Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
коршаган орта Көшкінбаев.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
346.85 Кб
Скачать

45. Мемлекеттік табиғи қорықтар міндеттерін тұжырымдаңыз, биологиялық әралуандылықты сақтаудағы ролін сипаттаңыз

Мемлекеттiк табиғи қорық — табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметiнiң мақсаты өзiнiң аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiн, өсiмдiктер мен жануарлардың жекелеген түрлерi мен қауымдастықтарын, әдеттегi және бiрегей экологиялық жүйелердi сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтiру болып табылады.

Қазақстанда қазіргі уақытта 10 қорық ұйымдастырылған. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973 га.

Мемлекеттiк қорықтардың орындауына мынадай мiндеттер:        қорықтың аумағын (акваторияны қосқанда) әрi оның күзетiлетiн аймағын қорғауды және белгiленген қорық режимiнiң сақталуын қамтамасыз ету;        қорықтың штатындағы қызметкерлермен және республиканың ғылыми-зерттеу ұйымдарымен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу;       қорық iсiнiң негiздерiн, экологиялық бiлiмдердi, табиғи ресурстарды қорғау мен ұтымды пайдалану проблемаларын насихаттау, табиғатты қорғау мен қорық iсi саласына ғылыми кадрлар мен мамандарды даярлауға жәрдемдесу;        экологиялық сараптамаға, сол аймақтағы табиғатты пайдаланудың қолайлы режимiн белгiлеуге қатысу;        арнайы бөлiнген бағыттар бойынша (көп ретте негiзгi күзетiлетiн аумақтан тысқары жерлерде) ғылыми-танымдық экологиялық экскурсиялар ұйымдастыру мiндеттерi жүктеледi.        11. Әр қорықтың мiндетi мен функциясы, оны ұйымдастыру құрылымы осы Ережеге сәйкес әзiрленген және қорықтардың қызметiн басқарушы мемлекеттiк орган бекiткен жеке ережемен белгiленедi. 

Қазақстан Республикасының қорықтарында алдағы уақытта табиғи ресурстарды пайдалану және олардың қайталанбас сұлулығын сақтаудың ғылыми негізін жасау жөніндегі үлкен мақсат пен міндеттер тұр. Бұл мақсат пен міндеттердің биосфера компоненттерін қорғап, оларды халық шаруашылығына рационалды түрде пайдалану үшін зор маңызы бар. Бұл мақсат пен міндеттердің Қазақстан Республикасы жағдайында да көкейтесті екендігі аян. Көлемі 2,7 миллион шаршы километр жерді алып жатқан байтақ өлке өзінің саялы да а ялы қалың орман-тоғайы оны мекендеген сан түрлі хайуанаттары, өзендері мен көрікті өлке. Қазақстан Республикасы территориясында 34-35 миллион гектар егін егуге, бау-бақша өсіруге жарайтын құнарлы жер бар. 186-187 миллион гектар шабындықтар мен жайылымдықтар 22 миллион гектар орман (оның ішіндек 4-5 миллион гектар аса бағалы сексеуіл орманы бар). Д.И. Менделеевтің периодтық кестесінің барлық элементтерін жинақтаған түрлі қазба байлықтардың ірі кен орындары, 11000 өзен, 7000-нан астам көлдер мен су қоймалары бар. Сондай-ақ, туған өлкеміз алуан түрлі жан жануарларға өте бай. Осымен биосфера қазыналарын көздің қарашығындай сақтап, қорғауға Қазақстан Республикасындағы жоғарыда айтылған, Ақсу-Жабагылы, Алматы, Наурызым, Барсакелмес, Қорғалжын, Марқакөл, Баян-ауыл, Үстірт, Алтын Еміл және тағы басқа қорықтардың маңызы арасан зор. Ұлан-байтақ Қазақстан мемлекетінің территорияларында келешекте де осындай табиғи қорықтар-лабораториялық көбее берсе екен деген ойдамыз.