Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
коршаган орта Көшкінбаев.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
346.85 Кб
Скачать

36.Биологиялық әралуандылықты сақтап қалу мақсатында «Ғаламдық экологиялық қордың шағын гранттары бағдарламасы» бойынша Қазақстанда атқарылған жобаларға баға беріңіз

Ғаламдық Экологиялық Қор (ҒЭҚ) дамушы елдер мен экономикасы бар елдерге биоәртүрлілікті сақтау, климаттың өзгеруін жұмсарту, халықаралық суларды сақтау, жерлердің азуымен күресу, озон қабатының бұзылуымен күресу және тұрақты органикалық ластаушыларды пайдаланудан бөлу салаларындағы жобаларды жүзеге асыру үшін гранттық қолдауды көрсететін тәуелсіз қаржылық ұйым болып табылады. Осы жобалар қоршаған ортаны қорғау және тұрақты өмірді қамтамасыз ету саласында жергілікті, ұлттық болашақтарда тығыз  ғаламдық экологиялық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта ҒЭҚ 182 мемлекет бірлескен және ғаламдық экологиялық мәселелерді шешуде көптеген халықаралық институттардың, үкіметтік емес ұйымдардың және жеке секторлардың әріптестігін қамтамасыз етуде.1991 жылы құрылған ҒЭҚ, бүгінгі күні ғаламдық экологиялық мәселелердің шешуін қаржыландыратын аса ірі қор болып табылады. ҒЭҚ 165 астам елдерде 2400 жобаларды жүзеге асыру үшін 8,8 млрд. АҚШ доллорын бөліп, қосымша қаржыландыру ретінде 38,7 млрд. АҚШ долларын тартты. Шағын Гранттар Бағдарламасы (ШҒБ) арқылы ҒЭҚ сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдар мен жергілікті қоғамдастықтарды қолдауға тікелей бағытталған 10 000 астам шағын жобаларды қолдады.

Қазіргі уақытта ҒЭҚ 10 агенттіктермен жұмыс істейді: ПРООН(UNDP), ЮНЭП (UNEP), ВБ(WB), ФАО (FAO), ЮНИДО (UNIDO), Африкалық Даму Банкі, Азиялық Даму Банкі, ЕБРР (EBRD), Америкааралық Даму Банкі (IADB) және Халықаралық ауыл шаруашылықты дамыту қоры (IFAD). ҒЭҚ Ғылыми және Техникалық Кеңесі (STAP) ҒЭҚ саясаты мен жобаларын әзірлеу және жүзеге асыруда техникалық және ғылыми қолдауды ұсынады.

ҒЭҚ келесі конвенциялар үшін қаржылық механизм болып табылады:

• Биологиялық әртүрлілік туралы конвенция;

• Климатты өзгерту туралы БҰҰ Рамалық конвенциясы;

• Орнықты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясы;

• Бiрiккен Ұлттар Шөлейттенуге қарсы күрес жөнiндегi конвенциясы;

• Бұған қоса, ҒЭҚ көшу экономикасы бар елдерді қолдауда Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасымен де серіктеседі

Қазақстанда ҒЭҚ аясындағы болашақты бағыттағы жұмыстар 5 (2010-2014жж)

Қазіргі уақыттар Ғаламдық Экологиялық Қор (ҒЭҚ) бір қатар халықаралық экологиялық келісімдердің аясында Қазақстанға міндеттерін орындау және елдің шешуші экологиялық мәселелерін шешу сұрақтарында Қазақстанға қолдау көрсеткен негізгі қаржылық құралдардың бірі болып табылады. Қазақстан Үкіметі мен ҒЭҚ арасындағы 15 жылдан астам серіктестік ҒЭҚ гранттық қолдауының тиімділігін көрсетті, сонымен қатар ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестікке платформа құрды. ҒЭҚ қаржылық ресурстары елде ПРООН, ВБ, ЮНЕП, АБР және басқа да агенттіктер арқылы келіп түседі. Осы агенттіктердің ҒЭҚ жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру үрдісіне сапалы қолдауды көрсеткендігін атап өткен жөн.

ҒЭҚ-5 мерзіміндегі болашақты жұмыстарҚазақстан аумағында ҒЭҚ бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асырудың тәжірибесін талдап, сонымен қатар ҒЭҚ тақырыбында қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бастамашылықтарын талдаудан, сонымен қатар 5-ші операциялық фазаның (2010-2014жж) мерзіміне ҒЭҚ бастамашылықтарын және Қазақстанға бөлінген қаражаттардың көлемін ескере, жұмыстардың келесі бағыттары ҒЭҚ-5 мерзімінде негізгі ретінде қарастырылатын болады:

Биоәртүрлілікті сақтау:

• Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының (ЕҚТА) желісін күшейту және одан әрі дамыту;

• Орман шаруашылығын басқару әдістерін жетілдіру;

• Биоәртүрлілікті сақтау үшін заңнамалық, институциялық және қаржылық негіздерді жетілдіру;

• Биологиялық әртүрлілікті орынды пайдалану және сақтау саласындағы ұлттық құрылым артықшылығын өсіру;

• ҒЭҚ шағын гранттары бағдарламасы арқылы биологиялық әртүрлілікті сақтау саласында қоғамдық ұйымдар мен селолық қоғамдастықтарды қолдау.

Климаттың өзгеруі:

• Жаңартылмалы энергетика нарығын дамыту;

• Жаңартылмалы энергетика, энергияны үнемдеу және энерго-тиімділікті ендіру және қозғалту үшін қаржылық, заңнамалық және институциялық негіздерді жетілдіру;

• Әр түрлі тематикалық секторларда энерготиімділік және энергоүнемділік қағидаларын ендіру;

• ҒЭҚ шағын гранттар бағдарламасы арқылы климаттың өзгеруіне әсер етуін жұмсарту саласында қоғамдық ұйымдар мен селолық қоғамдастықтардың бастамаларын қолдау.

Жердің азуымен күресу

• Жайылымдар мен айдалатын жерлерді тұрақты басқару;

• Жердің азуымен күресу саласында ұлттық құрылымының артықшылығын өсіру;

• Жердің азуын қалпына келтіру мен жер ресурстарын ұтымды пайдалану үшін ұлттық және аумақтық қаржылық, заңнамалық және институциялық негіздерді жетілдіру;

• ҒЭҚ шағын гранттары бағдарламасы арқылы жердің азуымен күресу саласында қоғамдық ұйымдар мен селолық қоғамдастықтардың бастамаларын қолдау.

Орнықты органикалық ластанулар.

• Әртүрлі тематикалық секторларда ООЛ тұрақты басқару;

• ООЛ пайдаланудан шығару және басқару саласындағы ұлттық құрылымның бастамалышықтарын өсіру;

• ООЛ басқару үшін қаржылық, заңнамалық және институциялық негіздерді жетілдіру.

• Халықаралық химиялық конвенцияларды интеграциялап орындау үшін елдің артықшылығын нығайту.

Қазақстанда сияқты Орталық-Азиялық аумақта тираждалуы үшін потенциалға ие және тематикаралық фокусы бар бастамаларға ерекше қолдау көрсетілетін болады.

Ұлттық деңгейде талқылауда болған және ҒЭҚ беру үшін рұқсат алған өтінімдер:

• Ғаламдық Экологиялық Қордығ шағын гранттар бағдарламасы.

• Органдарды Қазақстанның көміртектік жинақтауыштары сияқты тұраұқты дамуын дамыту және қауіп көрсететін биоәртүрлілікті сақтау.

бұл бастамаға Ғаламдық экологиялық қорының БҰҰ ДБШағын гранттар бағдарламасы жəне Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығыминистрлігінің Орман жəне аңшылық шаруашылығы комитеті қолдау көрсетті. Бұл жобаныңатқарушысына – «Азиялық-Американдық серіктестік» ҚҚ – сарапшылардың кең тобынқатыстырып, экотуризм бойынша жетекшіліктің жобасын əзірлеуге жəне жоба бойыншаəдістемелік семинар-тренингті өткізу уақытында ұлттық парктердің, табиғи қорықтардың жəнерезерваттардың өкілдерін, мүдделі халықаралық жəне үкіметтік емес ұйымдардыңқызметкерлерін белсенді қатыстырып талқылауды ұйымдастыруға мүмкіндік тудырды. Бұлжұмыстың нəтижесі болып таралымы 500 дана болған Қазақстанда экотуризмді дамыту жəнеұйымдастыру жөніндегі осы ақпараттық-анықтама жетекшіліктің мемлекеттік жəне орыстілдерінде басылып шығуы табылды. Құрамы бойынша бұл жетекшілік келесі тараулардан тұрады: экотуризмнің қазіргітұжырымдамасы мен негізгі ұстанымдары; сəйкес саясатты қалыптастыру тəсілдері, ЕҚТА-датуризмді жүзеге асырудың құқықтық-ұйымдастыру аспектілері; туризмнің табиғи орта меноның компоненттеріне кері əсерін төмендету жəне бағалау; жергілікті қоғамдастықтарғанегізделген экотуризмді ұйымдастыру; жергілікті тұрғындар мен туристермен ақпараттықжұмыс жүргізу; экотуризм мəселелері бойынша туристік іс-əрекет саласындағы мамандардыңоқытуын ұйымдастыру. Осыған қоса ақпараттық-анықтама жетекшілікке қосымшалар ретіндеэкотуризм бойынша бірқатар аса маңызды халықаралық құжаттар берілген, оларды орыс жəнеқазақ тіліне аударған – жобаны атқарушы ұйым. Бұл құжаттар экотуризмнің қазіргіхалықаралық тұжырымдамасы, оның негізгі ұстанымдары жəне Еуропа Кеңесі мен ЕуропаОдағы бойынша ЕҚТА-да тұрақты туризмді дамыту жəне туристік секторында жұмыс істейтінмамандарды оқыту үшін іске асырылатын тəсілдер туралы қосымша ақпарат береді. Қазақстанда экологиялық туризмді дамыту жөніндегі жетекшілік 5Ақпараттық-анықтама жетекшілікті əзірлеу негізі ретінде 2002 жылы Жабайы табиғаттыңдүниежүзілік қоры жəне «Дерсу Узала» экотуризмді дамыту қоры басып шығарған“Экологический туризм на пути в Россию. Принципы, рекомендации, российский изарубежный опыт” кітабы айтарлықтай деңгейде қолданылд

Адамның табиғатқа әсерінен жануарлар мен өсімдіктер қырғынға ұшырауда, соның салдарынан ағзаның көптеген түрлері жойылып кету шегіне жетті. Мәселен, 90-жылдардың ортасына дейін, 40 жыл бойы бөкен Қазақстандағы негізгі кәсіптік жануар болды. 1991-1993 жылдарда 800-900 мың бөкендер бар еді. 1998 жылы - 470 мың, 2001 жылы - 80 мың, ал 2003 жылы бар болғаны 21 мың бөкен қалды. Үкімет каулыларымен бөкендердің барлық түрін аулауға тыйым салынды. Бөкен Қызыл кітапқа енгізілген жоқ, бірақ осал, тіпті қиын-қыстау қауіп төнген түр мәртебесінде тұр. Оның санын қалпына келтіруде едәуір каржы салынып, аң шаруашылығы мен өзге ұйымдардың қарқынды күш жұмсауы қоса тапсырылды.

Адамның қырып-жоя әсер етуінің тағы бір мысалы ретінде Арал теңізінің экологиялық опатын көрсетуге болады. Соның нәтижесінде теңіздің жартысынан астамы Әмудария жәнеСырдария өзендерінің ағысын бөліп жібергендіктен, тартылып кетті. Арал теңізі ірі балық кәсіпшілігі орнынан шағын суқоймаға айналып қалды. Теңіздің сорлануының тез өсуі нәтижесінде тұздылығы 60% (промиллеге) дейін көтерілді, сөйтіп суармалы егістіктің ақаба суынан пестицидтер мен нитраттардың жинақталуынан теңіз суынан балықтардың 28 түрі жойылып кетті. Қазақстанда жыртқыш құстардың жағдайы шұғыл нашарлап кетті. Оның негізгі себептері мыналар:

ересек құстарды жаппай аулау, сондай-ақ сату үшін ұядан (ителгі,бидайық, лашын, ақ сұңқар; бүркіт, қарақұс тәрізді қырандардың) балапандарын алу;

қаскерлік;

жабайы тұяқтылардың санының кемуінен қоректік қордың азаюы (құмай, жұртшы, сақалтай);

Суқоймаларды шаруашылықтың игеруі, жағалаудағы ағаштарды шауып алу, балық қорының кемуі (балықшы тұйғын, аққұйрықты субүркіт);

электрберіліс жолында қорғаныш құрылғыларының болмауы, химиялық ластану (жыланжегіш қыран);

тоғайлы орманның құлдырауы (бақалтак қыран);

тіршілік орындарының бүлінуі;

тың даланы жырту;

ірі қараны қайталап жаю.

Көкқұсты кейінгі жылдары сайрағыш құстарды торда ұстаушылар көбейіп кетті. Ұлттық костюмдер мен бойтұмарларды әшекейлеуге үкінің қауырсындары пайдаланылады. Аталған түрлер жойылу қаупінде болып шыққандықтан, Қызыл кітапқа тіркелді.

Алғашқы қадамдар[өңдеу]

Жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің алғашқы тізімін 1963 жылы Халықаралық табиғат және табиғат ресурстарын қорғау одағының (ХТҚО) арнайы комиссиясы құрастырды. Бұл комиссияға әлемдегі әр түрлі елдердің ғалымдары енді. Тізім жарияланып, «Деректердің Қызыл кітабы» («Red Date book») деген атау алды. Қазіргі кезде көптеген елдерде Қызыл кітап жарық көрді. Қазақстанда Қызыл кітап жасауға құлшынушылардың бірі белгілі ғалым -зоолог A. А. Слудский болды. Оның еңбектері Қазақстан жануарлар әлемін қорғауға арналды.

“Қазақстанның Қызыл кітабы” – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 ж. жарық көрді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” екінші бөлімі 1981 ж. өсімдіктерге арналып шығарылды.

Бірінші басылым[өңдеу]

“Қазақстанның Қызыл кітабының” бірінші басылымына тіркелген өсімдіктер мен жануарлар түрлері екі категория бойынша: А категориясы – жойылып кету қаупі төнген түрлер; Б категориясы – сирек кездесетін түрлер деп берілді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” жануарларға арналған бірінші басылымында омыртқалы жануарлардың 87 түрі:

балықтың 4,

қосмекенділердің 1,

бауырымен жорғалаушылардың 8,

құстардың 43,

сүтқоректілердің 31 түрі тіркелді. 1991 ж.

Екінші басылым[өңдеу]

“Қазақстанның Қызыл кітабының” толықтырылған екінші басылымы шықты. Кітаптың екінші басылымына омыртқалы жануарлардың 129 түрі мен түр тармақтары тіркелді. Онда

балықтардың 16,

қосмекенділердің 3,

бауырымен жорғалаушылардың 10,

құстардың 58,

сүтқоректілердің 42 түрі мен түр тармақтары туралы мәліметтер берілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” екінші басылымында алғаш рет омыртқасыз жануарлардың 105 түрі берілді, онда

жәндіктердің 96,

шаянтәрізділердің 1,

ұлулардың 6,

құрттардың 2 түрі туралы деректер тіркелген. 1996 ж.

Үшінші басылым

“Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымы қайта өңделіп, әрі толықтырылып, қазақ тілінде шықты. Бұл үшінші басылымның бірінші томы “Жануарлар”, оның бірінші бөлімі “Омыртқалылар” деп аталды. Онда омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түр тармағы туралы деректер берілген.“Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымында тіркелген жануарлар түрлері 5 категория бойынша:

1-категория – жойылып бара жатқан;

2-категория – саны жылдан-жылға күрт азайып бара жатқан;

3-категория – сирек кездесетін;

4- категория – ғылыми тұрғыдан толық зерттелмеген;

5-категория – қалпына келтірілген түрлер деп берілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымында тіркелген омыртқалы жануарлар түрінің қандай отрядқа, қандайтұқымдасқа жататыны және әрбір жеке түрге қысқаша қазақша, ағылшынша деректер берілген. Сонымен бірге әрбір тіркелген түрдің суреті, Қазақстан аумағында таралуын көрсететін карта және сол жануардың түріне қатысты ақпарат көздері (кітаптар, мақалалар) көрсетілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” өсімдіктерге арналған бірінші басылымында өсімдіктердің 307 түрі тіркелген. Онда

жабықтұқымдылардың 288,

ашықтұқымдылардың 2,

қырыққұлақ тәрізділердің 3,

мүктердің 3,

саңырауқұлақтардың 10,

қыналардың – 1 түрі берілген.

“Қазақстанның Қызыл кітабының” әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. Ол жастарды табиғатты аялай білуге, оның қамқоршысы болуға тәрбиелейді.[1]