ыдырататын микроорганизмдер.

  2. Қарашірік заттарын және басқа қосылыстарды да ыдыратуға қатыса беретін микроорганизмдер

С.Н. Вернадский микррофлорадағы микроорганизмдер екіге бөлініп:

Зимогенді және афтохтонды деп қарастырады.

1-топыраққа, түскен өсімдік массасын ыдырататын микроорганизмдер, зимогенді микро-организмдер, 2-топырақтағы қарашірік заттарының ыдырауына қатысатын, өздері сол арқылы өмір сүретін микро-организмдерді- афтохтонды микроорганизмдер деп бөледі. Оны Е.З.Теппер қарашіріктің ыдырауына негізгі қызмет атқаруға қатысатын микроорганизмдерді (аспергилиус, пенисилум, саңырауқұлақтар) «нокардия» деп анықтаған.

Жеңіл гидролизденетін азотты Корифильд әдісімен анықтау

Мақсаты: Топырақтағы жеңіл гидролизденетін азоттың мөлшерін анықтауды студенттерге үйрету болып табылады.

Құрал-жабдықтар мен материалдар: Қандай табақшалары ФЭК-56: спиртовка; парафин; 2г топырақ үлгісі; 2%-ті H3BO3 ерітіндісі; 1н NaOH ерітіндісі; 0,02 H2O4 ерітіндісі; Гроака индикаторы; елеуіш N1.

Жұмыс барысы: Конвей табақшасының сыртқы цилиндрінің N1 елеуіштен өткізілген 2 г құрғақ топырақты саламыз. Ал ішкі цилиндрге 2мл 2 %-тіH3BO3 ерітіндісін құямыз.

Осы кезде, табақшадағы топырақ үлгісі жоғарыда болуы үшін, оның астында бір зат қойып, конвей табақшасын қиғаштай ораналастырамыз.

Өйткені, сыртқы цилиндрге құйылатын 5 мл-1л NaOH ерітіндісі топыраққа тимеуі керек. Аталған ерітінді құйылған соң табақша шынылы қақпақпен /парафин арқылы/ жабылуы тиіс. Осыдан кейін топырақты сілті ерітіндісімен 1 минуттай араластырамыз.

Табақшаларды 24 сағатқа 30˚ С температурада термостатқа қоямыз. Осы кезде топырақтан бөлінген аммияк H3BO3 ерітіндісімен сіңіріледі.

Инкубация өткеннен кейін, шыны қақпақты ашып, H3BO3ерітіндісіне

2 тамшы Гроака индикаторын тамызамыз. Осы ерітіндіні 0,02 H2O4 ерітіндісімен, сия көк түс болуға дейін титрлейміз.

Азоттың мөлшері төмендегі формуламен анықталады.

Nжу= титр H2O4 х 140 / мг N/ кг топырақта/