Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
коршаган орта Көшкінбаев.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
346.85 Кб
Скачать

49 Хайуанат бақтары мен ботаникалық бақтардың биологиялық әралуандылықты сақтауға қосатын үлесін сипатаңыз

Хайуанаттар бағызоопарк – жабайы жануарларды қолда (торда, қоршауда) немесе жартылай қолда (табиғи мекендеу ортасына жақын көлемде қоршалған аумақ) ұстайтын ғылыми ағарту мекемесі. Жануарлар әлемінің түрлерін қалың көпшілікке көрсету, жаратылыстану білімін насихаттау және жабайы фаунаны қорғау идеяларын тарату, сирек кездесетін, жойылып бара жатқан жануарлар генофондысын сақтау. Қазір дүние жүзінде 850-ден астам, ТМД елдерінде 33Қазақстанда 3 хайуанаттар бағы бар. Алматы зообағы 1937жылы құрылған. Жер көлемі 54 га. 7 секцияда хайуанаттардың 530-дан аса түрінің 5900-дей данасы тіршілік етеді. 77түр Халықаралық табиғат қорғау одағыныңТМД және Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Қазақстан фаунасында кездеспейтін сүтқоректілербарибал (Америка қара аюы), Африка арыстаны, Австралия кенгуруіЖапон макакасы, Үнді тырнасы, Мысыр кобрасы, Қытай аллигаторы; құстардың 70-тен астам сирек кездесетін түрлері: эму, нанду, тағы басқа. өсіріледі. Бақта ақ аю, парсы ірбісі, сервал мысығы, қызыл қасқыр, бегемот, Амур жолбарысы, т.б. жануарлар қоршауда көбейіп, ұрпақтарын жалғастыруда. Олар дүние жүзіндегі басқа хайуанаттар бағында өсірілетін түрлермен алмастырылады не сатылады. Кейбір түрлер, мысалы, тоғай бұғысы, ителгі табиғи мекендеріне жіберіледі. Бақта «Теңіз аквариумы» павильоны жұмыс істейді, онда әлемдік фаунада сирек кездесетін балықтардың, шаянтәрізділер мен қосмекенділердің бірнеше түрін тамашалауға болады.

Алматы хайуанаттар бағы сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жабайы жануарларды қорғау жөніндегі көптеген халықараралық бағдарламаларға қатысады. Қарағанды зообағы 1938 ж. құрылған. Жер көлмі 14 га. Зообақтабалықтардан: тұқылар, тұқытістілер, алабұғалар; құйрықты және құйрықсыз қосмекенділердің бірнеше түрі;бауырымен жорғалаушылардан: тасбақа, ешкіемер, ұршықсап кесіртке, жармасқы, нағыз кесіртке, сұр кесел;жыландардан: айдаһар, торлы жыландар, сұр жыландарқұстардан: қоқиқаз, құтан, ақ дегелек, қыран, сұңқар, тырна, балықшы тұйғын, шағала, жапалақ, т.б.; сүтқоректілерден: лемур, лори, мартышка, піл, қызыл қасқыр, Бұқар бұғысы, аю, кәмшат, т.б. аңдар бар.

Шымкент зообағы 1980 жылы құрылған. Жер көлемі 54 га, оның 34 га аумағында экспозиция орналасқан, жануарлардың саны – 1000 бас. Зообақта 6 секция жұмыс істейді, онда жануарлардың 165 түрі ұсталады, олардың 20 түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Ботаникалық бақ – ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту, іс-тәжірибелік оқыту мақсаттарымен өсімдік өсіріп, оны зерттейтін, ботаникалық білімді насихаттайтын мекеме; ғылыми зерттеу және ғылыми мәдени өндірістік мекеме. Онда тірі өсімдіктердің колекциясын жинап олардың көмегімен өсімдіктердің сан алуандығын және жердің өсімдік әлемінің байлығын зерттейді. Ботаникалық бақтардың басты мақсаты -жаңа өсімдік түрлерін ашу, оларды кешенді зерттеу және интродукциялау. Ботаникалық бақтардың көбінде дендрарий, альпинарийсу өсімдіктері мекендейтін тоғандар бар және пайдалы өсімдіктердің экспозициялары орналасқан.[1]

Негізгі ғылыми бағыттары: жергілікті және сырттан әкелінген өсімдіктерді өсіру, жерсіндіру, олардың биологиясын,экологиясы мен физиологиясын, өсіп-өнуін, селекциясын зерттеу; ботаникалық ілімді дамыту, оның жетістіктерін жалпы халыққа тарату; республикамызда азайып бара жатқан, жойылу қаупі төнген өсімдіктерді қолдан өсіріп көбейту, биологиялық, экологиялық ерекшеліктерін зерттеу, оларды сақтап қалудың, табиғи таралған орталықтарына қайтарудың жолдарын қарастыру; қала, ауыл, елді мекендерді көгалдандыру; бақ өсіру; гүлзар салу бағыттарында ғылыми-ағарту жұмыстарын жүргізу; өсімдіктердің жаңа түрлерін іздестіру, олардың пайдалы қасиеттерін анықтап, адам қажетіне жарату; өсімдіктер әлемін қорғау, көркейту. Ботаникалық бақтың негізгі бөлігін – шет жерлерден әкеліп отырғызылған өсімдіктер құрайды. Олар биологиялық ерекшеліктеріне қарай ашық далада, оранжереяда, жылыжайда өсіріледі. Қазір Қазақстанда әр түрлі табиғи-климаттық жағдайда орналасқан алты ботаникалық бақ – Бас ботаникалық бақ (Алматы), Маңғыстау тәжірибелік ботаникалық бағы (Ақтау), Жезқазған ботаникалық бағыАлтай ботаника бағы(Лениногор), Іле ботаникалық бағы (Бақанас), Қарағанды ботаникалық бағы бар. Бұлардың алғашқы бесеуі Ботаника және фитоинтродукция институтының құрамына кіреді де, бір орталыққа бағынған Ботаникалық бақ жүйесін құрайды. Республиканың Ботаникалық бақтары дүние жүзіндегі 50-ден астам елмен әріптестік байланыс жасайды, халықаралықконгрестергесимпозиумконференцияларға қатысады.