- •1.Экология ғылымындағы «биоценоз», «биогеоцено», «экожүйе» ұғымдарының арақатынасын түсіндір.
- •2.Жер биосферасына ғаламшарлық деңгейдегі экожүйеретінде сипаттама беріңіз
- •3.Биосферадағыорганизмдердіңтүрәралуандылығын, ондағысистематикалықжәнефункционалдықтоптардыңарақатынасынсипаттаңыз
- •7. Экологиялық мониторинг ұғымына анықтама беріңіз, мониторинг түрлерін қысқаша сипаттаңыз.
- •Ластаушы көздер мониторингі
- •Аймақтық мониторинг
- •8. Экожүйелердің орнықтылығы мен биологиялық әралуандылығы арасындағы байланыстылықты мысалдар арқылы түсіндіріңіз.
- •9 Мемлекет деңгейінде және жекелеген аймақтарда флора мен фауна өкілдерін түгендеудің (инвентаризация жүргізудің) биологиялыұ әралуандылықты сақтау үшін маңыздылығын түсіндіріңіз.
- •10. Мемлекеттік карантин қызметінің Қазақстандағы биологиялық әралуандылықты сақтап қалуға қосатын үлесін бағалаңыз.
- •11. Экожүйелердің күйін бағалаудың тікелей және жанама әдістеріне мысалдар келтіріңіз
- •12. Эталондық экожүйелер туралы түсінік, эталондық экожүйелердің мониторингтік зерттеулер жүргізудегі маңызын сипаттаңыз
- •13. Сулы–батпақты алқаптарды мекендейтін құстарды қоррғауға бағытталған маңызды құжат Рамсар конвенциясының негізгі қағидаттарын тұжырымдаңыз
- •Қорғалатын сулы-батпақты жерлер жүйесін құру.
- •14. Халықаралық маңызы бар экожүйе есептелетін Алакөл–Сасықкөл көлдер жүйесіне сипаттама беріңіз
- •20 Жойылып кету қауіпі төнген түрлерді in-situ және ex-situ сақтап қалу туралы түсінік, бүл әдістердің қолданылу әдістері
- •24. Таукен өнеркәсібінің қоршаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әсерін мысалдар арқылы сипаттаңыз
- •25. Мұнай және газ өнеркәсібінің қоршаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әсерін мысалдар арқылы көрсетіңіз
- •26. Жайылымдық мал шаруашылығының қоршаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әсерін мысалдар арқылы сипаттаңыз
- •27. Егін шаруашылығының қоршаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әссерін мысалдар арқылы сипаттаныз
- •28. Рекреация және туризм салаларының қошаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әссерін бағалаңыз
- •30. Биологиялық әралуандылық туралы конвенцияға сәйкес, биологиялық ресурстарды сақтау және орнықты пайдаланудың қағидаттары.
- •31. Ғаламдық экологиялық проблемалар және олардың Қазақстан экожүйелерінде көрініс табуы, мысалдар.
- •32. Өсімдіктер және жануарлар дүниесінің мемлекеттік кадастрын құрудың экологиялық маңызын, кадастр құру прициптерін қысқаша түсіндіріңіз.
- •34. Биологиялық әралуандылық туралы Конвенцияға сәйкес «биологиялық әралуандылық» ұғымын түсіндіріп өтіңіз
- •35. Биологиялық әралуандылықты сақтап қалудағы халықаралық ынтымақтастық принциптеріне сәйкес, Қазақстанның халықаралық деңгейдегі міндеттемелерін баяндаңыз
- •36.Биологиялық әралуандылықты сақтап қалу мақсатында «Ғаламдық экологиялық қордың шағын гранттары бағдарламасы» бойынша Қазақстанда атқарылған жобаларға баға беріңіз
- •37.Қазақстанның шөлді аймақтарының биологиялық әралуандылығына қатер төндіретін факторларға талдау жасаңыз
- •38. Қазақстанның таулы аймақтарының биологиялық әралуандылығына қатер төндіретін факторларды талдаңыз
- •39. «Халықаралық қызыл кітаптың» мақсатын және құрылу принципін қысқаша баяндаңыз
- •40. Кәсіби және әуесқойлық (спорттық) аңшылықтың қоршаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әсерін бағалаңыз
- •41 Кәсіби және әуесқойлық (спорттық) аңшылықтың қоршаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әсерін бағалаңыз
- •43. Табиғи және антропогендік экожүйелер: олардың арасындағы ұқсастықтар және айырмашылықтарын көрсететін кесте құрастырыңыз
- •44. Еуразияның неғұлым ірі құрлықтық биомдарына сипаттама беріңіз
- •45. Мемлекеттік табиғи қорықтар міндеттерін тұжырымдаңыз, биологиялық әралуандылықты сақтаудағы ролін сипаттаңыз
- •46. Мемлекеттік табиғи қорықшалардың (заказниктердің) міндеттерін тұжырымдаңыз, биологиялық әралуандылықты сақтаудағы ролін сипаттаңыз.
- •48 Биосфералық резерваттардың құрылымдық ерекшеліктерін түсіндіріңіз, міндеттерін тұжырымдаңыз, биологиялық әралуандылықты сақтаудағы ролін сипаттаңыз
- •49 Хайуанат бақтары мен ботаникалық бақтардың биологиялық әралуандылықты сақтауға қосатын үлесін сипатаңыз
- •50 Ех situ жағдайларда өсірілген жануарларды табиғи ортаға қайтарудағы қиыншылықтарды нақты мысалдар арқылы түсіндіріңіз
- •51.«Қазақстанның қызыл
- •52. Табиғи экожүйелер антропогендік экожүйелерге қарағанда орнықты болып есептеледі, осындай көзқарасты жақтайтын дәлелдер келтіріңіз
- •53. Әлемдегі неғұрлым ірі экожүйелердегі адамның іс-әрекеті нәтижесінде болған өзгерістерді сипаттайтын кесте құрастырыңыз
- •54. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде бүлінген экожүйелерді қалпына келтіруге қатысты проблемаларға шолу жасчаңыз.
- •56.Құрлықтықэкожүйелердегіфункционалдықтоптардың (продуценттер, консументтер, редуценттер) арасалмағынсипаттайтындиаграммаларқұрастырыңыз
- •57.Сулық экожүйелердегі функционалдық топтардың (продуценттер, консументтер, редуценттер) арасалмағын сипаттайтын диаграммалар құрастырыңыз
- •59. Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын табиғи териториялардың категорияларын сипаттайтын кесте құрастырыңыз
- •60. Арал теңізі аймағының экологиялық проблемалары, аймақ проблемаларын шешуге қатысты жобаларға талдау жасаңыз
37.Қазақстанның шөлді аймақтарының биологиялық әралуандылығына қатер төндіретін факторларға талдау жасаңыз
Шөлейт зонасы Каспий маңы ойпатынан Алтайға дейін 2900 км-ге созылған, жалпы көлемі 44 млн га немесе республиканың 16,5 пайызын алып жатыр. .Негізінен Каспий маңы ойпатының солтүстігінде, Орал алды үстіртінің, Торғай төрткүлді жазығының және Сарыарқанаң оңтүстігінде Батыс Қазақстан , Ақтөбе, Торғай, Қостанай, Жезқазған, Қарағанды, Семей облыстарының территориясында тараған. Жергілікті өзен торы нашар дамыған. Ландшафтарының биоқұрамдас бөліктері қуаңшылыққа төзімді болады.
Шөл экожүйелері Қазақстандағы жазықты аймақтардың оңтүстігіндегі Каспий маңы ойпатында , Маңғыстауды, Үстіртте, Арал маңында, Қызылқұмда , Мойынқұмда, Бетпақдалада, Балқаш маңында тараған. Жалпы көлемі 117 млн га немесе республика территориясының 44 пайызын алып жатыр.Шөл ландшафтарында климат құрғақ континентті болып келеді. Қазақстан жерін құм басуда көңіл бөлуге тұрарлық мәселе. Бір жерге ондаған жылдар бойы мал жайылып, бар шөпті жеп, қалғанын таптап, жайылымдар тозды. Демалыс болмағандықтан олар өздігінен қалпына келе алмай, өсімдіктер азайып топырақ құмға айналып барады. Әсіресе , негізгі мал өрісі болып табылатын Нарын, Қызылқұм, Қарақұм, Үстірт, Сарыарқа жайылымдарының қалі өте ауыр. Жер қорымыздың көлемі өте үлкен болғанымен оның сапасы соңғы жылдары күрт нашарлап отыр. Жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан топырақ деградацияға ұшырап, құнарсыздану, шөлге айналу процестері күшейе түсуде. Республикамыздың жерінің 180 млн га немесе 60 проценті шөлге айналған. Барлық жердің 235 млн га жазық жерлер, 185 млн га жайылым және 34млн га таулы аймақтар алып жатыр. Жоғарыда аталған 235 млн га құнарла жердің 180 млн га жері жарамсыз жерлерге ұшырап, оның 30 млн га топырақ эрозиясы, 60 млн га тұздану, 10 млн га химиялық және радиоактивті заттармен ластанған.
Шөлдік ландшафтарды қорықтар, табиғат қаумалдары , табиғат ескерткіштері түрінде сақтап қалуға тырысқан дұрыс. Шөлденуді болдырмау үшін бұл процеске әсер ететін әлеуметтік- экономикалық факторларын сараптап және ескеру маңызды. Жергілікті табиғат жағдайларын ескере отырып табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды жоспарлау қажет. Қазақстан шөлдері табиғатын өзгертуге мелиорацияның мына түрлерінің маңызы зор: жерді суару мен құрғату; жайылымдарды суландыру және жайылымдарды ауыстыру, сортанданған топырақты сумен шаю, топырақ эрозиясын сусымалы топырақты бекіту арқылы алдын алу, топырақты қорғауға бағытталған егіншілік пен орман отырғызу.
38. Қазақстанның таулы аймақтарының биологиялық әралуандылығына қатер төндіретін факторларды талдаңыз
Биік таулы өлкелерге - Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысындағы Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) Алатауы және Тянь-Шань тау жүйелері жатады. Бұл таулардың барлығы палеозой қатпарлықтарында көтеріліп, мезозой эрасында тегістелген. Жаңа тектоникалық козғалыстар нәтижесінде қайта жаңғырған. Биік таулы өлкенің аласа таулардан айырмасы жер бедерінің биік әрі күшті тілімделгендігімен ерекшеленеді.
Алтай, Алтай тау жүйесі - Азия құлығының орта тұсындағы таулы өлке. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2000 км-ге созылып жатыр. Алтай солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Батыс Сібір ойпатынан Гоби жазығынадейін жан-жаққа таралған. Оңтүстіктегі табиғи шекарасы Қара Ертіс өзені мен Зайсан көлі, ал батыс бөлігіСарыарқадан Қалба жотасы арқылы бөлінеді. Солтүстік-шығыста Шығыс Алтайдың Шапшалы жотасы Батыс Саянмен жалғасады.
Алтайдың климаты тым континентті. Қысы суық әрі ұзақ. Қаңтар айының орташа температурасы тауаралық ойыстарда 27—30°С, тау етектері мен жазық жерлерінде - 13-16°С. Жауын-шашын, көбінесе, көктем мен күз айларында жауады. Өзен бойы мен тауаралық ойыстарды қуалай соғатын тұрақты жел жазда сирек байқалады. Қыста батыстан суық әрі қарлы-боранды "құбыла желі", оңтүстіктен жылы Алтай желі" соғады. Ауа райы Алтайда "құбыла желінен" кейін ашық, аязды болып келсе, "Алтай желінен" кейін онда бұлтты әрі жылы болып, қар жауады.
Сауыр жотасы - аталған тау жүйесінің биік бөлігі. Оның ең биік нүктесі - Мұзтау (3816 м). Жотаның Қазақстан жеріндегі ұзындығы 60-65 км. Батысқа қарай ол аласарып, Маңырақжотасына ұласады. Жайсанның ойпатты даласында Сауыр мен Маңырақ биік көрініп, алыстан көзге түседі. Сауырдың солтүстік беткейі өзінің құрылымы жағынан Алтайды еске түсіреді. Оңтүстік беткейі құз жартасты, Орта Азия тауларына ұқсайды. Мұндағы мәңгі қар жататын белдеу 3300 м биіктікте. Мұзтауда мұздықтар (ең үлкені 4 - 5 км2) бар. Қазақстан жеріне Сауырдың тек батыс бөлігінің солтүстік беткейі кіреді.
Сауыр-Тарбағатай - қатпарланған таулы өлке. Оның негізгі құрылымы жоғарғы палеозойда герцин қатпарлануы кезінде қалыптасқан. Ол Альпі тау көтерілу кезінде жаңғырып қайта көтерілген. Бұл ауданның қазіргі жер бедерінің қалыптасуына ерте замандардағы мұз басу, ағын сулардың эрозиялық әрекеті және кейінгі тектоникалық процестер әсер еткен. Бұл жерде жер сілкіну әлі де болып тұрады. 1990 жылы Жайсандағы жер сілкіну шаруашылыққа бірсыпыра зиян әкелді. Сауыр тауында Кендірлік көмір кені ашылып жанғыш тақтатастың мол коры табылған. Мұнай қабаттарына барлау жасалды.
Тарбағатай (Барқытбел) Сауырға қарағанда аласа, бірақ одан ұзынырақ, 300 км-ге созылған. Биік нүктесі Тастау (2992 м). Төбелерінде мұздықтар жоқ.
Құрылымы жағынан Тарбағатай әр түрлі биіктікке көтерілген ірі үйінді - массивтер сияқты. Бұл үйінділер үшбұрыштанып, құзды шыңдарға айналады. Тау басы жадағай. Оның әр жерінен асулары арқылы жол өтеді, тау беткейі де тілімделген. Тарбағатай онша биік емес. Оның орташа биіктігі теңіз бетінен 2000-2100 м ғана.
Сауыр-Тарбағатай өңірі климаты жағынан Оңтүстік Алтайға ұқсайды. Климаты континентті. Алтайға қарағанда жауын-шашыны аздау. Табиғи ерекшеліктері мен климаты жағынан олОңтүстік Сібір мен Орта Азия тауларының аралығындағы өтпелі аймақ тәрізді.
Сауыр-Тарбағатай тауларының аймағы табиғи ерекшеліктеріне сәйкес Тарбағатай таулы-далалы ауданы, Сауырдың таулы орманды-шалғынды дала болып бөлінеді. Тарбағатай даласының өсімдіктері бұталы, қарағайлы болып келеді де, таудың солтүстік беткейінде альпі шалғынына ұласады. Оңтүстік беткейде де бұталы өсімдіктер көп. Сайларда жеміс-жидек ағаштары, көк терек, ақ терек шағын ормандар кездеседі. Тарбағатайдың биік шалғыны Алтай тауынан ауысса, алма, түркістан аршасы сияқты түрлер Тянь-Шань аймағынан келген. Оңтүстік беткейдің далалық бөлігінде жусанды өсімдіктер көп, ол жайылым есебінде пайдаланылады. Тау алқабында егістік мол. Таудың батыс беткейінде бақтар бар.
Сауыр тауының етегі 700 м-ге дейін шөлейт зонаға жатады, оның сортаңданған қара қоңыр топырағында шөлейт өсімдіктері өседі. Ормандары Сібір ағаштары мен Тянь-Шаньшыршасынан тұрады. Бұл аймақтың Сібір мен Орта Азия аралығындағы өткінші орын екенін тағы да дәлелдейді. Сауырдың оңтүстігі мен Тарбағатайдың шығыс бөлігі аралығын Шілікті шөлейт даласы алып жатыр. Оның топырағы да сортаңдалған сұр және тасты келеді, өсімдіктері де соған сәйкес селеулі, көделі, жусанды, бетегелі болып өседі. Сауыр тауының етегі егіндікке, шабындыққа, мал жайылымына қолайлы.
Жетісу таулы өлкесі[өңдеу]
Қазақстандағы ірі әрі құрылымы жағынан күрделі тау жүйелерінің бірі. Ол солтүстігінде Балқаш-Алакөл ойысы, оңтүстігінде Іле аңғары аралығында батыстан шығысқа қарай 450 км-ге созылып жатыр. Жетісу Алатауы Сарқанттау мен Бежінтаудың басталар жерінен шығысқа қарай Солтүстік және Оңтүстік Жетісу Алатауы болып екі жотаға бөлінеді. Жетісу Алатауыныңең биік шыңы – Бесбақан орналасқан (4464 м). Жетісу Алатауының жер бедері мен геологиялық құрылысы өте күрделі. Төменгі палеозой қабаттары кристалдық тақтатас, кварцит, гнейс, әктас, мәрмәр жыныстарынан құралған. Биік тау басында және беткейлерінде көп жылдық омбы қар мен мұздықтар жатыр. Бұл өлкенің Жетісу атанып, суы мол өзендердің ағып шығуы осы мұздықтармен байланысты. Жетісу Алатауы кен байлықтарына бай. Мұнда алтын, қорғасын, мырыш, т.б. кентастары өндіріледі. Оған Қазақстан жерінде Жетісу Алатауыныңсолтүстік, оңтүстік-батыс бөлігі кіреді. Бұл тау жүйесі солтүстігінде Алакөл қазаншұңқыры мен оңтүстігінде Іле өзені аңғарымен шектелген.
Таулы аймақтың ерекшелігі-топырақтардың тік (биіктік) аймақтық таралуы заңдылығына сәйкес тау беткейлерінде белдеулене орналасуы болып табылады. Тау етегінен беткеймен жоғары көтерілген сайын, климаты мен өсімдік жамылғысы өзгеруіне байланысты топырақ жамылғысыда өзгеріп отырады.Таулы алқаптар топырақтарына қысқаша сипаттама беру үшін белдеулік аймақтар түгел кездесетін Іле Алатауын мысалға алып қарастыру ыңғайлы (Бигалиев А., ж.т.б.,1995).
Таулы алқаптардың етегінде ені әр жерде әр түрлі болып келетін тау етегіндегі шөлді дала аймағы орналасады. Жазықтағы шөлді дала аймақшасына қарағанда тау етектерінде жатқандықтан бұл аймақта ылғал мөлшері молырақ болады. Жылдық ылғалдың түсуі 250-360 мм-ге жетеді. Ылғал көбінесе жылдың көктемгі және қысқы айларында түседі. Бұл аймақтың топырағы негізінен боз топырақтар. Таудан алыс жерлерде ашық түсті боз топырақтар, одан кейін тауға жақындау нағыз боз топырақтар, ал тауға ең жақын күңгірт түсті боз топырақтар және ашық қара қоңыр топырақтар орналасады. Осы аймақта қысқы және көктемгі ылғалды дұрыс пайдаланып, күздік және жаздық бидай, арпа өсіріледі. Сонымен бірге суармалы егістіктер қолданылып, онда мақта, қант қызылшасы, жүгері, көкөністер, бау-бақша ағаштары, жүзім өсіріледі.
Тау етегі шөлді дала аймағынан биігірек алқапта аласа таулы дала аймағы басталады. Жыл ішінде түсетін ылғал мөлшері біршама жақсарып 460-780 мм-ге жетеді. Ауа температурасының пәрменді жылу қосындысы 2500-31000 болады. Жердің биіктігі өсуіне байланысты ылғал мөлшерінің артуы және ауа температурасының жеткілікті болуы әсерінен шөптесін өсімдіктердің өніп-өсуі жақсарады. Сондықтан бұл аймақта қара-қоңыр және қара топырақ дамып, таралған. Бұл аймақта суарылмайтын егістік жер қолданылады. Жер бедері тегістеу жерлерде көбінесе астықты дақылдар, ал көлбеулігі көп, жыралы-сайлы жерлері жақсы мал жайылымдары ретінде пайдаланылады. Жеміс ағаштары мол өнім береді. (А.Бигалиев, ж.т.б., 1995).
Аласа таулы дала аймағынан биігірек орташа-таулы орманды-дала және орманды белдеу орналасқан. Бұл аймақта жылдық жауын-шашын мөлшері тағыда ұлғайып 840-880мм-ге дейін өседі, бірақ ауа температурасының салқындауы байқалады. Ауаның пәрменді температурасыныың мөлшері 860-8800-қа дейін төмендейді. Бұл белдеуде қара топырақ және күңгірт қара-сұр орманның топырағы қалыптасқан. Жер бедері күрделі болып және ауа райының суықтығына байланысты егін шаруашылығы аз дамыған. Жері, негізінен, жазғы жайлау мен шабындыққа қолайлы болып келеді.
Биік таулы-шалғынды және шалғынды дала белдеуі Іле Алатауында (Солтүстік Тянь-Шань жотасы) 2800-3800м биіктікте орналасқан. Бұл белдеуде альпілік және субальпілік шалғынды өсімдік жамылғысы дамыған. Осы шалғындар астында таудың шалғынды және таудың шалғынды далалық топырақтары қалыптасады.Бұлар таулы өлкенің, жазықтық жерде кездеспейтін, ерекше топырағы.Бұл белдеудің климаты салқын. Ауаның жылдық орташа температурасы 0,8-1,00С, жыл ішінде ауаның 100-тан жоғары температурасы бар күндер саны 57-60. Бір жылда түсетін ылғал мөлшері 730-750 мм. Негізінен бұл белдеу ұсақ малдардың жазғы өрісі-жайлауы ретінде пайдаланылады.
