- •1.Экология ғылымындағы «биоценоз», «биогеоцено», «экожүйе» ұғымдарының арақатынасын түсіндір.
- •2.Жер биосферасына ғаламшарлық деңгейдегі экожүйеретінде сипаттама беріңіз
- •3.Биосферадағыорганизмдердіңтүрәралуандылығын, ондағысистематикалықжәнефункционалдықтоптардыңарақатынасынсипаттаңыз
- •7. Экологиялық мониторинг ұғымына анықтама беріңіз, мониторинг түрлерін қысқаша сипаттаңыз.
- •Ластаушы көздер мониторингі
- •Аймақтық мониторинг
- •8. Экожүйелердің орнықтылығы мен биологиялық әралуандылығы арасындағы байланыстылықты мысалдар арқылы түсіндіріңіз.
- •9 Мемлекет деңгейінде және жекелеген аймақтарда флора мен фауна өкілдерін түгендеудің (инвентаризация жүргізудің) биологиялыұ әралуандылықты сақтау үшін маңыздылығын түсіндіріңіз.
- •10. Мемлекеттік карантин қызметінің Қазақстандағы биологиялық әралуандылықты сақтап қалуға қосатын үлесін бағалаңыз.
- •11. Экожүйелердің күйін бағалаудың тікелей және жанама әдістеріне мысалдар келтіріңіз
- •12. Эталондық экожүйелер туралы түсінік, эталондық экожүйелердің мониторингтік зерттеулер жүргізудегі маңызын сипаттаңыз
- •13. Сулы–батпақты алқаптарды мекендейтін құстарды қоррғауға бағытталған маңызды құжат Рамсар конвенциясының негізгі қағидаттарын тұжырымдаңыз
- •Қорғалатын сулы-батпақты жерлер жүйесін құру.
- •14. Халықаралық маңызы бар экожүйе есептелетін Алакөл–Сасықкөл көлдер жүйесіне сипаттама беріңіз
- •20 Жойылып кету қауіпі төнген түрлерді in-situ және ex-situ сақтап қалу туралы түсінік, бүл әдістердің қолданылу әдістері
- •24. Таукен өнеркәсібінің қоршаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әсерін мысалдар арқылы сипаттаңыз
- •25. Мұнай және газ өнеркәсібінің қоршаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әсерін мысалдар арқылы көрсетіңіз
- •26. Жайылымдық мал шаруашылығының қоршаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әсерін мысалдар арқылы сипаттаңыз
- •27. Егін шаруашылығының қоршаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әссерін мысалдар арқылы сипаттаныз
- •28. Рекреация және туризм салаларының қошаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әссерін бағалаңыз
- •30. Биологиялық әралуандылық туралы конвенцияға сәйкес, биологиялық ресурстарды сақтау және орнықты пайдаланудың қағидаттары.
- •31. Ғаламдық экологиялық проблемалар және олардың Қазақстан экожүйелерінде көрініс табуы, мысалдар.
- •32. Өсімдіктер және жануарлар дүниесінің мемлекеттік кадастрын құрудың экологиялық маңызын, кадастр құру прициптерін қысқаша түсіндіріңіз.
- •34. Биологиялық әралуандылық туралы Конвенцияға сәйкес «биологиялық әралуандылық» ұғымын түсіндіріп өтіңіз
- •35. Биологиялық әралуандылықты сақтап қалудағы халықаралық ынтымақтастық принциптеріне сәйкес, Қазақстанның халықаралық деңгейдегі міндеттемелерін баяндаңыз
- •36.Биологиялық әралуандылықты сақтап қалу мақсатында «Ғаламдық экологиялық қордың шағын гранттары бағдарламасы» бойынша Қазақстанда атқарылған жобаларға баға беріңіз
- •37.Қазақстанның шөлді аймақтарының биологиялық әралуандылығына қатер төндіретін факторларға талдау жасаңыз
- •38. Қазақстанның таулы аймақтарының биологиялық әралуандылығына қатер төндіретін факторларды талдаңыз
- •39. «Халықаралық қызыл кітаптың» мақсатын және құрылу принципін қысқаша баяндаңыз
- •40. Кәсіби және әуесқойлық (спорттық) аңшылықтың қоршаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әсерін бағалаңыз
- •41 Кәсіби және әуесқойлық (спорттық) аңшылықтың қоршаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әсерін бағалаңыз
- •43. Табиғи және антропогендік экожүйелер: олардың арасындағы ұқсастықтар және айырмашылықтарын көрсететін кесте құрастырыңыз
- •44. Еуразияның неғұлым ірі құрлықтық биомдарына сипаттама беріңіз
- •45. Мемлекеттік табиғи қорықтар міндеттерін тұжырымдаңыз, биологиялық әралуандылықты сақтаудағы ролін сипаттаңыз
- •46. Мемлекеттік табиғи қорықшалардың (заказниктердің) міндеттерін тұжырымдаңыз, биологиялық әралуандылықты сақтаудағы ролін сипаттаңыз.
- •48 Биосфералық резерваттардың құрылымдық ерекшеліктерін түсіндіріңіз, міндеттерін тұжырымдаңыз, биологиялық әралуандылықты сақтаудағы ролін сипаттаңыз
- •49 Хайуанат бақтары мен ботаникалық бақтардың биологиялық әралуандылықты сақтауға қосатын үлесін сипатаңыз
- •50 Ех situ жағдайларда өсірілген жануарларды табиғи ортаға қайтарудағы қиыншылықтарды нақты мысалдар арқылы түсіндіріңіз
- •51.«Қазақстанның қызыл
- •52. Табиғи экожүйелер антропогендік экожүйелерге қарағанда орнықты болып есептеледі, осындай көзқарасты жақтайтын дәлелдер келтіріңіз
- •53. Әлемдегі неғұрлым ірі экожүйелердегі адамның іс-әрекеті нәтижесінде болған өзгерістерді сипаттайтын кесте құрастырыңыз
- •54. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде бүлінген экожүйелерді қалпына келтіруге қатысты проблемаларға шолу жасчаңыз.
- •56.Құрлықтықэкожүйелердегіфункционалдықтоптардың (продуценттер, консументтер, редуценттер) арасалмағынсипаттайтындиаграммаларқұрастырыңыз
- •57.Сулық экожүйелердегі функционалдық топтардың (продуценттер, консументтер, редуценттер) арасалмағын сипаттайтын диаграммалар құрастырыңыз
- •59. Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын табиғи териториялардың категорияларын сипаттайтын кесте құрастырыңыз
- •60. Арал теңізі аймағының экологиялық проблемалары, аймақ проблемаларын шешуге қатысты жобаларға талдау жасаңыз
52. Табиғи экожүйелер антропогендік экожүйелерге қарағанда орнықты болып есептеледі, осындай көзқарасты жақтайтын дәлелдер келтіріңіз
Экологиялық жүйе, экожүйе – тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі. Экожүйеқұрамына организмдер де, табиғи орта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады. Экологияда «биогеоценоз» ұғымымен бірге «экожүйе» ұғымы қолданылады. «Экожүйе» ұғымын ағылшын ботанигі А.Д.Тенсли ұсынды. А.Д.Тенсли экожүйе құрамына организмдер де, абиотикалық орта да кіретін жер бетіндегі тірі табиғаттың негізгі функциялық бірлігі деп есептеп, оның әр бөлігінің екіншісіне әсер ететініне назар аударды. Әдетте «экожүйе» және «биогеоценоз» ұғымдарын синоним ретінде қарастырады. Алайда бұл бір-біріне дәл сәйкес келмейді. Экожүйеде әртүрлі дәрежедегі зат алмасу процесі жүретін жүйе болса, биогеоценоз - белгілі бір өсімдіктер жамылғысы (фитоценоз) алып жатқан территориялық ұғым. Экожүйе - мөлшері әртүрлі табиғи (мұхит, тундра, орман, құмырсқа илеуі және т.б.) және жасанды (аквариум, ферма территориясы, қала) кешендерге қатысты қолданылатын кең ұғым. Экожүйе, экологияның ең негізгі обьектісі - тірі организмдер жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі.
Ю.Одум (1986 ж) табиғи экожүйелердің үш түрін бөледі: жер беті (тундра, тайга, дала, шөл т.б.), тұщы су (көлдер, өзендер, батпақтар) және теңіз (ашық мүхит, өзен құйылыстары) экожүйелері. Бұл классификацияның негізінде өзіне тән белгілері, мысалы, жер беті экожүйесі үшін - өсімдіктер жамылғысы, тұщы су экожүйелері үшін - судың физикалық қасиеті жатыр. a Юджин Одум (1913—2000). В. Н. Сукачёв (1880—1967).
Ал антропогендік экожүйе д-з адамның мақсат-міндетіне сәйкес табиғи ортаның өзгеруі немесе қолдан жасалып шығуы. Адам жасанда экожүйені сәндік-мәдени мақсатта немесе белгілі бір түрлер санын сақтауға салуы мүмкін. Бірақ қалай дегенмен де, табиғат заңдарына адам ешқашан қайшы келе алмайды. Сондықтан қанша тырысып бақса да, қолдан жасалған ортаны уақытылы күтіп баптамаса тез жойылып кетеді. Ал табиғи жүйе табиғат заңдарымен өсіп өніп бейімделгендіктен ұзақ сақталады.
53. Әлемдегі неғұрлым ірі экожүйелердегі адамның іс-әрекеті нәтижесінде болған өзгерістерді сипаттайтын кесте құрастырыңыз
Соңғы ондаған жылдар ішінде табиғат ресурстарын пайдаланудың артуына байланысты адамзаттың табиғатқа тигізетін әсері өте күшейді. Адамзат өндірістік қызмет процесіне барған сайын табиғатты елеулі өзгерістерге ұшыратушы, табиғаттағы геологиялық жүйенін зат алмасуының тепе-теңдік құрылымын бұзушы қуатты фактор ретінде көрінеді.
Ғылыми-техникалық революция экологиялық ортаның ластануына қарсы күрестің міндеттерін қиындатып жіберді. Ластану дегеніміз ауаның, жер мен судың біз қаламайтын қолайсыз өзгерістерге ұшырауы, ол қазір немесе болашақта өсімдіктердің, жануарлардың, адамның өміріне, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы өндіріс процестеріне, табиғат ресурстарының жай-күйіне қолайсыз ықпалын тигізуі мүмкін.
Өзінің тегі мен қасиеттеріне қарай барша антропогендік ластағыштар сан түрлі болып келеді. Өнеркәсіп қалдықтары соның ішіндегі анағұрлым кең тарағандары.
Табиғи ресурстарды пайдалану көлемінің үнемі артуы табиғи ортаның өндіріс қалдықтарымен ластану проблемасын шиеленістіре түседі. Мысалы, өнеркәсіптік-тұрмыстық ағындар арқылы ластанған судын, көлемі, қазірдің өзінде өзен суының 16%.
Суармалы егіншілікті өркендету жедел көбейіп келе жатқан адамзатты азық-түлікпен қамтамасыз етудің қажетті жағдайларының бірі болып табылады. Сондықтан да суармалы жерлердің аумағы барған сайын жедел қарқынмен өсіп келеді. Қең көлемдегі суармалы егіншілікті, су қоймаларын жасау, ылғалы мол аудандардан кұрғақшылық аудандарға су жеткізу — осылардың барлығы да региондық, сондай-ақ орасан зор көлемде табиғи процестердің барысында елеулі өзгерістер енгізу арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, үнемі жылы климат жағдайларында жер суару адам мен малдың бірқатар ауруларға шалдығуына қолайлы жағдай туғызады. Су қоймаларының каналдар мен арықтардың жылып кеткен, баяу ағатын суларына безгек таратқыш сансыз маса қоныстанады.
Ерте кезде безгек ауруы суармалы егіншіліктің тұрақты жол серігі болып келді. Археологтар мен тарихшылар Жетісу мен Оңтүстік Шығыс Азияда (цивилизацияның) өркендеп дамудың әлденеше рет жойылып кетуі елеулі дәрежеде безгек эпидемиясына байланысты болды деп есептейді.
Үй малдарының эктопаразиті — масалардың көбеюі де ылғалы мол су қоймаларына байланысты.
Су арқылы улы химикаттар аса үлкен аймақтарға тарайды. Егінді, әсіресе күріш пен мақтаны суарған су өзенді ластап қана қоймайды, сонымен бірге көлдерді де былғайды. Судың улы химикаттармен ластануының бірнеше жолдары бар. Олар қар және жаңбыр суымен де ластанады. Судағы пестицидтер балықтарға үлкен зиян келтіреді. Жыл сайын өзендерге уланған су қосылып отырады. Олардың ішінде жанармай қалдықтары, улы қосылыс — фенолдар, тұздар, қышқылдар бар. Мысалы, АҚШ-тың оңтүстігінде 1950 жылдары химиялық улы препараттарды жиі пайдаланған. Мақташылар қоңызбен күресу үшін ең күшті улы препараттарды колданған. Мақтаға шашылған у суарылған сумен қосылып кішкене бұлақтарға құйылған, олар жинала-жинала өзен сияқты ағып көлдерге, теңіздерге кұйылған. Нәтижесінде өзен-көлдердің балықтарына зиянын тигізген.
